ТЕМПЕРАТУРАҒА БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

 

ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:тангенс гальванометр, кілт, компос,

амперметр, реостат, ток көзі.

 

4.3.1 ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ КIРIСПЕ

 

Металдардағы электр тогы дегеніміз еркiн электрондардың бағытталған қозғалысы. Ток жоқ кезде еркiн электрондар ретсiз (хаосты) қозғалыста болады.

Егер өткiзгiштердiң ұштарына потенциал айырымын берсек, онда еркiн электрондар қосымша бағытталған қозғалыс алады. Металдардың оң иондары еркiн электрондардың қозғалысының реттелуiне қарсы әсер жасайды. Температура көтерiлгенде оң иондардың қозғалысының қарқындылығы артады. Ендеше, еркiн электрондардың бағытталған қозғалысы тiптi қиындай түседi. Сондықтан, өткiзгiш кедергiсi артады.

Екiншi реттiк өткiзгiштерде - тұздың, қышқылдардың ерiтiндiлерiнде кедергi температура көтерiлгенде азаяды. Өйткенi, температура көтерiлгенде диссоциалану дәрежесi артады, iшкi үйкелiс коэффициентi азаяды және ионды қоршайтын сольваттық қабықша кiшiрейiп, ионның сольваттық қозғалғыштығы артады.

Сонымен, бiрiншi реттiк өткiзгiштер үшiн кедергiнiң температураға байланыстылығы

(4.3.1)

арқылы анықталады.

- кедергiнiң температуралық коэффициентi, - температурадағы өткiзгiш кедергiсi, - температура болғандағы өткiзгiш кедергiсi.

Бiрiншi реттiк өткiзгiштер үшiн , екiншi реттiк өткiзгiштер үшiн болады.

(4.3.1) өрнектен болады.

Зерттелушi өткiзгiш электр тогын өткiзбейтiн сұйық iшiне батырылады. Iшiнде сұйығы (глицерині) бар ыдыс қыздырғыш үстiне қойылады. Ыдыстың iшiне араластырғыш орналастырған. Араластырғышты қозғай отырып ыдыс iшiндегi сұйықты бiрқалыпты қыздыруға болады. Зерттелетiн өткiзгiш кедергiсi өлшеуiш көпiр арқылы анықталады. Қосылу схемасы төмендегi 4.3.1-суретте көрсетiлген.

4.3.1- сурет

 

- галванометр, - ток көзi, - белгiсiз кедергi, - кнопка.

Кирхгофтың ІІ заңы бойынша, болғанда , контурлары үшiн (4.2.2-сурет)

деп жазамыз.

және нүктелерi үшiн ,

Онда болады.

Тұрақты ток көпiрiндегi кедергiлер магазинi: болып бөлiнген.

4.2.2-сурет

 

Барлық кедергiлер тiзбектей қосылған, ал жалпы кедергі болады. және шамалары штепсельдер арқылы берiледi.

 

Өлшенетін кедергі
50-ден 100 дейін
100-ден 1000 дейін

 

Гальванометрдiң стрелкасын корректордың көмегiмен нөльге әкелу керек. –ке өлшенетiн кедергiнi қосады да, гальванометрдiң айырғышын жағдайына қояды.

Қысқа мерзiмге «грубо» кнопкасын басады да, гальванометрдiң стрелкасы нөльдi көрсететiн кедергiнi анықтап алады. Тура осындай жағдайды «точно» кнопкасы үшiн де қайталайды. Гальванометрдiң стрелкасы қатты ауытқыған кезде кнопканы бiрден босату керек.

4.3. 2 ЖҰМЫСТЫҢ IСТЕЛУ ТӘРТIБI

 

1. Зерттелушi өткiзгiштi клеммасына жалғап, бөлме температурасында кедергiсiн анықтау керек.

2. Содан соң қыздырғышты қосып, сұйықты араластыра отырып, әрбiр 30-50-та өткiзгiштiң температурасын өлшеп тұру керек. Өлшеудi 800-900-қа дейiн жүргiзу керек.

3. Өлшеу нәтижелерiн мына кестеге жазу керек.

 

             
             

 

4. Кедергiнiң температураға байланысты графигiн салу керек.

График 4.3.3 - суретте көрсетiлген.

4.3.3- сурет

 

5. Графиктен -дiң мәнiн анықтау керек. Ол үшiн алынған түзудi ордината осiмен қиылысқанша созып, температурадағы кедергi анықтаймыз.

6. Содан соң (2) өрнек арқылы -мен -дiң үш мәнi бойынша кедергiнiң температуралық коэффициентін анықтау керек.

7. Абсолюттiк және салыстырмалы қателiктердi анықтау керек.

 

4.3. 3 БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Электр тогы дегенiмiз не?

2. Электр тогының болуы үшiн қандай шарттар орындалуы керек?

3. Ток күшi деп ненi айтады?

4. Ток күшiнiң өлшем бiрлiгi қандай?

5. Металдардағы электр тогы дегенiмiз не?

6. Не себептi температура жоғарылаған сайын металдардың

температурасы арта бастайды, ал екiншi реттiк өткiзгiштердiң

кедергiлерi кеми бастайды?

7. Кедергiнiң температуралық коэффициентi дегенiмiз не? Өлшем бiрлiгi

қандай?

8. Кедергiлердi өлшейтiн МО-62 көпiрiнiң құрылысы мен жұмыс iстеу

тәртiбiн түсiндiр.