М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: Тарих және құқық

Кафедра: Құқықтық пәндер

Шифр, мамандық: 5В030100 - Құқықтану

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Билет №22

  1. Мемлекеттік айыптаушының сөзінің маңызы мен мәні, құрылымы, мағынасы
  2. Сот шешімін құрастыру
  3. Қазақстанды мемлекет деп тануға мүмкіндік беретіндей негізгі шартты белгілері: өзінің аумағы, өзінің Конституциясы, өзінің Парламенті (Жоғарғы Кеңесі), Үкіметі, сот жүйесі, өзінің азаматтығы және басқа атрибуттары болды. Іс жүзінде аумақ одақтық органдардың шешімімен өзгертілетін болды (мысалы, Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі Қазақстан халқымен келіспей-ақ Өзбекстан Республикасына берілді, оның теріс зардаптары болды). Қазақ КСР-інің Конституциясы КСРО Конституциясының көшірмесі дерлік еді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар одақтық заңдардың тұжырымдамаларына негізделді.

- оқып шығыңыз;

- мәтіннің стилін анықтаңыз;

- кәсіби маман ретінде аталған жағдайды талдаңыз.

«Құқықтық пәндер» кафедрасының шешімімен құрастырылды және бекітілді.

Хаттама №____ «__»________2014ж. Каф.меңгерушісі ___________________________Серикова Л.С.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және бекітілді. Хаттама №____ «__»________2014ж.

Факультет ОӘК төрағасы __________________Бахтиярова А.Ж

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: Тарих және құқық

Кафедра: Құқықтық пәндер

Шифр, мамандық: 5В030100 - Құқықтану

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Билет №23

  1. Әдеби қазақ тілінің қызметтік стилінің жүйесі
  2. Сот процесіндегі қорғаушының сөзін құрастыру
  3. ХХ ғасырдың 90 жылдарының бас кезінде еуразиялық құрылықтың зор аумағында социалистік деп аталып келген бір мемлекеттік-құқықтық жүйенің, оны біз қалай да басқаша атағымыз келгенмен, капиталистік деп аталатын басқа мемлекеттік-құқықтық жүйемен ауысуы жүрді. Ол КСРО ыдырағаннан кейін және бұрынғы одақтас республикалар негізінде дербес егемен мемлекеттер базасында құрылды. Бірнеше жылдар бойы тарихта сирек кездесетін екі оқиға болды. Біріншісі – алпауыт держава болып есептеліп келген одақтас мемлекет қас қағымда ыдырады, екіншісі – бір федеративті мемлекеттің негізінде 15 дербес мемлекет құрылды. Тиісінше, ескі мемлекет құлап, жаңа үлгідегі мемлекет және жаңа құқықтық жүйенің қалыптасу кезіне тән объективті заңдылықтар да қатарласа жүрді.

- оқып шығыңыз;

- мәтіннің стилін анықтаңыз;

- кәсіби маман ретінде аталған жағдайды талдаңыз.

«Құқықтық пәндер» кафедрасының шешімімен құрастырылды және бекітілді. Хаттама №____ «__»________2014ж. Каф.меңгерушісі ___________________________Серикова Л.С.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және бекітілді. Хаттама №____ «__»________2014ж.

Факультет ОӘК төрағасы __________________Бахтиярова А.Ж.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: Тарих және құқық

Кафедра: Құқықтық пәндер

Шифр, мамандық: 5В030100 - Құқықтану

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Билет №24

  1. Ауызекі сөйлеуде сөйлемдерді сауатты құрастырудың тәсілдері
  2. Сот процесіндегі мемлекеттік айыптаушының сөзін құрастыру
  3. Қазақстанда мемлекеттік аппараттың қиратылуы бірнеше жылдар бойы жүрді және негізінен 1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі өз жұмысын өзі тоқтатумен және Кеңестердің халық депутаттарының таратылуымен аяқталды. Мұндай қирату сөз жоқ, конституциялық заңнаманы қалыптастыру процесіне әсер еткенмен, шартты түрде бейбіт жолмен, айрықша әлеуметтік-саяси текетіректерсіз өтті.Социалистік мемлекеттік аппаратты қирату үрдісі бейберекет жолмен емес, конституциялық актілерге сәйкес және солардың негізінде өтті. Осындай алғашқы акт «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» болып табылады.

- оқып шығыңыз;

- мәтіннің стилін анықтаңыз;

- кәсіби маман ретінде аталған жағдайды талдаңыз.

«Құқықтық пәндер» кафедрасының шешімімен құрастырылды және бекітілді. Хаттама №____ «__»________2014ж. Каф.меңгерушісі ___________________________Серикова Л.С.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және бекітілді. Хаттама №____ «__»________2014ж.

Факультет ОӘК төрағасы __________________Бахтиярова А.Ж.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: Тарих және құқық

Кафедра: Құқықтық пәндер

Шифр, мамандық: 5В030100 - Құқықтану

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Билет №25

  1. Сезіктіден жауап алу тактикасы
  2. Сот отырысының хаттамасын құрастыру
  3. «Декларация» Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады. 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясында Қазақ КСР-і егемен мемлекет деп айтылды. Алайда Қазақ КСР-інің егемен құқығы КСРО-ның егемендігімен шектелді. Егер Қазақ КСР Конституциясының 73-бабында «КСРО заңдары Қазақ КСР аумағында міндетті» деп жазылса, қандай егемендік туралы айтуға болады. «Декларацияда» Қазақ КСР-і Одақтың жоғары органдарының Республиканың егемен құқығы мен Конституциясын өз аумағында бұзатын заңдары мен басқа актілерінің қолданысын тоқтата тұруға құқылы» деп жазылды. Қазақ КСР аумағында, өз еркімен Одаққа өкілеттік берген мәселелерді қоспағанда, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі белгіленді.