Оқытушыға көрсетеді!

Алынған ерітіндінің молярлық, нормальдік концентрациясын және титрін есептейді. Ерітіндінің концентрациясын 0,0001 дәлдікпен есептейді

Қорытынды жасау.

Кесте 1

№1 тәжірибенің жеке тапсырмаларының нұсқасы

Нұсқа №   Тұздардың атауы Массалық үлесі, % Ерітіндінің теориялық тығыздығы, г/см3
Натрий сульфаты 1,070
Калий хлориді 1,063
Натрий хлориді 1,070
Натрий сульфаты 1,090
Калий хлориді 1,076
Натрий хлориді 1,085
Натрий сульфаты 1,110
Калий хлориді 1,090
Натрий хлориді 1,100
Калий хлориді 1,104
Натрий хлориді 1,116

 

6. Әдебиеттер:

Негізгі

1. Веренцова Л.Г. Неорганическая физическая и коллоидная химия2012/2013 : учебное пособие / Л. Г. Веренцова, Е. В. Нечепуренко. - Алматы : Эверо, 2009. - 213 с. : ил

2. Болысбекова С. М. Химия биогенных элементов : учебное пособие - Семей, 2012. - 219 с. : ил

3. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химия : учебник / Ә. Қ. Патсаев, С. А. Шитыбаев, Қ. Н. Дәуренбеков. - Шымкент, 2011 - 392 с.

4. Сейтембетов Т.С. Химия : учебник / Т. С. Сейтембетов. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2010. - 284 с

5. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тәжірибелік - зертханалық сабақтарына қолданба : учебник / Ә. Қ. Патсаев, С. А. Шитыбаев. - Шымкент, 2010 - 316 с.

Осымша

1. Физическая и коллоидная химия /Под ред.А.П.Беляева.- М.: ГЭОТАР МЕДиа, 2008

2. Молдакалыкова, Анар Жоямергенқызы. Аналитикалық химия пәнінің сапалық анализ бөлімі бойынша лабораториялық жұмыстар : учебное пособие / А. Ж. Молдакалыкова. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2008. - 192 с.

3. Пастаев Ә.Қ., Дауренбеков К.Н. Бейоорганикалық химия пәнінің лабор. сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2004.

4. Есенгулова Ш.К. «Бейорганикалық,физикалық және коллоидтық химия», Семей 1999.

5. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. 1983

7. Бақылау:

1.Қосылыстардағы NH3, N2O, HNO2, NO2, N2O5 азот элементінің эквивалентін анықтаңдар. Қосылыстардағы N 2O, HNO2, N 2O5 азот элементінің молярлық массаларын есептеңдер.

2. Қосылыстардың H 3PO4, H2CO3, Al(OH)3, Cr2O3, K2СrO4, Fe2(SO4)3 эквиваленті мен эквивалентік молярлық массасын есептеңдер.

3. Реакция теңдеуі бойынша қышқылдар мен негіздердің эквивалентерін анықтаңдар:

а) H2CO3 + KOH = KHCO3 + H2O

б) H2CO3 + Ba(OH)2 = BaCO3 + 2H2O

с) Fe(OH)3 + H2SO4 = Fe(OH)SO4 +2H2O

д) Fe(OH)3 + HCl = Fe(OH)2Cl + H2O

е) NaOH + CH3COOH = CH3COONa + H2O

4. 50 грамм қант пен 200 грамм судан құралған ерітіндідегі қанттың массалық үлесін есептеңдер Жауабы 20%

5. 500 мл ертіндіде 0,95 г магний хлориді MgCl2 бар болса , ертіндінің эквивалент концентрациясы қандай? Жауабы 0,04 моль/л

6. Құрамында 0,73 грамм НCl бар 250 мл ертіндінің молярлық концентрациясын есептеңдер. Жауабы 0,08 моль/л

7. 2 л ертіндіде 0,20 г NaOH бар. Ертіндінің титрін есептеңдер. Жауабы 0,00010 г/мл

8. Эквиваленттік концентрациясы 0,010 моль/л болатын 200 мл ерітіндіні дайындау үшін қажет күкірт қышқылының массасын есептеу.

9. Ерітінді титрі 0,0042 г/мл болғанда, 0,5 л NaCl ерітіндісіндегі тұздың массасын анықтау.

 

Тестілік тапсырмалар:

Химиялық эквивалент

1. Са(ОН)2 + НСl = Са(ОН)Сl + Н2О теңдеу бойынша жүретiн реакцияда кальций гидроксидінің эквивалентi тең:

1. 1/2 моль

2. 1 моль

3. 37 г/моль

4. 74 г/моль

5. 2 моль

 

2. Оксидтің Na2O эквиваленті тең (моль):

1. 1 моль

2. 2 моль

3. 1/2 моль

4. 1/3 моль

5. 1/4 моль

 

3. Оксид SО3 эквивалентінің молярлық массасы тең (г/моль):

1. 26,67 г/моль

2. 80 г/моль

3. 5,33 г/моль

4. 13,33 г/моль

5. 16 г/моль

 

4. H3 PO4 + 2KOH = K2 HPO4 + 2H2 O теңдеу бойынша жүретiн реакцияда

фосфор қышқылының эквивалентi тең:

1. 1/3 моль/л

2. 1/2 моль/л

3. 1 моль

4. 33 г/моль

5. 49 г/моль

 

5. Оксидтің N2О5 эквиваленті тең (моль):

1. 1/2 моль

2. 1/5 моль

3. 1/7 моль

4. 1/10 моль

5. 2 моль

 

6. Оксидтің PbO2 (IV) эквиваленті тең (моль):

1. 1 моль

2. 1/2 моль

3. 2 моль

4. 1/3 моль

5. 1/4 моль

 

7. fэ =1/ n* В (n - металл атомдарының саны, В-металдың валенттiлiгi) формула бойынша

анықтайды

1. қышқылдың эквивалентiн

2. негiздiң эквивалентiн

3. тотықтырғыштың эквивалентiн

4. тотықсыздандырғыштың эквивалентiн

5. тұздың эквивалентiн

 

8. Күкірт қышқылының эквивалентінің молярлық массасы тең (г/моль):

1. 98 г/моль

2. 30 г/моль

3. 49 г/моль

4. 16 г/моль

5. дұрыс жоқ

 

9. Қышқылдың эквиваленті мына формула бойынша fэ = 1/n есептеледі, мұндағы «n» блдіреді

1. қышқыл түзуші – элемент атомының саны,

2. қышқылдың негізділігі

3. қышқыл қалдығының валенттілігі,

4. берген немесе қосып алған электрон саны

5. қышқыл молекуласындағы оттегі атом саны

 

10. fэ=1/n, (n- қышқылдың негiздiгi) формула бойынша анықтайды:.

1. қышқылдың эквивалентiн

2. тұздың эквивалентiн

3. негiздiң эквивалентiн

4. тотықтырғыштың эквивалентiн

5. тотықсыздандырғыштың эквивалентiн

 

11. NH3 қосылыстағы азоттың эквивалентi тең:

1. 1 моль

2. 3 моль

3. 1/3 моль

4. 17 моль

5. 14/3 моль

 

12. Зат эквивалентiнiң өлшем бiрлiгi:

1. моль/л

2. моль

3. г/моль

4. г/мл

5. моль/кг

 

13. H3 PO4 + 2KOH = KH2PO4 + 2H2 O теңдеу бойынша жүретiн реакцияда фосфор қышқылының эквивалентi тең:

1. 1/ 3 моль

2. 1/ 2 моль

3. 1 моль

4. 98 г/моль

5. 32,6 г/моль

 

14. H3 PO4 + 2KOH = K2 HPO4 + 2H2 O теңдеу бойынша жүретiн реакцияда калий гидроксидінің эквивалентi тең:

1. / 3 моль

2. / 2 моль

3. 1 моль

4. 98 г/моль

5. 32,6 г/моль

 

15. Н2 СО3 + КОН = КНСО3 + Н2 О теңдеу бойынша жүретiн реакцияда көмiр қышқылы эквивалентi тең:

1. 62 г/моль

2. 31 г/моль

3. 1 моль

4. 1/2 моль

5. 2 моль

 

16. Химиялық реакцияларда 1 моль сутектiң атомдарымен қосылатын немесе 1 моль атомдардың (иондардың) орнын басатын зат мөлшерiнiң атауы:

1. заттың молекуласы

2. заттың массасы

3. химиялық элемент

4. заттың химиялық эквивалентi

5. ерiтiндiнiң титрi

 

17. Элементтің химиялық эквиваленті тәуелді факторды көрсет.

1. температураға

2. атмосфералық қысымға

3. осмостық қысымға

4. қосылыстың валенттілігіне

5. катализатор қатысына

 

18. fэ = 1/n (n- гидроксид топтарының саны) формула бойынша анықтайды:

1. тұздың эквивалентiн

2. қышқылдық эквивалентiн

3. тотықтырғыштың эквивалентiн

4. тотықсыздандырғыштын эквивалентiн

5. негiздiң эквивалентiң