Есептер мен жаттығулар

№1 .Келесі ерітінділердегі сутек иондарының концентрациясы мен сутектік көрсеткіштің мәндерін есептендер:

а) 0,001 моль/л НNO3,

б) 0,0001 моль/л КОН,

в)0,005 моль/л СН3СООН, егер a=0,02;

г) 0,02 моль/л NH4OH, егер a=0,005;

Ерітінділердің ортасын атандар.

№2.Сутектік көрсеткіші 9-ға тең ерітіндідегі сутек және гидроксид иондарының концентрациясын есептендер.

№3. Ерітіндінің ортасы мен метилоранж индикатордың түсін атандар.

1) рН=2,6 2)CН+=0,01 моль/л; 3)рН=7; 4)рН=10;

5) CН+=10-8 моль/л; 6)CН+=10-7 моль/л; 7)C ОН-=10-9 моль/л;

№4. Көлемі 500 мл ерітіндіде 1,26 г НNO3 бар. Ерітіндінің сутектік көрсеткішін есептендер.

№5.Құрамында 0,20 г NaOH бар 500 мл ерітіндінің сутектік көрсеткішін есептендер.

№6. Келесі химмиялық реакциядардағы қабысқан қышқыл мен негізді атандар:

а)Н3РО4 = Н+ + Н2РО4-

б) Н2РО4- = НРО42- + Н+

в)NH3 + HBr = NH4+ + Br-

Тестілік тапсырмалар:

1. Бір заттың қабаттар қалындығы бірдей екі ерітіндісінің түстеріде бірдей болса, олардың концентрациялары тең болады. Бұл заң бойынша ерітінділердің концентрациясын анықтайды:

1. кондуктометрия әдісін қолданып

2. потенциометрия әдісін қолданып

3. колориметрия әдісін қолданып

4. редоксометрия әдісін қолданып

5. хроматография әдісін қолданып

 

2. Ерітіндідегі сутек иондары концентрациясының теріс ондық логарифмі:

1. судың иондық көбейтіндісі

2. судың диссоциациялану константасы

3. сутектік көрсеткіш

4. гидроксидтік көрсеткіш

5. буферлік сиымдылық

 

3. Калориметриялық әдіспен рН мәні жуық мөлшерде анықталады:

1. универсал индикаторды қолданып

2. ерітіндінің электрөткізгіштігі бойынша

3. ерітіндінің электркедергісі бойынша

4. ерітіндінің қайнау температурасы көтерілуі бойынша

5. калий перманганты бойынша

 

4. Формула К ДИСС. =a2 * С- математикалық өрнегі:

1. Вант-Гофф занының

2. Оствальдтың сүйытылу заңы

3. Раульдің 2 ші занының

4. Раульдің 3- ші занының

5. Раульдің 1-ші занының

 

5. Қатынас С Н+ * СОН- = 10-14:

1. судың диссоциациялану константасы

2. судың иондық көбейтіндісі

3. тұрақсыздық константасы

4. Оствальдтың сүйылту заңы

5. сутектік көрсеткіш

 

6. Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесі:

1. 30%-тен жоғары

2. 30% -тен кем

3. 3% -тен кем

4. 30-тен 90%-ке дейін

5. 100%-тен жоғары

 

7. Калориметриялық зерттеулерде буферлік ерітінділерден дайындаған эталондардың рН айырмалары болу керек:

1. 1

2. 0,2

3. 0,5

4. 0

5. 7

 

8. Күштi электролиттерден құралған қатар:

1. Н2 О, НCl, NaCl

2. KCl, CH3 COOH, NH4 OH

3. CH3 COOH, NH4 OH, H2 CO3

4. H2 CO3 , HNO3 , H2 SO4

5. KCl, NaOH, HNO3

 

9. Әлсiз электролиттiң диссоциациялану дәрежесi тәуелдi емес:

1. заттың концентрациясына

2. ерiткiштiң табиғатына

3. ерiген заттың табиғатына

4. температураға

5. араластыру жылдамдығына

 

10. Ерітінділердің концентрациясын түстерінің қоюлығы бойынша анықтау әдісінің атауы:

1. калориметрия

2. кондуктометрия

3. комплексонометрия

4. редоксонометрия

5. ацидометрия

 

11. Электролиттiк диссоциациялану дәреже кемидi:

1. температураны көтергенде

2. ерiтiндiнiң концентрациясын арттырғанда

3. ерiтiндiге су қосып сұйылтқанда

4. иондық затты ерiткенде полюссiз ерiткiштi полюстi ерiткiшке ауыстырғанда

5. дұрыс жауабы жоқ

 

12. Өздерінің түсін ортаның рН-на тәуелді өзгертетің заттар:

1. катализаторлар

2. буферлік ерітінділер

3. индикаторлар

4. комплексті қосылыстар

5. үлкен молекулалы қосылыстар

 

13. Ерітінділердің актив қышқылдығы анықталады:

1. қышқылдың жалпы концентрациясымен

2. ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясымен

3. диссоциацияланбаған қышқылдың молекулаларының концентрациясымен

4. гидрокисд иондарының концентрациясымен

5. барлық қышқыл өнімдердің жалпы концентрациясымен

 

14. Концентрациясы 0,0001 моль/л HCl ерiтiндiсiнiң рН тең:

1. 10-4

2. 10-10

3. 4,0

4. 10

5. 8,0

 

15. Сутек иондарының концентрациясы сипаттайды:

1. ерітіндінің жалпы қышқылдығын

2. заттың ерітіндідегі диссоциациялану дәрежесін

3. ерітіндінің белсенді қышқылдығын

4. ерітіндінің буферлік сиымдылығын

5. ерітіндінің осмос қысымын

 

16. Ерiтiндiнiң жалпы қышқылдығы (титрленетiн қышқылдық) анықталады:

1. ерiтiндiдегi сутек иондарының концентрациясымен

2. ерiтiндiдегi гидроксил иондарының концентрациясымен

3. 100 мл ерiтiндiнi титрлеу үшiн жұмсалған концентрациясы 0.1 моль/л сiлтi ерiтiндiсiнiң мл санымен

4. әрекеттесушi заттардың концентрациясы көбейтiндiсiмен

5. өнiмдердiң концентрациялары көбейтiндiсiмен

 

17. Қатынас СН+ > CОН- - сипаттайды:

1. ерiтiндiнiң қышқылдық ортасын

2. ерiтiндiнiң сiлтiлiк ортасын

3. ерiтiндiнiң нейтрал ортасын

4. буферлiк сиымдылықты

5. диссоциациялану дәрежесiн

 

18. Қатынас рН= рОН= 7 сәйкес келеді:

1. ерітіндінің сілтілік ортасына

2. ерітіндінің қышқылдық ортасына

3. ерітіндінің нейтрал ортасына

4. судың диссоциациялану константасына

5. еріген заттың диссоциациялану дәрежесіне.

 

19. Ерітіндінің сілтілік ортасын сипаттайтын сутек иондары концентрацияларының қатары:

1. 10-7, 10-12

2. 10-8, 10-12

3. 10-3, 10-7

4. 10-4, 10-10

5. 10-6, 10-3

 

20. Ерітіндінің қышқылдық ортасын сипаттайтын рН мәндерінің қатары:

1. 7 мен 10

2. 3 пен 7

3. 8 бен 4

4. 9 бен 10

5. 3 пен 2

 

21. Әлсiз электролиттерден құралған қатар:

1. глюкоза, Н2 О, NaOH

2. H2 CO3 , NaCl, HCl

3. H2 O, CH3 COOH, H2 SO4

4. HCl, NaOH, KCl

5. CH3 COOH, H2 O, NH4 OH

 

22. Колориметрия әдісінің негізінде Ламберт-Беер заңы жатады. Бір заттың қабаттары

бірдей екі ерітіндісінің түстері де бірдей болса, олардың

1. концентрациялары тең

2. концентрациялары кері пропорционал

3. көлемдері бірдей

4. қасиеттері буферлік

5. қасиеттері коллоидтық

 

23. Еріткіш пен еріген заттан және олардың әрекеттесу өнімдерінен тұратын гомогенді жүйе атауы:

1. ерітінді

2. электролизёр

3. реакциялық орта

4. комплексті қосылыс

5. еріткіш

 

24. Бренстед-Лоуридiң теориясы бойынша негіздер дегенiмiз -

1. протондарды қосып алатын бөлшек

2. протондармен әрекеттеспейтiн бөлшек

3. протонды үзiп жiберетiн бөлшек

4. протондары жоқ бөлшектер

5. электрондық жұптын доноры

 

25. Бренстед-Лоуридiң теориясы бойынша қышқылдар дегенiмiз.

1. протондарды қосып алатын бөлшек

2. протондармен әрекеттеспейтiн бөлшек

3. протонды үзiп жiберетiн бөлшек

4. протондары жоқ бөлшектер

5. электрондық жұптын доноры

 

 

TBL өткізу кезіндегі уақыттың бөлінуі: