Дәріс. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесі

Жоспары:

1.Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері және жүйесі.

2.Прокуратураның ережелері мен нұсқаулықтары

Негізгі ұғымдары: Прокурорлық қадағалаудың атілері,

1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін төмендегілер құрайды:

1) прокурорлық қадағалау актілер: наразылық, қаулы, ұсыныс, өтініш,

санкция, нұсқау, заңды түсіндіру;

2) прокуратура органдарының ұйымдастырылуына және қызметіне қатысты

мәселелерді реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, тапсырмалар,

ережелер мен нұсқаулықтар.

2. Прокуратураның ережелері мен нұсқаулықтары сәйксес прокурорлардың бұйрықтарымен бекітіледі.

Прокуратура органдары өз қызметінің жариялығын қамтамасыз ету мақсатында органдар мен лауазымды тұлғалардың адам мен азаматтың заңмен қорғалатын құқықтарын, мемлекет пен заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіретін заңсыз шешімдеріне қатысты прокурорлық қадағалау актілерін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай алады.

№ 10 дәріс. Сотта іс қараудағы прокурордың құзіреті.

Жоспары:

1.Күшіне енбеген сот қаулыларына наразылық беру.

2.Күшіне енген сот қаулыларына наразылық беру.

3.ҚР Жоғары Сотының нормативтік қаулыларына наразылық беру.

Негізгі ұғымдары: апелляциялық немесе қадағалау тәртібі, судья, прокурор құзіреті, Прокурордың күшіне енген сот шешімдеріне, үкімдеріне және басқа қаулыларына байланысты наразылық беру.

1. Сотта азаматтық немесе қылмыстық іс қарау кезінде, апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен іс қарау барысында прокурор өз өкілеттігін заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Егер соттың (судьяның) шешімі, үкімі немесе басқа қаулысы заңға қайшы болуы немесе негізсіз болуы себепті оған келіспеген жағадайда прокурор істі қайта қарауға жіберу немесе соттың актісін өзгерту мақсаттарында жоғары тұрған сотқа наразылық беруге құқылы.

Сотта іс қарауға қатыспағанына қарамастан прокурор соттың күшіне енбеген заңға қайшы немесе негізсіз шешіміне, үкіміне немесе басқа қаулысына наразылық беруге құқылы.

2. Прокурор өз құзіреті шеңберінде соттан шешім, үкім немесе басқа қаулы күшіне еніп қойған істерді талап етуге құқылы.

Егер іс бойынша күшіне енген шешім, үкім немесе басқа қаулы заңға қайшы немесе негізсіз болса прокурор қадағалау тәртібімен наразылық береді. Егер наразылық беру оның өкілеттік шеңберіне кірмейтін болса прокурор жоғары тұрған прокурорға наразылық білдіруін сұрап қаулы жібере алады.

Прокурордың күшіне енген сот шешімдеріне, үкімдеріне және басқа қаулыларына байланысты наразылық беру және олардың орындалуын тоқтата тұру өкілеттігі заң актілерімен айқындалады.

3. Республиканың бас прокуроры Республика Жоғары Соты нормативтік қаулысының Конституцияға және басқа заңдарға сәйкес келмеуіне байланысты республика Жоғары Сотының Пленумына наразылық енгізе алады.

 

№ 11 дәріс. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары.

Жоспары:

1.Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi органының ұғымы, жүйесі.

2.Ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын органдар мен мекемелер

3.ҚР ұлттық қауiпсiздiк комитетi.

Негізгі ұғымдары: Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi, Ұлттық қауiпсiздiк органдары, Ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын органдар мен мекемелер, ҚР ұлттық қауiпсiздiк комитетi.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi - елдiң ұлттық мүдделерiнiң нақты және ықтимал қауiп-қатерден қорғалуының жай-күйiн бiлдiредi. Ұлттық қауiпсiздiк объектлерi қатарына - жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам, оның материалдық және рухаи құндылықтары, мемлекет, оның конституциялық құрылысы, тәуелсiздiгi және аумақтық тұтастығы жатады. Осы құндылықтарды қорғау ұлттық қауiпсiздiк органдарының басты мiндетi.

Ұлттық қауiпсiздiк органдары - өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялыққұрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, әкономикалық, ғылыми-техникалық және қорғныс потенциалын қамтамсыз ететiн арнайы мемлекеттiк органдар. Ұлттық қауiпсiздiк органдары ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар. Олардың қызметi заңдылық, дарабасшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау қағидасына, тәуелсiздiк қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жиынтығын оларға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын органдар мен мекемелер қалыптастырады. Бұл органдардың әрқайсысы өз мақсат-мiндеттерiне және құзiреттерiне ие.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрiңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiк аумақтық және өзге де органдары, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды. ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесiне жалпы басшылықты ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүзеге асырады.

ҚР ұлттық қауiпсiздiк комитетi - ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiндегi орталық мемлекеттiк орган.

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн Төраға басқарады, оны қызметке ҚР Парламентi Сенатының келiсiмiмен ҚР Президентi тағайындайды.

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережемен (15 шiлде 1996ж.) айқындалған.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiртұтас жүйесiне ҰҚК-нiң ведомстволары да кiредi. Олардың қатарына Үкiметтiк байланыс органы, "Барлау" қызметi және тағы басқа қызметтер жатады. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiғ ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдарына олардың қызметiнiң жекеленген бағыттары бойынша жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.

Республиканың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары құрылады. Олардың қатарына ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң облыстары, республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы бойынша департаменттер мен оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлiмдерi, бөлiмшелерi) жатады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында әскери қарсы барлау органдары құрылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi құрылады.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесiндегi маңызды органының бiрi болып террорлық актiлердi және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке аса қауiптi қол сұғушылықты тыю үшiн құрылатын арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер табылады.

 

№ 12 дәріс. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары.

Жоспары:

1.Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарының ұғымы және жүйесі.

2.Iшкi iстер органдары туралы заңы.

Негізгі ұғымдары: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары, ҚР Президентiнiң "ҚР Iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығы.

ҚР Президентiнiң "ҚР Iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығының 1-шi бабына сәйкес, ҚР Iшкi iстер органдары - анықтаманы, алдын-ала тергеудi және жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекетмІдделерiн қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғудың алдын-алу мен жолын кесу жөнiндегi атқару және өкiм ету функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк орган болып табылады.

ҚР Президентiнiң "ҚР Iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығына сәйкес Iшкi iстер органдарының алдына қойған мақсаттарының шеңберi өте кең. Олардың қатарына:

- қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi, оның iшiнде төтенше жағдай немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;

- қылмыс пен өзгеде әкiмшiлiк құқықбұзушылықтардың алдын-алу, оларды анықтау және тыю;

- заңдарда белгiленген құзретi шеңберiнде анықтама мен алдын-ала тергеудi, әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүге асыру;

- кәмелетке толмағдардың қараусыздығы мен құқықбұзушылығын анықтау және тыю;

- өз құзiретi шеңберiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiнің сақталуы мен қамтамасыз етiлiуiн бақылау;

- мемлекеттiк және өзге де объектлердi, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алғандар мен сотталғандарды айдап апару;

- шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Респбуликасы аумағынды болу тәртiбiн сақтауын бақылау;

- соғыс уақытында ҚР-ның аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекеленген мiндеттердi орындау;

-Iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтасытқты жүзеге асыру.

Iшкi iстер органдары көп функциялы құқыққорғау органы болып табылады. Көп уақыттан берi Iшкi iстер органдарының құқыққорғау қызметiне бас бостандығынан айырумен байланысты қылмыстық жазаларды орындау жатқызылып келдi. Қазiргi уақытта құқыққорғау органдарының жүйесiнiң реформалануына байланысты бұл функцияларды жүзеге асыру әдiлет органдарына жүктелген.

"Iшкi iстер органдары туралы" Жарлықта бекiтiлген қағидаларға сүйенедi. Оларды қатарына заңдылық, iзгiлiк, адамдар мен азаматтардың құқықтарын сақтау және құрметтеу, iшкi iстер органдары жүйесiнiң бiрлiгi, дарабасшылық, жариялылық, құқыққорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау қағидалары жатады.

"ҚР Iшкi iстер органдары туралы" ҚР Президентi Жарлығының 4-шi бабына сәйкес Iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн - ҚР Iшкi iстер министрлiгi, оған бағынысты обылыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының және көлiктегi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелiк iшкi iстер басқармалары, желiлiк iшкi iстер органдары, iшкi әскерлер, оқу орындары, мекемелер мен өзге де ұйымдар құрайды. Iшкi iстер органдарына жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында олардың құрамында -криминалды полиция, әкiмшiлiк полиция және полицияның басқа да қызметтерi, сонымен қатар әскери тергеу органы және әскери ұйымның мәртебесi бар IIМ әскери полициясы құрылады.

№ 13 дәріс. Қазақстан Республикасының әдiлет органдары.

Жоспары:

1. Қазақстан Республикасының әдiлет органдары.

2. Әдiлет органдары жүйесi.

3. Әдiлет органдарының негiзгi функциялары, құқықтары мен мiндеттерi.

Негізгі ұғымдары: Қазақстан Республикасының әдiлет органдары, әдiлет органдарының қызметiнiң мәнi, әдiлет органдары жүйесiн құрайтын органдар.

1.Қазақстан Республикасының әдiлет органдары - өз өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ететудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдарыдың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.

әдiлет органдарының қызметiнiң мәнi елдегi заңдылыққа, азаматтардың өз құқықтарын толық пайдалануға жәрдемдесу болып табылады. әдiлет органдары өз мiндеттерiн жүзеге асыру барысында құқықтық қағидаларға сүйенедi. Әдiлет органдары қызметiнiң қағидалары ретiнде мыналар айқындалды: заңдылық, қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, жариялық, басқа да органдармен өзара iс-қимыл жасау, саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болу, гуманизм, демократия, қылмыстық жаза атқарудың жiктелуi мен дербестендiрiлуi, қылмыстық жазаны түзеу ықпалымен ұштастыру, әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы. Осы қағидалар негiзiнде әдiлет органдарының қызметi, елiмiздiң құқықтық жүйесiндегi әдiлет жүйесiнiң рөлi едәуiр күшейе түседi.

әдiлет органдары жүйесi бiртұтас болып келедi. Әдiлет органдары жүйесiн мына органдар құрайды:

1) әдiлет министрлiгi

2) әдiлет министрлiгiнiң ведомстволары

2) әдiлет министрлiгiнiң облыстық басқармалары

3) әдiлет басқармаларының аудандық бөлiмдерi

4) Қылмыстық атқару органдары

5) Сот сараптамасы орталығы

2. Әдiлет органдарының негiзгi функциялары, құқықтары мен мiндеттерi "әдiлет органдары туралы" заңымен айқындалған. Заңның аталған ережелерi әдiлет органдарының қызметiнiң беделiн арттыруда игi әсерiн тигiзедi. Әдiлет органдарының құзiреттерiн мазмұнына қарай бiрнеше бағыттарға бөлуге болады:

-заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары;

-халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары;

- сот сараптама қызметi, анықтау және әкiмшiлiк iс жүргiзу саласындағы функциялары;

- мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары;

- құқықтық көмек және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат салаларындағы функциялары;

- қылмыстық жаза атқару саласындағы функциялары;

- санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы функциялары.

 

№ 14 дәріс. Адвокатура және оның органдары.

Жоспары:

1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура.

2. Адвокатура қызметінің қағидалары.

3. Адвокатураның құқықтық ұйымдастырылуының негiзгi нысаны.

4. Адвокаттық лицензия.

Негізгі ұғымдары: Қазақстан Республикасындағы адвокатура, адвокатура қызметінің қағидалары, адвокаттар алқасы алқа мүшелерi, адвокаттық лицензиясы.

1.Қазақстан Республикасындағы адвокатура — адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтыарын заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.

Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі құқықтық қағидаларға негізделеді.

Адвокатура қызметінің қағидалары деп – кәсіби за көмегін көрсету кезіндегі адвокатура және оның қызметінің құрылымын анықтайтын нормалармен институттардан тұратын негізгі құқықтық тұжырымдарды айтамыз.

Адвокатураның құқықтық ұйымдастырылуының негiзгi нысаны болып адвокаттар алқасы табылады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 5 желтоқсанда қабылданған «Адвокаттық қызметi туралы» заңның 20 бабына сәйкес «Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес тәуелсiз, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.

Адвокаттар алқасы алқа мүшелерiнiң жеке қаржылары есебiнен өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. Ол қаржылардың қайнар көзi болып – мүшелiк жарналар, ерiктi мүлiктiк жарналар, демеушiлiк және қайырымдылық көмектер, өзге де заңмен тиым салынбаан тІсiмдер табылады. Адвокатар алқасы аумақтық қағидасы негiзiнде, яғни республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер негiзiнде құрылады.Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып жұмыс iстеуi мүмкiн. Адвокаттар алқасын құруға қандай да байланысын мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi. (20бап “Адвокаттық қызмет туралы” Қазақсатн Республикасының заңы)

Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет туралы» заңмен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының болу жеткіліксіз, сонымен қатар ол тұлғаның жоғарғы заң білімі болуы, заңгер мамандығы бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс стажы және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы керек.

Адвокаттық лицензиясы деп - әділет біліктілік алқасының ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының Әділет Министрі берген адвокаттық қызметпен айналасуына рұқсаттаманы айтамыз.

Бұл лицензия азаматтың бiлiктiлiк емтиханын тапсырған жағдайда берiледi және де ол лицензия негiзгi, тұрақты болып табылады. Оның күшi Қазақстан Республикасынының барлық аумағында қолданылады. Азаматтардың адвокаттық лицензия алу үшiн бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбiн әдiлет бiлiктiлiк алқасы белгiлейдi.

Лицензия беруден бас тарту «Лицензиялау туралы» заң актiлерiмен көзделген негiздер бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.

Лицензия алған адвокат «Адвокаттық қызмет туралы» заңға сәйкес құқықтарымен мiндеттерге ие болады. Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез-келген заң көмегiн көрсетуге құқылы. Адвокаттың өкiлеттiктерiн куәландыратын құжаты болып заң консультациясы немесе адвокат кеңсесi беретiн ордер және көмек сұраған адаммен жасасқан шарт есептеледi.

 

№ 15 дәріс. Қазақстан Республикасындағы нотариат

Жоспары: