Онтогенездік дамудың ерте кезеңіндегі жасушалық механизмдердің сызбасын сызу және түсіндіру

Онтогенез дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілуімен басталып тіршілігін жойғанға дейінгі дамуы.Онтогенез механизміне мына процестер жатады:пролиферация,миграция,жасушаның сұрыпталуы,апоптоз.

Пролиферация(көбею) біржасушалы зиготаның бөлінуі арқылы көпжасушалы ұрық дамиды.Бөліну ағзаның өсуін,қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.Мысалы:мутациялардың әсерінен жасушалардың көбеюін бақылаудың жойылуы қатерлі ісіктердің пайда болуына әкеп соқтырады.

Жасуша миграциясы не орын ауыстыруы онтогенез процесінде үлкен рөлі бар және гаструляцмя,морфогенез үдерістерін қамтамасыз етеді.Оның бұзылуы туа біткен даму ақаулықтарына,гетеротопияға алып келеді.Мысалы:нейропластар миграциясының бұзылуы,микро-макрогирия,полигирия,агирияға әкеледі.

Жасушалардың сұрыпталуыолардың таңдамалы адгизияға қалыпты дамуды қамтамасыз етіп, морфогенезде маңызды рөл атқарады және генетикалық бақылау мен қоршаған жасушалар әсерінің бақылауында болады.Жасушалар эмбриогенез үдерісінде тек қана белсенді көшіп қана қоймай,бірін бірі танып тек белгілі бір жасушалармен пласттар түзеді.Бұл үдерістер гаструляция кезеңіне тән және жасушалардың таңдамалы сұрыпталуы деп аталады.Ісік жасушаларының метостазға қабілеттілігі таңдамалы адгезияның бұзылуына байланысты.

Жасушалардың жойылуы апоптоз немесе некрозға бөлінеді.Апоптоз қалыпты физиологиялық жағдайларға тән,жасушаның бағдарламаланған өлімі.Онтогенезде жүреті басқа да жасушалық үдерістер сияқты,апоптоз табиғи,эволюция жолында қалыптасқан және генетикалық бақыланатын үдеріс болып табылады.Апоптоз генетикалық факторлармен және жасушааралық өзара әсермен бақыланады.Қалыпты онтогенезді к даму барысында апоптозға ұшырайтын жасушаларда олардың тірщілігін қамтамасыз ететән гендердің белсенділігі уақытпен щектелген болады.Басқаша айтсақ,мұндай жасушалар тіршілігінің белгілі кезеңінде олардың генетикалық бағдарламаланған өлімі.Адамда апоптоз үдерісінің бұзылуы (мутагендік не тератогендік) синдактилия (қол,аяқ саусақтарының бітісуі),ішектің бітелуі және дамудық туа біткен ақаулықтарына алып келеді.Соңғы кездері жасушадық бөлінуді тоқтату үдерісін бақылайтын және апоптоз механизмін іске қосатын ген ашылды.Бұл геннің,р53 мутациясы жасушалардың қатерлі ісікке айналуына алып келеді.Мыс:Аналық дараларда вольф каналының дегенерациясы,аталық дараларда мюллер каналының дегенерациясы.

 

Онтогенездік дамудың ерте кезеңінде жұмыртқа жасушасының полярлығы,ооплазмалық сегрегация,позициялық ақпарат,детерминация және дифференциацияның мәні мен маңызын түсіндіру және сызбасын сызу.

Жұмыртқа жасушасында сарыуыздың орналасуының маңызы зор,өйткені болашақта ұрықтың кеңістіктік құрылымын анықтайды.Сарыуыздың орналасу сипатына байланысты жұмыртқа жасушасының полярлығы:бұл ядроның эксцентрлік орналасып,анимальды полюске қарай ығысуын және цитоплазмалық қосындылардың орналасу ерекшеліктерін көрсетеді.

Жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында пайда болған жергілікті айырмашылық,оның ішкі сапасының әртүрлі болуына алып келеді,оны ооплазмалық сегрегация деп атайды.ОС ұрықтанудан кейін күшейеді де,ұрықтың бастапқы жіктелуіне негіз болады.

Жасушаның позициялық ақпаратына сәйкес мүшенің бастамасы өзінің орналасуын координаттық жүйе бойынша бағалап,содан кейін сол жағдайға байланысты жіктеледі.Жасушаның орналасуы ұрықтың ұзына бойы осіндегі белгілі градиентпен оргаласқан кейбір заттардың концентрациясымен анықталады.

Детерминация – (анықтау,шектеу) морфогенездің алғашқы кезеңдерінде дамып келе жатқан ағза бөлімдері арасында сапалық айыпмашылықтардың пайда болуы.Детерминацияның негізінде кейбір гендердің активтелінуі және м-РНҚ МЕН ақуыздың синтезі жатыр.Детерминация және эмбриональдық реттеу қарама-қарсы қасиеттер.Детерминация бүтіннен бөліктерге қарай жүреді-бірінші ұрықтың бүтін бастамасында детерминация жүреді,ал оның жеке элементтерінің тағдыры әлі белгісіз.Қалыпты даму кезінде жауапты материалда индуктордың әсерінен алғашқыда тұрақсыз (лабильды)д-я,қайтымсыз д-я жүреді.

Жасушалардың дифференциациялануы - арнайы жасуша,мүшелер мен ұлпалардың қалыптасыуына әкелетін,дараның даму барысында біртекті жасушалар мен ұлпалардың арасында айырмашылықтардың пайда болуы және олардың өзгерулері.Негізгі факторлары-алғашқы эмбриональды жасушалардың цитоплазмасының ерекщелігі және көршілес жасушалардың арнайы әсері – индукция.Этаптары:1)жасушалардың дифференциациялануының 1-ші себебі жұмыртқа жасуша цитоплазмасының химиялық әртүтлілігі б.т.2)ол ұрықтанудан кейін күшейеді:сперматозоид жұмыртқа жасушасында енген кезде цитоплазма компоненттерінің қайта орналастыруы(ооплазматикалық сегрегация)3)жұмыртқа жасушасы цитоплазманың химиялық әртүрлілігі бластомерлердің цитоплазмасының химиялық әртүрлілігі ауысады.4)әр түрлі бластомерлерде әр түрлі индукторлар болады.5)әр түрлі ұлпалардан әр түрлі мүшелер түзіледі