Магнитті-оптикалық дискілер

Ең алғашқы оптикалық лазерлі дисктер 1972 жылы пайда болды және олар ақпарат сақтау бойынша үлкен мүмкіндіктер көрсетті. Бұған сақталатын ақпарат көлемі энциклопедиялар, видео және аудио коллекцияларды және т.б. сақтауға мүмкіндік береді. Оптикалық дисктерді ақпаратты архив ретінде сақтауға болады (жарамдылық мерзімі ұзақ). Қайта өшіріп жазатын дисктер бірінші рет 1988 жылы шықты және иілгіш дискеттердің, Bernouli box жинақтылығы, орташа қатқыл дисктердің жылдамдығы, компакт дисктей сенімділігі мен DAT лентасымен салыстырарлық сыйымдылығы сияқты қасиеттерге ие болады.

1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алынып тасталынып, оның орнына өлшемдері тура осындай болатын CD-ROM тасуыштары енгізілді. CD-ROM (Compact Disk read-memory) сөзінің қазақша аудармасы жинақы дискіге негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақы диск көлемі 650-мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпаттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан CD-ROM дискжетегін мультимедия ақпараттық құралдар қатарына жатқызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды. Магнитті оптикалық сақтағыш магнитті және оптикалық принциптерге сүйеніп сақтайды. Мәлімет жазу лазердің сәулесі және магнитті әсер арқылы жүргізіледі. Дискке жазу процесі: лазер сәулесі дисктегі белгіленген нүктелерді қыздырады, температураның әрекетінен кедергі полярлылықты өзгертеді, осыдан магниттік жол нүктені полярландырады. Өшіру процесі кезінде: магнитті жол екілік нөлге сәйкес біркелкі барлық өшіру аймағын қыздырып дискке нөлдердің тізбегін жазады.

Дисктен оқу барысында Керра эффекті қолданылады. Оқу кезінде аз интенсивті лазерлік сәуле қолданылады, сондықтан ол оқылатын аймақты балқытып жібермей, сақтаулы тұрған ақпарат бұзылмайды. Осындай әдіс кәдімгі оптикалық дискке қолданатынға қарағанда дисктің бетін бүлдірмейді және қосымша құралсыз қайтадан жазуға мүмкіндік береді. Оған қоса дәстүрлі магнитті жазудан артықшылығы сенімділігінде.

Магнитті-оптикалық дисктердің қолдану аясы олардың көлемімен, бағасының арзандығымен анықталады. Олар үлкен дискілік сыйымдылық үшін керек. Бірақ, ақырын, жылдамдық, магнитті-оптикалық дисктерді жүйеде қолдануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан оларды, көбінесе, ақпараттарды уақытша және ұзақ уақыт сақтау үшін пайдаланады.

Мұнда магнитті және оптикалық жетістіктері ескерілген, оларда кемшіліктер жоқ. Магнитті-оптикалық дискілерге ақпараттарды тез жазуға және оқуға болады. Олар ЖМД- қасиеттерінің артықшылықтарының барлығын сақтай отырып, (бөлек сақтау мүмкіншілігі және компьютер жадысының кеңейтілуі сияқты). Магнитті оптикалық дискінің конструктивті құрамы қалың шыныдан төселген, үстінен мөлдір қорғайтын пластикамен сәуле шашатын алюминдік пленка және ферромагниттік тасымалдаушы жағылады, дискіге қапталады. Өте үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады.

 

XX ғасырдың аяғында ақпараттар ағымының көбеюіне байланысты оларды үлкен көлемде және ЭЕМ-нің пайда болуына байланысты ақпаратты тасымалдағыш, яғни ең ықшам түрде ақпараттарды көп уақытқа сақтау қажеттілігі туды. Қазіргі төртінші кезеңдегі компьютерлерде қолданылатын тасымалдағыштарға жұмсақ және қатты магниттік дискілер және СD-RОМ-дискілер жатады.Олар компьютердің сыртқы жадысының құрамын құрайды.

Тасымалдағышқа ақпаратты жазу сондай-ақ оны іздеу, оқу және жедел жадыға орналастыру үшін қолданылатын құрылғыны жинақтағыш - деп атаймыз. Жазбаның негізіне ақпаратты сақтау және оқу үшін екі принцип болады: — магнитті және оптикалық. Оларкомпьютер өшкеннен кейін де, ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді.

Магниттік дискілер (МД), олар қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. Жұмсақ (ЖМД) дискіге 5,25 дюйм (133 мм) және 1,2 Мбайта ақпаратты сақтауға мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде ондай дискеталар қолданылмайды. Өйткені, ол өте аз көлемді және ондай дисеталарды шығармайды.

Қатты магниттік дискі немесе винчестер, әдетте дисководпен бірге жүйелік блок корпусына орналастырылады (сыртқа орналастыруға болады). Кез-келген, магниттік алғашқы кезде жұмысқа дайын емес. Оны жұмысқа дайын күйге өткізу үшін, оны форматтау керек, яғни диск құрылымы құрылуы керек. ЖМД-үшін бұл магниттік таңбалармен белгіленген секторларға бөлінген магниттік топталған жолдар. Ал қатты МД немесе цилиндр-деп қарауға болады. Дискінің барлық жұмыс істеу беттерінде бір-бірінің үстіне орналасқан.

CD-RОМ (Сотрасt Dіsc Rеаd Оп1у Метоry) 3 Гбайт көлемге дейін игереді. Ақпаратты сақтау сенімділігіменен ұзақ төзімділігіменен ерекшеленеді. (Сапалы түрде қолданғанда 30-50 жылға дейін жұмысқа жарамды болуы мүмкін). Диск диаметрі 5,25, және 3,5 дюйм болуы мүмкін. Оқу және жазу принципі- оптикалық.

Компакт-дискіден ақпараттарды оқу лазерлік сәулелердің көмегімен орындалады.

Компакт дискілердің қатал анықталған сыйымдылығы мынадай қызық оқиғаға байланысты.

SONY фирмасының атқарушы директоры Акио Морита жинақы-дискілер классикалық музыканы сүйетін адамдардың талабына сай болса болды деп шешті. Осыдан кейін өндірушілер тобы Жапонияда сұрау жүргізді. Сұрау бойынша сол замандағы Күншығыс елінде ең танымал классикалық әуен 72-73 минутқа созылатын Бетховеннің тоғызыншы симфониясы екен. Сондықтан жасаушылар компакт-дискінің көлемі 74 минуттық дыбысқа, дәл айтқанда 74 минут 33 секундқа есептелді. «Қызыл кітап» (Red book) ретінде танымал стандарт осылай туды. 74 минутты килобайтқа айналдырғанда 640 мбайт шықты.

 

Flash карталар

Флеш карталар қазіргі кездегі ең көп тараған қолданыстағы ақпарат тасуыштар. Олардың көлемі 64мбайт, 128мбайт, 256мбайт, 512мбайт, 1гбайт, 2гбайт, 4гбайт, 8гбайт-қа дейін жетеді. Флеш карталардың дискеттер мен дисктерден артықшылықтары:

1) сыртқы көлемі өте кішкентай, шағын;

2) оқылу-жазылуы жылдам;

3) 1 флешкадағы ақпаратты 50 рет көшіріп қайтадан өшіруге болады;

4) ол компьютерге USB порт арқылы жалғанады.

Флешкалардың вирусқа төзімділігі де жоғары. Яғни, вирус кірген болса, оны емдегеннен кейін жұмысты жалғастыра беруге болады. Флешканы компьютерден суырып алмас бұрын, басқару панелінен қауіпсіз ағыту тетігін басу керек. Хабарлама шыққаннан кейін алуға болады. Дискпен салыстырғанда флеш карталардың бағалары әлдеқайда қымбат болады. Алайда, соған қарамастан, соңғы кездері арзандап келеді.