Лабораторияда тамақ ішуге, химиялық ыдыстармен су ішуге, реактивтердін дәмін көруге, реактивтерді лабораториядан шығаруға болмайды

Көпшіліктің пайдалануына арналған аспаптарды, ыдыстарды, реактивтерді өз жұмыс орнына әкетуге болмайды. Жұмыс кезінде пайдаланған әрбір нәрсені, реактивті бұрынғы орнына қою қажет.

Пробирканы қыздырғанда қысқышты пробирканың аузына таяу бекітеді.Пробиркада сұйықтық көп болса, алдымен бәр пробирканы жылтып алып, одан кейін төменгі жағын қыздыру керек. Сұйықтық аз болса, пробирканың төменгі жартысын жылтып алып, одан кейін тек сұйықтықты шайқап қыздырады. Жалынға еңгізгенде пробирканың сырты құрғақ болу керек. Қыздырған кезде пробирканың аузы ешкім жоқ жаққа бағытталады.

Сынаппен жұмыс арнайы ыдыстың үстінде орындалады.

Жедел көмек көрсету

Концентрленген қышқыл тиген жерді судың көп мөлшерімен дереу жуып, мақтаны таниннің спирттегі ерітіндісімен немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісімен сулап, байлап тастайды. Қатты күйгенде дәргерге бару керек.

Сілтілер тиген жерді судың көп мөлшерімен жуып (сабындалуы яқталғанша), таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орайды.

Ышқылдың немесе сілтінің тамшылары көзге тигенде, көзді бөлме температурасындағы сумен жуып, дереу дәргерге көрсету керек.

Ызып тұрған шыны немесе металл күйдірсе, күйген жерді алдымен таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орап, одан кейін күйдіруге қарсы май орайды.

Галогендермен, күкіртті сутекпен, көміртек(ІІ) оксидімен уланғанда, уланған кісіні таза ауаға шығарып, дәргерді шақырту керек.

Мышьяктың, сынаптың, цианды қосылыстармен уланғанда дереу дәргерді шақырту керек.

Фосфор тиген жерден, фосфордың қалдықтарын дереу алып тастап, күйген жерді мыс сульфатының ерітіндісінде суланған мақтамен орап, дәргерге қарану керек.

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЕСЕБІН ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Лабораториялық жұмыстардың есептері жеке дәптерге (лабораториялық журналға) жазылады. Дәптердің сыртқы бетіне пәннің атауы, курстың, топтың нөмірлері, студенттің аты-жөні жазылады.

Лабораториялық жұмысқа дайындалғанда жұмыстың әдістемелік нұсқауларын алдымен оқып алып, одан кейін дәптердің таза бетіне өткен шақта (мысалы: алдық, құйдық, көрдік), бақылағандар мен қорытынды жазуға орын қалтырып, таза түрде жазып алу керек. Орындалған жұмыстардың есебін жеке парақтарға немесе қарындашпен жазуға болмайды. Есептің жоспары:

1. жұмысты орындаудың датасы;

2. жұмыстың нөмірі, атауы, мақсаты;

3. тәжірибенің нөмірі, атауы;

4. аспаптың (қолданылса) сүреті немесе схемасы;

5. тәжірибе қандай жағдайда орындалғаны, тәжірибе кезінде қандай өзгерістер байқалғаны;

6. орындалған реакциялардың теңдеулері;

7. тәжірибенің сандық өзгерістерін жазу, қажет болса кестелерді толтыру;

8. есептеулер (қажет болса);

9. қорытынды немесе есептеулердің нәтижесі;

10. оқытушыға есеп беру: лабораториялық жүмыс бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұмыстың есебін тексерту.

Жұмысты орындаған кезде қателер жіберілсе, тәжірибені қайталау керек.

 

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау:

Тақырып:Ерітінділердің құрамын көрсету тәсілдері

Тәжірибе№1: Ерітіндінің концентрациясын оның тығыздығы бойынша анықтау.

Тығыздықты анықтау үшін, алдымен ареометрді таңдап алу керек. Ол үшін құрғақ цилиндрге 150-200 мл ерітінді құйып, ішіне шкаласы 1,00-ден басталатын ареометр салғанда, шкала ертіндінің үстіне шығып кетсе, шкаласы 1.00 – ден артық ареометр алу керек. Егерде бірінші ареометрдің шкаласы ертіндіге толық батып кетсе, шкаласы 1.00 – ден аз ареометр алынады. Ертіндінің тығыздығы беткі деңгейдің астыңғы менискі бойынша өлшенеді. Органикалық қосылыстар ертіндісінің тығыздығы әдетте 1.00 – ден кем болады. Өлшеген кезде ареометр цилиндрдің қабырғасына тимей тұру керек. Тығыздық үш рет өлшенеді. Ол үшін ареометрді сәл көтеріп, қайтадан ертіндіге түсіру керек. Берілген кестені пайдаланып, ертіндінің % -дық концентрациясы анықталады.

Ерітіндінің молярлық коцентрациясы мен титрі келесіформулалар бойынша есептеледі:

моль/л

г/мл

Формулаларда:

Cх – молярлық концентрация, моль/л,

Cэ – эквиваленттік концентрация, моль/л

T - ертіндінің титрі, г/мл,

w % - заттың массалық үлесі %

d - ертіндінің тығыздығы, г/мл

Mх - заттың молярлық массасы, г/моль

Mэ - заттың эквивалентінің молярлық массасы, г/моль

fэ - заттың эквиваленті, моль.

 

Тәжірибе №2 : Концентрациясы берілген тұз өлшемесінен ерітінді дайындау.

Приборлар мени реактивтер: воронка, өлшегіш колба 100 мл-лік, пипеткалар 10 мл және 2 мл, құюға арналған колба, резиналы груша, ареометрлер жиынтығы, тұздар өлшемесі.

Кесте 1 бойынша оқытушыдан тәжірибе орындауға тапсырма алып, берілген концентрациядан жалпы көлемі 100 мл болатын ерітіндіні дайындау үшін қажетті тұзбен судың мөлшерін анықтау керек.

Өлшеуіш колбаны, воронканы дистильденген сумен шайып, жұмысқа дайындайды (егер воронка құрғақ және таза болса, онда оны шаюдың қажеті жоқ). Тұздың қажетті өлшемесін алып, оны воронка арқылы өлшегіш колбаға салады. Жұғыштағы сумен өлшеуіш колбаға толық шайып ағызады. Воронканы колбадан алады. Колбаны араластыра отырып, судың аз мөлшерін колбаға құяды. Тұз ерігеннен кейін суды колбаның шеңбер сызығына дейін 1-2 см қалғанша құйып, қалған суды менисктің төменгі шеті сызыққа жеткенше пипеткамен тамшылатып құяды.



/cgi-bin/footer.php"; ?>