Тәжірибе №3: Шараптас қышқылының орта және қышқыл тұздарын алу

Пробиркаға 5-6 тамшы 1%-тік шараптас қышқылының ерітіндісін тамызып, үстіне 1-2 тамшы 5%-тік КОН ерітіндісін қосып, таяқшамен шараптас қышқылының қышқыл тұзының тұнбасы түзілгенше араластырады. Түзілген тұнбаны натрий гидроксидінін 5%-тік ерітіндісін қосып ерітеді. Ерітіндіде шараптас қышқылының орта калий, натрий қос тұзы – сегнет тұзы болады:

1.

 

2.

1.Тақырып №12: α-аминқышқылдар. Пептидтер. Ақуыздар

2.Мақсаты: биологиялық маңызды альфа амин қышқылдарының, пептидтердің, ақуыздардың жіктелуі, номенклатурасы және химиялық касиеттері туралы білімді бекіту.

3. Оқытудың міндеттері:Альфа - амин қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция тендеулерін жазуды, кейбір альфа - амин қышқылдарына сапалық реакцияларды орындауды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Альфа-амин қышқылдары, түсінігі, жіктелуі, атауы.

2. Алмаспайтын амин қышқылдарының биологиялық маңызы.

3. Альфа-амин қышқылдарының стреоизомериясы

4. Тірі ағзадағы амин қышқылдарының синтезі:

а) қайта аминдеу реакциясы

в) a-кето қышқылдардың тотықсызданып аминденуі

5. Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері:

а) қышқылдық-негіздік қасиеттері

б) амин тобына байланысты амин қышқылдарының қасиеттері (дезаминдеу)

в) карбоксил тобына байланысты амин қышқылдарының қасиеттері (эфирлердің, галогенангидридтердің түзілуі, декарбоксилдену). Биогенді аминдер.

г) арнайы қасиеттері.

6. Пептидтер мен ақуыздар туралы түсінік, олардың жалпы сипаттамасы. Пептидтер мен ақуыздар биологиялық ролі.

7. Пептидтер мен ақуыздар құрылымдық деңгейлері (ақуыздардың біріншілік, екіншілік, үшіншілік құрылымы).

8. Ақуыздардың тұну түрлері.

9. Күрделі ақуыздар туралы түсінік.

5. Сабақ беру және оқыту әдістеріТBL әдісі, интерактивті әдістер,шағын топпен жұмыс істеу, іскерлік ойын және т.б. Зертханалық жұмысты орындау, оның есебін өткізу, қорғау.

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Биоорганическая химия:учебник. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И. 2014г.

2. Елемесова, Ж. Г. Биоорганикалық химия: учебное пособие / Ж. Г. Елемесова. - ГМУ г. Семей, 2013. - 168 с. : ил.

3. Биоорганикалық химия : учебник / Ә. Қ. Патсаев , Т. С. Сейтімбетов, С. А. Шитыбаев. - Алматы : Эверо, 2012. - 449 с. : ил.

4. Биоорганикалық химия : учебник / Ә. Қ. Патсаев , Т. С. Сейтімбетов, С. А. Шитыбаев. - Алматы : Эверо, 2012. - 449 с. : ил.

5. Сейтембетов Т.С. Химия : учебник / Т. С. Сейтембетов. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2010. - 284 с

Осымша

1. Патсаев Ә.Қ.,Органикалық химия негіздері. (Теориялық негіздері және көмірсутектер) ,Шымкент, 2005.

2. Патсаев Ә.Қ. ,Органикалық химия негіздері.(Көмірсутектердің функционалдық туындылары), Шымкент, 2005.

3. Патсаев Ә.Қ. ,Органикалық химия негіздері.(Гетероциклді қосылыстар. Алкалоидтар. Биополимерлер. Липидтер), Шымкент, 2005.

4. Патсаев Ә.К., Биоорганикалық химия, Шымкент, 2005

5. Руководство к лабораторным занятиям по органической химии, учебное пособие, Дрофа, 2003.

6. Биобейорганикалық, физикалық және коллоидтық химия Алматы,1999

7. Сейтембетов Т.С. ,Химия,Алматы,1994

8. Беремжанов Б. ,Общая химия ,Алматы,1992

9. Тюкавкина Н.А.,Биоорганическая химия , Медицина,1991

7. Бақылау:

Жаттығулар:

1. Альфа – аланиннің натрий гидроксидімен өзара әрекеттесу реакция тендеуін жазыңдар.

2) Хлорсутек қышқылымен альфа – аланинің өзара әрекеттесу реакция тендеуін жазыңдар.

3) Метионин және гистиденнен қандай дитептидтер алуға болады? Олардың формулаларын жазып атаңдар.

4) Лей – Глу – Вал трипептидтердің изоэлектрлік нүктесінің рН мәні қандай аймақта жатады?

 

Тестілік тапсырмалар:

1. Судағы ерiтiндiсiн индикатормен тексергенде сiлтiлiк орта көрсететiн альфа-амин қышқылы:

1. глицин 2. метионин 3. фалин 4. лизин 5. тирозин

 

2. Ароматты альфа-аминқышқылдарына жатады:

1. цистеин, глицин

2. лизин, аланин

3. тиpозин, фенилаланин

4. лейцин, тpиптофан

5. валин, глутамин қышқылы

 

3. Радикалдағы ароматты циклдердегi альфа–аминоқышқылдарды анықтау үшiн қолданылатын реакция:

1.биуреттi 2.ксантопротеиндi 3.Шульц-Распайлдiң

4.Нингидриндi 5.Фольдiң

 

4. Алифатты радикалда тармақталған тізбекті құрылысқа ие альфа- аминоқышқылы

1. валин, цистеин, аланин

2. изолейцин, метионин, сеpин

3. аспаpагин, глутамин

4. цистин, тpеонин

5. валин, лейцин, изолейцин

5. Тек алмастырылмайтын аминқышқылдары орналасқан қатар:

1. гистидин, тирозин, цистин

2. метионин, серин, треонин

3. аланин, валин, фенилаланин

4. валин, триптофан, метионин

5. глицин, валин, аланин

6. Иминоқышқылдарға қатардағы келесі заттар жатады

1. фалин, серин

2. треонин, триптофан

3. лейцин, изолейцин

4. пролин, гидроксипролин

5. цистеин, цистин

 

7. Биогендi амин коламин (2-аминоэтанол) келесi аминоқышқылды декорбаксилирлегенде түзiледi:

1. валин 2. гистидин 3. метионит 4. треонин 5. серин

 

8. Организмдегi гистидиннен биогендiк амин - гистамин түзетiн реакцияның атауы:

1. дезаминдеу 2. декарбоксилдеу 3. гидраттау

4. дегидрлеу 5. галогендеу

 

9. Жасушадағы маңызды процесс - цистеиннiң цистинге айналуы жатады:

1. дегидратация реакциясына

2. тотығу-тотықсыздану реакциясына

3. дезаминдеуге

4. декарбоксилдеуге

5. гидролиз реакциясына

 

10. Ағзада аминоқышқылдардың синтезi қайтааминдеу реакциясымен жүзеге асады, онда қолданылатын бастапқы заттар:

1.альдегидтер мен кетондар

2.олиго- және полисахаридтер

3.сабындалатын және сабындалмайтын липидтер

4.бiрiншiлiк және екiншiлiк аминдер

5.кетоқышқылдар және аминоқышқылдар

 

11. Судағы ерiтiндiсiн индикатормен тексергенде қышқыл орта көрсететiн альфа-амин қышқылы:

1. глутамин қышқылы

2. лейцин

3. изолейцин

4. фенилаланин

5. триптофан

 

12. Моноаминекiкарбон қышқылдарына жатады:

1. метионин

2. аспарагин қышқылы

3. изолейцин

4. аргинин

5. тирозин

13. Бейтарап альфа-аминқышқылдар орналасқан қатар:

1. лизин, фалин

2. триптофан, аргинин

3. изолейцин, пролин

4. цистеин, лизин

5. аргинин, цистин

14. Серин аминоқышқылы келесі заттардың құрамына кiредi:

1. қатты майлардың

2. кефалиндердiң

3. ганглиозидтертердiң

4. цереброзидтердiң

5. сабынданбайтын липидтердiң

15. Құрамында күкiрт бар альфа-аминоқышқылына қатардағы заттар жатады:

1. метионин, цистеин

2. серин, аргинин

3. гистидин, фенилаланин

4. цистин, валин

5. пролин, оксипролин

16. Алмаспайтын аминқышқылдар орналасқан қатар:

1. лизин, серин, аспаргин қышқылы

2. аргинин, глицин, треонин

3. триптофан, аланин, изолейцин

4. изолейцин, лейцин, метионин

5. тирозин, пролин, глутамин қышқылы

17. Зерттелетiн ерiтiндiге нингидрин қосқанда көк күлгiн түстi ерiтiндi түзiлуi дәлелдейдi ерiтiндiде:

1. ақуыздардың болуын

2. тотықсыздырғыш дисахаридтердiң болуын

3. күкiрттi аминоқышқылдардың болуын

4. альфа-аминқышқылдардың болуын

5. пептидтердiң болуын

18. Ақуыз ерiтiндiсiне концентрлi азот қышқылымен әсер етiп, сiлтi қосқанда оранж түстен сары түске ауысады, ол ақуызда болатын аминоқышқыл:

1.лизин

2.серин

3.фалин

4.тирозин

5.аргинин

19. Ақуыздың ерiтiндiсiн қорғасын ацетатымен (CH3 COO)2 Pb сiлтiлiк ортада қыздырғанда қара тұңба - қорғасын сульфидi PbS түзiледi. Бұл сапалық реакция:

1. аргининге

2. серинге

3. цистин мен цистеинге

4. аспарагинге

5. глутаминге

20. Амин қышқылдардың амфотерлiк қасиеттерi түсiндiрiледi:

1. амин тобының орналасуымен

2. амин тобы мен карбоксил тобының химиялық қасиеттерiмен

3. функционалдық топтар санымен

4. пептидтi байланыстар түзу қабiлетiмен

5. дұрыс жауабы жоқ

21. Аланин және валин аминоқышқылынан алуға болатын барлық дипептидтердің құрамы жазылған қатарды көрсетіңдер

1. АЛА-ВАЛ

2. АЛА-ВАЛ, ВАЛ-АЛА

3. АЛА-АЛА, АЛА-ВАЛ, ВАЛ-АЛА

4. ВАЛ-ВАЛ, АЛА-АЛА, АЛА-ВАЛ, ВАЛ-АЛА

5. берілген аминоқышқылдардан дипептидті алу мүмкін емес

22. Пептидтер синтезiнде аминоқышқылдың аминотобын қорғау

1. гидрлеу реакция есебiнен жүредi

2. аминотопты ацилирлеу реакция есебiнен жүредi

3. аминотопты галогендеу реакция есебiнен жүредi

4. дезаминдеу реакция есебiнен жүредi

5. күрделi эфирлердi түзу реакция есебiнен жүредi

23. Кеңістікте глобула – сфера (мысалы, жұмыртқа ақуызы, фермент – гемоглобин құрамындағы глобин) түрінде орналасқан a-спиральді сипаттайтын үшіншілік құрылымдар үшін ақуыздардың атауы

1. фибриллярлы

2. глобулярлы

3. гидрофобты

4. гидрофильді

5. делокализденген

24. Пептидтер мен ақуыздардың бiрiншiлiк құрылымы келесі байланыспен байланысады:

1. сутектiк

2. иондық

3. пептидтiк

4. гидрофобты

5. координациялық

25. Полипептидтiк тiзбек денатурацияға ұшыраса фермент-ақуыз жоғалтады:

1. ферменттiк активтiлiгiн

2. бiрiншiлей құрылымын

3. альфа- аминқышқылдардың сандық құрамын

4. альфа- аминқышқылдардың кезектесу ретiн

5. бiрiншiлей және екiншiлей құрылымын

26. Пептидтер мен ақуыздардағы пептидтiк байланыстарды анықтауға мүмкiндiк беретiн реакция:

1. ксантротеиндiк

2. нингидриндiк

3. биуреттiк

4. Фольдiң реакциясы

5. Зининнiң реакциясы

27. Инсулин-құрылысы бойынша:

1. жай ақуызға

2. нонапептидке

3. полипептидке

4. аминокышкылга

5. күрделi ақуызға

28. Формуласы

аминқышқылының атауы

1. треонин 2. триптофан 3. пролин 4. гистидин 5. аланин

29. Формуласы

аминқышқылының атауы

1. треонин

2. аспарагин қышқылы

3. глутар қышқылы

4. гистидин

5. глутамин қышқылы

30. Формуласы

аминқышқылының атауы

1. треонин

2. триптофан

3. пролин

4. гистидин

5. фенилаланин

TBL өткізу кезіндегі уақыттың бөлінуі: