І Технологиялық бөлім

Кіріспе

 

Білім саласында бәсекелестік қабілеті бар мамандарды дайындау және инновацияларды белсенді енгізуді келесі он жылдыққа Елбасының қойған тапсырмаларының бірі.Ерекше көңіл техникалық білім беру жүйесіне бөлініп отыр, себебі мұндай мамандарды дайындау Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырудың негізі болып табылады.

Елбасының әлемдегі барынша дамыған елу елдің қатарына ену жөніндегі өзекті тапсырмалары еліміздің бәсекеге қабілеттілігін көтерудің нақты бағыттарын айқындап берген еді. Соның ішінде текстиль өнеркәсібінің дамуында, ішкі нарықты қорғау, әлемдік талаптарға сай, бәсекеге қабілетті бұйымдарды өңдеу жоспарланған.

Жүн саласы Қазақстан текстиль өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Жүн өнеркәсібінің кәсіпорындарында жүнді алғашқы өңдеу процесстері жүргізіледі; таза жүнді және жартылай жүнді маталар, трикотаж, жамылғылар, кілемдер, техникалық белгіленуіндегі бұйымдарға және т.б. арналған иірімжіп дайындалады.

Жүн шикізаттың ең қымбат тұратын түрі болып табылады, одан жасалған бұйымдардың да құны жоғары болады. Сондықтан, химиялық талшықтар мен қайталанып өңделген жүн шикізатын қоспада жүнмен қолдану жүн өнеркәсібінің шикізат базасын кеңейтуде үлкен маңызға ие.

Жүн өнеркәсібінде қабылданған технология бойынша бейматалар өндірісіне қажетті, әртүрлі талшықтардан жайғақтарды да алады. Мата тоқу өндірісінде қолданылатын күрделі және қымбат тұратын процестер бейматалар өндірісінде қолданылмайды, сондықтан да бейматаларды өндіру экономикалық жағынан тиімді болып табылады.

Жүн бұйымдарын өндіру үшін табиғи жүн мен химиялық талшықтар, иірілетін талшықты қалдықтар және қайта өнделген жүн шикізат ретінде қолданылады.

Жүн құнды текстиль шикізат болып табылады, ол көп елдерде өндіріледі. ХХ ғасырдың 90–шы жылдарының екінші жартысында жүнді өндіретін негізгі елдерінің қатарына келесі елдер кірді: Австралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Түркия, Ұлыбритания, Аргентина, Уругвай, Пакистан, Иран.

Қой шаруашылығын дамыту үшін Қазақстанның үлкен мүмкіншілігінің болуына қарамастан, бұл алдымен 182 млн.га жайылым, Қазақстандағы қойдың саны азайып, қазіргі кезде 10,4 млн. басты құрайды. Бұл соңғы жылдары болған қой шаруашылығын жекешелендіру және мемлекет тарапынан шығаруға байланысты өзгерістермен түсіндіріледі. Осы шарттарда да жүнді өндіру бойынша басқа мемлекеттердің ішінде Қазақстан жетекші орын алып отыр.

Қазақстанда өндірілетін жүн өзінің құрамы бойынша әртүрлі болып келеді: мериносты, жартылай жіңішке, жартылай дөрекі, әртүрлі дөрекі жүн тұқымды қойдың поместі дөрекі жүні. Қазақстан Республикасының аумағында жүнді алғашқы өңдеудің фабрикалары Ақтөбе, Семей және Тараз қалаларында орналасқан.

Жамбыл облысында текстиль саласының дамуы Қазақстан Республикасының трикотаж және тігін кәсіпорындарын сапалы және арзан шикізатпен және тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жүн иіру өндірісінде иірімжіп тарақты, жартылай тарақты және аппаратты жүйелер бойынша өндіріледі. Біздің елімізде иірудің тарақты және аппаратты жүйелері кеңінен қолданылады.

Иірудің әр жүйесінде иірімжіпті иірудің белгілі жоспары бойынша дайындайды. Иіру жоспары дегеніміз – жартылай дайын өнімнің сызықтық тығыздығы туралы мағлұматтар, созу және берілген қасиеттері бар иірімжіпті өндіру кезіндегі қабаттар саны. Иіру жоспары машинаның жылдамдық режимі ширату туралы мағлұматтармен толықтырылады.

Иіру жоспары иірімжіптің сызықтық тығыздығы, оның белгілеуіне және өңделетін шикізаттың қасиеттеріне байланысты бекітіледі.

Иірімжіптің сапасы, шикізаттың түріне және қасиеттеріне байланысты болып келеді. Мынаны есте сақтау керек, иірімжіптің өзіндік құнының 60-90%, шикізаттың құнын құрайды. Иірімжіптің әр түрін (белгілі белгілеуі, сапасы және сызықтық тығыздығы бар) сәйкес талшықтардан өндіреді. Шикізатты дұрыс таңдай және оны тиімді пайдалану кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштеріне және шығарылатын өнімнің сапасына әсер етеді.

Қолданылатын шикізат талшықтың иірілу қабілеттілігімен сипатталады. Талшықтың иіру қабілеттілігі, берілген талшықтан сызықтық тығыздығы төмен иірімжіп алуға болатындығын анықтайды, өндірілетін иірімжіп сапасы бойынша стандарттың талаптарын қанағаттандыру керек, ал үзілуі бойынша жіберілетін шектеулерден аспау керек.

Талшықтың иірілу қабілеттілігі сандық жағынан да бағаланады. Мұндай көрсеткіштерге, берілген талшықтан қанша иірімжіп алуға болатындығын көрсететін, талшықтан иірімжіптің шығуы жатады.

Иірімжіп өндірісінің жоспары және иіру жоспары, қолданылатын машиналардың тәртібін және өндірілетін өнімнің сызықтық тығыздығын, машинаның ауысымын анықтайтын құжат болып табылады.

Иірімжіп өндірісі, ғылым мен техниканың заман талабына сәйкес даму деңгейінің технологиясы бойынша, яғни қысқартылған, қалдықсыз және үнемді технологиямен жүзеге асырылуы керек.

Нақты белгілеудегі берілген сызықтық тығыздығы және қасиеттері бар иірімжіп өндіру үшін шикізатты, иіру жүйесін, иіру тәсілін және иірімжіптің жақсы сапасы мен сәйкес құнын қамтамасыз ететін өнімді дайындауға арналған машиналарды дұрыс таңдау қажет.

Мұндай күрделі тапсырмаларды шешу үшін, кәсіпорындардың тәжірибелерін, сала институттарының және жоғарғы оқу орындарының ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланады. Иірімжіп өндірісі, ғылым мен техниканың заман талабына сәйкес даму деңгейінің технологиясы бойынша, яғни қысқартылған қалдықсыз және үнемді технологиясымен жүзеге асырылуы керек.

І Технологиялық бөлім