Дәріс. Прокуратура органдары және прокурлық қадағалау

Жоспары:

1.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.

2.Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесi.

3.Республиканың прокуратурасы бiрегей мемлекеттiк органдары ретінде.

Негізгі ұғымдары: Қазақстан Республикасының прокуратурасы, прокуратура турлаы ҚР заңы, прокуратура органдарының функциялары.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, ҚР Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актлердiң дәл және бiрiңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.

Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады. Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен Қзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Прокуратура қызметi өз мазмұнына сәйкес көп қырлы және елеулi түрде ауқымды. Оның көлемi мен ауқымы прокуратура қызметiн реттейтiн құқықтық актiлердiң шеңберiне байланысты. Республика Конституциясы және "Прокуратура турлаы " ҚР заңы елдегi жоғары қадағалау органы туралы, бұрынғы заңдардың көптеген ережелерiн дамытып қана қойған жоқ, сонымен бiрге прокуратура органдарының рөлi мен мiндеттерiн, олардың ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбiн бағалауда бiрқатар түбегейлi жаңа көзқарасты белгiледi.

Республиканың прокуратурасы бiрегей мемлекеттiк органды бiлдiредi, оның құрылымдық бөлiмшелерi өздерiнiң қызметiн құқықтық негiзде бүкiл прокуратура органдары жүйесi атынан әрекет етедi.

Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiлiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар (көлiк, табиғат қорғау, арнаулы объект прокуратуралары) құрайды.

Прокурорлар болып жоғары заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады. Сонымен қатар, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемiнде үш жылдық жұмыс стажы бар азаматтар тағайындалады. Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын-ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.

Прокуратура заңдылықты қадағалауды және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезiнде барлық тұлғаларға орындалуы мiндеттi, мазмұнында нормативтi ережелерi бар нормативтiк-құқықтық актлер қабылдайды. Бұл актлер құқықтық актлер болып табылады, өйткенi ол актлер жүрiс-тұрыс ережелерiн орнатады. Осы ережелер арқылы прокуратура қоғамдық қатынастаға әсер етедi.

Прокуратура турлаы " ҚР заңы нiң негiзгi бағыттарынның бiрi болып табылады. Прокурорлық қадағалау ұғымын заңдардың дәл және бiрiздiлiкпен қолданылуын бұзуды дер кезiнде анықтап, кемшiлiктi түзетiп отыру және кiнәлi адамдарды жауапқа тарту арқылы прокуратура қызметiн мемлекет атынан жүзеге асыру деп түсiну керек. Заңдылықты қадағалау негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады(оларды прокурорлық қадағалаудың бағыттары деп атайды). Ол бiр мезгiлде бiр тектi қоғамдық қатынастарды және оларды реттейтiн нормаларды да қамтиды. Оларға мыналар жатады:

- адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мүдделерiн сақтауды қадағалау бағыты;

- жедел-iздестiру қызметiне қадағалау бағыты;

- тергеу мен анықтама заңдылығына қадағалау бағыты;

- әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалау бағыты;

- атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалау бағыты.