Гидромелиоративтік жүйелердің сапа көрсеткіштері

Гидромелиоративтік жүйенің сапасы және оның бөлшектерін, белгілі бір сапалы көрсеткіштердің жүйесі арқылы бағаланады.

Жүйелердің сапасын салыстырмалы бағалағанда негізгі алынған көрсеткіштер мәні бағалық (негіздік ) деп аталады.

Көрсеткіштердің базалы мағыналарын сараптау, құжаттар, талдау әдістерімен және оларды байланыстыру (үйлестіру) арқылы анықтайды. Құжаттар арқылы анықтау әдісі негізгі болып табылады. Бұл әдіс бойынша базалар көрсеткіштерінің мағынасын әр түрлі құжаттар (ҚМ және [А] , техникалық жағдайлар, ұсыныстар, анықтамалар негізінде, сонымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін сараптау, жобалау құжаттарының, алдыңғы қатардағы жүйелердің және су тұтынатын (пайдаланатын) шаруашылықтардың көрсеткіштері негіздерінде қабылдайды. Егерде құжаттар және талдау әдістерін кейбір жағдайларға байланысты қолдану қиындау немесе тиімсіз болса, онда сараптау әдәсә пайдаланылады. Базалар көрсеткіші мәндерінің сапасы табиғаттың және шаруашылықтың жағдайына байланысты.

Гидромелиоративтік жүйенің сапасын бағалайтын барлық көрсеткіштер үлкен екі топқа бөлінеді: техникалық сапа көрсеткіштері және жүйелердің жұмыс істеу сапасының көрсеткіштері.

Өз кезегінде, техникалық сапа көрсеткіштерінде, техникалық жағдайының көрсеткіштері және жүйенің техникалық деңгейінің көрсеткіштері деп екі топқа бөлуге болады. Жүйелердің жұмыс істеу сапасының көрсеткіштерінде екі топқа бөлуге болады: суды бөлу және суды пайдалану көрсеткіштері, суды әкету және жердің мелиоративтік жағдайының көрсеткіштері.

Жүйенің техникалық жағдайының және олардың бөлшектерінің негізгі көрсеткіштерінің құрамына әдетте, судың шығыны, арын ( сорап бекеті үшін), бөлшектердің тозуы, техникалық пайдалану коэффициенті және басқалар кіреді.

Гидромелиоративтік жүйелердің техникалық деңгейі көрсеткіштердің мәндерін салыстыруға негізделген, бағаланатын жүйені техникалық жетілгендігін сипаттайтын, база көрсеткіштеріне сай келетін сапа сипаты деп түсінеді. Мұндай баға жүйенің моральдық құрылымын есепке алуды рұқсат етеді. Жүйенің техникалық деңгейі және олардың бөлшектердің негізі.

Суды бөлу және суды пайдалану сапалары деп гидромелиоративтік жүйенің өсімдікті қажетті сапа, керекті көлемде және өажетті мерзімде сумен қамтамасыз ету мүмкіншілігі. Суды бөлу және суды пайдалану сапасы едәуір мөлшерде суармалы тізбектің техникалық жағдайын мен техникалық деңгейіне және сауару техникаларына байланысты. Суды бөлу және суды пайдалану сапасының негізгі көрсеткіштерінің құрамына жүйенің сумен қамтамасыздығы, жүйеге және су беретін нүктеге судың бірқалыпты түсуі жүйенің сағасына су берудің бірлік көлемі, жүйенің және танаптың суды пайдалану коэффициенті суару кезінде судың жердің бетінен тастау пайызы, танаптың бетіндегі топырақтың щайылуының бірлік көлемі және басқалар.

Суды әкету және жердің мелиоративтік жағдайы деп - жүйенің уақыттылы және қажетті мөлшерде тасталған және кәріздің суын әкету мүмкіншілігі, сонымен қатар жер қыртысындағы судың деңгейін ұсынылған тереңдікте ұстап тұру. Суды әкету және жердің мелиоративтік жағдайының сапасы суды жинайтын – тастайтын және коллекторлы – кәрізді тізбектердің техникалық жағдайы мен техникалық деңгейіне байланысты. Суды әкету және жердің мелиоративтік жағдайының сапасының негізгі көрсеткіштеріне кіретіндер әкететән судағы тұздың құрамы, кәрізді ағынның модулі, қыртысында жататын судың тереңдігі және оның тұздылығы, сортаңдалған, батпақталған және эрозияға ұшыраған жерлер.

Гидромелиоративтік жүйенің сапасын бағалаудан басқа топырақтың жағдайы және танаптың беті, экологиялық жағдай, мелиорацияланған жердегі ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділіктері бағалануы керек.

Бағаланатын негізгі көрсеткіштер:

Топырақтың жағдайы және танаптың беті: топырақтың тығыздығы, қара шірінідінің құрамы, топырақ қабатының қалыңдығы, сүзгіштік коэффициенті, сіңу жылдамдығы, төменгі ылғал сиымдылығы, танап бетінің тегістігі және еңістігі.

Жүйенің және жанасқан жерлердің экологиялық жағдайы: суару көзінен су іріктеу үлесі, тасталған және кәрізді судағы нитраттар мен пестицидтердің құрамы, топырақ қыртысындағы судың болуы және ластану қарқындылығы, ауылшаруашылық өнімдерінде нитраттар мен пестицидтердің құрамы, балықты қорғау шараларының болуы және басқалар.

Мелиорацияланған жердегі ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігі: негізгі өндірістік қордың бағасы, барлық өнімнің жылдық бағасы, жылдық шығындар, жылдық пайда, рентабельділік деңгейі. Ауылшаруашылығы өнімдері мен суармалы судың өзіндік құны, өндірістік қордың жалпы экономикалық тиімділік коэффициенті.