Халықаралық қатынастардың Ялта-Потсдам жүйесі

Ялта-Потсдам жүйесі дегеніміз – Екінші дүниежүзілік со­ғыстан кейін Ялта(4 — 11 ақ­пан. 1945) мен Потсдам (1945жыл, 17 мау­сым­нан 2 та­мыз­ға дейін) қалала­рын­да өткен кон­фе­рен­циялар нә­ти­жесінде бекі­тілген әлемдік тәртіптің жаңа көрінісі. Аталған жиында халықаралық қатынастың жаңа жүйесі ретінде АҚШ пен КСРО төрелік ететін биполярлы әлем­нің негіздері қалыптасқан болатын. Оны кейде «Потсдам дәуірі» деп те атайды. Себебі бұған дейін бар­ша әлем екі мемлекеттің ық­пал ету аймақтарына жасанды түрде бөлініп көрген емес. Әлемнің қосполярлы тәр­тібі тарихта «қыр­ғи-қабақ» соғыс деп аталып кет­кен, капиталистік және социа­лис­тік лагерьлердің ара­сындағы теке­тіреске алып келді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті.

Халықтық-демократиялық және ұлт-азаттық революциялар, соғыстан кейінгі сілкініс жағдайында батыс мелекеттері АҚШ-тың басшылығымен және халықтық-демократиялық мемлекеттері Кеңес Одағы маңында шоғырланды. Осы екі алып мемлекеттер арасында қарама-қайшылық тез өсе бастады. Біртіндеп бір-бірімен егеске түскен екі идеологиялық және әскери-саяси блок қалыптасы. Халықаралық қатынастардың күрт нашарлану кезеңі басталды, бұл кезең тарихқа «Қырғи-қабақ соғысы» деген атпен енді.

«Қырғи-қабақ» соғысының алғашқы насихатшысы болып Ұлыбританияның премьер-министрі У.Черчильдің АҚШ-тың Фултон қаласындағы 1646 жылы 5 наурызында сөйлеген сөзі болды. АҚШ-тың Президенті Трумэнмен алдын-ала келісілген сөзінде Черчиль Еуропаны КСРО «темір шымылдырықпен» бөліп, өз билік аймағында тоталитарлық басқаруды орнатты және өзінің «доктриналарын және билігін шексіз жүргізгісі келеді» деді.

Черчиль КСРО-ның «өктемдік саясатын» шектеуге «ағылшын тілінде сөйлейтін барлық мемлекеттерді» көмекке шақырды. Батыстың капиталистік елдерінде сонымен қатар Шығыстың Кеңес блогындағы мемлекеттерді Черчиль сөйлеген сөзінен кейін белсенді насихаттаушы науқан басталды. Америка өкіметі өзінің «комунизмді шектеу» ресми доктринасын жариялады және де «атом дипломатиясын», яғни атом қаруын қолдануға дейін бару саясатын жүргізді. Атом қаруын иеленген АҚШ Еуропа және Тынық мұхитындағы әскери базаларынан АҚШ-тың бомбардировщиктері КСРО-ның территориясына жете алатындығына кәміл сенді. 1945 жылдың соңында Президент Трумэн директиваларымен құпиялы жоспар бекітілді. КСРО-ға қарсы әскери іс-қимыл жағдайында кеңестердің 20 қаласын атом бомбаларымен атқылау көзделді.

Өз кезегінде И.В.Сталин басқаруымен Кеңес басшылығы ағылшын-американ «соғыс жандандырушыларына» қарсы саяси және насихаттау науқанын жүргізді.

Атомдық шабуылдан сескенген КСРО ядролық қарудың құрылу жұмыстарын тездетті. Оны академик М.В. Курчатов басқарды. 1949 жылдың 29 тамызында Кеңес атом бомбасының сынағы өтті.

1952 жылдың қараша айында АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини аралында ядролық қарудың қуатты түрі – термоядролық құрылғысының жердегі жарылысы сынақтан өтті. КСРО өзінің термоядролық қаруын 1953 жылы 12 тамызында сынақтан өткізді.

1953 жылы АҚШ-та континентаралық стратегиялық бомбардировщиктер, ал 1955 жылы континентаралық баллистикалық ракеталар құрастырды. Олар жер шарының әрбір жеріне ядролық қаруды жеткізе алатын болған. Кеңес Одағы бұл артықшылықты жойды. 1957 жылы жазында академик С.П. Королевтың басқаруымен бірінші Кеңес континентаралық баллистикалық ракетаның сынағы өтті. КСРО территориясынан бастау алып, ол АҚШ-тың маңызды қалаларына 20-30 минутта жете алатын еді.

Кеңес ракета-ядролық қаруының құрылуы АҚШ-тың атом монополиясын құртты, бірақ та қарулану жарысын тоқтатқан жоқ. Шығыс пен Батыстың тайталасы күшейіп жалғасып жатты.

Шығыс пен Батыстың арасындағы қарым-қатынастың шиеленуіне ықпал еткен халықтық демократиялық мемлекеттерде комунистік партиялардың дара билігінің орнығуы КСРО-ның көрші мемлекеттердің территориясына талабы және Грециядағы азаматтық соғыс.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО Ирандық Азербайджандық партизандарға қолдау көрсетті. Олар Иранның орталық өкіметіне қарсы соғысып жатқан еді. КСРО өкіметі достық және бейтараптық келісім шартты жоққа шығарды, ал кеңестік мөр Түркияның Батыс Армения мен Қара теңіз бұғаздарына қатысты деген мәселені көтере бастайды, бұл жерлерге ежелден Ресей өз талабын білдірген еді.

Грецияда партизандық отрядтар Коммунистердің басқаруымен қарусызданудан және Король өкіметіне бағынудан бас тартты. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Ялта келісімі бойынша Греция Ұлыбритания ықпалында қалған еді. Сталин Грецияның компартиясына қарулы күреске шықпауына кеңес берді, бірақ компартия оның кеңесін қабылдамады. 1946 жылы Грецияда партизандық соғыс басталды, ол 1949 жылға дейін созылды. Бұл соғыс партизандардың жеңілуімен аяқталды.

«Қырғи-қабақ» соғысы кезінде біртіндеп бір-біріне қарсы екі әскери –саяси коалициялар пайда болды. Бұл коалициялар сәйкесінше КСРО және АҚШ-пен басқарылды.

Еуропаның Халықтық-демократиялық елдері КСРО-мен және бір-бірімен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісімдермен байланысқан болатын. Сонымен қатар Кеңес Одағы Финляндиямен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісіміне қол қойды, бірақ Финляндия кеңес блогы құрамына кірмеген бейтарап капиталистік ел болды.

Кеңес Одағы Корей Халық-демократиялық Республикасымен экономикалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге кол қойды. 1950 жылы 14 ақпан айында екі ірі социалистік мемлекеттер Кеңес Одағы және Қытай Халық Республикасы арасында достастық, одақ және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.

Қарама-қарсы АҚШ-тың эгидасымен батыс мемлекеттерінің блогы құрылып жатты. 1947 жылы Америка континентінің мемлекеттері Канададан басқасы америкааралық «өзара көмек келісім» шартын жасады. 1948 жылы тұрақты Америка мемлекеттерінің ұйымы құрылды. Мұнда АҚШ жетекші рөлге ие болды.

Еуропада әскери-саяси блоктарды құрудағы басты инициаторлары болып Англия мен Францияның билеуші топтары болды. 1947 жылы 4 наурызда Франция мен Англия Дюнкеркте өзара көмек туралы келісімге қол қойды. Іс-жүзінде ол Германия тарапынан жаңа агрессия мүмкіншілігіне қарсы бағытталған болатын, ал шын мәнінде бұл келісім Батыс Еуропа державаларының өз қызығушылықтарын қорғауға бағытталған. 1948 жылы Англия мен Францияға Бельгия, Голландия және Люксенбург өкіметтері қосылды. Олар Батыс Одағын құрды. Европада агрессия болған жағдайда бір-біріне көмектесуге міндетті болды.

Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланысқан Батыс Еуропалық мемлекеттердің әскери-саяси тобы пайда болды. 1949 жылы сәуір айында Солтүстікатланта ұйымы келісімі – НАТО құрылды. Оның құрамына АҚШ, Канада және Батыс Европа мемлекеттері кірді. 1955 жылы мамыр айында Варшава келісіміне қол қойылды. Оның құрамына (қол қою мезетінде) Албания(кейін 1968 жылы ол келісімді жоққа шығарды), Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧССР кірді.

Екі тайталасып жатқан блоктардың бұрынғы жаугершілік мемлекеттерге қарым-қатынасын түбегейлі өзгертті. «Біздің мақсатымыз бұл бұрынғы жауласқан мемлекеттерді мәжбүр етусіз мықты одақтарға айналдыру еді» деп АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Ачесон жазды. Бұл мақсатқа жету үшін АҚШ пен Ұлыбритания билеушілері Францияның қолдауымен Потсдтам келісімдерін қайта қарастыру және Батыс Германияның экономикасын, әскери әлеуетін қалпына келтіруге бағыт алды.

1946 жылы АҚШ пен Англия өздерінің оккупацияланған аймақтарын Бизонияға (екі аймақ) біріктірді. 1948 жылы оларға Францияның аймағы қосылды-үштік аймақ-Тризония құрылды.

Батыс аймақтарда оккупациялық өкімет буржуазиялық партия өкілдерімен басқарылатын неміс администрациясының қолына басқару функцияларын біртіндеп бере бастады. 1948 жылы Лондонда өткен кеңесте АҚШ, Англия, Франция, Бельгия, Голландия және Люксембург өкіметтері Тризония территорисында жеке мемлекет құру шешіміне келді. Бұл жолдағы маңызды қадам болып АҚШ, Англия және Францияның Тризонияда оңаша ақша реформасын өткізуі саналды.

1949 жылы тамыз айында Батыс Германия парламентіне сайлау өтті. 1949 жылы 7 қыркүйекте парламенттің бірінші сессиясы жаңа герман мемлекетінің – Германия Федеративті Республикасының құрылуын жариялады. АҚШ, Ұлыбритания және Франция оккупациялық әскерлері Германия Федеративті Республикасының территорисында қалды. ГФР мен олардың қарым-қатынасы «Оккупациялық заңмен» реттелді.

Бұдан кейін кеңес оккупация аймағында Шығыс Герман мемлекетінің құрылуы басталды. 1949 жылдың 7 қазанында Германия Федеративті Республикасының негізі қаланды. ГФР-дың экономикасының дамуын жеңілдету үшін Кеңес Одағы оған қарасты төлемдерді үш есе төмендетті, кейін одан да бас тартты.

Неміс жерінде саяси және қоғамдық құрылысы әртүрлі екі герман мемлекеттері пайда болды.

«Қырғи-қабақ» соғысы жағдайында қарусыздануға және халықаралық қатынастың жұмсару үшін күрес жүргізуші бейбітшілік күштері белсенді жұмыс атқарды. Кейін қарулану жарысы екі жақпен мәжбүр етусіз тоқтатылды.

50-ші жылдардың екінші жартысында КСРО мен АҚШ-тың арасындағы қарулану жарысы шарықтау шегіне жетті. Оны шектеудегі бірінші әрекет, 1955 жылғы Женева конференциясы сәтсіз аяқталды. КСРО 1957 жылдың күзінде ядролық қаруды сынауға мораторий енгізуді ұсынды, ал 1958 жылдың көктемінде сынақтың біржақты тақталуын жариялады. Өздерінің жария еткен жарлығында кеңестер, «егер АҚШ пен Англия өз сынауларын тоқтатпаса, онда Кеңес Одағы атом және сутегі қаруының сынаудағы еркін іс-әрекет жасайтын болады» деді. Американдықтар қадамды насихаттаушы деп санады, ал КСРО сынақтардың үлкен сериясын аяқтаған болатын, АҚШ бұл серияларды бастауға дайындалып жатқан еді. Оған қарамастан екі ұлы держава ядролық сынақты тоқтату жолында келіссөздер жүргізе бастайды. 1959 жылы қыркүйекте Никита Сергеевич Хрущев АҚШ-қа іс-сапармен келеді. Бұл кеңес өкіметінің басшысы және де КОКП-ы көсемінің Батыстың ірі мемлекетіне бірінші ресми іс-сапары болатын. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген кеңес көсемі жалпы және толық қарусызданудың үш жылға арналған жоспарын ұсынды. Ол барлық қарулы күштердің таратылуын және барлық қару түрлерінің жойылуын қарастырды. Бірінші кезеңде КСРО, АҚШ және ҚХР-ның қарулы күштері 1,7 млн. адамға дейін қысқарту, ал Англия мен Франция 650 мың адамды қысқарту керек еді. Бұл ұсыныс шет державаларымен шын мәнінде қарастырылған жоқ. Кеңес Одағы 1960 жылдардың басында біржақты тәртіпте 1,2 млн. адамды әскер қатарынан қысқартты, яғни 1/3 бөлігі, соның өзінде кеңес қарулы күштері жеке құрамы бойынша американдықтардан басым еді.

Қаруды жинауды шектеуге арналған бірқатар келісімдерге қол қойылды. Мысалға атмосферада, космос кеңістігінде және жер асты ядролық қаруды сынауға тыйым салған келісім (5 тамыз 1963ж) ядролық қарудың жайылмауы, ядросыз аймақ құру келісімі (1968ж), ОСВ-1 бойынша келісім (ограничение и сокращение стратигических вооружений)(1972ж), Бактериологиялық және токсиндік қарудың қорын жинауға, өндіруге, әзірлеуге, тыйым салған конвенция (1972ж) және т.б.

Стратегиялық тепе-теңдікке жеткен мезеттен бастап, (60-шы жылдардың басы) қарулану жарысы екінші орынға қойылады да, енді үшінші әлем елдеріне ықпал етуге күрес жанданады.

«Қырғи-қабақ» соғысы тек қана саясатта емес, сонымен қатар мәдениет, спорт облыстарында да жүргізілді. Мысалға 1980 жылы Москвадағы Олимпиадалық ойындарға АҚШ және Батыс Еуропаның көптеген елдері байкот жасады. Оған жауап ретінде келесі 1984 жылы Лос-Анджелесте өткен Олимпиадаға Шығыс Еуропа байкот жасады. «Қырғи-қабақ» соғысы кинематографияда да көрініс тапты. Екі жақ та насихаттаушы фильмдерді түсірді. АҚШ та ол: «Крассный рассвет», «Америка», «Рембо первая кровь, часть 2», «Железный орел», «Вторжение в США». КСРО да : «Ночь без милосердия», «Нейтральные воды», «Случай в квадрате 3680», «Одиночное плавание» және т.б.

«Қырғи-қабақ соғысына» «Ыстық» ошақтардың үнемі пайда болуы тән болды. Әр бір оңаша жанжалды «Қырғи-қабақ» соғысының қарсыластары оны қолдап отырып, әлемдік аренаға шығарып отырды. Бұл жанжалдарды бәрін және жеке, дара қарастырса, кітап жазуға болар еді. Осы жұмыстың авторлары «Ыстық ошақтарға» қысқаша тоқталып өтті.

80-90ж.ж. халықаралық қатынас жүйесінде жаңа түбегейлі төңкеріс болып өтті.Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің күйреуі соның ішінде Кеңес Одағында да, кейін КСРО-ның ыдырауы, КСРО-ның құқылы ізбасары Ресейдің халықаралық аренадағы орнын әлсіретті.Екі полюсті әлем өмір сүруін тоқтатты. АҚШ енді әлемде жалғыз ұлы держава ретінде өзінің үстемдігін жүргізуге бет алды.Бірақ АҚШ-тың халықаралық қатынаста «бір полюсті жүйенің» құрылуының қауіпты бағыты, Ресей және де басқа мемлекеттер тарапынан қарсылыққа ұшырап отырды.Олар тең құқылы халықаралық достастық жүйесін құруда қызығушылық білдірді.


 

18. Герман мәселесі және екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі еуропалық дипломатия.Екінші дүниежүзілік соғыс фашистік Германияның талқандалуына өкелді. Неміс халқының тағдыры оккупациялық өскерлердің қолында болды. Соғыста Германия 13,5 миллион адамынан айырылды. Германияның жері төрт оккупациялық зонаға бөлінді. Батыс Германия жерінде американ, ағылшын жөне француз өскерлері орналасты. Шығыс Германияда кеңес өскерлерінің оккупациялық зонасы қүрылды. Берлин қаласы да төрт секторға бөлінді. Батыс Германия жеріндегі төрт оккупациялық өкімшілік Одақтық Бақылау Кеңесі (СКС) ретінде қүрылып, дена­цификация, демилитиризация жөне демократия шараларын жүзеге асырды. Соғыс кезіндегі қираған жөне бүлінген шаруашылықты қалпына келтіру шараларын жүргізді. Жергілікті неміс буржуазиясы Батыс Германиядағы оккупациялық өкімшілікпен тығыз байланыста жүмыс атқарды. Алғашқы жүргізген қызметтері халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету болды. Германия экономикасы ауыр күйзелісті бастан кешіріп жатты.

Герман мәселесінің шешілу жолдары. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында антигитлерлік бірлік елдері — АҚШ, Үлыбритания жөне КСРО басшыларының қатысуымен үш халықаралық конферен­ция өтті. Тегеран жөне Ялта (Қырым) конференциясына АҚШ-тың Президенті Ф. Рузвельт, Үлыбритания Премьер-министрі У. Черчилль жөне КСРО басшысы И. В. Сталин қатысты. Ал Потсдам конференциясына АҚШ президенті Трумэн, Үлыбритания премьер-министрі Этлли жөне КСРО-дан И. В. Сталин қатысты. Герман мөселесі Тегеран конференциясында қаралды. Конфе­ренция 1943 жылы 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті.Тегеран қаласында өткен конференцияда У. Черчилль соғыс- тан кейінгі Германияны бөлшектеу керектігін айтты. И. В. Сталин “Бөлшектеу саясаты үлтшылдар мен өш алушыларды көбейтеді, сон- дықтан нацистерді жойып, Германияға біртүтас мемлекет ретінде қа- рауымыз қажет” деді. Ф. Рузвельт Сталиннің ойын қолдап, бүл мөсе- лені кейінге қалдыру керектігін жеткізді. 1944 жылы 15 қаңтарда У. Черчилль Германияны оккупациялық зонаға бөлуді үсынды. 1944 жылы қыркүйек айында Квабек (Конаун) конференциясында Чер­чилль мен Рузвельт кездесіп, Германияны бөлшектеу туралы АҚШ Қаржы министрі Г. Моргентаудың үсынысын қолдады. Тегеран кон- ференциясынан кейінгі соғыс майданындағы жағдайға қызыл өс- керлерінің жеңісті шабуылдары жаңа өзгерістер өкелді.

1945 жылы 4—11 ақпанда Қырым (Ялта) халықаралық конфе- ренциясында Рузвельт, Черчилль, Сталиннің қатысуымен Герман мөселесі ашық талқыланып, белгілі бір келісімге қол жеткізілді. Бүнда Германияны бөлшектеу туралы өңгіме болған жоқ. И. В. Сталин Герман мөселесінің соғыстан кейінгі Германияны үш оккупациялық зонаға бөліп, демилитиризация (қарусыздандыру), демократияландыру жөне денацификациялау формуласы арқылы шешілуін үсынды. Тарихта Герман мөселесі, “Үш Д” формуласы арқылы шешілуімен белгілі. Германияда нацизм толық жойылуы керек болды. Соғыста бүлініп, қираған экономиканы қалпына кел- тіру де маңызды еді. Яғни, демонополизациялау алдыңғы орынға шықты. Сталин соғыстан кейін Германияның КСРО-ға төлейтін репарация мөлшері туралы үсыныс енгізген еді. Бірақ, американ- ағылшын жағы бүл мөселе туралы ешқандай шешім қабылдамады.

1945 жылы 17 шілде мен 2 тамыз аралығында Потсдам (Германия) халықаралық конференциясында Германия мөселесі бойынша нақ- ты толық, шешім қабылданды. Германия жері мен Берлин қаласы төрт аймаққа бөлінді. Кеңестік аймаққа жердің 40 %-ы, халықтың 30 %-ы жөне өндірістің 33 %-ы, Шығыс Германия қарады. Посдам конференциясында Шығыс Пруссия Кеңес Одағына берілді. Одерға дейінгі Батыс Нейсе Польшаға қайтарылды. Судет облысы Чехос- лавакияға берілді. Батыс Польша мен Судет немістері Германияға көшірілді. 1945 жылы маусымда Герман мөселесін шешу үшін АҚШ, Үлыбритания, Франция жөне КСРО мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің Одақтың бақылау кеңесі (СКС) қүрылды. Олардың қолына Германия жеріндегі үкіметтік билік (ОБК) берілді. Кеңес алдымен неміс соғыс үйымдарын жөне Вермахт өкімшілігін жою туралы декрет қабылдады. Оккупациялық аймақтарда жергілікті басқару мекемелері қүрылды. Орталық бақылау кеңесі Германияны біріктіру ісіне басшылық жасады. Алайда, соғыстан кейінгі Герман мөселесі өз шешімін таба алмады.

Батыс Германия жерінде Потсдам шешімдері толық аяғына дейін орындалмады. Американ-ағылышын-француз оккупациялық аймақтарын біріктіруге кірісті. 1947 жылы қаңтарда американ-ағылшын зонасы біріктіріліп, Бизония аймағы қүрылды. 1948 жылы француз зонасы қосылып, біртүтас Тризонии аймағы қүрылып, болашақтағы Батыс Германия мемлекетін қүруға кірісті.

1947 жылы 8 мамырда Парламенттік кеңес Герман Федеративтік Республикасының негізгі заңын бекітті. 14 тамызда жаңа Конститу­ция бойынша Парламент сайлауы өтті. ГФР Парламенті Бундестаг деп аталды. Сайлауда ХДС—ХСС блогы 139 мандат, ГСДП 131, Еркін демократиялық партия (СВДП) 52 мандат алды. Жоғарғы пала­та — Бундестаг жергілікті Ландтаг депутаттарынан қүрылды. 1949 жылы 7 қыркүйекте Герман Федеративтік Республикасы қүрылды. ГФР-дың түңғыш Президенті Еркін демократиялық партиясының мүшесі, тарихшы Т. Хейс болды. Президент 5 жылға сайланды.

1948 жылы 20 қыркүйекте ГФР-дың Премьер-министрлігіне Кон­рад Адэнауэр тағайындалды.

ГФР-да парламенттік басқару жүйесі енгізіліп, президенттік билік шектелді.

К. Аденауэр Үкіметінің сыртқы саясаты. Батыс Германияның сыртқы саясаты атлантизм саясатының принциптеріне негізделді. Ол бойынша АҚШ-тың соғыстан кейінгі “қырғи-қабақ” саяса­ты толық қолдау тапты. К. Аденауэр Үкіметінің сыртқы саясаты соғыстан кейінгі Еуропадағы өзгерістерді мойындамады. Потсдам конференциясының демилитаризациялау талаптарын орындамай, ремилитаризациялауды жүргізді. Еуропаны бірігіп қорғау саясатын жүзеге асырып, антикеңестік, антикоммунистік бағыт үстанды.

1951 жылы Франция, Италия жөне Бенилюкс елдерімен Еуропалық қорғаныс ынтымақтастығы келісіміне қол қойды. 1955 жылы 8 мамырда ГФР Солтүстік атлантикалық альянс (НАТО) одағына мүше болды. Демилитаризация саясатын жүргізіп, Бундесвер (Қорғаныс министрлігі) өскерінің санын 500 мың адамға жеткізді.

1954 жылы желтоқсан айында ГФР сыртқы саясатта “Хальштейн доктринасын” қабылдады. Бүл саясаттың мақсаты ГДР-мен (Гер­ман Демократиялық Республикасымен) қарым-қатынастағы социалистік елдермен ешқандай байланыс жасамау болды. 1957 жылы ГДР-мен елшілік қатынас орнатып, оны мойындаған Югославия- мен елшілік байланысын үзді. Герман Федеративтік Республикасы АҚШ-тың Еуропадағы негізгі одақтасына айналды.

ГФР 1951 жылғы “Көмір жөне болат” ынтымақтастық үйымына мүше болды. 1957 жылы Рим келісіміне қол қойып, “ортақ рынокқа” мүше болды. Герман Федеративтік Республикасы Франциямен жақындасып, ортақ Еуропа идеясын қолдады. Соғыстан кейінгі Батыс Еуропадағы шекаралық өзгерістерді мойындамады. Батыс Германия өз жерінде АҚШ-тың соғыс базаларын орналастырып, тіпті атом қаруын иеленуге үміткер болды. ГДР-ды мойындаудан бас тартты.

19. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар (1945-1950).Антифашистік коалицияның екінші дүн/к соғыстағы жеңісі әлемдік күштердің жаңа арақатынасына әкелді. Фашизмды талқандау нәт/де Кеңес Одағының мәртебесі өсті, дем/қ күш/ң ықпалы нығайды. Жеңіліс тапқан Германия, Италия және Жапония ұлы державалардың қатарынан уақытша түсті. Францияның позициясы әлсіреді. Тіпті, антифашистік коалицияның үш ұлы держава/ң бірі – Ұлыбритания да бұрынғы ықпалын жоғалтты. Есесіне АҚШ-тың күші өсті.

Соғыстан кейінгі бейбіт реттеудің негізгі бағыттары соғыс кезінде-ақ антифашистік коалицияның жетекші елдерімен белгіленді. Тегеран, Ялта ж/е Потсдамдағы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания жетекші/ң конференцияларында, сон. қатар Мысырдағы АҚШ, Ұлыбрит. ж/е Қытайдың жиналысында басты мәселелер талқыланды: территориалдық өзгерістер туралы, жеңілген фашистік мемл-ге қатынас ж/е әскери қылмыскерлерді жазалау туралы, х/қ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін арнайы х/қ ұйым құру туралы. Одақтық державалар фашистік Германия мен милитаристік Жапонияны оккупациялауды шешті. Олар басты әскери қылмыскерлерді Х/қ трибунал сотына беру шешімін қабыл-ды. Германия, Италия, Жапония ж/е оның одақтас/ы жаулап алған территориялар жоққа шығарылды. КСРО, АҚШ ж/е Англия Австрия мен Чехословакияның тәуелсіздігін қалпына келтіру, Солт. Трансильванияны Румынияға қайтару қажеттігін алға тартты. Польшаның шекарасы анықталды.

Жапония билігінен «ол күш арқылы жаулап алған» барлық территор-ы босату ж/е жапон егемендігін төрт басты аралмен шектеу жоспарланды. Кореяға тәуелсіздік уәде етілді. Жапония жаулап алған солт.-шығыс Қытай (Маньчжурия), Тайвань (Формоза) аралы ж/е басқа да қытай аралдарын Қытайға қайтару жоспарланды. Кеңес Одағына Оңт. Сахалин қайтарылды.

Потсдам конф/да КСРО, АҚШ, Ұлыбрит., Франция ж/е Қытайдың СІМ Кеңесі құрылды, олардың басты міндеті Германияның одақтастарымен бейбіт келісімдер дайындау болды. Бұл келісім-ң жобалары 1946 ж. жазда ж/е күзде Парижде жұмыс істеген бейбіт конференцияда талқыланды. Келісімдерді дайындау кезінде де, Париж конф-сы кезінде де КСРО, АҚШ ж/е Англия арасында күрделі қайшылықтар туындады. КСРО үкіметі Румыния, Венгрия ж/е Болгарияның халық-демо/қ үкіметін құруды қолдады, ал АҚШ пен Англия үкіметі олардың түпкілікті қайта құрылуын талап етті. Сон. бірге олар Кеңес Одағы қолдаған Югославия ұсынысына қарсы шықты, бұл ұсыныс б/ша бірінші дүн/к соғыстан кейін Италия құрамына кірген славян жерлері Югославияға қосылады. Нәт/де АҚШ пен Англия талаптары жоққа шығарылды. 1947 ж. 10 ақпанда Парижде Италия, Румыния, Венгрия, Болгария ж/е Финляндиямен бейбіт келісімге қол қойылды.

«Қырғи-қабақ» соғыс. Бұл соғыстың алғашқы насихатшысы болып Ұлыбр-ның премьер-министрі У.Черчильдің АҚШ-тың Фултон қаласындағы 1946 ж 5 наурызында сөйлеген сөзі болды. АҚШ-тың Президенті Трумэнмен алдын-ала келісілген сөзінде Черчиль «Еуропаны КСРО «темір шымылдырықпен» бөліп, өз билік аймағында тоталитарлық басқаруды орнатты ж/е өзінің «доктриналарын ж/е билігін шексіз жүргізгісі келеді» деді. Черчиль КСРО-ның «өктемдік саясатын» шектеуге «ағылшын тілінде сөйлейтін барлық мемл/рді» көмекке шақырды.

Трумэн доктринасы ж/е Маршал жоспары. «Коммунизмді ұстап тұру» американдық доктринасының маңызды құрамдас бөлігі басқа батыс елдеріне экон-қ ж/е әскери көмек болып табылды. Бұл бағыттағы алғашқы ресми қадам 1947 ж. 12 наурызда АҚШ конгрессіне жолдауда қалыптасқан Г. Трумэнның доктринасы болды. Грекия мен Түркия үкімет-нен алынған өтініштерге сүйене отырып, Трумэн бұл елдерге коммунизммен күрес үшін 400 млн долл. көлемінде әскери ж/е экон-қ көмек көрсету тур. жариялады. Грекия мен Түркияға американдық қару ж/е әскери кеңесшілер жіберілді, онда американдық әскери базалар құрылды.

АҚШ ерекше назарын Батыс Еуропа елдеріне бөлді. Американдық үкімет Еуропа елдеріне көмек көрсету арнайы жоспарын дайындады, ол 1947 ж. 5 шілдеде АҚШ-тың мемл-к хатшысы Дж. Маршалдың сөзінде жарияланды.

Кеңес үкіметі Маршал жоспарына қарсы шықты, оны халықтық демократия мемл-рі ж/е Финляндия да қолдады. Ал 16 батысеуропалық ел, керісінше, американдық көмек алуға дайындығын білдірді ж/е бұл мақсатқа арнайы тұрақты х/қ Еур-қ экон-қ ынтымақтастық ұйымын құрды (ЕЭЫҰ). Маршал жоспары 4 жыл іске асты: 1948-1952 жж. Бұл уақыт ішінде АҚШ Батыс Еуропаға шамамен 17 млрд долл. соммасына құрал-жабдық, өндірістік тауарлар жеткізді. Қытайда Чан Кайши үкіметін американдық қолдау саясаты сәтсіздікке ұшырады. Коммунистік партия басшылығындағы Қытай халықтық-азаттық әскер Чан Кайшидің жасағын талқандады. 1949 ж. 1 қазанда Қытай Халық Рес-сы жарияланды.

«Қырғи-қабақ» соғысы кезінде біртіндеп бір-біріне қарсы екі әскери–саяси коалициялар п.б. Бұл коалициялар сәйкесінше КСРО және АҚШ-пен басқарылды. Еуропаның Халықтық-дем/қ елдері КСРО-мен және бір-бірімен достастық, ынт/қ, өзара көмек келісімдермен байланысқан болатын. Сон. қатар КО Финляндиямен достастық, ынт/қ, өзара көмек келісіміне қол қойды, бірақ Финляндия кеңес блогы құрамына кірмеген бейтарап капиталистік ел болды. Кеңес Одағы Корей Халық-демократиялық Рес-cымен экон/қ және мәдени ынт/қ туралы келісімге кол қойды. 1950 ж. 14 ақпан айында екі ірі социалистік мемл/р Кеңес Одағы ж/е Қытай Халық Рес/сы арасында достастық, одақ және өзара көмек туралы келісімге қол қойылды.

Қарама-қарсы АҚШ-тың эгидасымен батыс мемлекеттерінің блогы құрылып жатты. 1947 жылы Америка құрлығының мемлекеттері (Канададан басқасы) америкааралық «өзара көмек келісім» шартын жасады. 1948 жылы тұрақты Америка мемл/ң ұйымы құрылды. Мұнда АҚШ жетекші рөлге ие болды.

АҚШ-пен тығыз байланысқан Батыс Еуропалық мемл/ң әскери-саяси тобы п.б. 1949 ж сәуір айында Солтүстікатлантикалық келісім ұйымы – НАТО құрылды. Оның құрамына АҚШ, Канада ж/е Батыс Еуропа мемл/рі кірді. 1955 ж мамыр айында Варшава келісіміне қол қойылды. Оның құрамына (қол қою мезетінде) Албания (кейін 1968 жылы ол келісімді жоққа шығарды), Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧССР кірді.

1946 ж АҚШ пен Англия өз/ң оккупацияланған аймақтарын Бизонияға (екі аймақ) біріктірді. 1948 ж оларға Францияның аймағы қосылып, үштік аймақ-Тризония құрылды. Батыс аймақтарда оккупациялық үкімет буржуазиялық партия өкілдерімен басқарылатын неміс әкімшілігінің қолына басқару функцияларын біртіндеп бере бастады. 1948 ж Лондонда өткен кеңесте АҚШ, Англия, Франция, Бельгия, Голландия және Люксембург үкіметтері Тризония терр/да жеке мемлекет құру шешіміне келді. Бұл жолдағы маңызды қадам болып АҚШ, Англия және Францияның Тризонияда оңаша ақша реформасын өткізуі саналды.

1949 жылы тамыз айында Батыс Германия парламентіне сайлау өтті. 1949 жылы 7 қыркүйекте парламенттің бірінші сессиясы жаңа герман мемлекетінің – Германия Федеративті Рес/ң құрылуын жариялады. АҚШ, Ұлыбритания және Франция оккупациялық әскерлері Германия Федеративті Республикасының территорисында қалды. ГФР мен олардың қарым-қатынасы «Оккупациялық заңмен» реттелді.

Бұдан кейін кеңес оккупация аймағында Шығыс Герман мемлекетінің құрылуы басталды. 1949 жылдың 7 қазанында Германия Демократиялық Рес/ң негізі қаланды. ГДР-дың экономикасының дамуын жеңілдету үшін Кеңес Одағы оған қарасты төлемдерді үш есе төмендетті, кейін одан да бас тартты. Неміс жерінде саяси және қоғамдық құрылысы әртүрлі екі герман мемлекеттері пайда болды.

Отарлық жүйенің құлауы. Екінші дүн/к соғыстан сон халықтардың тәуелсіздік үшін күресінде жаңа дәуір басталды. Отарлық жүйе біртіндеп құлдырай бастады. 1947 жылдың 15 тамызында Делиде тәуелсіз Үндістан бой көтерді. Үндістанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болған ағылшын үкіметі оның территориясын екі мемлекетке бөлді: Үндістан мен Пәкістан. Бұл бөлініс үнді парламентінІң келісімінсіз жүргізілді және кейінгі жылдары екі мемлекет арасындағы көп қақтығыстарға әкелді, олар кейде тіпті әскери қимылдарға да әкеліп отырды. 1950 ж 26 қаңтарында Құрылтай жиналысы жаңа Конституция қабылдаған соң Үндістан егемен демо/қ республика болды, сон. бірге Британдық ұлттар Достастығының құрамында қалып отырды.1948 жылдың ақпанында ағылшын үкіметі Дейлон аралына доминион құқын беруге мәжбүр болды. 1946 ж 4 шілдесінде Филиппин Республикасы Егемен мемлекет болды, бірақ АҚШ мұнда өз әскерін қалдырды және рес/ға белгілі бір бақылау жүргізіп отырды.

 

 

20. ХХ ғ. 50-ші жж. халықаралық қатынастар.Соғыс қаупінің дамуы бейбітшілікті қорғаудың қажеттілігін жете түсінетін миллиондаған адамдарды қозғалысқа итермеледі. 1950 ж Атом қаруына тыйым салу туралы Стокгольм үндеуінде 500 млн астам қол қойылды. Х/қ шиеленістер жағдайында соц/к ж/е кап/к мемл/р ара/ғы қатынастар ауыр халде болды. Қат/ң шиеленісуі адамзатқа ядролық-ракеталық соғыс қатерін төндірді.

Америка империалистері өз/ң Азия құрлығындағы социализм мен ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы күресу жоспарларынан бас тартпады. 1950 ж маусымда Корей түбегінде әскери жанжал туындады. Корей Халық Дем/қ Респ-на қарсы агрессиялық соғысқа АҚШ бастаған 16 мемл-т қатысты. Бұл х/қ шиеленісті күрт күшейтіп жіберді. АҚШ Жапонияны өзінің агрессиялық саясатына тартуға жанталасты. 1951 ж АҚШ ж/е оның одақтастары Сан-Францискода Жапониямен бітім шартқа қол қойды. АҚШ пен Жапония арасында әскери келісім жасалды. Жапония аумағында жаңа әскери базалар құрылды. Кореядағы соғыс үш жылға созылды. Кеңес Одағы корей халқына матер/қ ж/е саяси көмек көрсетті. 1953 ж шілдеде Кореяда уақытша бітімге қол жетті, оның үстіне соғыс агрессиясы басталған шектерде аяқталды. Кореядағы соғыстың нәтижесі күш/ң ара-салмағын өз пайдасына өзгерте алмаған Америка импер/нің жеңіліске ұшырағанын көрсетті.

Бір жылдан кейін Азияда тағы бір соғыс ошағы сөндірілді. Сегіз жылға жуық уақыт бойы француз отаршылары Үндіқытайдағы үстемдігін күштеп сақтап қалуға ұмтылды. Әскери жеңіліс тапқан Франция 1954 жылы шілдеде Уақытша бітім туралы ж/е саяси реттеу принциптері туралы Женева келісімдеріне қол қоюға мәжбүр болды. Женева келісімдеріне қатысушылар Вьетнамның, Лаостың және Кампучиянаның тәуелсіздігін, бірлігін мен аумағының тұтастығын құрметтеуге және олардың ішкі істеріне қол сұқпауға міндеттелді. АҚШ бұл декларацияға қол қойған жоқ, бірақ оны бұзбайтынын мәлімдеді. Алайда кейін АҚШ уәдесінен тайып, Женева келісімдерінің орындалуын болдырмады.

Агрессиялық саясаттың сәтсіздікке ұшырауы соғысты құлшына жақтаушыларды баса алмады. Америка империализмі «коммунизм қатерінен» қорғану деген жалған ұстанымға сүйеніп, Ұлыб/я мен Францияның билеуші топ/ң қатысуымен бірқатар елдерді агрессиялық блокқа тартты. 1951 ж АНЗЮС – Австралия, Жаңа Зеландиямен АҚШ қосылған әскери блок пайда болды. 1954 ж Оңт.-Шығыс Азияда агрессиялық блок – СЕАТО – Оңтүстік-Шығыс Азия шарты ұйымы құрылды. Оған АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Тайланд ж/е Филиппин қатысты. 1955 ж құрамына Ұлыб/я, Түркия, Ирак, Пәкістан ж/е Иран енген тағы бір әскери топ құрылды. Алғашқыда бұл блок Бағдат пактісі деп аталды. Бағдат пактісінен Иран шыққаннан кейін, 1959 ж СЕНТО Орталық шарты ұйымы құрылды. Блоктың ыдырап кетуінен қауіптенген АҚШ Түркиямен, Пәкістанмен және Иранмен екі жақты әскери келісімдер жасасты. АҚШ бұл блокқа мүше болмаса да, оның негізгі орган/ң жұмысына қатысып ерекше құқықтарға ие болды.

Азат елдердің бейбітшілік әрекеттері. Отарларға иелік еткен мемлекеттер олардың жүйесінің ыдырауына, Азия және Африкада тәуелсіз ұлттық мемлекеттердің пайда болуына кедергі жасауға дәрменсіз болып шықты.

1955 ж сәуірде Бандунгте (Индонезия) Азия мен Африканың 29 елінің конференциясы шақырылды. Ол қоғамдық құрылысы әр түрлі мемл/ң бейбіт қатар өмір және ынтымақтасу принциптерін мақұлдады. Конференция Азия мен Африка халық/ң отаршылдықты толығымен ж/е біржолата жоюға бел байлағанын білдірді. Агрессиялық блоктарды айыптап, ядролық қаруға тиым салуды талап етті. Кейінірек азаттық алған елдерде осы принциптерді қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Соц/к елдердің Еуропадағы бейб/к пен ұжымдық қауіп/к жолындағы күресі. 1954 ж КСРО Еуропа елдеріне ж/е АҚШ-қа ұжымдық қауіп/к жүйесін жасауды ұсынды. Еуропа халықтарынан кеңінен қолдау тапқан кеңес ұсыныстарын Батыс державалары қабылдамады. Олар Германия Фед-к Рес/сын демилитарландыру және оны НАТО-ға кіргізу туралы келісімге қол қойды. Солтүстікатлантикалық блокқа мүше болғаннан кейін Батыс Германия бұл әскери топта жетекші рөлге ие болуға ұмтыла түсті, НАТО-ның Еуропадағы базасына айналды. ГФР-да милитаризмнің қайтадан өрлеуі жалпыға бірдей бейбітшілікке қатер төндірді. КСРО-ның және Еуропадағы соц/к ел/ң үкіметтері соц/мнің жеңістерін қорғау үшін Еуропада бейбітшілік пен қауіп/кті қам/з ету жөнінде шаралар қолдануға мәжбүр болды. 1955 ж 4 мамырда Варшавада бұл мемл/ң арасында достық, ынт/қ ж/е өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Шартқа қатысушылар қол қойған елдердің біріне қарулы шабуыл жасалынған жағдайда оған дереу ж/е жан-жақты көмек көрсетуге міндеттенді. НАТО-дан өзгешелігі сол, Варшава шарты қорғаныс шарты б.т., әрі Еуропадағы және бүкіл дүние жүзіндегі бейб/ктің сенімді кепілі қызметін атқарды.

КО-ның ғылымының, техникасы мен өнеркәсібінің ірі табыстарға жетуінің арқасында дүниежүзіндегі күштер арасалмағында социализм пайдасына сапалық өзгерістер болды. 1953 ж КСРО-да термоядролық қаруды сынау ойдағыдай өтті. Көп ұзамай Кеңес Одағында құрлықаралық ракеталар жасалды.

Отарлық жүйе-ң құлауы. Соғыс жыл/ң өзінде Индонезия халқы жапондықтармен күрес жүргізді. 1945 ж тамызында Жапония капитулляцияланбай тұрғанда, бірақ жапондық милитаризмінің жеңіліс тапқаны анық болып тұрғанда, ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларының бірі Сукарно Индонезияның тәуелсіздігін жариялап, Индонезия Республикасының бірінші президенті болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің дүниеге келуі қарулы көтеріліссіз болды. 1945 жылдың 10 қарашасьшда Индонезияда республиканың еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін, отаршылдыққа қарсы қарулы күрес басталды. Оның толық жеңісіне бірнеше жылдар қажет болды. Күрес тек аралдарда ғана емес, сонымен қатар БҰҰ-да, халықаралық конференцияларды да жүріп жатты. Тек 1954 жылдың 10 тамызында голланд-индонезиялық одақ бұзылды. 1956 жылдың мамырында президент Сукарно парламент қабылдаған оны тарату (қысқарту) жөнінде Заң қабылдады.

Индонезиядан соң кезек Бирмаға келді. Мұнда Бирманы оккупациялаған жапондықтарға қарсы операция жүргізген ағылшындар ағылшын әскерлеріне көрсеткен көмектеріне қарамастан бирма патриоттарына, ұлт-азаттық қозғ/ң дамуына кедергі жасауға тырысты. Саяси маневрлармен билікті бирма халқына өткізбеуге тырысқан ағылшын саясатына қарамастан бүкіл елде азаттық қозғалыстар өсіп жатты. Ақырында ұлттық күштердің қысымына түскен ағылшын үкіметі Бирмаға доминион статусын беруге мәжбүр болды. Қыркүйекте Құрылтай жиналыс Конституция қабылдады, ол жаңа республика - Бирма Одағын жариялады.

11 жылдан соң, 1957 жылдың тамызында Малайя тәуелсіздік алды. 1951 ж Неапал конституциялық монархиясы бар егеменді мемлекет болды.

1955 жылдың қазанында Оңтүстік Вьетнам АҚШ-қа тәуелді Нго Динь Дьем президенті бар Республика болып жарияланды. АҚШ-тың 1973 жылға дейін созылған Вьетнамдағы интервенциясы басталды. Алайда, соғыста күштердің теңсіздігіне, АҚШ өзінің үлкен әскери-өнеркәсіптік потенциалына қарамастан, кішкентай 30 миллион халқы бар, жапондықтармен, француздармаен соғыстарда күйзелген Вьетнам тойтарыс беріп кана қоймай, өзінің қаһарман халқының күші мен х/қ аренаның үнемі болып тұрған қолдауының және де КСРО мен басқа да социалистік елдердің барлык қажет көмек беруінің арқасында жеңіске жетті.

1952 ж Египетте Г.А.Насер бастаған "Еркін офицерлер" ұйымының құрамына кірген патриотты-бағытталған жас әскерилер әскердің қолдауымен төңкеріс ұйымдастырып, билікті өз қолдарын алды. Үш күннен соң Фарук патша бас тарту туралы актіге қол қойып елден мәңгілікке кетіп қалды. Жаңа биліктің қалыптасуы және құрылуы Суэц каналында әскері орналасқан Англиямен үнемі күреспен қатар өтті. Соңғы ағылшын солдаты Египеттен тек 1956 жылдың 13 маусымында кетті.

50-жылдары тәуелсіздікті Ливия (1952 жылы қаңтарда), Судан (1956 жылы қаңтарда), Тунис (1956 жылы наурызда) алды. 1958 жылдағы маусым төңкерісінен кейін Ирак еркін, тәуелсіз мемлекет болды.

Ұлт-азаттық қозғалыс Африка континентін жаулап алды. 1957 ж наурызында бұрынғы ағылшын отары Алтын Жағалауда ұзақ әрі қиын күрес жолынан соң Тропикалық Африканың бірінші тәуелсіз мемлекеті болды. 1951 жылдың ақпанындағы Заң шығарушы жиналыстағы сайлауда толық жеңісті Квам Нкрум басшылық еткен Халық партиясы иеленіп, оның көшбасшысы Квам Нкрум премьер-министр болды. БірақАнглия елге доминион статусын беріп, Алтын Жағалау тәуелсіз Гана мемл/ті болғанша1957 ж 6 наурызына дейін сақталды.

Тәуелсіздік үшін күресті Француз Батыс Африкасы мен Француз Экваторлық Африка елдері жүргізді. Экваторлық Африкадағы отар жүйесінің кұлауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына әкелді. Экваторлық Африка елдерінің бірі Гвинеяда француз үкіметі референдум өткізуге барды, осылайша, олар бұл елді отарлық тәуелділікте ұстап калуға тырысты. Референдумда жаңа конституция туралы сұрақ көтерілді. Француз билігі егер халық оны қолдамаса елге тәуелсіздік беріледі деп айтты. Халықтың 97 пайыз конституцияға қарсы болды. Нәтижесінде Гвинея 1958 жылдың 2 қазанында тәуелсіз егемен мемлекет болды.

Тәуелсіздік алған келесі мемл/р Того мен Камерун болды. Тогодағы 1958 жылғы сайлаудан соң билікке отарлық үстемдіктен босатуды талап ететін үкімет келді. 1959 ж ақпанда өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше сессиясы Тогоға тәуелсіздік беру туралы сөз айтты, мемлекет 1960 жылдың 27 сәуірінде оны алды.

1959 ж 25 желтоқсанында Камерун да еркін мемл/т болды. Мұның барлығы француз қоғамдастығының құлдырауына әкелді. Сенегал, Жоғарғы Вольта мен Дагомея ж/е Судан Мали Федерациясына бірікті де тәуелсіздікті беруді талап етті. Француз үкіметі қысым көрсету арқылы Жоғарғы Вольта мен Дагомеяны Федерациядан шығуға мәжбүрледі. Дегенмен, ұзаққа созылған Парижде өткен келіссөздерден соң Франция 1960 ж маусымында Малгаш Рес/сы (Мадагаскар) мен Мали Федерациясына тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойды.

Отарлық тәуелділіктен кұтылу үшін күрестер Латын Америкасында да жүріп жатты. 50-жж кубалық патриоттар американ колшоқпары Батистаға қарсы шықты. Ұзаққа созылған күрестен кейін 1959 ж бірінші күні Фидель Кастро бастаған патриоттар Гаванаға кірді. Елдің Америкаға бағынышты болуы осымен аяқталды.

1956 жылдың 26 шілдесінде Египет үкіметі Суэц каналы компаниясын ұлттандырып, оны басқаруды өз қолына алды. Египет халқының құқықтарын қорғау үшін Кеңес Одағы тұрды. Оның өкілеттері Лондондағы конференцияда, кейінБҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінде Египет мүдделерін жақтады. Х/қ ұйымның қолдауын таппаған Англия мен Франция Израиль үкіметімен келісіп, 1956 жылдың 29 қазанында Египетке қарсы интервенция жүргізді. КСРО агрессияға қарсы болып, Құрама Штаттарға бірге соғысқа қарсы шығуды ұсынды. Вашингтан келісім бермеген соң КСРО біржақты тәртіпте Египетке қарсы агрессияның одан әрі дамуына жол бермейтіндігін және Египетке қолдан келетін барлық қажет көмекті беретіндігін айтты. Үш үкімет өзінің әскери қимылдарын тоқтатып, кейін өз әскерін египеттік территориядан шығара бастады.

 

 

21. ХХ ғ. 60-шы жж. халықаралық қатынастар.1954 жылғы Женева келісімдері Вьетнамды біріктіруге мүмкіндік туғызған еді. Бірақ оны Америка Құрама Штаттары орындатпады. 1965 жылдан бастап ВДР (Вьетнам Дем/қ Республикасы) территориясы үнемі бомбаланып, атқылана бастаған. АҚШ агрессиясына қарсы қарсыласу соғысы елдің бүкіл күшін жұмылдыруды талап етті. Вьетнам халқының күресі мен жеңісінің ұйымдастырушысы және басшысы Вьетнам коммунистерінің қаһарман партиясы болды. Вьетнам халқы Кеңес Одағынан материалдық көмек алып, моральдық-саяси қолдауын үнемі сезініп отырды. Американ агрессорлары үшін ең ұзаққа созылған бұл соғыс үлкен сәтсіздік болды: олардың 57 мың адамы өлді және 300 мыңнан астам адамы жаралы болды. Үндіқытайдағы соғысқа 352 млрд. доллар жұмсалды.

1961 жылы сәуірде АҚШ Плайя-Хирон ауданына Куба контрреволюционерлерінің отрядын түсіріп, Кубаға әскери шабуыл ұйыдастырды. 1962 жылы қазанында Американ империалистері Кубаға соғыс блокадасын жариялап, Бостандық аралына басып кірмекке әзірленді. АҚШ Кариб теңізі ауданында дағдарыс туғызып, бүкіл әлемді термоядролық соғысқа киліктіре жаздады. Куба халқының ерлігі, Кеңес Одағы/ң берік бағыты мен батыл шаралары қолдануының арқасында әскери жанжал болмай қалды. АҚШ үкіметі Кубаға шабуыл жасамауға және өзінің батыс жарты шардағы одақтастарын да мұндай әрекеттен сақтандыруға бүкіл әлем алдында міндеттеме алды. 1964 жылы АҚШ Латын Америкасы елдерін Кубамен барлық қарым-қатынасты үзуге күштеді. Мексика ғана оның әміріне бағынбады. Кейін Перу, Аргентина, Панама және басқа бірқатар мемлекеттер Кубамен қарым-қатынасын қалпына келтірді. Кубаның х/қ жағдайы мен беделі нығайды. Соц/к достық одақтағы елдердің көмегіне сүйеніп, Куба Рес/сы социализм орнату жолымен алға басты.

Соғыстан кейінгі жылдарда Монғол Халық Рес/сы (МНР) өзінің халықтық жағдайын нығайтты. Екінші дүн/к соғысқа дейін Монғол Халық Рес/сы тек қана Кеңес Одағымен ғана дип/қ қатынаста болған. Социализм құрылысы барысында МХР х/қ қатынаста үлкен көрсеткішті иеленді. 1948-1956 жылдары МХР барлық соц/к мемлекеттермен дип/қ қатынас орнатты, ал 1957-1967 жылдары ол достық және бейбіт қатынас келісім-шарттарын көптеген мемлекеттерімен жасайды. КСРО-мен МХР арасындағы өзара көмек көрсету туралы жаңа келісім-шартқа 1966 жылы 15 қаңтарда қол қойылды. 1955-1956 жж МХР, Үндістан, Бирма, Индонезия мемлекеттерімен дип/қ қатынас орнатты. Ал келесі жылдары-азиялық және африкандық мемлекеттермен қатынас орнатқан. 1961 жылы қазан айында Бас Ассамблеяның XVI сессиясында МХР Біріккен Ұлттар ұйымының құрамына енді. 1960 жылдары МХР, Англия, Франция, Австрия, Канада, Швейцария мемлекеттерімен дип/қ қарым-қатынас жасасты. МХР – 1962 жылдан бері Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің мүшесі. Дүн/к социализм жүйесімен тығыз достық байланыста болу, олардың көмегі МХР-дың халық шаруашылығы мен мәдениетінің жедел дамуьша жағдай жасаған.

Пәкістанның х/қ аренадағы ықпалы, 60-жж сыртқы саясатының өзгеруіне әкелді. 1960 жылдарының басынан-ақ Пәкістан батыс державаларына біржақты бағыттан шеттеніп, соц/к мемл/р және афро-азияттық мемл/рмен өз ынтымақтастығын кеңейтті.1967 ж Пәкістан араб мемл/не қарсы израильдық агрессияны кінәлап, оның жойылуын талап етті. Вьетнам халқының өз тағдырын өзіндік шешуін жақтап, Пәкістан СЕАТО және СЕНТО блоктарына қатысуын шектеді. Пәкістан Кеңес Одағы және басқа да соц/к мемл/рмен тауар-сауда келісімдерін жасасып, ол өз тауарын машина, құрал-жабдықтарға айырбастады. Пәкістан, Туркия және Иранмен жан-жақты байланыс жасасса, ал Батыс Еуропа, Тропикалық Африка, араб мемлекеттерімен қатынасты одан әрі дамытты. Пәкістанның сыртқы саясаттағы маңызды аумағы – Үндістанмен қатынасы өзгеріссіз қалды. 1965 жылдың көктемінде, Качск ауданында (пәкістан~үнділік шекарасының оңтүстік-батысындағы батпақты мекені) қарулы соққы басталды. Тек 30 шілде де әскери әрекетті тоқтату жөніндегі келісім-шартына қол қойылды. Сол жылдың тамыз-қыркүйек айында Кашмир үшін қарулы қақтығыс өршіді. Оның салдарынан Үндістан және Батыс Пәкістан шекарасында ірі әскери әрекет жасалды. Дегенмен қыркүйек айының аяғына таман, от жаудыру аяқталғанмен, бұл жерде жағдай қиын мәнді иеленді. Оның дұрысталуына 1966 жылы қаңтар айындағы Ташкентте Үндістанның премьер-министрі Л.Б. Шастри және Пәкістан президенті М. Айюб Хан, Кеңес Министрлерінің Өкілі А.Н. Косыгин қатысуымен болған кездесу маңызды шешуші рөл атқарды.