Мыңқұдық уран кен орыны туралы мәліметтер

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Геология бөлімі

Мыңқұдық уран кен орыны туралы мәліметтер

1.2Мыңқұдық уран кен орнының геологиясы

1.3 Кен орнынының геотехнологиялық сипаттамасы

1.4 Мыңқұдық кен орнының урандық кенденуі

 

Тау кен бөлімі

2.1Уран кен орнын ашу

2.2 Бұрғылау

2.3 Мыңқұдық уран кен орнының бұрғылау технологиясы

2.4 Бұрғылау жұмысы біткен соң цементтеу

 

Геодезия бөлімі

Геодезиялық жұмыстар

3.1.1 Триянгуляция

3.1.2 Полигонометрия

3.1.3 Нивелирлік түсіріс

Маркшейдерлік жұмыстар

3.2.1 Кеніштегі маркшейдерлік қызметтің негізгі міндеттері

3.2.2 Тахеометриялық түсірістер және қолданылатын аспаптар

 

Ымаларды жер бетіне орналастыру Құрлыс бөлімі

4.1 Кеніш құрлысының негізі

4.2 Ғимараттың негізгі конструкциялық элементері

 

Ауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі

Неркәсіптің қауіптілігін және зияндылығын талдау

Уран өндірісіндегі қауіпті болдырмауды жоспарлау іс-шаралар

Ндірістік шудан қорғау

Ндірістік дірілден қорғау

Механикалық жарақаттанудан қорғану

Электр қауіпсіздігін жасау

5.6.1 Жерлендiрудi есептеу

5.6.2 Найзағайдан қорғау

Рт қауіпсіздігін қарастыру

Имаратты жарықтандыру

Оршаған ортаны қорғау

Ндірісті автоматтандыру және бақылау

7.1 Өнімді ерітіндіні қайта өңдеу бөлімін автоматтандыру

Экономика бөлімі

8.1 Жобаға салынған бастапқы мәліметтер

8.2 Эксплуатациялық шығындарды есептеу

8.3 Жабдықтардың эксплуатациясына және күтілуіне кеткен шығындарды есептеу

8.4 Цех шығындарын есептеу

8.5 Өнімнің өзіндік құны

8.6 Өндірістің өзіндік құнын есептеу

8.7 Концентраттардың өзіндік құнын есептеу

8.8 Негізгі техника - экономикалық көрсеткіштер

Арнайы бөлімі

Ымаларды жер бетіне орналастыру

9.1 Ұңғымаларды орналастыру торы

9.2 Уран кен орнын ұңғымалармен ашу түрлері

9.3 Ұңғымалардың қатар орналасу тобы

9.4 Ұңғымалардың тік бұрышты тобының жүйесі

9.5 Ұңғымалардың құрлымы

 

ОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

АҢДАТПА

 

Бұл диплом жобасында Оңтүстік-Қазақстан облысының Созақ ауданында орналасқан Мыңқұдық кен орнының табиғи уранды жерасты ұңғымалармен ерітінділеу әдісі арқылы өндіру геотехнологиялық блогінің құрылысын салуды ұйымдастыру мен пайдаланудың жұмысшы құжаттарын әзірлеу және өнімді ерітінділерді қайта өңдеу арқылы дайын өнімді табиғи уранның химиялық концентратын «сары кек» түрінде алу, қоршаған ортаны қорғау және технико-экономикалық есептеу жұмыстары көрсетілген.

 

КІРІСПЕ

Уран - сирек кездесетін және шашыранды элементтер қатарына жатады. Уранның жер қыртысындағы орташа мөлшері 3·10-4% - ды құрайды. Теңіздер мен мұхиттар суларында шамамен 3,3·10-6 г/л уран мөлшері бар. Жер қыртысында уран бос жыныс түрінде кездеспейді.

Атомдық энергетика жоғарғы технологиялық сала. Мемлекеттің даму технологиясы экономиканы қолдап, халықаралық аренада саясат таразысын анықтайды. МАГАТЭ және Лондонның урандық институтының болжамы бойынша әлемдік уранды қолдануы жоғарылайды: 1997жылы 61 500 т болған, 2020 жылы 75 000 тонна. Уранды өндіру болжамы жоғарылайды.

Уран Қазақстанда 1948 жылдың басында өндіріле бастады.Қазақстан жерінің уран қоры 1,69 млн. тоннаны құрайды, дүниежүзілік қордың 21% құрайды (әлемде 2-ші орында тұр 2005ж). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін атом-өнеркәсіптік кешенін сақтап, оны одан ары дамытып жатыр.

Бүгінде Республикамызда шығарылатын барлық уран кені жерасты ертінділеу әдісімен өндірілуде.

1997 жылы Елбасының Жарлығымен Республикамыздағы атом кешені жандандырылды, Батыс елдермен экономикалық, технологиялық және ғылыми байланыстар нығайтылып Ұлттық атор компаниясы «Казатомпром» құрылды. Қазір жерастылық ертінділеу өндірісін жетілдіру және жаңадан құру негізінде табиғи уран өндіру көлемі күннен-күнге ұлғаюда.

Қазақстанның уран шығаратын VI-аймағы бар: Шу-Сарысу 57 %, Сырдария 15 %, Солтүстік Қазақстан 18 %, Іле 7 %, Каспий 2 %, Балқаш 1 %.

Бұл дипломдық жоба «Степное-РУ»ЖШС, Шу-Сарысу аймағына жататын «Мыңқұдық» кенорнында уранның тауарлық десорбатын алып, оны дайын өнім «сары кекке» өңдейтін цехты жобалауға арналған.

 

 

Геология бөлімі

Мыңқұдық уран кен орыны туралы мәліметтер

Мыңқұдық кенорны өзі аттас кенді ауданының Кенце-Буденновск металлогениялық аймағының, кен орналасқан шебінің жақын ендік бөлімшесінің 65 км шамасында қабат тотығы (ЗПО) аймағын алып жатыр. Кен орнының кенді бөлігі Уванас жолдары оңтүстік-батыс жағасына қарай, антиклинальды қиын жүйелі биіктіктерге дейін созылады.

Мыңқұдық кен аймағы Бетпақ-Дала үстіртінің батыс жағында орналасқан.

Өндірісте пайдаланылып жатқан кенорнының шығыс бөлімшесі оңтүстікте орналасқан өндіріс және транспортты орталықтармен (Шымкент, Тараз, Түркістан және т.с.с.) автомабиль жолдары арқылы байланысқан аймақтың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігіндегі қалалар мен елді мекендермен далалық жолдар арқылы байланысады. Кен аймағының шығыс жағымен Шымкент-Павлодар мұнайқұбыры өтеді.

Кенорнын 1973 жылы Волков экспедициясының № 27 партиясы ашты. Каро тотудан өндірілген бірінші бұрғыланған төтелде, тотығу аймағы шебінде, топырақ қабатының жоғарғы бор шөгінісі кесіндісінде, радиоактивті фон екі есе ғана артық болғандығы анықталады. Кейінгі детализациялық төтелдерден кондициялық кендену анықталды. 1973-1975 жылдарда кенді қабат шебінде, іздестіру-сараптау жұмыстары ізімен, кенорнының әжепкәуір масштабы (көлемі) анықталып, әуелі алдын-ала, ал 1977 жылдан бастап жеке іздестіру арқасында бекітілді. 1977-1979 жылдары кенорнының Шығыс бөлігінде "Южполиметалл" комбинатымен бірге отырып уранды жерасты сілтілендіру жөнінде тәжірбиелік жұмыстары сәтті аяұталып, бұл керемет объектінің өндірістік орны бар екенін түбегейлі анықтап берді. 1981 жылы кенорнының қоры есептеліп, жоғары бағаға қорғалды. Қазіргі таңда кенорнын бөліп іздестіру аяқталды.

Мыңқұдық кенорнының ашылуы ең алғашқы күнделікті іздестіру жұмыстарында жаңа іздестіру концепцияларын енгізіп және дайындап уран кенденуінің аймақтағы тотығу қатының шебіне теңестірілуіне негізделді. Ол Шу-Сарысу кентурының қазіргі депрессиясымен және оны қоршаған биіктіктерге байланысты емес.

Кенорнында 2,5 млн. м бұрғылау төтелдері бұрғыланған кенді ЗПО шебінің бор жиегінде жақын ендік бөлігі бірнеше шұғыл бұрылыс меридианға жақын бағыттағы бөлінеді. Ол кенденудің өзгеруіне, я болмаса оның морфологиясының қарама-қарсы өзгергенін көрсетеді.

Көрсетілген иілулер бірнеше кенді бөліктердің шекарасы болып есептеледі. Олар белгілі структуралық және стратиграфиялық орын алады. Мыңқұдық жазықтығында Шығыс, Лагерь, Орталық, Күздік және Батыс, Інкұдықта - Орталық және Құмды, Жалпақта-Ақдала кенді бөлімшелер оқшауланған бөлімдер жеке кенорны болып қарастырылады. Ал Шығыс, Орталық; Ақдала-ірі объектілер болып есептеледі