Деректер қоры. Есептер құру. Формалар қолданысы. База данных. Создание отчетов. Применение форм

Есеп беруді құрудың қарапайым тәсілі.

MS Access-те қарапайым есеп беруді құру үшін бірнеше әрекеттерді ғана орындау жеткілікті:

1. Деректер базасының терезесін ашыңыз.

2. Деректер базасының терезесінде «Кестелер» категориясы таңдалғанына көз жеткізіңіз.

3. Есеп беруді құрғыңыз келген кестеге нұсқағышты орнатыңыз.

4. Құрастырушы командасын орындаңыз. Ашылған есеп терезесіне қасында қосарланып шығатын өрістер тізімінен қажетті өрістерді тышқан көмегімен тасымалдау арқылы есептің құрастырушы терезесіне орнатамыз. Қойылған өрістердің орнын, шрифтін, өлшемін, түсін өз қалауымызша өзгерте аламыз. Өзгертілген есепті қалаған атауымызды беру арқылы сақтаймыз. Экранда төмендегі есеп пайда болады.

49-сурет. Құрастырушы көмегімен құрылған есеп терезесі.

 

Есеп беруді құруға шеберді пайдалану

Шебер көмегімен есеп берудің құрылуы арнайы білімді қажет етпейді және есеп беруге кіретін кестелерді таңдауға, есеп беру өрістерінің тізімін анықтауға, оларды орналастыруға әкеледі.

 

50-сурет. Есеп берудің керекті кестесін немесе сұранысын таңдау терезесі.

 

Есеп берулер шеберін іске қосу үшін «Жаңа есеп беру» сұхбат терезесінде есеп беруді құру нұсқаларының тізімінен Есеп берулер шеберін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Деректер базасында терезенің жұмыс істеуге арналған кеңістігінде таңдалған «Есеп беру» объектісінде бейнеленетін альтернативті құрал ретінде Шебер көмегімен есеп беруді құру таңбашасын пайдалануыңызға болады.

Сонымен, есеп беруді құру шеберін іске қосыңыз. Экранда келесі есеп беру өрісін анықтауға қажетті (51-сурет) сұхбат терезесі ашылады.

 

 

51-сурет. Есеп берудің өрістерін таңдау үшін сұхбат терезесі (1-қадам).

18.

 

19. Access жобасын құру. Физикалық модель құру. Создание проекта Access. Создание физической модели.

20. Деректер қоры. Кестені құру жолдары

 

21. Деректер қоры. Кесте құру. Мәліметтер енгізуді басқару.

MS Access бағдарламасында кестелер құру.

Кестелер деректер қорының негізі болып табылады, нақты соларда барлық деректер сақталады. Пішімді немесе есеп беруді құру алдында әуелі кестені алуыңыз қажет.

Кестелерге орналасатын кестені немесе деректі тиянақты жоспарлау талап етіледі. Бұл тақырыпта талаптарыңызды қанағаттандыратын кестені құруға мүмкіндік берер кестені жобалаудың негізгі кезеңдерін қарастырамыз.

Access-те «кесте» термині нені білдіреді ?

Кесте – бұл деректеріңізді сақтайтын объекті. Кестені құруда біртипті ақпараттан тұратын өрісті анықтайсыз. Мысалы, мекен – жай, аты немесе телефон номері. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген жазбалардан тұруы мүмкін. Мысалы, әрбір клиент жайлы жазба оның атын, мекен-жайын және телефон номерін қосады. Кесте режимінде кесте баған мен жолдан тұрады. (21-сурет). Әрбір қатар – бұл жазба, ал әрбір баған - өріс.

 

 

21-сурет. Кесте режимінде кестені көру.

Кестелер құрылымы

1.1 Деректер моделі және түрлері

1. Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.

2. Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.

3. Реляциялық модель - мәліметтердің реляциялық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.

Қатынас деп –картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.

4. Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.

5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.

Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер қоры ұсынылады [2].

6. Объектіге бағытталған модель - объектіге бағытталған модель тармақталған түрінде беріледі.Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас.