Теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы принципi

Бұл принцип философияның ''тəжiрибе - танымның iлкi бұлағы'' қағидасына негiзделген. Оның түбiнде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиiмдiлiгiн тəжiрибе көрсетедi, тексередi, анықтайды; тəжiрибе - ақиқаттың көрсеткiшi; тəрбие өмiрмен, тəжiрибемен тығыз байланысты; теория мен тəжiрибе байланысы оқу мазмұнына, əдiстерiне, түрлерiне тəуелдi; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндiрiске тез икемделедi.

Саналылық пен белсендiлiк принципi. Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi, ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз.

Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады.

Көрнекiлiк принципi

Оқыту жүйесiнде Я. А. Коменский көрнекiлiк принципiн оқу материалын меңгеру құралы ретiнде қарастырып, дидактиканың алтын ережесi деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негiзiнен көрнекiлiк арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзiн немесе бейнесiн, көлемiн тiкелей көрiп, байқап таниды. Бұл принциптi соңғы ғылыми жетiстiктер де дəлелдедi. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткiзедi екен. Көз арқылы алған мəлiметтердi адам жеңiл, тез, берiк есте сақтайды.

Көрнекiлiк принципiн жүзеге асырып, оқушылардың бiлiм көлемiн тереңдету, қызығушылығын арттырып жəне есте сақтау қабiлетiн шыңдау үшiн мұғалiм өз ойын оқушыларға нақтылы жеткiзуi үшiн қолданатын ережелердi атап өтейiк.

- ''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету, есiте алатынды - естiрту, сезiне алатынның бəрiн -оқушылар-дың сезiм мүшелерiне сездiрту, түйсiк туғызу.

- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерiн, көлемiн, түр-түстерiн сөзбен емес көру арқылы əрi жеңiл, əрi тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.

- Қолданылатын көрнекi құралдардың өмiрмен байланысын қамтамасыз ету.

- Оқушылар тiкелей түйсiну, көру, есту мүшелерi арқылы əртүрлi заттардың формасын, түсiн, көлемiн, бейнесiн көрiп, дыбысын естуi негiзiнде оларда ой пайда болады.

Беріктік принципі. Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi: оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi, уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте сақталады.

Сəйкестік принципі.Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тəжiрибеге негiзделiп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етедi.

Демек бұл оқушының бойында бар бiлiм, бiлiк, дағдылар деңгейiне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сəйкестiк принципiн дəлелдейтiн заңдылықтар: оқыту жас жəне дара ерекшелiктерге, оқу процесiнiң ұйымдастырылуы мен əдiстерiне тəуелдi; ақыл-ой дамуы мен алғашқы бiлiмдерi жетiк оқушы жаңа материалды тез меңгередi, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мiнез-құлқына, қабiлеттерiнiң қалыптасуына, бiлiмiнiң сапасы мен нəтижелiлiгiне оң /дұрыс/ ықпал етедi.

27.Химия сабағында қолданатын жаттықтыру, машықтандыру жұмыстарының мәтіндерін сұрыптау деңгейліктерін талдаңыз

Жаттығу – бұл қарапайым кұрылымы және орындалу сипаты бойынша, репродуктивті және ішінара іздер әрекет үдерісіне білім мен дағдыны тередетуге және жетілдіруге бағытталған танымдық тапсырма.
Жаттығу жаңа өткен сабақты бекіту үшін, ұғымдар мен заңдарды қорытындылауға, теориялық жағдайлар немесе жетекші идеяларды, заңдылықтарды, химияның такырыптары немесе тарауларына арналған болуы мүмкін.

Органикалық химиядан жаттығуларга түрлі мысалдар келтіреміз.

- Метан молекуласынын шарстрежн үлгісін дайынданыз.

- Реакция тендеуін кұрастырыныз:

CH4 + Br2 = …; CHCl3 + Cl2 = ... .

- Этилен молекуласындағы сигма байланыстардың түзілу сұлбасын салыныз.

- Келесі заттардың кұрылымдық формуласын жазыныз: 3-метил пентен-2; 2,3-диметилбутен-2.

Келесі айналулар калай жүзеге асады: бензол – хлорбензол – фенол – пикрин қышқылы?

Жеке жұмыс үшін жаттығу әдетте дидактикалық карточкада көрсетіледі.