Иілгіш және қатты магнитті дискі жинақтағыштар

Бұл құралдардың жұмысының принципі – магнитті материалдың қасиетін қолданып, ақпарат сақтау. Магнитті есте сақтау құралдары дербес компьютерлерде мәлімет сақтаушы ретінде кеңінен қолданылады.

Иілгіш және қатты магнитті дискі жинақтағыштар, яғни дискеталар және винчестер информацияны ұзақ мерзім сақтау үшін пайдаланылады. Компьютер қоректендіру көзінен ажыратылғанда дискета мен винчестердегі информация сақталынады.

Иілгіш дискілер (Floppy disk) бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әрі жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магнитті дисктер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. (Дискета компьютердегі дискжетектің арнайы терезешесіне салынады). Дискжетек жүйелік блокта орналасқан. Компьютерде бірнеше дискжетек (көп жағдайда саны екі) болуы мүмкін. Флоппи дисктің дискжетегінде екі қозғалтқыш бар: біреуі қойылған дискетаның тұрақты айналу жылдамдығын қамтамасыз етеді, ал екіншісі жазу-оқу құрылғысының орнын ауыстырып отырады. Бірінші қозғалтқыштың айналу жылдамдығы дискеттердің типіне тәуелді және ол минутына 300-ден 360 айналымға дейін жетеді. Дискеттегі ақпаратты компьютер шетінен бастап дискретті интервалмен ортасына қарай оқиды. Дискеттің өлшеміне, диаметріне қарай (5,25 немесе 3,5 дюйм) арнаулы дискжетектер бар. Әр өлшемді дисктер әдетте екі жақты (Double Sided, DS), бір жақтылар баяғыда ескірген. Жазу тығыздығы әр түрлі болуы мүмкін; бірлік (Single Density, SD), екілік (Double Density, DD) және жоғарғы (High Density, HD). Бірлік тығыздықты дискеттер аз қолданылады. Екі жақты екілік тығыздықты (DS/DD, сыйымдылығы 360-720 кбайт) және екі жақты жоғары тығыздықты (DS/HD, сыйымдылығы 1,2; 1,44 немесе 2,88 мбайт) флоппи дискілер пайдаланылады.

Магнитті дискті жасау барысында балқытылған алюминийді материал ретінде алады. Бұл балқыма магнитсіз, жұмсақ, жеткілікті берік, жақсы өңделеді. 3,14 дюймді дискеттер пластмассалы корпусқа орналастырылады. Дискеттің сыртында сәйкес тетіктері бар: орталық бекіту, позициясын анықтау, жазудан физикалық қорғау тесігі, анықтау ойығы, тасуыштың толық айналымын анықтау тетігі. Магнитті басының позициясын анықтау тетігі оқылып жазылатын 3,14 дюймдік мәлімет тасуыштарда жылжымалы металмен жабылған. Әрбір ауыстырмалы дискілі магнитті тасуышты қандай да бір операциялық жүйеде қолданудан бұрын ақпарат қабылдауға дайындау керек. Бұл операция пішімдеу (форматирование) деп аталады. Дискеттерді пішімдеу арнайы программалық жасақтама (әрбір операциялық жүйеде бар) арқылы жүзеге асады. Дискеттермен ұқыпты жұмыс істеу керек. Ақпаратты жоғалтпау үшін немесе тасуышты зақымданудан сақтау үшін дискеттерді магнитті әсерлерден, ылғалдан, қатты механикалық әрекеттерден, шаң-тозаңнан, кенеттен температура өзгерісінен қорғау керек. Дискетті дискжетектен индикатор сөнгеннен кейін асықпай алып, дұрыстап салу қажет. Өте жоғары сапалы дискеттер 20 жыл қолданысқа жарамды және 70 мың рет өшіріп жазуға болады. Өте бағалы құжаттарды сақтау үшін танымал өндіргіштердің жоғары сапалы дискеттерін қолданған жөн.

Иілгіш магнитті дискі жинақтағыш (ИМДЖ) негізгі екі бөліктен:

а) жүйелі блокқа бекітілген дискі салғыш құрылғыдан, яғни дискжетек;

б) иілгіш магнитті дискіден, яғни дискетадан тұрады.

Дискета информацияны жазу, сақтау және қайтадан жүктеу үшін қолданылады. Ол құжаттар мен программаларды бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдауға, архив көшірмелері арқылы информацияны компьютерден тыс сақтауға және т.б. мүмкіндік береді.

ІBM PC компьютерінде пайдаланатын барлық информацияларды дискетаға сақтауға болады. 5.25 (өлшемі 100 мм) және 3.5. дюймді (өлшемі - 99 мм) дискеталар мейлінше көп тараған.

Дискета негізгі екі белгісі бойынша бағаланады.

Жақтарының саны.

– 1S, SS, Sіngle Sіded деп таңбаланатын сыңаржақты дискета;

– 2S, DS, Doutle Sіded деп таңбаланатын қосжақты дискета.

Қосжақты дискетаға сыңаржақтағы қарағанда екі есе информация көп жазылады.

Дискетаның байтпен алынған сиымдылығы:

– 360 Кбайт, белгіленуі 2D DD Doubl Densіty;

– 720 Кбайт, белгіленуі QD, Quadruply Densіty;

– 1.2 Мбайтты ДСҚ-лар үшін тек 360 Кбайттық дискеталар пайдаланылады.

Дюймдік дискеталарда 1.44 Мбайттық информацияларды сақтауға болады. Бұл дискеталар қатты пластмасса корпуста орналасқандықтан төзімді келеді.

Дискілік жинақтағыштардың құрылғысы:

Дисководтың негізгі ішкі элементтері - дискеттік рама, шпиндельдік қозғалтқыш, приводті блок бастардың және электроника платасы (блок головок с пpиводом и плата электpоники)

Шпиндельді қозғалтқыш - жалпақ көпполюсті, 300 айн/мин тұрақты айналым жылдамдықты. Приводті блок бастардың қозғалтқышы - адымды, құрттық, тістік немесе ленталық тасымалдау.

Дискетаның қасиеттерін тану үшін электроника платасының жанында дисководтың алдыңғы шетінде үш механикалық басу көрсеткіші орналасқан: екеуі қорғаныш саңылаулары мен жазу тығыздығының астында, және үшіншісі тығыздық көрсеткішінің ар жағында, яғни дискетаны түсіру кезеңін анықтауға арналған. Саңылауға қондырылған дискета дискеталық раманың ішіне түсіп, онда оның қорғау пердесі жылжиды, ал рама стопордан алып тасталынады және төмен түседі, бұл кезде дискетаның металдық сақинасы шпиндельді қозғалтқыштың білігіне (вал) түседі, ал дискетаның төменгі беті төменгі блокбасқа түседі. (0 жағы). Осы уақытта серіппе арқылы дискетаның жоғарғы бетіне қысылып тұрған жоғарғы блокбас босатылады. Көптеген дисководтарда раманы түсіру жылдамдығы шектелмеген, осының кесірінен дискетаның беттеріне блок бастар елеулі соққы береді, ал бұл олардың сенімді жұмысының мезгілін қатты қысқартады. Дисководтардың кейбір модельдерінде (Teac, Panasonic, ALPS) раманы жәй түсіру үшін баяулатқыш-микролифт көрсетілген. Дискеталар мен микролифтсіз дисководттарда блок бастардың жұмыс мезгілін ұзарту үшін дискетаны салғанда раманың өте тез түсіп кетуіне жол бермей диковод кнопкасын саусақпен ұстап тұру қажет. Шпиндельді қозғалтқыш білігінде магинітті қорғанысы бар сақина орналасқан, ол қозғалтқыштың айналу басында дискетаның сақинасын берік ұстап тұрып, оны білікке орталықтандырады. Көптеген дисковод модельдерінде дискетті жіберген кездегі көрсеткіштен келген сигнал қысқа уақытты қозғалтқыш жіберілуін оның басып алу және орталықтандыру мақсатында шақырылады.

Дисковод контроллермен 3-4 желілі кабель арқылы байланысады, мұнда жұп желілер сигналды, ал тақтар жалпылар болады. Интерфейстің жалпы нұсқасы төрт дисководқа дейінгі контроллерге қосылуын қарастырады, IBM PC-ге арналған нұсқа 2-ге дейін қарастырады. Жалпы нұсқада дисководттар бір біріне толығымен параллель қосылады, ал дисковод номері (0..3) электроника платасында ұстатқыштармен беріледі; IBM PC үшін нұсқасында екі дисковод үшін де 1 номері алынады, бірақ алмалы-салмалы екі дисковод арасында төнкерілген таңдау сигналдары бар кабель көмегімен қосылады. Кейде алмалы-cалмалы дисководта механикалық кілт орнындағы 6-шы контакт өшіріледі. Дисковод интерфейсі қарапайым және таңдау құрылғысының сигналдарын (төрт құрылғы жалпы жағдайда, екеуі IBM PC варианты үшін), қозғалтқыштың жіберілуін, блок бастардын бір қадам ауысуын, жазбаның қосылуын, саналаты/жазылатын деректерді сонымен қатар блок бастарды нолдік жолда құру белгілерін және т.б қосады. Ақпаратты кодтау, жолдарды және секторларды табу, синхронизациялар, қателерді түзету жұмыстарын контроллер орындайды.

Иілгіш дисктер.

Дискета немесе иілгіш диск – ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін арналған жылдамдығы, сыйымдылығы аз құрал. Екі мөлшерде дискеталарды айырып білуге болады 3.5”, 5.25”, 8” (сонғы екеуі тәжірибеде қолданыстан шығарылған)

3.5” дискета 5.25” дискета

Дискета конструктивті футлярда орналасқан, магнитті жабыны бар иілгіш диск сияқты. Дискетада жазу-оқу блок бастарына рұқсат етілген футлярда ( 3.5” – те темір пердемен жабылған), келтіру сүмбісінің (шпиль привода) астында және жазулардан қорғану үшін жырық немесе тесік болады. Бұдан басқа 5.25” дискетасында индексті тесік болады, ал 3.5” дискетасында тығыздықты (ұзын/қысқа) көрсететін тесік болады. 5.25” дискетасы егер лайықты ойық жабық болса, жазулардан қорғалған. 3.5” дискетасы керісінше. Қазіргі уақытта тек үлкен тығыздықтағы 3.5” дискетасы қолданылады.

Дискеталарда мынадай бегілер қолданылады:

· SS single side – бір бетті диск.

· DS double side – екі бетті диск.

· SD single density – дара тығыздық

· DD double density – екі еселі тығыздық

· HD high density – жоғары тығыздық.

Иілгіш дисктің жинақтағышы қатты дисктің жинақтағышына ұқсас келеді. Иілгіш дискнің айналу жылдамдығы 10 есе жәй, ал бастары дискінің үстінгі жағына тиіп тұрады. Жалпы дискетаның ақпараттық структурасы физикалық тұрғыданда, логикалық тұрғыданда қатты дискке ұқсас болады.