Психиатрия и наркология ОВП 5 страница

Дәрігердің қандай іс әрекеті ең дұрыс болып табылады?

 

*этиотропты терапия көрсетілмеген

*диспансерлік бақылау

*амбулаторлы ем тағайындау

*+инфекционды бөлімшеге жатқызу

*нәжісті бактериологиялық зерттеудіі қайталау

#17

*!Болжамалы инфекциялық ауру диагнозын қою үшін берілгендердің ішінен негізгі тобын анықтаңыз:

*Жалпы клининикалық тесттер

*Эпизоотологиялық мәлімет

*Эпидемиологиялық мәлімет

*+Аурудың клиникалық көріністері

*Лабораторлы-этиологиялық тексеру

#18

*!Инфекциялық ауру жағдайына диагноз қойылу үшін негізгі міндетті топты көрсетіңіз:

 

*Эпизоотологиялық мәлімет

*+Эпидемиологиялық мәлімет

*Клинико-лабораторлық тест

*Аурудың клиникалық көріністері

*Лабораторлы-этиологиялық тексеру

#19

*!Инфекциялық аурудың сипатына тура келетін негізгі топты көрсетіңіз:

 

*Клиникалық мәлімет

*Эпидемиологиялық мәлімет

*Серологиялық тексеру

*Микроскопиялық тексеру

*+Бактериологиялық тексеру

#20

*!Инфекциялық ауруда негізгі стандартты анықтау әдісі не үшін тағайындалады:

 

*Аурудың жайылуын тексеру үшін

*Эпидемиологиялық тексеру үшін

*Клиникалық диагноз қою үшін

*+Инфекциялық ауруды бақылау және тіркеуге алу үшін

*Инфекциялық ауруларды салыстыру үшін

#1

*!Жүкті әйел (жүктілігі 8-9апта), 28 жаста, әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына, тамақтың қыжылдауына, бүкіл денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған, үйде емделмеген, кеше кешкі уакытта бүкіл денесінде бөртпелердің пайда болғанын байқаған. Объективті: жағдайы орташа ауыр дәрежелі, t- 37,30С. Дене терісінде, аяқ-қолдарында майда дақты-папуллезді бөртпелер анықталады. Желке лимфа бездері үрмебұршақ көлеміндей ұлғайған, сезімтал. Аңқасы аздап ұлғайған, миндалиналар доғаның артында, энантема, жабындылар жоқ.

Диагнозды нақтылауда сіздің әрекетіңіз?

 

*Аллергологқа жолдау

*+Вирустың тератогенділігі жайында әнгіме жүргізу

*Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

*Гинекология бөлімшесіне жатқызу

*Ем тағайындау және жүктілікті сақтауды ұсыну

#2

*!Әйел 22 жаста, жүктілігі 9-10 апта, тексеру қорытындысы бойынша гинекологтын жолдамасымен диагнозды нақтылау кеңеске жіберілген:үшін жіберілді: L – 4,8 х 109/л, ЭТЖ 12 мм/с, Ультрадыбысты зерттеуде- жатырлық жүктілік. Иммуноферментті анализ-ға IgG қызылша оң. Шағымдары жоқ, анамнезінде - балалық шағында қандай-да бір “балалар” инфекциясымен ауырған. Қарап тексеру кезінде: t- 36,40С, ауыз жұтқыншақта шырышты қабаты ал-қызыл түсті, энантема жоқ. Лимфа бездері ұлғаймаған. Тері жабындылары таза, бөртпелер жоқ.

Жүкті әйелге сіздің ұсынысыңыз:

 

*Жүктілікті үзүді ұсыну

*Вирустың тератогенділігі жайында әңгіме жүргізу

*Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

*Амбулаторлы ем тағайындап, гинекологтың қарауында болу

*+Ауруды жоққа шығару және жуктілікті жалғастыруды ұсыну

#3

*!Науқасқа шақырту. Шағымы: жоғары қызба, шайнау кезінде ауырсыну және құлақ маңы аймағында ісінудің пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 4күн болған: t - 39,20С, бүгін таңертең оң жақ аталық безінің ауырсынуы мен ісінуі пайда болды. Объективті: t 39,20С дейін, сол жақ құлақ асты сілекей безі ұлғайған, аздап ауырсынады, консистенциясы қамыр тәрізді. Сол жақтық Мурсу симптомы оң. Менингиальді белгілер жоқ. Оң аталық безі ұлғайған, ұма терісі ұлғайған және қатайған.

Ықтимал диагноз қоюда сіздің әрекетіңіз?

 

*Үйге урологты шақыру

*Тексеру тағайындау

*Амбулаторлы ем тағайындау

*+Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жолдау

*Науқасты урология бөлімшесіне жолдау

#4

*!Әйел 20 жаста, ауруының 3ші күні терапевтке келесі шағымдармен келді: дене қызуының 390С жоғарлауына, әлсіздікке, аздаған тамағының ауыруына. 2 күн алдын қызметтесі баспа ауруымен ауруханаға жатқызылған. Жағдайы орташа ауырлықта, Т-38,40С. Пальпация кезінде жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырсынусыз. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 88рет/мин. АҚҚ 100/70 мм.рт.ст. Аңқада цианотикалық түсті қызару байқалады, бадамшалары тұтқадан шығыңқы, ісінген, сұр-кіршікті жабындымен жабылған, шпательмен алынбайды.

Диагноз қоюда сіздің әрекетіңіз?

 

*Науқасты лор дәрігерге жолдау

*Тексеруге жолдама беру

*Науқасты лор бөлімшеге жолдау

*Амбулаторлы емге ұсыныс беру

*+Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жолдау

#5

*!35 жастағы ер адам бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: Бір апта бұрын ауырған, субфебрильді қызба, әлсіздік, бас ауруының күшейуі байқалған. Кеше кешке дене қызуы 39,0-40,0ºС-қа дейін жоғарылаған, 3 рет іші өткен. Қараған кезде: адинамиялы, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген ЖСЖ– 78 рет/мин, ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, суры түсті жабындымен жабылған, шетімен тілдің ұшы жабындыдан тазартылған. Іші кепкен.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

 

*Ку-қызбасы

*Іш сүзегі

*Кенелік бөртпе сүзек

*Эпидемиялық бөртпе сүзек

*Солтүстік Азиялық, кенелік тиф

#6

*!Жұқпалы аурулар ауруханасына 26 жастағы ер адам ауруының 13-ші күні жатқызылды. Эпидемиологиялық анамнезінен: студент, екі апта бұрын Индиядан келген. Дәрігердің қарауынан кейін Іш сүзегі деген диагноз қойды. Бүгін таңертең үлкен дәретінің «қара» түсті екенін байқаған.

Қандай ЕҢ тән асқыну дамыған?

 

*Перфорация

*+Қан кету

*Жаралы колит

*Жедел ішек өтімсіздігі

*Инфекциялық-токсикалық шок

#7

*!Ер адам 47 жаста, ауруының 4-ші күні қаралған. Шағымы дене қызуының 40,0ºС, дейін көтерілуіне, ұйқысыздық. Анамнезінде: алыс реисте жүк машинасының жүргізуші. Қараған кезде: жағдайы ауыр.Эйфория, қозғыш. Беті қызарған. Қан тамырларының склерасы. Кеуде және аяқ терісінде көптеген розеолезді петехиальді бортпелер. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ – 140 РЕТ минутына. АҚҚ – 120/80 мм. сб. Танометрдің манжеткасын шешкенен кейін теріде қан құйылу қалды.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

 

*Грипп

*Лептоспироз

* Іш сүзегі

*Кенелік бөртпе сүзек

*+Эпидемиялық бөртпе сүзек

#8

*!Ер адам, 46 жаста ауруының 4-ші күні қаралған. Шағымы: бас ауруына, әлсіздік, қалтырау, дене қызуының 39,0ºС, дейін көтерілуіне, ұйқысыздыққа. Анамнезінде: Алысқа ауыр жүк машинесінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қараған кезде: жағдайы ауыр. Эйфория, қозғыш. Беті қызарған. Склераның қан тамырлары инъецирленген. Дененің және аяқтың терісінде көп розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тоны тұйықталған, АҚҚ 130/90 мм.с.б. Пульсі 110 рет минутына. Танометрдің манжеткасын шешкенен кейін теріде петехиялар қалды. Бөртпе сүзегі деген диагноз қойылды.

Қандай асқыну ЕҢ ықтимал?

 

*Сепсис

*+Менингоэнцефалит

*Гиповолемиялық шок

*Жедел бауыр энцефалопатиясы

*Жүрек қантамырлар жеткіліксіздігі

#9

*!32 жастағы ер адам учәскелік дәрігерге дене қызуының 38,7ºС-қа дейін жоғарылауына, ірі буындарының ауыру сезіміне, тершеңдікке шағымданып келген. Анамнезде: 2 ай бойы ауырады – кешкі уақытта ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалайды, жүдеген. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Ақбұлақ ауылының тұрғыны. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндерй үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындар өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

 

*+Жедел бруцеллез

*Жеделдеу бруцеллез

*Біріншілік-латентты бруцеллез

*Біріншілік-созылмалы бруцеллез

*Екіншілік-созылмалы бруцеллез

#10

*!45 жастағы әйел адам, учәскелік дәрігерге 20-шы сәуірде ауруының 7-ші күні қаралған. Дене қызуының 38,5-39,5ºС-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, тершеңдікке, буындары мен бұлшық еттерінің ауыру сезіміне, бас ауыруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезде: фермада сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Өкпеде тынысы қатайған, бірең-сараң сырылдар естіледі. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0 см-ге төмен анықталады.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

 

*Грипп

*Бруцеллез

*Лептоспироз

*+Ку-қызбасы

*Кенелік бөртпе сүзегі

#11

*!45 жастағы әйел адам - учәскелік дәрігердің бақылауында. 10 күн бойы ауырады. Дене қызуының 38,5-39,5ºС-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, тершеңдікке, буындары мен бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, бас ауыруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезде: фермада сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Өкпеде – тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. Бауыры ұлғайған. Зертханадан серологиялық зерттеу нәтижесі алынды: R. Burnetti антигеніне қарсы антиденелер титрі 1 : 32.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

 

*Иерсиниоз

*Бруцеллез

*Лептоспироз

*+Ку-қызбасы

*Түйнеме

#12

*!Ер адам, 25 жасар, жедел ауырған: температурасы 39-40°С дейін жоғарылаған, басы қатты ауырған, тәбеті төмендеген, әлсіздік пен денесінің қақсап сынуы мазалаған. Қарағанда: есі анық, аңқасында –жеңіл гиперемия, бадамша бездері ұлғаймаған, жабынды жоқ. Табан терісінде бірлі–жарым геморрагиялық бөртпе бар. ҚҚ: 100/60 мм.сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Терапевт-дәрігер «Жедел респираторлы вирусты инфекция» деген диагноз қойып, емханалық ем тағайындап, үйінде қалдырған.

Менингококцемияның ықтималдығын көрсететін қай симптом дәрігерді секемдендіруі керек еді?

 

*Әлсіздік

*Бас ауру

*Тәбеттің төмендеуі

*+Бірлі–жарым геморрагиялық бөртпе

*Температурасының 39-40°С дейін жоғарылауы

#13

*!Ер адам, 20 лет, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, құсқан, әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Сол күні табанында, балтырында, санында геморрагиялық бөртпе пайда болған. Тері жамылғысы бозғылт. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі байқалады. ҚҚ: 90/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейкоциттер – 20х109/л., лейкоформула: миелоциттер – 2, т/я – 14, с/я- 78, моноциттер -2, лимфоциттер - 4, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Рентгенде пневмония.

Науқаста менингококкты инфекцияның қай түрі дамыған?

 

*Менингит

*Менингоэнцефалит

*+Менингококкцемия

*Пневмония

*Менингококкты назофарингит

#14

*!Бойжеткен, 16 жасар, лицей оқушысы, ауруының 1-ші күні түскен. Жедел ауырған: кенеттен температурасы 40°С дейін жоғарылап, қатты басы ауырған, құсу жеңілдік әкелмеген. Жалпы жағдайы ауыр, айқын гиперестезия. Көз қарашығы кеңейген, жарыққа сезімтал. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі өте айқын, Керниг симптомы екі жақты оң мәнді. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 130 рет, ҚҚ – 100/50 мм.сын.бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 18х109 /л., т/я –12, с/я- 82, моноциттер-2, лимфоциттер- 6, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Жұлын-ми сұйықтығы: лайлы түстес, қысыммен ағады, Панди реакциясы (+++), цитоз: 1 мкл 900 жасушалар нейтрофилдер (83%) есебінен.

Менингококты инфекцияның қай түрі туралы ойлауға болады?

 

*+Менингит

*Менингококкцемия

*Менингоэнцефалит

*Менингококкты назофарингит

*Пневмония

#15

*!Бозбала, 17 жасар, ауырғанына 7 сағат болғанда қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген. Айқын қалшылдауға, бас ауруға, құсуға, дене температурасының 390С дейін жоғарылауына шағымданады. 4 сағаттан кейін денесі мен аяқ-қолдарында дұрыс емес жұлдызша тәрізді көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Түскен кезде: жағдайы ауыр, есі-сопор, температурасы-36,50С, ентікпе-1минутта 25 рет, цианоз, қозғалмалы қозғыштық, пульсі жіпше тәрізді, ҚҚ: 60/40 мм. сын. бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 24х109 /л., т/я –10, с/я- 80, моноциттер-4, лимфоциттер- 6, ЭТЖ - 42 мм/сағ.

Науқаста қандай асқыну болуы ықтимал?

 

*Тамыр ішілік қан ұю-синдром

*+Инфекционды-токсикалық шок

*Бас миының ісінуі

*Жедел бүйрек жетіспеушілігі

*Жедел жүрек –қантамыр жетіспеушілігі

#16

*!Ер адам, 19 жасар, ауруының 3 күні сілекей бездері тұсындағы екі жақты ісінуге, басының қатты ауыруына, қайтара құсуға шағымданып түскен. Пальпация кезінде сілекей бездері қамыр тәріздес тығыздықта, біріңғай ауырады, Мурсу симптомы оң мәнді, дене температурасы 39ºС, менингеалді симптомдар оң мәнді. Қандағы лейкоциттер саны - 5,4 х 10 9/л, ЭТЖ – 4 мм/сағ. Ликворда - лимфоцитарлы цитоз.

Ең ықтимал диагноз:

 

*Сіреспе

*Эпштеин Барр вирусы- инфекциясы

*+Паротитті инфекция

*Менингококты менингит

*Жедел іріңді сиалоаденит

#17

*!Зоотехник 57жаста, ауруының 3-ші күні дәрігерге бас ауруына, қызбаға, аяқтың бұлшық еттеріндегі , белдегі ауру сезіміне, сарғаю, зәрінің қарайуына және көлемінің азайуына шағымданып келді. Объективті: температурасы 38,1°С, склералардың инъекциясы, кеуде аймағында петехиальді бөртпелер, гепатоспленомегалия.

ЕҢ ықтимал болжама диагноз:

 

*Бруцеллез

*Трихинелез.

*+Лептоспироз

*Вирусты гепатит

*Псевдотуберкулез

#18

*!Ер адам, 40 жасар, қойшы, әлсіздік пен сілекей ағуға шағымданып түсті. Жедел ауырған: жұтынуы қиындап, басы айналған. Жалпы жағдайы орташа, температурасы 37,2 °С, беті қызарған, қозғыш, көп сөйлейді, өлімнен қорқады. ҚҚ: 120/80 мм.сын.бағ., пульсі минутына 120 рет. Ауырардан 2 ай бұрын атып өлтірген қасқырдың терісін алған. Жанұясында барлығы сау.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

 

*Сіреспе

*Ботулизм

*+Құтыру

*Нейробруцеллез

*Менингококты инфекция

#19

*!17 жастағы қыз бала, жақын жердегі Орталық аудандық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Ауру анамнезі анасының айтуы бойынша жиналды. Ауырғанына 6 күн болған. Аймақтық дәрігер «Қызылша, ауыр ағымы» болжама диагнозын қойған. Қарап тексергенде: есі-сопор жағдайда, қарашығы екі жағында бірдей, жарыққа сезімтал, клонико-тоникалық тырысулар байқалып, аузынан көпіршіктер ағуда. Керниг симптомы екі жағынан да оң. Денесінің барлық жерінде көптеген, бір бірімен қосылған дақты-папулезді бөртпелер бар. Акроцианоз. Тынысы шулы, ТЖ-28 мин. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі ритмді, толымы әлсіз, минутына 110 рет соғады. ҚҚ – 110/70 мм с.б.

Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мумкін?

 

*Жеделдеу энцефалопатия

*+Жедел менингоэнцефалит

*Жедел менингит, мидың ісінуі

*Іріңді менингоэнцефалит

*Эпилепсия,эпилептикалық статус

#20

*! Қандай ауруға кенеттен ауыратын ірі лимфаденит, ауру сезімімен жергілікті гиперемия, гипертермия және периаденит тән?

 

 

*+Оба

*Бруцеллез

*Туляремия

*АИВ-инфекция

*Инфекционды мононуклеоз

#21

*!Үйге шақырту. Ер адам 42 жаста, Маңғыстау облысының тұрғыны. Температурасы 39-40С-қа жоғарылауы мен қалтырауға, денесінің қақсауына, қатты бас ауруына, сол жақ кеудесінің ауруына,құрғақ жөтелге шағымданды. Кеше кешке жедел ауырған. 3күн бұрын ауру түйені союға қатысқан, қолын кесіп алған. Жайылған интоксикация есебінен науқастың жағдайы ауыр. ТЖ -30 рет мин. Пульс – 140 рет мин., ҚҚ-90/60 мм.с.б.. өкпесінің сол жағында жайылған құрғақ сырылдар. Кеше емханада болған, жатудан бас тартқан. Гемограммада: лейкоцит – 24х109/л, п/я нейтроф.-14%, с/я нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

ЕҢ ықтимал диагноз:

 

*+ Оба

*Грипп

*Бруцеллез

*Пастереллез

*Ку-қызбасы

#22

Қандай инфекциялық ауруға біріншілік терілік аффект тән?

 

 

*Оба

*Листериоз

*Туляремия

*Пастереллез

*+Сібір жарасы

#23

*!45 жастағы ер адам емханаға оң қолының ортаңғы саусағында жара пайда болғанына шағымданып келді. Кауап пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бұрын дене қызуы көтеріліп ауырған. Ауруының 4 –ші күні саусағындағы жараны байқаған, бір апта бұрын осы саусағын ет турап жатып кесіп алғанын есіне алды. Жара ауру сезімсіз, бірақ қолы шынтағына дейін қатты ісіп кеткен. Жағдайы орташа ауырлықта. Оң қолының ортаңғы саусағының терісінде жара, венчиктермен қоршалған гиперемия және жайылған ісіну көрінеді. Сол жақ қолтық астында лимфаденит. Гемограммада: лейкоцит – 20х109/л, п/я нейтроф.-4%, с/я нейтроф – 88%, лимфоцит. – 6%, моноцит. -2%.

ЕҢ ықтимал диагноз:

 

*Тілме, буллезді форма

*Листериоз, терілік форма

*Пастереллез, терілік форма

*Клебсиеллез, терілік форма

*+Сібір жарасы, терілік форма

#24

Қандай ауруға аздап ауыратын периаденитсіз лимфаденит, жергілікті периаденит, гиперемия және гипертермия тән:

 

 

* Оба

*Листериоз

*+Туляремия

*Пастереллез

*Сібір жарасы

#25

*!Ер адам 28 жаста, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, маусымда стационарға ауруының 4-ші күні келіп түсті. Шағымы қатты бас ауруына, қалтырау, жүрек айну, құсу, қызылиектен қан кету. Қараған кезде: дене қызуы – 38,9°С, әлсіз. Беті ісінген, қызарған, конъюктивалары инъецирленген. Денесінде және аяқтарында аздаған петехиальді бөртпелер байқалады. Шымшу және жгут симптомдары оң. Жүрек тоны бәсеңдеген, Ps -56 рет минутына. АҚҚ– 90/60. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры 1,5 см ге ұлғайған ауру сезімсіз. Үлкен дәреті ботқа тәрізді, патологиялық қоспаларсыз.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал?

 

*менингококкцемия

*Вирусты гепатит

*Бөртпе сүзек

*Грипп

* +ҚҚГҚ

#26

*!Әйел адам 45 жаста, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, ауруының 4-ші күні дәрігер терапевтке қаралған. Шағымы бастың қатты ауруына, қалтырау, дененің қақсауына, іш өту, мұрнынан қан кетуіне. Қараған кезде: дене қызуы – 39,9°С, әлсіз. Беті, мойны қызарған, көздің склерасы инъецирленген. Денеде, санның артқы бетінде көп емес петехиальді бөртпелер байқалады. Шымшу және жгут симптомдары оң. Жүрек тоны бәсеңдеген, Ps -56 рет минутына. АҚҚ– 90/60. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры 1,5 см ге ұлғайған. Үлкен дәреті екі күн болмаған

Бұл жағдайда қан анализіндегі қандай өзгерістер ЕҢ тән?

 

*лейкоцитоз

*нейтрофилез

*эозинофилия

*+тромбоцитопения

*ЭТЖ ның баяулауы

#27

*!Әйел адам 20 жаста, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, ауруының 4-ші күні дәрігер терапевтке қаралған. Шағымы бастың қатты ауруына, қалтырау, дененің қақсауына, іш өту, мұрнынан қан кетуіне. Қараған кезде: дене қызуы – 39,9°С, әлсіз. Беті, мойны қызарған, көздің склерасы инъецирленген. Денеде, санның артқы бетінде көп емес петехиальді бөртпелер байқалады. Шымшу және жгут симптомдары оң. Жүрек тоны бәсеңдеген, Ps -56 рет минутына. АҚҚ– 90/60. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры 1,5 см ге ұлғайған.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал:

 

*+ҚҚГҚ

*Грипп

*Бөртпе сүзек

*Вирусты гепатит

*Менингококкцемия

#28

*!21 жастағы бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрегінің айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына, мұрыннан қан кетуіне, буындарының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған, 3 ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Қарап тексергенде: терісінің және склерасының айқын сарғаюы, терісінде тырнақ іздері байқалды. Бауыры 1,0 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, өт пигментіне «оң».

Қандай синдром вирусты гепатиттің ауыр ағымын сипаттайды?

 

*Артралгиялық

*Диспепсиялық

*Холестатикалық

*+Геморрагиялық

*Астеновегетативті

#29

*!Ер адам, 35 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, зәрінің қоңырлануына, нәжісінің түссізденуіне шағымданып түсті. Екі ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Бір аптадан бері ауырады: жүрек айнуы, құсу, буындарының ауыру сезімі мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, тері жабындысы және көзге көрінетің шырышты қабаттары сарғайған. Тілі сары жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Анализінде: АЛТ-1050 Ед/л (қалыптыда 41 Ед/л), АСТ-650 Ед/л, жалпы билирубин -265 ммоль/л, тікелей - 197 ммоль/л.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

 

*Лептоспироз

*Бауыр абсцесі

*Жедел холецистит

*Өт тас ауруы

*+Жедел вирусный гепатит