ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктері

Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Ойлаудың басқа психологиялық үрдістерден айырмашылығы, бұл әрекеттің бір қиын мәселені, күрделі ситуацияны шешумен байланысты болды. Ойлау қабылдау сияқты емес, сезімдік тәжірибе шеңберінен асып кетеді. Ойлауда сенсорлық ақпараттар негізінде, теориялық және практикалық қорытындылар жасалады. Ойлау болмысты, тек заттар түрінде ғана емес,олардың қасиеті, өзара байланысы, қарым-қатынасы түрінде, яғни белгілі бір заңдылықтар мен қорытындылар түрінде көрсетеді.

Ойлау 85 адам миының үлкен жарты шарларының қабығында үздіксіз өтіп жататын анализдеу және синтездеу әрекеті. Ойлау процесін іске асыру үшін ми қабығы түгелдей қатынасып отырады. Ойлау процесі үшін ең алдымен мәні зор физиологиялық процестер анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нервтік байланыстар.

Ойлау бірінші сигналдық жүйенің нервтік байланыстарына сүйеніп қана қоймайды, ол екінші сигналдық жүйенің уақытша нервтік байланыстарына да сүйенеді. Сондықтан ойлау процесінің қызметіне мидағы сөйлеу орталықтары белсенділікпен қатынасып отырады.

И.П.Павлов: «Ойлау сыртқы заттармен әуелі элемаентарлық түрде байланысыпп тұрған ассоциациялардан, содан соң тізбектелген ассоциациялардан басқа ештеңе емес. Ендеше, әрбәр кішкене бірінші ассоциация – бұл ойдың туу кезеңі» - деп тұжырымдайды.

Бастауыш сынып психикалық дамуы тежелген оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі.

Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:

1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;

2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.

ПДТ балалардың ойлауының дамуын ерекшеліктерін ескере отырып үш топқа қарастырады:

ü Бұл ойлау қабілетінің дамуы қалыпты болғанымен танымдық қабілетінің төмендігін көрсетедін балалар;

ü Бұл танымдық қабілеті және тапсырманы орындау белсенділігі бірқалыпсыз балалар;

ü Танымдық қабілетінің дамудан тыс қалған тапсырманы орындау деңгейі өте төмен балалар.

Қазіргі кездегі ПДТ балалардың ойлау әрекетінің ерекшеліктері туралы айтқанда, Т.В.Егорованың зерттеу материалдарына сүйенуге болады. Ол үлгермеуші бастауыш сынып оқушылардың көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерін, жан-жақты толық зерттеумен көп жылдар айналысты. Т.В.Егорованың жасаған тамаша әдістемелерінің көмегімен, бұл балалардың ойлау кемшіліктерінің спецификалық ерекшеліктері анықталды, оқу материалын ұсыну әдісі, балалардың ойлау деңгейіне сәйкес болмаған жағдайда бағдарламаның меңгерілмейтіндігі анықталды. Бұл әсіресе, арифметикалық есептер шығаруға үйретудегі, сөздік және көрнекі әдістерді салыстырудан анық байқалады. Материалды меңгерту үшін, оқытудың тиімді әдістерін пайдалану үшін, мұғалім үнемі ізденуі қажет. ПДТ оқушылардың басым көпшілігінде, ең алдымен, интеллектуалды мәселені шешуге деген дайындықтың болмауы байқалады.Қорытындылау немесе топтау үдерісінде, де осындай ситуация туындайды. Қорытындылау операциясының жеткіліксіз деңгейде қалыптасуы, заттарды белгілеріне қарай топтастыру кезінде байқалады. Олар терминдерді меңгеруде қиналады, кейде объектіні жақсы таниды, ал оның атын білмейді. Балалардың көбі, классификация жасаудың қарапайым түрлерін жақсы меңгерген. Қарапайым геометриялық фигураларды топтастыру сияқты тапсырмаларды еш қиындықсыз орындайды. Ал, күрделі геометриялық фигуралармен жұмыс істегенде, жұмыс өнімділігі бірден төмендейді, тек санаулы балалар ғана қатесіз орындай алады.

Көрнекі-әрекеттік ойлау түрінің деңгейі, бұл балаларда қалыпты балалардың деңгейімен бірдей десе болады, психикалық даму тежелуі өте айқын балаларда, сәл өзгеше болуы мүмкін. Балалардың басым көпшілігі, берілген тапсырмаларды дұрыс және жақсы орындайды,тек кейбіреулеріне ынталандырушы көмек керек болады, кейбіреулеріне тапсырманы қайталап түсіндіріп, нақты нұсқау беру қажет болады. Тұтастай алғанда, ПДТ балалардың ойлаудың бұл түрі, қалыпты дамып келе жатқан құрбыларының көрсеткіштерімен бірдей. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б. сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.

Көрнекі-бейнелік ойлау түрі, көрнекі-әрекеттік ойлауға қарағанда, жоғары деңгейде болғандықтан, сараптамалар әртүрлі көрсеткіш береді. Арнайы психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде көрнекі-бейнелік ойлау бөліктеніп тұрады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.

Көрнекі ойлау және дерексізденген–теориялық ойлау көптеген тәсілдермен бір–біріне өтеді. Олардың арасындағы айырмашылықтар салыстырмалы; ол сыртқы кереғарлықты көрсетпейді, алайда ол маңызды. Кез келген ойлау азды–көпті жалпыланған абстрактілі ұғымдарда жасалады және барлық ойлау азды–көпті көрнекі сезімдік бейнелерге қосылады; ұғымдар және бейне–түсініктер оларда үздіксіз бірлікте беріледі. Адам түсініктерсіз, сезімдік көрнекіліктен тыс ойлай алмайды; ол сондай–ақ ұғымдарсыз, тек қана сезімдік-көрнекі бейнелерде де ойлай алмайды. Сондықтан да көрнекі және ұғымды ойлау туралы оларды сыртқы қайшылықтар деп айтуға болмайды; алайда түсініктер және ұғымдар бір– бірімен байланысып қана қоймаған, олардың бір–бірінен айырмашылығы да болады, біртұтас ойлаудың ішінде, бір жағынан, көрнекі, екінші жағынан– абстрактілі–теориялық ойлауды ажыратуға болады. Біріншісі үшін тән нәрсе түсініктер мен ұғымдардың бірлігі, жалпы мен жалқы үшін көрнекі бейне– түсініктердің формасы тән болады; екіншісі үшін көрнекі бейнелер – түсініктер және ұғымдардың бірлігінде жалпы ұғымдар формасы тән болады. Танымның әр түрлі деңгейлері немесе сатылары болатын, бейнелі және абстрактілі–теориялық ойлау бірыңғай процестің әр түрлі жағы болып табылады және объективті шындықтың әр түрлі жақтарын танудың адекватты тәсіліне тең. Дерексізденген ойлау ұғымы жалпыны бейнелейді; алайда жалпы ешқашан да ерекшені және жалқыны жоққа шығармайды; осы соңғысы бейнелерде бейнеленеді. Сондықтан да әсіресе Гегель жүйесінде ретті жүргізілген ой, бейне танымның төменгі деңгейі бола алады, егер де жоғары деңгейде олар ұғымдармен алмастырылмаса, осы жағдай шындықты ұғыммен жасауды қате қиялдаған рационалисті адастыру болып табылады. Сондықтан да біз көрнекі –бейнелі ойлау мен абстрактілі–теориялықты екі деңгей ретінде ғана емес, бірыңғай ойлаудың екі түрі немесе екі аспектісі деп ажыратамыз; тек ұғым ғана емес, ойлаудың барлық, тіпті жоғарғы деңгейінде бола алады. Бейне ойды байытады дегенге кез келген метафораның мысалында көз жеткізуге болады. Кез келген метафора жалпы ойды көрсетеді; метафораны түсіну үшін оның жалпы мағыналық мазмұнын бейнелік формада ашуды талап етеді, себебі метафоралық бейнені қолдану үшін жалпы ойды адекватты білдіретін бейнелерді табуды талап етеді. Егер бейне жалпы ойға ештеңе қоспаған болса, онда метафорлық бейнелер қажетсіз әшекейлер мен артық масыл болған болар еді.

Сөздік-логикалық ойлау түрі – ойлаудың ең жоғары деңгейі, сондықтан, көрсеткіштер бірден төмендей бастайды. Сөйтсе де, ПДТ балалардың арасында, ойлаудың бұл түрінің даму деңгейі, қалыпқа сәйкестері кездеседі. Балалардың тапсырманың тек жартысын ғана орындауға шамалары жетеді. Көп жағдайда балаларға сөздік қордың аздығы, логикалық байланыстарды орындата алмау, заттар мен құбылыстардың өзара қатынасын ұғынбау тәрізді кемшілктер кедергі жасайды. Қалған балалардағы ойлау деңгейі төмен. Олардың сөздік-логикалық ойлау түрі әлі жетілмеген, тек енді ғана дами бастаған деп санауға болады. Көрнекі-әрекеттік, көрнекі–бейнелік, сөздік–логикалық ойлау онтогенез бен филогенездегі ойлаудың даму кезеңдерін қалыптастырады. Қазіргі таңда психологияда ойлаудың бұл үш түрі үлкен адамда да болатындығы және әр түрлі тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндегі сенімді көрсетілген. Бейнеліп көрсетілген топтастыру жалғыз емес. Көркем ойлауда бейненің өзі жалқыны нақтылы бейнелей отырып, сонымен бірге жалпыланған функцияны орындайды; абстрактілі схема болған, ол индивидтің нақты бейнелеуін көрсетеді, толық мәнді көркем бейне жалпыға дейін жоғарылайды. Бейнеде тек жалқыны ғана көру өте қате болар еді. Бейнелер жалқының және жалпының бірлігін береді; олар бір бірімен өзара байланысты болуы қажет, себебі бейнелетін объективті болмыста олар өзара байланыста болады. Көркемдік ойдауда бейнелер жалпыланған функцияны атқарады, сондықтан да көркем шығарманың бейнелі мазмұны оның идеялық мазмұнын тасушы болады. Егер де көрнекі бейне өзіне идеялық мазмұнды қоса алмаса, онда ылғи да көрнекі бейнелі материалмен жасалатынын көркем шығарма идеясыз, үрдісшіл болар еді, себебі үрдісшілдік және көркем емес бейнелерсіз жалпы формулада мүлдем еш нәрсе бермейтін бейнелерден басқа идеялық мазмұнды беретін шығарма болар еді. Шын мәнінде кез келген көркем шығарманың қандай да бір идеялық мәні болуы қажет, себебі әрбір көркем шығарма қандай да бір дәрежеде белгілі бір идеологияны бейнелейді. Мәселенің мәнісі ол оны қаншалықты дәрежеде жасайтындығында. Шынайы көркем, бір мезгілде идеялық және көркем шығармада оның бейнелік мазмұны оның идеялық мазмұнын ғана тасымайды, ол оны басқаша білдіреді, және ол дерексізденген формулада және жалпы жағдайда жасауға болады. Бейнелік ойлау, сөйтіп, ойлаудың ерекше түрі болып табылады.Мектепке келгенде, балалардың ойлау әрекетінде кездесетін, жоғарыдағы аталған қиындықтар ең алдымен, ойлау әрекетінің негізгі компоненттері болып табылатын, интеллектуалды операцияларды әлі толық меңгермегендігімен байланысты. [4]

«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» – дейді В.Кириллова.Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа,белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар. Ой процесінің негізгі формалары – пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі болып келеді. Тәжірибелік немесе практикалық ойлау. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе әрекетті деп аталады. Ол міндеттің көрнекі түрде немесе нақтылы түрде берілуімен сипатталады. Оны шешу тәсілі – практикалық әрекетпен байланысты жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелі ойлаудың барлық іс-әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының негізі болып келеді. Көрнекі-бейнелі ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көрініс береді.Көбінесе нақты – бейнелі ойлауы бқзылады, яғни бейнелі образдық ойлауы жеткіліксіз болады. Қарапайым есептер көрнекі материалдарға бағытталса, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, оларға қиындық туғызады.

Нақтылы бейнелі ойлау мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы - бейнелік деп аталады да ол заттармен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді. Теориялық ойлау ойлау процесінің ең күрделі түрі.Адам алдында тұрған проблемалар егер мәселе, теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялы ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдаланып шешу талап етіледі. Мұндай әрекеттер өте күрделі ойлау арқылы жүзеге асырылады.Теориялық ойлардың жоғары формалары – заңдарды ашу, ғылыми болжамдар жасау, күрделі өндірістік процесті жоспарлау міндетті түрде практикадан шығады да құрамына азды-көпті жалпыланған елестерді енгізеді.Әр адам бірқатар мамандық, темперамент, мінез, жас ерекшеліктерге ие.Жеке адамдық ерекшеліктер адамның барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективтік факторы - адамның зейіні қандай екеніне байланысты. Мәселенің өзіне аударатындығына, олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімге болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді. ПДТ балалардың ойлау операцияларының кемістігін көптеген эксперименттер нәтижелері дәлелдейді. Мысалы, М.В.Зверева мен А.И.Липкина психикалық дамуы тежелген балалар заттарды салыстыруда олардың ұқсастықтарынан гөрі айырмашылықтарына назар аударатынын айтады. Көмекші мектептердегі мұғалімдердің жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибесі психикалық дамуы тежелген оқушылардың ойлау түрі нақты екендігін көрсетеді. Кемақыл оқушылардың ойлауындағы негізгі кемшілік–қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу процесіндегі ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмаудан көрінеді. Олар ережені жатқа білгенімен, көп жағдайларда мағынасына бойламайды, өз тәжірибесінде дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан ережелерді білуді қажет ететін пәндер –арифметика мен грамматиканы қиындықпен меңгереді. И.М.Соловьев психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау қабілеттерін зерттеуде стереотиптік тенденцияларды анықтайды. Бұл тенденция балалардың арифметикалық есептерді шешуде әрбір жаңа есепті өзі білетін бір ғана жолмен шешуге тырысатынынан көрінеді. Мұндай «жабысқақ» ойлау түрі логикалық ойлауға кері «секірулер» туғызады, яғни бірден бірге ауысады. Келесі бір кемшілік түрі –ойлаудағы реттеушілік рольдің әлсіздігі. Яғни бала өзі меңгерген ойлау операцияларын қажетті жағдайда тиісінше қолдана алмайды. Бұл ең алдымен мұғалім үшін қиындық туғызады. Бір жағынан бұл сыни тұрғыдан ойлай алмаумен байланысты. Психикалық дамуы тежелген балалар өздерінің іс-әрекеттеріне сын көзбен қарамайды, өз қателіктерін көрмейді. Себебі, өз ойлары мен әрекетерін обьективті нақтылық талаптарымен салыстыра білмеу –сыни ойлаудың болмауынан деп түсіндіріледі. Бұл психикалық дамуы тежелген оқушылардың басым көпшілігіне тән белгі. Ойлауды шынайы психологиялық зерттеу тек қана оның басқа танымдық процестер мен субъектінің қажеттілік–мотивациялық саласының өзара байланыстылығы мүмкін және “интуиция”, “шығармашылық”, “өнімді ойлау” терминдерінің жалпылауынан тұратын шынайылықты ашып көрсетуге бағытталуы тиіс. Ойлаудың табиғаты оның болмысқа қарым–қатынасы туралы мәселе философиясының негізгі мәселесі болып табылады. Ойлауды зерттеуде өзінің заңдарын түсінуге талпынғанда ғана ой ішкі және сонымен қатар сыртқы әлемді зерттеуге бағытталады. Сыртқы әлемді зерттеу процесінде ол туралы әр түрлі ғылымдар пайда болады. Сондықтан ойлау туралы ғылым ғылыми танымның сәйкес ережелерін жалпылау мен бөлшектеу, ойдың әдіс–тәсілдерінің нәтижесінде пайда болды. Ойлаудың шынайы процесі, оның мазмұны, динамикасы және нақты ерекшеліктері ұзақ уақыт бойы зерттелмеді деп те айтуға болады. Ең алдымен бұл ойлау актісінің белсенді және мақсатқа бағытталған сипаты, оның тұтастығы жеке түсініктердің ассоциацияға жатпайтындығы, қабылдаудан айрықша ерекшелігі және т.б. мәселелер еді. Ойлауды зерттеудегі келесі бағыт шынайы өмірдің фактілері мен құбылыстарын қарастыратын зерттеулер болды. Ойлаудың келесі–фило–және онтогенетикалық зерттеулері психикалық дамудың кез келген сатысындағы өзгермейтін және әмбебап ойлау заңдары туралы түсініктердің қайта қаралуымен байланысты. Жануарлармен тапсырмаларды шешуге арналған эксперименттік зерттеулер, алғашқы адамдардың халықтардың саналы өмірінің заңдылықтарын зерттеу, балалар ойлауының ерекшеліктерін зерттеу ой процестерінің тарихи табиғатын көрсетті, оның дамуының сапалы сатылары туралы мәселені көтерді. Психикалық дамуында тежелуі бар балаларға тез шаршау, сөздік қорының аз болуы, ойын және іс-әрекеттің қалыптасу бәсеңдігі, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігі, логикалық ойлауының қалыптасу қиындығы тән.

Қазіргі жаңа танымдық процестерді зерттеу ерекшелігіне қарай ойлауды тар және кең мағынада қарастырамыз. Кең мағынадағы адамның ойлуы, оның белсенді танымдық іс-әрекеті, сонымен қатар ішкі іс-әрекеті жоспарлау мен реттеу процесі ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан біздің қалай ойлайтындығымыз туралы мәселе өзімізді қоршаған әлемді және өзімізді қалай түсінеміз, қалай елестетеміз, осы білімдерді өз мінез–құлқымызды басқаруда қалай пайдаланамыз дегенді білдіреді. Ойлау тар мағынасында эксперименттік психологиялық зерттеулерде пайдаланылады. Ол ойлау процесінің айрықша ерекшеліктерін түсініктердің қарапайым жүруімен салыстыруға деген талпыныстан көрінеді. Осылайша, ойлау тар мағынасында шығармашылық міндеттерді шешу процесі ретінде түсіндіріледі.Адамның ойлауы әр түрлі деңгейдегі ойлау операцияларынан тұрады. Ең алдымен олардың танымдық мәндері әр түрлі болады. Танымдық қатынаста баланың алдында тұрған қиындықты шешетін қарапайым ойлау аспектісі және қандай да бір күрделі процестердің өту заңдылықтары жайлы ғылыми мәселені шешкенде ғалым адам қолданатын ойлау операцияларының жүйелері тең болмайды. Сөйтіп, оның жалпылау деңгейі қаншалықты биік, бір маңызды мәнді құбылыстан басқа оны анықтауға баратын жағдайлар қаншалықты терең болғанына байланысты ойлаудың әр түрлі деңгейлерін ажыратуға болады. Ойлаудың осындай әр түрлі деңгейлеріне қарапайым формадағы көрнекі ойлау және дерексізденген, теориялық ойлау жатады. Осындай әр түрлі деңгейдегі ойлаудың түрлері ретінде қарапайым көріністегі көрнекі, ойлау мен берілген көрініс шегінен шығатын теориялық ойлауды бөліп көрсетуге болады. Өз пәнінің заңдылықтарын ашатын теориялық ойлау ойлаудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Алайда ойлауды абстрактілі түсініктерде теориялық ойлауға апару мүлдем дұрыс емес. Біз ойлау операцияларын тек теориялық проблемаларды шешекенде ғана емес, көрнекі оқиға аясында қала отырып, объективті шарттарды ескеріп кез келген міндентті ұғынып шешеміз, сондықтан да біз абстрактілі теориялық құрылуға барғанда да оларды қолданамыз. Тек дерексізденген ғана емес, сондай–ақ көрнекі ойлау да болады, себебі кейбір жағдайларда біз көбінесе көрнекі мәліметтерге сүйене отырып алдымызда тұрған міндеттерді шешеміз. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуы мен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру, айналадығы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау. Бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың ойлауын дамыту Н.Менчинскаяның еңбектерінде де сөз болды. Ол ойлауды дамыту оқытумен тығыз көрнекі-бейнелі ойлау жалғаса береді. Сонымен бірге нақты –бейнелі ойлау бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген оқушыларда көрнекі – әсерлі ойлаумен тығыз байланысты. Баланың ойлауы туралы зерттеген П.Блонский былай деді. « Оқыту арқылы баланың ойлауы көрнекі ойлаудан абстракциялы ойлауға өтеді, сонымен бірге ойлау жүйелі, дұрыс және шындыққа жуық болады ».

Психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау қызметінің дамуында да айқын артта қалушылықпен өзгешеліктері бар. Олардың барша ойлау формаларының артта қалуы байқалады, мектептегі оқудың басталуына қарай мұндай балаларда, әдетте әлі негізгі ойлау операциялары талдау, топтау,салыстыру, қорыту қалыптаспаған.Ойлау белсенділігінің төмендігі айқындалған. Е.Д.Хромская айтуы бойынша, психикалық дамуы тежелген балаларды көрнекі – бейнелік және сөздік –логикалық түрлері сақталған. Бұл балаларға қарым-қатынасқа тікелей түсуге мүмкіндік береді. Олар элементтердің кеңістіктік қатынасын дұрыс пайдаланады, арифметикалық операцияларды (жазбаша) көрнекі-бейнеленген сюжеттегі реттілікті табу тапсырмаларын орындай алады (сюжетті суретті сериялы). Бас миының сол жақ жарты шарының премоторлы бөлімдерінің зақымдануы ойлау процесінің динамикасының өзгерісіне әкеліп соғады. Бұған ішкі сөйлеу кемістігі негіз болады: сөйлеу процесі және мәтіннің мағынасын түсіну қызметі бұзылған. Осы екі жағдайда да, сөйлеу процестерінің реттілінің өзгерісі байқалады, соның салдарынан вербалды логикалық ойлаудың динамикасы бұзылады. Психикалық дамуы тежелген балалар өзінің құрдастарынан жас, олардың ойлары да тұрақсыз болады. Олардың ми қабілеті де тәулік бойына өзгереді. Кейде сабақтың аяғына таман шаршаған уақыттарда болады. ПДТ балаларда көрнекі-бейнелі ойлаудың кемісітігі аз мөлшерде көрініс береді. Көбінесе нақтылы-бейнелі ойлауы бұзылады, яғни бейнелі-образдық ойлауы жеткіліксіз болады. Балалардың ойлау белсенділіктері жеткіліксіз. Ол баланың тез шаршауы мен тежелуі мен сипатталады.