Реактивті қуатты қолдануды төмендету шаралары

Реактивті қуатты тұтынуды төмендететін шаралар.

Электр қабылдағыштар тұтынатын реактивті қуаты төмендету және қуат коэффициентін жоғарылату келесі шаралар арқылы іске асырылуы мүмкін :

а) Жүктелуі 45%-дан аспайтын асинхронды қозғалтқыштардың қоректену кернеуін орама сұлбаларын -тан-ға ауыстыру арқылы төмендету. Бұл кезде асинхронды қозғалтқыштардың айналу моменті мен активті қуаты үш есе кемиді, қозғалтқыштың жүктелуі және оның қуат коэффициенті жоғарылайды, ал реактивті қуатты тұтыну төмендейді. Мұндай ауысулар тек қозғалтқыштардың орамалардағы кернеу 660/380В және тораптағы кернеу 380В болғанда ғана орындалады;

б) технологиялық агрегаттардың жүктелуін арттыру, технологиялық үрдістерді реттеу, жүктелуді арттыру және электр қозғалтқыштарының жүктелу коэффициентін арттыру;

в) асинхронды электрқозғалтқыштар мен дәнекерлеу трансформатордың бос жүрісінің шектегіштерін орнату;

г) жүктелуі 30%-дан аз цехтік трансформаторларды өшіріп, оның жүктемесін басқа трансформаторға ауыстыру арқылы;

д) жүктелуі аз, яғни Кз< 45% болатын АҚ-ң орнына қуаты аз қозғалтқыштар орнату;

е) ескірген АҚ-ң орнына синхронды қозғалтқыштарды орнату (QАД орнына - QСД пайда болады). Жаңадан орнатылатын механизмдер үшін, яғни жылдамдықты реттеудің қажеті жоқ және үздіксіз режімде жұмыс жасайтын (насос, компрессор, желдеткіш) механизмдер үшін синхронды қозғалтқыштарды пайдалану қажет.

 

Кернеуі 1 кВ-тан төмен шиналарға КБ-ң қосылу сұлбасы

Конденсатор батареялары сұлбаларында, конденсаторға параллель қосылатын арнайы активті және индуктивті кедергілер қараластырады. Бұл кедергілер конденсаторлар өшкеннен кейін разрядтау үшін қажет, себебі конденсаторлардың өздік разрядталуы өте баяу жүреді (3-5 минут).

Разрядтық кедергілер конденсатор батареялары тораптан өшкен сайын сөніп тұруы қажет. Сондықтан конденсатор батареяларына әрқашан тұрақты түрде разрядтық кедергілер қосылуы қажет (бөлгіштерсіз, айырғыштарсыз және сақтандырғыштарсыз):

 
 

 


Разрядты кедергіні мына формула бойынша анықтайды

rраз=15(Uф2/Q)106, Ом,

мұндағы Uф - фазалық кернеу, кВ;

Q - батарея қуаты, квар.

Мысал: Uф=0,4 кВ және Q=300 квар болған кезде, rраз=8 Ом.

а) б) в)

13Сурет - Конденсатор батареяларының 380 В шинасына қосылу сұлбалары

 

Қорғаныс және коммутациялық аппараттар:

а) автоматты ажыратқыш А (автоматты реттеу кезінде де және ол жоқ кезде де қолданыла береді);

б) айырғыш Р және сақтандырғыш П (автоматты реттеу жоқ кезде қолданады);

в) контактор КТ немесе магнитті жібергіш бар сақтандырғыш П (автоматты реттеу болған кезде қолданады).

а) сұлбасы жеке өтемелеу кезінде пайдаланылады.

б) және в) сұлбалары топтық және орталықтандырылған өтемелеуде пайдаланады.