Бақылаушылар мен сарапшылар

42. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

43. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

44. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

45. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

46. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталардан бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы жадынамамен таныстырады.

47. Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

48. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

49. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

50. Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді және Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген басқа да жағдайларды қоспағанда мемлекеттік органның қызметкерлеріне конкурс комиссияларының құрамы, конкурсқа қатысушылар туралы және олардың жеке деректерін жариялауға жол берілмейді.

51. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуде және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.

52. Уәкілетті органның не оның аумақтық бөлімшесінің өкілі осы Қағидаларды, мемлекеттік қызмет туралы өзге заңнаманы бұзуды анықтаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі конкурс жариялаған мемлекеттік органға конкурсты болдырмау туралы ұсыным енгізеді.

 

 

Жаттарды қабылдау

 

53. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген мемлекеттік қызметшілер үшін құжаттарды «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы тапсыруға жол беріледі.

54. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

55. Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

56. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама ;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы
21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариатты куәландырылған көшірмесі).

57. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

58. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

59. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

60. Конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың өтініштері негізінде оларға осы Қағиданың 53-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері алынады және олар персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

61. Осы Қағиданың 56-тармағында көрсетілген құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығына сәйкес айқындалады.