Жүктеме графигінің форма коэффициенті, максимум жүктеменің әруақыттылық коэффициенті

Жүктеме графигінің пішін коэффициенті

Жүктеме графигінің пішін коэффициенті кф1, Кф1 деп белгілі уақыт ішінде электр қабылдағыштың немесе қабылдағыштар тобының орташа квадраттық тоғының (немесе орташа квадраттық толық қуаттың) сол уақыттағы орташа мәніне қатынасын айтады.

,

немесе активті және реактивті қуаты бойынша

, ,

, .

Пішін коэффициент графиктің уақыт бойынша бірқалыпты еместігін сипаттайды, ол өзінің ең төмен 1-ге тең мәніне жүктеме уақыты бойынша тұрақты болған кезде ие болады. Көбінесе процесі ритмдік өндірістік орындарда Кф,а 1,05-тен 1,15-ке дейін өзгереді.

Жүктеме максимумының әр мезгілдік коэффициенті

Активті қуат бойынша жүктеме максимумының әр мезгілдік коэффициенті деп электрмен жабдықтау жүйе түйінінің соммалы есептік активті максимумның осы түйінге кіретін жеке электр қабылдағыштар топтарының есептік активті қуатының максимумының қосындысының қатынасын айтады

.

Бұл коэффициент жеке электр қабылдағыштар тобының уақыты бойынша жүктеме максимумның ығысуын сипаттайды, соның арқасында жеке топтардың максимумдарының қосындысымен салыстырғанда түйіннің жүктемесінің қосынды максимумының төмендеуі пайда болады. Кр.м,а ≤1 коэффициенті болжамдық есептеулер кезінде қолданылады. Оның мәні жергілікті шарттарға байланысты нұсқаулармен анықталады. Ішкі электрмен жабдықтау жүйесінің 1 кВ-тан жоғары желілері үшін болжамды етіп Км.а=0,85-1,0 деп алуға болады және кәсіпорын электрстанцияларының шиналарында, ГПП (БТП) шиналарында, қоректендіруші ЛЭП (сыртқы электрмен жабдықтау желілері) Кр.м,а=0,951,0 деп алуға болады.

Энергияны қолдану бойынша ауысым коэффициенті, электр қондырғылардың тиімді саны.

Жылдық энерго қолданыс бойынша ауысымдық коэффициенттері

, < 1

Wг – жылдық электр энергия шығыны.

Wгсгг,

 

Тг – жұмыс уақытының жылдық қоры

.

Электр қабылдағыштардың келтірілген (эффективті) санын анықтау

Номиналды қуат және әртүрлі жұмыс режимі бойынша электр қабылдағыштар тобының келтірілген (эффективті) саны деп жұмыс режимі бойынша бірқалыпты қуаттары бірдей электр қабылдағыштарын айтады. Олар қарастырылатын номинал қуаттары және жұмыс режимі бойынша түрлі қабылдағыштар тобы сияқты есептік жүктемені қамтамасыз етеді.

Электр қабылдағыштар тобының эффективті санын келесі формуламен анықтайды

.

Мұнда, алымында берілген топтың барлық электр қабылдағыштарының номиналды активті қуаттарының қосындысының квадраты (яғни топтық қуатының квадраты), ал бөлімінде топтағы жеке электр қабылдағышының номиналды активті қуатының квадратының қосындысы. nэ мәнін есептеу әдістері төменде қарастырылған.