Жасушаның генетикалық материалының митоздық циклда өзгеруінің сызбасын сызу және түсіндіру

Митоз – сомалық жасушаның негізгі бөліну әдісі. Митоз бірінен кейін бірі жүретін 4фазадан тұрады: профаза,метафаза, анафаза,телофаза. Митоз – бұл хроматидтер бір-бірінен ажырап, екі жас жасуша арасында бірдей бөлінетін ядроның бөліну процесі.

1. Профаза – хромасомалар ширатылып,жуандап,қысқарады.Әр хромасома 2хроматидтен тұрады. Олар центромералары арқ.байланысады. Ядрошықтар жойылып,ядро қабығы еріп кетеді. Хромасомалар цитоплазмада бос күйінде қалады.Осы кезде центроильдер жасушаның полюстеріне ажырап,ахроматин жіпшелері пайда болып,бөліну ұршығы қалыптасады.

2. Метафаза– хромосомалар экватор жазықтығында орналасады.Әр хромосома кинетохор арқылы бөліну ұршығының жіптеріне бекінген ұзын бойынан екі хроматидтерге ажырайды.

3. Анафаза– хромосомалар полюстерге тартылуы,жеткенде екі бірдей толық хромосомалар жиынтығын құрайды.

4. Телофаза– жаңа ядрошық пайда болады.Хр-р деспиральданады,жіңішкеріп ұзарады,ахроматин жіп-і жойылады.Артынша цитокинез жүріп,жасуша екіге бөлінеді.

 

Жасушаның мейоздық бөліну үрдісі.н және оның генетикалық маңызының сызбасын сызу және түсіндіру

Мейоз-жыныс бездеріндеерекше сомалық жасушалардың бөлінуі.Нәтижесінде түзілген гаметаларда хромосома жиынтығы гаплоидты болады. Мейоз бірінші және екінші мейоздық бөлінулерден тұрады. Әр бөліну 4-кезеңнен тұрады.Бірінші мейоз:

-Профаза1:

Лептотена-хромосомаларширатылады, жуандайды қысқарады ,микроскоппен көрінеді. Генетикалық материал-2n4c.

2.Зиготена-гомологтық жұп хромосомалар жақындасып ұзынынан бір-бірімен беттеседі.

3.Пахитена-гомологтық хромосомалар қосақталған жұптар құрапбиваленттер түзеді. Әр бивалент 4хроматиттерден тұрады Генетикалық материал-2n4c. Коньюгацияланған хромосомалар айқасып, сәйкес бөліктермен алмасады ,кроссинговер жүреді.

4.Диплотена-жұптасқан гомологтық хромосомаларда хромотидтер центромера бөлігінде бір-бірімен ажырай бастайды бірақ айқасқан бөліктер хиазмалар арқылы байланыс сақтайды .

5.Диакинез- хромосомалар қатты ширатылады ядро қабығы ериді ядрошық жойылады бөліну ұршығы түзіледі.

-Метафаза1-биваленттер экватор жазықтығына орналасып центромераларымен бөліну ұршығымен байланысады.

-Анафаза1-тұтас хромосомалар 2жақ полюске қарай тартылады. Бұл кездейсоқ процесс Генетикалық материал-n2c.

-Телофаза1-тек хромосомалар ширатылған түрде сақталады.

Екінші мейоз.

Профаза2-өте қысқа болады хромосомалар ширатылған түрде.

Метафаза2-хромосома экватор жазықтығында орналасады.(n2c).

Анафаза2-бір-бірінен ажыраған хроматидтер қарама-қарсы полюстерге тартылады.(nc)

Телофаза2-цитокинез аяқталғанда гаплоидты жиынтығы бар(nc) жыныс жасушалар түзіледі. Маңызы-гаплоидты жиынтығы бар жыныс жасушалары түзіледі.Ұрықтану кезінде екі гаметаның ядросы қосылып зигота түзеді. Егер гаметалардағы хромосомалар саны кемімесе ұрықтану нәтижесінде олардың саны әр ұрпақ сайын екі есе артады. Мейоз кезінде кроссинговер және гомлогтық хромосомалардың кездейсоқ ажырауы нәтижесінде генетикалық материалдың рекомбинациясы жүреді.

 

Жасушаның генетикалық материалының өзгеру деңгейіне байл. Мутациялық өзгергіштік деп гендер мен хромосомадағы тұрақты өзгерістер нәтижесінде қалыптасқан өзгергіштікті атайды. Генетикалық матириалдың өзгеруіне байланысты мутациялар геномдық, хромосомалық, гендік болып жіктеледі.

v Геномдық мутациялармейоз немесе митоздың бұзылуының нетижесінде хромосомалардың диплоидтық жиынтығының санының өзгеруінен болатын мутациялар. Оларға полиплоидия, гаплоидия, гетероплоидия (анеуплоидия) жатады.

Полиплоидияхромосоманың диплоидтық санының гаплоидтық жиынтығына еселеніп артуын айтамыз.(2n+n;2n+2n;2n+3n;)

Гаплоидияхромосомалардың тек гаплоидты жиынтығының болуы.(n)

Гетероплоидия (анеуплоидия)диплоидтық жиынтықта жеке хромосомалар санының өзгеру.

Нулисомия-(2n-2), моносомия-(2n-1), трисомия-(2n+1), тетрасомия-(2n+2).

v Хромосомалық мутациялархромосома құрылысының өзгеруімен. Олар хромосома ішілік, хромосома аралық болып бөлінеді.

1) хромосома ішілікке:

Делеция(жетіспеушілік)- хромосома бөлігінің түсіп қалуы.

Дупликация- хромососма бөлігінің екі еселенуі.

Инверсия- хромосома бөлігінің үзіліп 1800 бұрылып сол хромосомадағы орнына қайта жалғануы; перицентрлік-центромера аймағында, парацентрлік-хромосоманың бір иығында жүріп, центромерадан алшақ байқалады;

2) хромосома аралыққа:

Транслокация- гомологтық емес хромосомалардың учаскелерімен алмасуы; Оның бірнеше түрі бар: Реципрокты- гомологтық емес хромосомалар бір-бірімен бөліктерімен алмасады;

Реципрокты емес- бір хромосома екінші гомологты емес хромосоманың бөлігін жалғастырып өз көлемін ұзартады.

Робертсондық транслокация- гомологты емес екі акроцентрлік хромосомалар ұзын иықтарымен центромерлік аймақтары арқылыжалғанады.

v Гендік мутацияларДНҚ молекуласының құрылысындағы өзгерістермен сипатталады. Олар 2-ге бөлінеді:

1)репликация қателіктері-нуклеотид жұптарының алмасуы;

а)егер пуриндік негіздер пуриндік негіздерге, пиримидиндік негіздер пиримидиндік негіздерге ауысса транзиция.

б) егер пурин пиримидинге немесе керісіеше ауысса трансверция.

2) оқылу ретінің жылжуы-нуклеотидтердің түсіп қалуы немесе қосылуы;