Төтенше жағдайлар мен апатттарда жедел медициналық жәрдем қызметінің ұйымдастырылуы

 

1.Ауруханаға дейінгі кезеңде төменде аталғандардың қайсысы жедел медициналық жәрдем дәрігерінің міндетіне КІРМЕЙДІ:

1. Оқиға болған жерге немесе шақыртуға барынша тез жету

2. Науқас пен жәбірленушінің жағдайын тез және нақты анықтау

3. Қажетті көлемде көмек көрсету және ауруханаға тез тасымалдау

4. +Көмек көрсету және уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын беру

5. Жағдайдың күрделігіне қарай көмек көрсету және науқасты тасымалдау сұрағын шешу үшін арнайы бригада немесе реанимобиль шақырту

 

2. Орталық медициналық жедел жәрдем беру бекетінің оперативті бөлім диспетчері құқылы:

1. +Оқиға болған жерге жақын қосалқы бекеттерден бригадаларды жіберуге

2. Аға дәрігердің келісімінсіз шақыртуларды тоқтатуға

3. Телефон арқылы немесе басқа байланыс құралдары арқылы науқасқа кеңес беруге

4. Профильді ауруханаларда бос орындар санын бақылауға

5. Желілік бригадалардың шақыртулары бойынша ауруларға кеңес беру үшін баруға

 

3. Төменде аталғандардың қайсысы жедел медициналық жәрдем бекетінің міндеттеріне КІРМЕЙДІ:

1. Патологиялық жағдай дамыған уақыттан бастап науқас пен жәбірленушіге қысқа мерзім ішінде шақырту бригадаларының білікті медициналық көмек көрсетуі

2. Жедел медициналық көмек көрсету кезінде басқа медициналық мекемелермен тығыз байланысты қамтамасыз ету

3. Науқасты тасымалдау кезінде мүмкіндігінше толық медициналық көмек беруді қамтамасыз ету

4. +Жаппай эпидемия кезінде карантин ұйымдастыру

5. Тасымалдау кезінде ерекше бақылауды қажет ететін науқастарды медициналық мекемелерге жетелеп апару

 

4. ЖМЖ шақырту бригадасының дәрігері төменде аталған манипуляциялардың қайсысын игеруі МІНДЕТТІ ЕМЕС:

1. Кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ жүргізу

2. Жүрек ішіне инъекция жасау

3. Асқазан және ішекті жуу

4. Тасымалдау иммобилизациясы

5. +Гастроскопия

 

5 Тұрғылықты жерлерде қосалқы бекеттердің орналасуын анықтаудың негізгі критериі шақырту түскеннен кейін бригадалардың қай аймақ болмасын жету мерзіміне байланысты, ол неше уақыт :

1. 10 минут

2. + 20 минут

3. 15 минут

4. 7 минут

5. 25 минут

 

6. Шақырту кезінде желілік бригада дәрігерлерінің игеретін негізгі дағдылар тізіміне төменде аталғандардың қайсысы кіреді:

1.+Шұғыл жағдайларды анықтау және емдеу әдістерін және бригадалар жабдықтарында бар емдеу-диагностикалау аппаратураларын игере білу

2. Науқастың қолына, туыстарына немесе қызметтік тұлғаларға анықтамалар, жарамсыздық қағаздарын беру

3. Бригада келгенге дейінгі өлімді оперативті бөлім аға дәрігеріне хабарлау және мәйітті моргке тасымалдау

4. Шақырту орнында және тасымалдау кезінде науқасқа медициналық көмек беруден бас тарту

5. Науқастарға диагностикалық және емдік шаралар жүргізу үшін туыстарынан жазбаша түрде келісім талап ету

 

7.Науқасқа жедел жәрдем көрсетпеген жағдайда және оның денсаулығына қауіп төнсе жедел медициналық жәрдем дәрігеріне қандай жауапкершілік тартылады:

1. Әкімшіліктік

2. +Қылмыстық

3. Моральді

4. Материальды

5. Тәртіптік

 

8. Шақырту кезінде дәрігер науқасқа толық емес көлемді ем көрсетті, науқастың жағдайының нашарлау себебі болды. Дәрігер жауапкершіліктің қандай түріне тартылады:

1.+ Әкімшіліктік

2. Моральді

3. Материальды

4. Қылмыстық

5. Тәртіптік

 

9. Шақырту кезінде дәрігер науқасқа көмек көрсетпеген, науқастың өліміне себеп болды. Дәрігер жауапкершіліктің қандай түріне тартылады:

1. Материальды

2. Тәртіптік

3. Әкімшілік

4. +Қылмыстық

5. Моральді

 

10. Шақырту кезінде дәрігер мен науқастың туыстары арасында жанжал пайда болды. Егер дәрігердің қателігі анықталса, жауапкершіліктің қандай түріне тартылады:

1. Қылмыстық

2. + Тәртіптік

3. Әкімшілік

4. Материальды

5. Моральді

 

11. Бассүйек-ми жарақатына ұшыраған ессіз және құсу қаупінде жатқан науқасты ауруханаға тасымалдау әдісін көрсетіңіз:

1. Арқасына жатқызып

2. Бас жағын көтеріп, арқасына жатқызу

3. Ішіне жатқызып

4. Бас жағын көтеріп арқасына жатқызу

5.+ Бір бүйіріне жатқызып

 

12. Шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігін жолда тоқтатып, көшеде жатқан жәбірленушіге көмек көрсетуді талап етсе, жедел жәрдем дәрігерінің дұрыс әрекетін таңдаңыз:

1. Тоқтамай, қасынан өтіп кету

2. Тоқтап көмек көрсете алмайтынын түсіндіру және басқа жедел жәрдем бригадасын шақыртуды ұсынып, кетіп қалу

3.+ Тоқтап, жәбірленушінің бар екендігіне көз жеткізу, өз әрекетін аға дәрігермен келісіп, науқасқа жедел жәрдем көрсету

4. Болған жағдайды диспетчерге хабарлап, жанынан өтіп кету

5. Диспетчер арқылы шақыртуды басқа жедел жәрдем бригадасына хабарлау

 

13. 53 жастағы ер адамға «Жіті миокард инфаркты» диагнозы қойылды. Арнайы жедел жәрдем бригадасы қажетті емдік шараларды жүргізді және науқасты ауруханаға жатқызу қажеттігін ұсынды, бірақ науқас одан бас тартты. Осы жағдайда дәрігер қандай шешім қабылдау керек:

1. Емхананың учаскелік дәрігеріне «актив» хабарлау

2. Арнайы бригаданың науқасқа 2-3 сағаттан кейін қайта баруы

3. Аға дәрігерге бас тарту жөнінде хабарлау және емхананың учаскелік дәрігеріне «актив» хабарлау

4. Науқастан бас тарту жөнінде жазбаша қолхат алу және аға дәрігерге бас тарту жөнінде хабарлау, емхананың учаскелік дәрігеріне «актив» хабарлау

5. +Науқастан бас тарту жөнінде жазбаша қолхат алу және аға дәрігерге бас тарту жөнінде хабарлау, науқасқа 2-3 сағаттан кейін қайта бару

 

14. 47 жастағы науқаста кеуде артында сол иыққа берілетін қатты ауыру сезімі, әлсіздік, суық жабысқақ тер пайда болды. АҚҚ 90/60 мм.с.б. Желілік бригада дәрігері « Жіті миокард инфаркты, кардиогенді шок» диагнозын қойды. Науқасқа арнайы бригада қандай мақсатпен шақыртылуы керек:

1.+ Диагнозды нақтылау, қарқынды ем немесе реанимациялық шара жүргізу және ауруханаға жеткізу

2. Науқас пен туыстарының сұрауы бойынша

3. Ауырсыздандыру, көктамырға вазопрессорлық және нитраттық инфузия жүргізу, ауруханаға жеткізу үшін

4. Науқасты арнайы ауруханаға тасымалдау үшін

5. Бригадада көмекшілердің жетіспеуіне байланысты жатқан науқасты тасымалдау үшін

 

15. Жол тайғағы кезінде 3 автомобиль соқтығысып, нәтижесінде 5 адам зардап шекті және 1 адам қайтыс болды. Бұл жағдай қалай жіктелу керек:

1. Техногенді апат

2. Өндірістік апат

3. Жол-көліктік оқиға

4.+ Төтенше апат

5. Табиғи апат

 

16. Медициналық жедел жәрдем шақырту бригадасының дәрігері төменде аталған жағдайлардың бәріне құқылы, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

1. Науқасты ауруханаға жеткізу кезінде туысының ілесуі жайлы сұрақты шешу

2. Науқасқа көмек көрсету кезінде бригада мүшелерінің қателігіне ескерту жасау

3. Күрделі апаттар кезінде жедел жәрдем көрсетуге апат болған жердегі басқа медициналық қызметкерлерді баулу

4. + Науқасқа көмек беруден бас тарту

5. Науқастың немесе жәбірленушінің тұрған орнына байланыссыз, азаматтардың бірінші талабы бойынша тоқтап, медициналық жәрдем көрсету

 

17.Табиғи сипаттағы катастрофаларды жіктелуі

1. Өндірістік авариялар

2. Дамбының қирауы

3. Ғимараттың, мекеменің бұзылуы, қирауы

4.+жер сілкінісі, көш, сел басу

5. жарылыстар және көлемді өрт

 

18. Техногенді сипаттағы апаттың жіктемесі

1. борандар, найзағай, құйын, дауыл

2.+ дамбылардың қирауы

3. орманның өртенуіжағдай

4. массалық инфекциялық аурулар

5. жер сілкініс, сел, оползни

 

19.Төтенше жағдайлар кезіндегі ЖМЖБ жұмысының ретін және тізбектілігін анықтаңыз:

1.жалпы жағдай, төтенше жағдай кезіндегі АОДБ, жылдық есеп беру

2.жалпы жағдай, жариялау бөлімі және басқарушы құрамды жинақтау, анализ

3.жалпы жағдай, төтенше жағдайкезінде станцияның жұмысын ұйымдастыру, зардабын ликвидациялау

4.+ жалпы жағдай, төтенше кезінде станцияның жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру

5. жалпы жағдайы, төтенше жағдай бойынша штабты құрастыру, жариялау жүйесі

 

20. Төтенше жағдайлар кезінде ЖМЖБ бас дәрігерінің тапсырмасына жауапты орындаушы:

1. АҚ және Төтенше жағдай бойынша станцияның АОДБ аға дәрігері

2. АҚ және Төтенше жағдай бойынша халықтан шақырту қабылдау бойынша станция диспетчері

3. +АҚ және Төтенше жағдай бойынша бас дәрігердің орынбасары

4. АҚ және Төтенше жағдай бойынша станцияның сыртқа шығушы бригадасының дәрігері

5. АҚ және Төтенше жағдай бойынша станцияның аға фельдшері

 

21.Төтенше жағдай кезінде шақырту түскен кезде АОДБ аға дәрігерінің қызметін анықтаңыз

1. Басқару, байланыс және хабарландыру жүйесін қамтамасыз ету, жайындыны, бикстерді дайындау, зардап шегушілерге дайын болуы туралы емдеу мекемелерін ескерту

2. Төтенше жағдай туралы түскен шақыртуды АҚ және Төтенше жағдай бойынша бас дәрігерге, бас дәрігердің орынбасарына хабарлама беруді қамтамасыз ету, Төтенше жағдай аймағында санитарлық қолайлылықты қамтамасыз ету

3.+ Төтенше жағдай жүрген бригадалардың жұмысын бақылауды, зардап шегушілерді қалалық клиникаларда қабылдауын ұйымдастыруды, болған Төтенше жағдай туралы рапортты денсаулық сақтау департаментіне беруді қамтамасыз ету

4. Төтенше жағдай жүрген бригадалардың жұмысын бақылауды, медициналық сорттауды бақылауды, қордағы медициналық байлықтарды және қорғаныс заттарын бақылауды қамтамасыз ету

5. Төтенше жағдай жүрген бригадалардың жұмысын бақылауды, бригаданың орналасу жерін анықтауды, оқиға болған жерде медициналық сорттауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету

22. Төтенше жағдай кезінде сыртқа шығушы бригаданың жұмысын құрастырыңыз:

1.АОДБ аға дәрігерінен инструктаж, өзбетінше бригаданың орналасу орнын анықтау, медициналық сорттауды ұйымдастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету

2. зақымдалу ошағының сыртқы шекарасын анықтау, біріншілік квалификациялық көмек көрсету, эвакуация

3. апаттық-құтқарушы қызметпен байланысу, олардың нұсқауымен бригаданың орналасу орнын анықтау, арнайы медициналық көмек көрсету, жарақат алушыларды ошақтан эвакуациялау

4. инструктаж, өзбетінше бригаданың орналасу орнын анықтау, арнайы медициналық көмек көрсету, жарақат алушыларды ошақтан эвакуациялау

5. +медициналық сорттауды ұйымдастыру, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, Төтенше жағдай туралы ақпаратты АҚ және төтенше жағдай бас дәрігерінің орынбасарына хабарлау

 

23. Төтенше жағдай болған жерде медициналық сорттауға жауаптыны анықтаңыз:

1. ақпаратты оперативті диспетчер бөлімінің (АОДБ) аға дәрігері

2. ЖМЖБ бригадасы

3.ІІҚМБ кезекшісі

4. +медициналық апат қызметі

5.Азаматтық қорғаныс (АҚ) және Төтенше жағдай штабы

 

24. Денсаулық сақтау департаментіне Төтенше жағдай туралы рапортқа жауаптыны таңдаңыз:

1. станцияның аға фельдшері

2. станцияның аға дәрігері

3. +АОДБ аға дәрігері

4. АҚ және Төтенше жағдайлар бойынша бас дәрігердің орынбасары

5. станцияның бас дәрігері

 

25.АҚИ күдіктенгенде ЖМЖБ қажет:

1. аға дәрігерге күдіктенген диагноз туралы хабар беру, медициналық көмек көрсету,науқасты изоляциялау

2. телефон арқылы аға дәрігерге күдікті диагноз туралы хабарлау, контактта болған адамдар туралы мәлімет жинау, науқастың барлық бөлінділерін жабық ыдысқа жинау

3. +телефон арқылы аға дәрігерге күдікті диагноз туралы хабарлау, пәтерді жабу, медициналық көмек көрсету, науқастың биологиялық бөлінділерін жабық ыдысқа жинау

4. аға дәрігерге хабар беру, науқасты изоляциялау, күдіктенген диагнозды туыстарына айту, эвакуацияны қамтамасыз ету

5. аға дәрігерге хабар беру, науқасты изоляциялау, күдіктенген диагнозды туыстарына айту, қарау және инфузионды терапияны тағайындау

 

26. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шегушілерді және науқастарды пунктерге жинауға жауаптыны таңдаңыз:

1. АОДБ аға дәрігері

2. Төтенше жағдай кезекшісі

3. ІІҚМБ кезекшісі

4. +Төтенше жағдай ликвидациялау бойынша штаб

5. ЖМЖБ дәрігері

 

27. Науқастарды жинау пунктінде төтенше жағдайлар объектісінде аға дәрігерді анықтаңыз?

1. АОДБ аға дәрігері

2. қосалқы станцияның аға дәрігері

3. +ЖМЖБ станциясының сыртқа шығушы бригадасы

4. ЖМЖБ станциясының дәрігерлері

5. ЖМЖБ бас дәрігері

 

28. Өрттен тыс аймақта науқастарды жинақтау пунктынан ЖМЖБ бригадасының кетуіне кім рұқсат береді?

1. ЖМЖБ бас дәрігері

2. АҚ және Төтенше жағдайлар бойынша бас дәрігердің орынбасары

3. қосалқы станцияның аға дәрігері

4. АОДБ аға дәрігері

5. +өртті сөндіру басшысы

 

29. Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай кезінде ЖМЖБ бригадасының негізгі қызметін көрсетіңіз:

1. өртті сөндіру бойынша жалпы басқаруды іске асыру

2. адамдарды құтқаруды ұйымдастыру

3. зардап шегушілерген біріншілік медициналық көмек көрсету

4. дәрігерге дейінгі көмекті көдрсету

5. +біріншілік дәрігерлік медициналық көмек көрсету

 

30. Төтенше жағдай кезінде медициналық көмек түрлерінің ретін және тізбектілігін көрсетіңіз:

1. алғашқы медициналық көмек, дәрігерге дейінгі, квалификациялық көмек, біріншілік дәрігерлік, арнайы көмек

2. алғашқы медициналық көмек, дәрігерге дейінгі, біріншілік дәрігерлік, арнайы көмек, квалификациялық көмек

3.+ алғашқы медициналық көмек, дәрігерге дейінгі, біріншілік дәрігерлік, квалификациялық көмек, арнайы көмек

4. алғашқы медициналық көмек, біріншілік дәрігерлік, дәрігерге дейінгі, квалификациялық көмек, арнайы көмек.

5. алғашқы медициналық көмек, біріншілік дәрігерлік, дәрігерге дейінгі, арнайы көмек квалификациялық көмек.

 

31. Төтенше жағдай кезіндегі біріншілік медициналық көмектің дұрыс анықтамасын беріңіз:

1. зақым алушылардың өмірін сақтауға және асқынулардың алдын алуға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені

2.+ зақым алған жерде, жалғасып жатқан зақымдаушы факторды жоюға мақсатында орындалатын қарапайым медициналық іс-шаралар кешені

3. жара бетінде асқынулардың алдын алу және зардап шегушілерді эвакуациялауға дайындау мақсатында бірінші ауруханаға дейінгі этапта орындалатын емдік профилактикалық іс-шаралар кешені

4. профильге сәйкес келетін дәрігерлермен орындалатын хирургиялық және терапевттік іс-шаралар кешені

5. арнайы емдік мекемелерде дәрігер-мамандармен орындалатын емдік-профилактикалық іс-шаралар кешені

 

32. Төтенше жағдай кезіндегі біріншілік дәрігерлік көмектің дұрыс анықтамасын беріңіз:

1. арнайы емдік мекемелерде дәрігер-мамандармен орындалатын емдік-профилактикалық іс-шаралар кешені

2. профильге сәйкес келетін дәрігерлермен орындалатын хирургиялық және терапевттік іс-шаралар кешені

3. +медициналық эвакуацияның біріншілік ауруханаға дейінгі кезеңінде орындалатын емдік профилактикалық іс-шаралар кешені\

4. зақым алған жерде зардап шегушінің өзімен немесе қасындағы басқа адамдардың, сонымен қатар құтқарушы жұмыстың қатысушыларымен орындалатын қарапайым медициналық іс-шаралар кешені

5. зақым алушылардың өмірін сақтауға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені

 

33. Біріншілік медициналық көмек көрсетудің ең оптимальды мерзімін көрсетіңіз:

1. жарақаттан кейінгі алғашқы1 сағат

2.зақымдалу уақытынан бастап алғашқы 4-6 сағат

3.+жарақат алғаннан кейінгі 30 минутқа дейін

4. 2 тәуліктен кеш емес

5. 3 тәуліктен кеш емес

 

34. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетудің ең оптимальды мерзімін көрсетіңіз:

1.+ жарақаттан кейінгі алғашқы 1 сағат

2.зақымдалу уақытынан бастап алғашқы 4-6 сағат

3.жарақат алғаннан кейінгі 30 минутқа дейін

4. 2 тәуліктен кеш емес

5. 3 тәуліктен кеш емес

 

35. Біріншілік дәрігерлік көмек көрсетудің ең оптимальды мерзімін көрсетіңіз:

1.жарақаттан кейінгі алғашқы 1 сағат

2.+зақымдалу уақытынан бастап алғашқы 4-6 сағат

3.жарақат алғаннан кейінгі 30 минутқа дейін

4. 2 тәуліктен кеш емес

5. 3 тәуліктен кеш емес

 

36. Квалификациялық көмек көрсетудің ең оптимальды мерзімін көрсетіңіз:

1.жарақаттан кейінгі алғашқы 1 сағат

2.зақымдалу уақытынан бастап алғашқы 4-6 сағат

3.жарақат алғаннан кейінгі 30 минутқа дейін

4.+ 2 тәуліктен кеш емес

5. 3 тәуліктен кеш емес

 

37. Арнайы медициналық көмек көрсетудің ең оптимальды мерзімін көрсетіңіз:

1.жарақаттан кейінгі алғашқы 1 сағат

2.зақымдалу уақытынан бастап алғашқы 4-6 сағат

3.жарақат алғаннан кейінгі 30 минутқа дейін

4.2 тәуліктен кеш емес

5.+ 3 тәуліктен кеш емес

 

38.Төтенше жағдайлар кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде зардап шегушілерге жедел медициналық көмек көрсетуді қай топтан бастаған жөн?

1. +жүктілерден, балалардан

2. қарттардан

3. ер кісілерден

4. жас өспірімдерден

5.әйелдерден

 

39.ЖМЖБ бригадасы ауыр жарақаты бар науқасты 45-60 км қашықтыққа эвакуациялау алдында қандай іс-әрекеттер жүргізу керек?

1. АОДБ бас дәрігеріне хабарлау

2. ауруханаға ауыр жағдайдағы науқас түсетіндігін ескерту

3. психикалық статусын тұрақтандыру

4.+ витальды қызметтерін тұрақтандыру

5.төтенше жағдайларды жою бойынша штабқа хабар беру

 

40. Төтенше жағдайлар ошағында жұмыс жасау барысында ЖМЖБ дәрігерінің міндеттеріне аталғандардың қайсысы кірмейді?

1. біріншілік дәрігерлік көмек көрсету

2.зардап шегушілерді медициналық сорттау

3. АОДБ бас дәрігеріне баяндау

4.+ Төтенше жағдайлар ошағынан зардап шегушілерді эвакуациялау

5. медициналық эвакуацияны қамтамасыз ету

 

41. ЖМЖБ бригадасының дәрігері АОДБ аға дәрігеріне төтенше жағдайлар болған жерден 30 минут сайын қандай хабар беріп тұруға тиісті?

1. шығын көлемі жайында

2.апаттық-құтқарушы қызмет саны туралы

3.+ зардап шегушілер саны туралы

4. бұзылу сипаты, жұғу көлемі жайында

5. медициналық жабдықтардың істен шыққандығы туралы

 

42. Төтенше жағдайлар кезінде дәрігерлік көмектің бірінші кезектегі шара көлемін табыңыз?

1.акушерлік-гинекологиялық көмек

2.+сыртқы қан кетуді тоқтату

3. иммобилизацияны жөндеу

4. ААҚ коррекциялау

5. психологиялық көмек

 

43. Төтенше жағдайлар кезінде дәрігерлік көмектің бірінші кезектегі шара көлемін табыңыз?

1. акушерлік-гинекологиялық көмек

2.+ жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыптастыру

3. иммобилизацияны жөндеу

4. ААҚ коррекциялау

5. психологиялық көмек