Быр желісінің сенімділігі

Кіріспе

Канал (латынша:canalis – құбыр, науа), арна –гидротехникада, су ағыны арынсыз жасанды арна. Негізінен, грунтта қазылады.

Каналдардың түрлері

Ірі порттардың кеме жүретін жерін тереңдету үшін су астында қазылатын гидротехтикалық құрылысты да канал деп атайды. Пайдалану мақсатына қарай каналдар әр түрлі болады:

· кеме қатынасы каналдары (Суэц, Панама, Волга-Дон каналдары, тағы басқа),

· энергетикалық (деривациялық) каналдар,

· өнеркәсіп орындарына, елді мекендерге, жайылымдарға су беру үшін

· қазылған жерді суландырғыш каналдар (Ертіс – Қарағанды каналы, Есіл су құбыры, тағы басқа),

· ирригациялық каналдар (Арыс – Түркістан каналы, Үлкен Ферғана каналы, тағы басқа),

· жиналған артық суларды ағызып жіберу және жерді құрғату үшін қазылған дренаждық каналдар, балық өтіп тұруға және ағаш ағызуға арналған каналдар, тағы басқа. Ал кешенді каналдар бір мезгілде бірнеше мақсатты су шаруашылық мәселелерін шешуге арналған.

Каналдар мен тоннельдер – жерасты, жабық, горизонтальді немесе еңкейтіліп жасалынған ұзындықты ені бар технологиялық коммуникациялар мен адамдардың өтуі үшін арналған инженерлік құрылым. Каналдар өткізбейтін (биіктігі 0.3 м), жартылай өткізгіш (биіктігі 0.6-1.2 м) және өткізгіш (биіктігі ) болып бөлінеді. Биіктіктері 1.2-1.8 м және одан үлкен каналдарды әрбір 60 ме тр сайын өлшемі 600-800 мм лютар ескеріліп жасалынады. Плиталары жанбайтын болады. Ашық каналдарда қол сүйендіргіштері болуы шарт. Эксплуатациялау кезінде бақап қарап шығуға және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тоннелдердің биіктіктері 2 және одан үлкен болады. Мұнда жарық, өткелдер, қаждет болса вентиляция мәселесі де болуы керек.

 

 

быр желісінің сенімділігі

Құбыр желісі, шын мәнінде, “көлік” деген ұғымның жалпы жұрт таныған анықтамасына сай келмейді: мұнда жылжымалы құрам, жол жоқ. Жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Олар түрлі диаметрдегі құбырлар болып табылады. Әрбір 100 – 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сорап станциялары орнатылады. Құбыр желісінің қондырғыларына қатарласқан және қиылысатын даңғыл жолдарды қосатын және ажырататын желілік тораптар да, өзен, көл, автодаңғылдар, темір жолдар арқылы өтетін жер үстіндегі және жер астындағы өткелдер де, мұнай айдайтын және компрессорлық станциялар, даңғыл жолдарды қосатын және желілердің жекелеген телімдерін жабатын құрылғылардан тұратын желілік тораптар да жатады. Құбыр желісі, негізінен, мұнай құбырлары мен газ құбырларын қамтиды. Сондай-ақ су құбырлары жүйелерін де Құбыр желісіне жатқызуға болады. Құбыр желісі магистральдық және жергілікті мұнай құбырлары мен газ құбырларына бөлінеді. Алғашқы мұнай құбыры Қазақстанның батысында: ұзындығы 154 км Доссор – Ракуша – Каспий мұнай құбыры Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде салынған. 1934 ж. Каспий – Орск мұнай құбыры (830 км) іске қосылды, ал 1966 ж.Өзен– Жетібай –Ақтау бағытында мұнай құбыры (141,5 км) төселді. Дүние жүзіндегі тұңғыш бірегей континентаралық ыстық мұнай құбыры: Өзен – Атырау – Самара арасында салынды (1970), оның ұзындығы 1500 км. ТМД аумағында салынған негізгі экспорттық құбыр желісі жүйелері: дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбыры – “Достық” құбыры (5116 км). Ол Самара ауданынан Беларуське, Украинаға және Шығыс Еуропа елдеріне шығады; Туймазы – Иркутск (3700 км), Орынбордан Ресейдің батыс шекарасына дейін тартылған “Союз” (275 км), Орта Азия – Орталық (3000 км), Германия, Франция, Австрия, Швейцария және басқа елдер үшін өтемақылық негізде салынған Ямбург – Батыс шекара (4605 км); Маңғыстаудан Еділ жағалауы арқылы Украинаға тартылған, парафинді мұнайды 50ӘС-қа дейін қыздыратын ірі мұнай құбыры (2500 км). Теңіз кен орнының шикі мұнайы мен Қазақстанның басқа да мұнайын Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы Южная Озерейка терминалына тасымалдайтын Теңіз – Астрахан – Новороссийск құбырының құрылысы (1850 км) 2001 ж. қарашада аяқталды. Оны Каспий құбыр консорциумы (КҚК) салды. Қазақстанда тұңғыш газ кәсіпшілігі 1970 ж. Теңізде іске қосылды. 1971 ж. ұзындығы 610 км Бейнеу – Өзен – Бекдаш (Түрікменстан) газ құбыры салынды. 1972 ж. Өзен – Бейнеу магистралі (310 км) пайдалануға берілді. 2001 ж. республикада жылына 6,5 млрд. м3 газ өндіріледі, оның 4 млрд. м3-і экспортқа шығарылады. Бұл қорлар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында және Солт. Қазақстан мен Торғай мұнайлы аймақтарында шоғырланған. Таяу жылдары Қарашығанақ – Ақтөбе, Өріктау – Ақтөбе газ құбырын салу көзделіп отыр. Мұның өзі Қарашығанақ пен Өріктаудан газды қолданыстағы Бұхара – Орал газ құбырына беруге мүмкіндік туғызады. Жүк айналымы жөнінен Құбыр желісі темір жол көлігінен кейін екінші орында. 2001 ж. жүк айналымы 56573 млн. км-ге жеткен. Соңғы деректер бойынша (2001) Қазақстанда мұнай және газ тасымалдайтын 8 ірі мекеме тіркелген, ал магистральдық құбырлардың жалпы ұзындығы 17082 км. Қазақстан жерімен өтетін, экон. маңызы жоғары магистральдық құбырлар: Атырау – Самара – Одесса, Атырау – Самара – Приморск, КҚК (Теңіз – Новороссийск), Атасу – Алашанкоу. Қазақстанда Атырау – Самара құбыры негізгі экспорттық бағыт болып табылады. Бұл бағыт Қазақстан мұнайын “Достық” құбырлар жүйесі арқылы Шығ. Еуропаға, Қара т. бен Балтық т. порттарына, одан әрі Жерорта елдеріне тасымалдауға мүмкіндік береді. Азия – Тынық мұхит аймағы елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Қазақстан – Қытай мұнай құбырын салу жобасы жасалды. Ол Атасу кенті (Қарағанды облысы) – Алашанкоу (Қытай) арқылы өтеді. Ақтау – Баку бағыты бойынша Каспий арқылы Қазақстан мұнайын Баку – Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау да республика үшін аса маңызды. Қазақстанда құбыр желісінің кеңінен салынып, пайдаланылуы нәтижесінде республиканың отын-энергет. балансында елеулі өзгерістер туды, мұнда мұнай мен газдың үлесі 70 – 75%-ға артты. Осыған орай Құбыр желісімен жүк тасымалдау көлемі де ұлғайды.

 

Бырлар түрлері