ТП және экология проблемалары

Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) дәуірінде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу сипаты сапалы түрде өзгерді. Индустрия орталықтарының саны ұлғайды, пайдалы қазбалар қарқындырақ өндіріліп келеді, ауыл шаруашылығының пайдаланылатын жерлері көбірек жыртылуда – осының барлығы және басқа факторлар қоршаған ортаны едәуір өзгертеді. Осы өзгерістер қоғамның табиғатқа әсер ету қуатының, тереңдігінің және алуан түрлілігінің өзгеруімен байланысты. Қазіргі кезеңде адамның табиғатқа әсер етуі геологиялық факторлардың әсерімен салыстырылатын болады және табиғат жағдайындағы әр түрлі, көбінесе жағымсыз өзгерістерге әкеледі; табиғи орта өндірістік процестерге аса кең және негізді жұмылдырылған болады. Сондықтан өндірістің арту шамасына қарай қоғам мен табиғат байланыстары-ның күрделіленуі және сапалы өзгеруі байқалады. Әсіресе берілген тенденция ҒТП басталуымен күрт айқындалды.

Әрі қарай ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі заманғы кезеңі постиндустриялық өркениетке өтуден көрінеді, оның көптеген ерекшеліктері экологиялық императивтің әсерінен қалыптасады.

2.1 Қызметтер мен білімді өндіру.Бірінші орынға қызметтер өндірісі шығады, ал өндірістің басым факторы білім болады. Ақпаратты алуға, өңдеуге және пайдалануға бағытталған еңбек жетекші рольді иеленеді. Өндіріс табиғи сыйымдылығы азырақ технологияларға қайта бағдарланады.

2.2 Техникаға қойылатын экологиялық талаптар. Болашақта материалдарды механикалық өңдеу емес, электрмагниттік өрістер, лазермен сәуле шығару, плазма, элементар бөлшектер, тірі организмдер; микроэлектроникамен және информатикамен байланысты жаңа технологиялар (роботтық техника, икемді автоматтандырылған өндіріс); қасиеттері алдын ала берілген жаңа синтетикалық материалдар (беріктігі жоғары пластиктер, аса қатты композициялық материалдар, аса көп өткізетін керамика, биоматериалдар және т.б.) кеңінен пайдаланылатын болады.

2.3 Байланыс және ақпараттандыру құралдары прогресі.Мұнда дамудың маңызды тенденциялары микроминиатюраландыру, интегралдық сұлбаларды, микропроцессорлар мен шағын тасушыларды жаппай өндіру және тарату болды.Соңғы уақытта микроминиатюраландыру саласында жаңа серпін жасалды: молекулалық өлшемді компьютер элементін жасау мүмкіндігі көрсетілген, оларда атомдардағы кванттық әрекеттер есептеу операциялары ретінде пайдаланылады. Бұл молетроника – молекулалық электроника кезеңіне ену жолындағы бірінші қадам. Миниатюраландыру өзінің басқа салаларға әсер ету сферасын кеңейтеді, электроника шегінен тыс та нанотехнологиялар (яғни «тырбиған» аса шағын элементтер негізіндегі технологиялар) пайда болды.

2.4 Ақпараттық технологиялар. Жаңа ақпараттық технологиялар прогресс негізі болады. Постиндустриялық өркениет – бұл қоғамның сапалы жаңа типі – «ақпараттық қоғам», онда ақпараттық индустрия тегіс қамти алатын сипатты иеленеді, ал білім мен ақпарат экономикалық категория, ресурс және негізгі тауар болады.

 

2.5 «Зат – энергия – ақпарат» үш тағанын ұйымдастыру. Қоғамның ақпараттық потенциалының өсуі бүкіл экономиканың ресурс сыйымдылығына әсер етеді, себебі эволюцияға қабілетті барлық материалдық жүйелерде зат, энергия және ақпарат арасында орын ауыстырушы өзара қатынастар болады. «Ақпараттық қоғамның» шаруашылық құрылымы аса экологиялы, өйткені табиғат сыйымдылығы аз. Құрылымдық өзгерістердің және өндірісті сапалы өсіруді экологияландырумен тікелей байланысы өнімнің материал және энергия сыйымдылығын азайту деңгейінде ғана емес, сонымен бірге материалдар мен бұйымдардың өздерін химиялық табиғаты, өндіру технологиясы және тұтыну қасиеттері бойынша аса экологиялы материалдарға ауыстырғанда, сонымен бірге энергетика – өндірістің аса табиғат сыйымды саласы болғандықтан, энергияны алуды, жұмсауды және үнемдеуді рационалдау деңгейінде айқындалады. Энергетиканы ақпараттандыру отын құрылымын оңтайландыру-мен және энергия тұтынудың едәуір салыстырмалы өсуімен байланысты. Өйткені компьютерлер мен автоматтар ғана энергия мен материалдардың шығындарын шекті дәл дозалауға және энергияның нақты сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті. Сонымен бірге бір мезгілде өнімнің жоғары сапасына қол жеткізіледі, бұл өз кезегінде, материалдар мен энергияны үнемдеудің маңызды көзі болып табылады.

2.6 Биотехнологияның дамуы. Экологиялық биотехнология сферасына: ауаны және ағынды суларды биотазарту; қатты қалдықтарды биоөңдеу; топырақты биологиялық қайта құнарландыру; биоэнергетика энергияның балама көзі ретінде, зиянкестермен және өсімдіктер ауруларымен күрес жүргізудің биологиялық әдістері, пайдалы қазбаларды байытудың биологиялық әдістері жатады.

2.7 Ғарыш құралдары мен технологияларын қатыстыру.Мысалы, экологиялық мониторинг өткізу. Болашақта экологияланған нұсқада біртіндеп планетаның шегінен тыс шығуы мүмкін, бұл биосфераға антропогенді қысымды едәуір азайтады.