Дәріс. Қазақстан Республикасында алқабилер сотының жалпы ұйымдастырылуы

Жоспары:

1.Алқабилер сотының ұғымы және функциясы.

2.Алқабилер сотының артықшылығы және сайлануы.

3.Алқабилер.

Негізгі ұғымдары: Алқабилер соты, билер соты, билер институтын, Қазақстан азаматы.

1. Алқабилер сотының дүниежүзілік тарихы көптеген ғасырларды есептейді. Тарихшылар мұндай ұқсас соттар 829 жылы франк королі Людовик Благочестивый иелігінде пайда болғандеп санайды. 11 ғасыр басында билер соты Англияда пайда болып, қазіргі заман түріне енді және сот жүйесінің ажырамас бөлігі болып қалды. Қазіргі таңда ұқсас құрылым әлемнің көптеген елдерінде бар. 2007 жылғы қаңтардан бастап билер соты Қазақстанда да жұмыс істей бастады.

Қазақстанда билер соты – тоғыз азаматтан тұратын алқабилер алқасынан тұратын және екі кәсіби соттан тұратын сот жүйесінің институты. Заң бойынша алқабилердің қатысуымен оларды жасағаны үшін өлім жазасы қарастырылған қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарастырылуы тиіс. Билер соты қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың қылмысты немесе қылмысты емес екендігі туралы және оларды жазалау шаралары туралы мәселені қарастырады және шешеді. Бұл ретте, судьялар мен алқабилер барлық мәселелерді шешуде тең құқыққа ие.

2. Мемлекет, билер институтын енгізе отырып адамға қатаң жаза қолданылуы мүмкін болған жағдайда, азамат құқығы бұзылмайтынына қосымша кепілдіктер қажет. Билер соты мұндай кепілдіктің қосымша мүмкіндігінен қорғайды. Бұдан басқа, билер соты- қоғамды тікелей әділдік процесіне тартады. Заң бойынша алқабилерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін Қазақстанның әрбір азаматы қылмыстық сот жүргізуге қатысуға құқығы бар. Алқаби сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға, процеске қатысушыларға төрағалық етуші арқылы сұрақтар қоюға, заттай дәлелдемелерді, құжаттарды тексеріп қарауға, төрағалық етушіге заңнама нормаларын түсіндіруді сұрап қарауға, төрағалық етушіге заңнама нормаларын түсіндіруді сұрап өтініш жасауға құқылы. Бұл және басқа құқықтар алқабилердің міндеті жүктелген азаматқа іс жағдайын өз бетінше бағалауға және алқабилер алқасы алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Осылайша, сот төрелігімен іштей танысып, оның тетіктерін түсініп, азаматтар сот билігіне үлкен сеніммен қарайтын болады, яғни, тұтастай мемлекетке де деген сөз.

Билер соты- бұл заңгерлерден жоғары кәсіпкерлікті талап ететін бәсекенің жоғарғы түрі де. Және де Қазақстанда осы институтты енгізу соттың неғұрлым ашықтығына алып келеді және бүкіл сот төрелігі жүйесін демократизациялауға септігін тигізеді.

3. Алқабилер – кеше ғана бұл сөздер бізге тек шетел детективтерінен ғана белгілі болатын. Енді, біздердің көпшілігімізді сотқа осындай міндеттерді атқаруға шақыруы мүмкін. 2007 жылдан бастап оларды жасағаны үшін заңда өлім жазасы көзделген қылмыс туралы барлық қылмыстық істер 9 алқабилердің және екі кәсіби судьялардың қатысуымен қаралуы тиіс.

Сіз алқаби есебінде сот процесіне қатысуға шақырыла аласыз, егер Сіз:

- Қазақстан азаматы,

- Жасыңыз 25-тен асса,

- өтелмеген не алынбаған сотталғандығыңыз болмаса,

- әрекетке қабілетті,

- психоневрологиялық немесе наркологиялық диспансерде есепте тұрмасаңыз.

Заң бойынша судьялар, прокурорлар, тергеушілер, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері алқабилер бола алмайды.Азаматтың ұлты, шыққан тегі, жынысы, тұратын жері, ана тілі, діни сенімі, немесе жалпы дінге деген қөзқарасы алқабилерге кандидат болу құқығына шектеу болмайды.

Азамат алқабилерге кандидаттарға қойылатын барлық талаптарға сәйкес келсе, жергілікті атқарушы органнан өзін тізімге қосуды талап етуге құқығы бар.

Алқабилер – бұл азаматтық міндет. Алайда, азамат оны орындаудан жазбаша түрде бас тарта алады, егер;

- осы қылмыстық іс бойынша сот ісі жүргізілетін тілді білмеме;

- физикалық немесе психикалық кемшіліктеріне байланысты алқаби бола алмаса;

- 65 жастан асып кеткен болса;

- Діни қызметкер болса.

Алқабилерге кандидаттардың әрқайсысы жылына бір рет процеске қатысу үшін сотқа шақырылады.Алқа басында төрелік ететін судья кандидаттарды Заңда белгіленген іріктеу ережелерімен таныстырады. Егер, азаматты алқабилер алқасына іріктеп алмаса, онда осы жылы азамат басқа сот отырысына қатысуға қайта тартыла алады.

Өз міндеттерін орындауға кіріспестен, іріктеліп алынған кандидат ант қабылдайды:

«Алқабидің міндеттерін атқаруға кірісе отырып,өз міндеттерімді адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелерді, дәлелдерді, істің мән-жайын назарыма алуға, ерікті азамат және әділ адам ретінде істі өзімнің ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге саланатты түрде ант етемін».

Егер азамат алқаби болса, демек:

- сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға;

- процеске қатысушыларға төрағалық етуші арқылы сұрақтар қоюға;

- заттай дәлелдемелерді, құжаттарды тексеріп қарауға, жерді және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуіндегі барлық басқа да іс-әрекеттерге қатысуға;

- төрағалық етушіге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етілген құжаттардың мазмұнын және іске қатысты, өзіне түсініксіз басқа да мәселелерді түсіндіруді сұрап өтініш жасауға;

- сот отырысына кезінде жазбалар жасауға құқылы.

Бұл құқықтар азаматқа істің жағдайын өз бетінше бағалау мүмкіндігіне иө болу үшін және алқабилер алқасының алдына қойылатын мәселелерге жауап беру үшін беріледі.

Судьялар мен алқабилер барлық мәселелерді шешуге тең құқыққа ие.

Алқабилерге үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан заңмен келесі іс жасауға тыйым салынады:

- істі тыңдау кезінде сот отырысының залынан кетуге;

- істі тыңдау кезінде сот құрамына кірмейтін адамдармен төрағалық етушінің рұқсатынсыз іс бойынша сөйлесуге;

- істі қарау барысында мәліметтерді сот отырысынан тыс жинауға;

- жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етуге;

- кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзуға құқылы емес.

Нақты бір іс қаралғаннан кейін, алқабилерге сыйақы төленеді. Ол обылыстық және оған теңестірілген сот судьясының лауазымдық жалақысының жартысын құрайды. Алайда, бұл сыйақы, егер осы уақытта алқаби міндетін атқармағанда, азамат өзінің негізгі жұмысынан алатын сомадан кем болмауы тиіс. Азамат алқаби ретінде өткізген уақытын еңбек өтілі есебінде есептете алады.