Бактериальды плевропневмония; 2 страница

/

Бүйректі ультра дыбыстық тексеру

/

Тамыр ішілік урография

/

Шолу урографиясы

/

Цистография

/

Компьютерлік томография

!

Науқас 45 жаста, шағымдары: оң жақ аяғының басы қатты ауырады, әсіресе I-II плюснефалангалық буын. Алдындағы күні қонақта болған, көп мөлшерде ет және алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқастынан басталған, осыдан 6 сағат бұрын. Объективті: оң жақ бақайы қатты ісінген, қызылкөк түстес, ыстық, пальпация кезінде қатты ауырсынады, қозғалыс және жүру мүмкін емес, дене температурасы – 37,6° С, басы ауырады. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы қандай болу керек:

/

Қанды зәр қышқылына тексеру

/

Ауырған буынның пункциясы

/

Қанның жалпы зерттеуі

/

Оң жақ аяқ басының рентгенографиясы

/

Зақымдалған буынның УДЗ

!

Жанұя дәрігеріне науқас қанның мына көрсеткіштерімен қаралды: Эритроциттеры – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіш – 0,83.Сары судағы темір деңгейі– 9 мкмоль/л. Сары судың темір байланыстыру қабылеті – 76 мкмоль/л. Қандай дәрілік ем науқасқа жүргізу қажет:

/

Темір сульфаты 150 мг/тәул

/

В12 витаминкүнаралта 200 мкг б/е

/

Преднизолон 20 мг/тәулігіне

/

Фолий қышқылы 5 мг/тәул

/

Е витамины

!

33 жастағы Л әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінен: қалқанша безінің субтоталды резекциясы, 50 мкг L-тироксинді қабылдаған. Объективті: беті ісінген, жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ - 100/70 мм сын. бағ. ЭХОКГ-да перикард қуысында сұйықтық байқалады. Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы ақпаратты болып келеді:

/

Т3 және Т4 деңгейін анықтау

/

ЭКГ

/

Қанды бактериологиялық себу

/

Көкірек аралық мүшелердің КТ

/

АҚҚ тәуліктік мониторлеу

!

Бала 6 жаста. Салмағы 25 кг. Дене қызуының бір апта бойы 37,2-37,5°С жоғарлауына, құрғақ жөтелге, аз мөлшерде қақырықтың бболуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде: аранында катаральды белгілер. Қабақтың коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде клеткасының R-граммасында өкпе алаңында тегіс емес ошақты инфильтрация. Қақырықты бактериальды тексерген кезде – микоплазма анықталды. Сіз азитромициннің тәуліктік мөлшерін тағайындайсыз:

/

Азитромицин біпінші күні 250 мг х 1рет күніне, 2-5 күн 125 мг

/

Азитромицин 125 мг 1 капсуладан х 1 күніне рет, 3 күн бойы

/

Азитромицин125 мг х күніне 1рет, 5 күн бойы

/

Азитромицин 250 мг х күніне 1рет, 5 күн

/

Азитромицин бірінші күні 500 мг х 1 рет күніне, 2-5 күн 250 мг

!

Жеті жасар қыз бала балалар ауруханасына түсті. Қыс мезгіліндегі суық тигеннен кейін ұзақ уақыттан бері, төрт ай аралығында қатты жөтеліп жүргенін айтты. Түні бойы жөтеледі, шешесі ысқырық тәрізді сырылды есітеді, дене қызуы қалыпты, қыз бала белсенді, жүгіргенде жөтел туындап ысқырықты сырыл естіліп тұрады. Науқас баланың мұрыны бітеліп мазасызданады. Шешесі поллинозбен ауырады. Дәрігердің дәлірек ақпараттық зерттеуі:

/

Cпирография

/

Өкпе рентгенографиясы

/

Бронхография

/

Бронхоскопия

/

Пикфлоуметрия

!

Жалпы тәжірибелік дәрігерге анасы 3 айлық қызының соңғы 2 ай аралығында емшекті дұрыс ембей жүргенін, 50-70 г емеді де ұйықтап қалатынын айтады. Тамақтанғанда қатты терлейді, терісі бозғылттанып, тынысы жиілейді, көз бен ауыз айналасы көгереді. Бала бозғылт, жылаған кезде мұрын-ерін үшбұрышында цианоз пайда болады, ТАЖ минутына 60 рет, ЖЖЖ минутына 150 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшының соққысы сол жақ ортабұғана сызығынан 2,5см-ге сыртқа ығысқан, шу жоқ. Өкпеде қатаң тыныс. Бауыр қабырға доғасынан 2,0 см шығып тұрады. Анасы жүктіліктің 20-шы аптасында ЖРВИ-мен ауырған. Босану қалыпты жүрген. Клиникалық диагнозды қоюға ең мәліметті болып табылады:

/

Эхокардиография

/

Электрокардиография

/

Фонокардиография

/

Жүрек рентгенографиясы

/

Спирография

!

ЖРВИ диагнозымен 3 жасар бала ауруханаға жатты. Аурудың 3 күнінде ентігу, әлсіздік, өте әлсіз, жіп-тәрізді тамыр соғуы, көпіршікті-қақырықты шығаратын жиі жөтел пайда болған. Аускультация жасағанда екі өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Өкпенің рентгенораммасында альвеолярлы ісіну көрінісі бар. ЭХОКГ – сол жақ қарыншаның сорапты қызметінің төмендеуі. Диагноз: Жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілік. Балаға тағайындауға болмайды:

/

В-адреноблокаторлар

/

Оксигенотерапия

/

Глюкокортикоидтар

/

Зәр айдаушы препараттар

/

Жүрек гликозидтері

!

Ауруханаға жанұялық дәрігер 13 жасар баланы мынандай шағымдарымен жолдады: эпигастрии аймағындағы ауырсыну, әсіресе түнгі уақытта және аш қарынға күшейеді, әлсіздік, ашуланшақ,іштің қатуы, басы айналу, терісінің құрғақтығы, шашының және тырнағының сынғыштығы, жүрек тұсында күштемеге байланыссыз пайда болатын ауырсыну. Диагнозды негіздеуге көмектеседі:

/

Фиброгастродуоденоскапия

/

Элетрокардиография

/

Сигмоидоскопия

/

Энцефалография

/

Клиникалық қан анализі

!

14 жастағы ұл бала. Қыжыл, тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрийдегі ауырсыну. Анамнезінде әкесі асқазанның жара ауруымен ауырады. ФГДС: асқазанның антральді бөлімінде ойық жарасы. Қандай ем тағайыңдайсыз:

/

Омепразол 20 мг 2 рет әр 12 сағ. сайын, кларитромицин 15 мг/кг 2 ретке бөліп, метронидазол 20 мг/кг 2 ретке бөліп, 14 күн бойы

/

Субцитрат висмута 120 мг 4 рет, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп, фуразолидон 10 мг/кг 3 ретке бөліп

/

Сукральфат 500 мг 1 таблеткадан 3 рет, Де-нол 120 мг 1 таблеткадан күніне 3-4 рет

/

Пантопразол 20 мг 1 рет күніне, кларитромицин 30 мг/кг 3 ретке бөліп, амоксициллин 100 мг/кг 2 рет

/

Омепразол 50 мг 2 рет күніне 12 сағат сайын, метронидазол 50 мг/кг 3 ретке бөліп, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп

!

Клиникаға 8 жасар бала оң жақ қабырға астындағы қысып ауыратынына, жиі зәр шығаратынына шағымданып түсті. Бала алты сағат бұрын биіктіктен арқасымен құлаған.Тері жабындысы боз. Пульсі минутына - 120. АҚ 60/40 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, іш пердені тітіркендіру симптомы теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде гемоглобин-110г/л, эритроциттер-3,2х10¹²/л, зәрде эритроциттер саны көру аймағында 50-60 құрайды. Жедел түрде қандай тексеру жүргізесіз:

/

Экскреторлы урография

/

Лапароскопия

/

Ретроградты пиелография

/

Бүйрек УДЗ

/

Бүйрек ангиографиясы

!

Ауруханаға 13 жастағы науқас сол жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, 39°С дейінгі қызбаға, жалпы әлсіздік, тершеңдікке бейланысты түсті. Үш апта бұрын баспамен ауырған. Апта бұрын шынтақ буындарында ауру сезімі болған. Объективті: сол жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, ұстап көрсең ыстық және қозғалғанда ауырады. Басқа буындар мен ішкі мүшелер өзгеріссіз. Қан анализі: Нв-140 г/л., лейкоциттер- 16,5х109/л, нейтрофилдер- 78%, ЭТЖ- 60 мм/сағ. Диагнозды нақтылайтын қандай зерттеу тағайыңдайсыз:

/

АСЛ-О, АСГ титрі

/

Тізе буынының рентгені

/

Қандағы ВР

/

Райт-Хеддельсон реакциясы

/

Тізе буынының пункциясы

!

Етек кірі меноррагиямен жүретін 14 жасар қыз балада тырнақ сынғыштығы, шаштың түсуі, тері құрғақтығы байқалады. Қан анализі: гемоглобин – 90г/л, Эритроциттер – 3,5х1012/л, түсті көрсеткіш – 0,7, тромбоциттер – 180,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %, билирубин – 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Сіз тағайындайсыз:

/

Темірдің пероральді дәрілерін

/

Темірдің парентеральді дәрілерін

/

Аскорбин қышқылын

/

Эритроцитарлы салмақ құю

/

B12 дәруменін

!

Науқас 9 жаста, ауруханаға өте ауыр жағдайда түседі. Диабетпен 3 жыл бойы ауырады. Инсулинотерапияны 28 бірлік мөлшерінде алып жүр. Жалпы жағдайының төмендеуі диетаны бұзғаннан кейін пайда болған. Қандағы глюкозаны тексерген кезде – 24,2 ммоль/л., зәрдегі ацетон - ++++. Науқасқа инсулинотерапия бойынша сіздің әрекетіңіз:

/

Қысқа әсердегі инсулин 0,1Ед/кг есебімен сағат сайын

/

Ұзақ әсердегі инсулин 0,5Ед/кг есебімен сағат сайын

/

Қысқа әсердегі инсулин 0,7Ед/кг есебімен сағат сайын

/

Қысқа және ұзақ әсердегі біріккен инсулин терапия 0,3 Ед/кг есебімен әр бір 6 сағат сайын

/

Қысқа әсердегі инсулин 1,0Ед/кг есебімен сағат сайын

!

Отбасылық амбулаторияда профилактикалық қарау кезінде 30 жастағы науқас А-да үлкен жыныс еріндерінің беттесетін беткейінің негізінде инфильтрат пен аздаған серозды бөлініспен ет-қызыл түсті 2 дөңгеленген эрозиясы, сонымен қатар шап лимфа түйіндерінің ұлғаюы мен тығыздалуы анықталды. Анамнезінен эрозияның 10 күн бұрын пайда болғанын, ал лимфа түйіндерінің 5 күн бұрын ұлғайғаны анықталды. Төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагнозды негіздейді:

/

Қараңғы көру алаңында боз трепонемадан алынған бөліністі бактериоскопиялық тексеру

/

Қанның биохимиялық анализі

/

Акантолитикалық торшаларға жұғын-таңба

/

Боз трепонемалардың иммобилизации реакциясы

/

Иммунофлюоресценция реакциясы

!

Мейірбике фурациллин ерітіндісін дайындағанннан кейін қол басының терісіне қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданады Қол басының терісінде жайылмалы гиперемия, ісінген көптеген майда көпіршіктер мен эрозиялар бар. Препараттың әсерін тоқтатқаннан кейін жағдайы қалпына келді. Төмендегі диагнозды дәлелдейтін жолды көрсетіңіз:

/

Қабынулық көріністері кеткен соң тері сынамаларын қою

/

Дермографизм сипатын анықтау

/

Көпіршіктердің сұйықтығында цитозды анықтау

/

Диаскопия

/

Эрозия бетінен жұғын-таңба алу

!

Жиырма жастағы науқас қышумен жүретін бөртпелердің шығуына, оның түнгі уақытқа қарай күшейетініне шағымданып келді. Ауырғанына бір апта болған. Объективті: кеудесінде, омыраудың астында, омырау ұшы маңында, іштің алдыңғы-бүйір беттерінде жұпталған көптеген паула-везикулалы бөртпелер, нүктелік серозды-геморрагиялық қабыршықтар бар. Сіздің емдік әрекетіңіз:

/

20% бензил-бензоат эмульсиясымен өңдеу

 

/

Анилинді бояғыштармен өңдеу

/

Антигистаминді заттарды тағайындау

/

3% бриллиант жасыл ерітіндісімен өңдеу

/

Глюкокортикоидты майлар мен кремдерді жағу

!

50 жастағы әйелде, тоңып қалғаннан кейін кеудесінің бүйір бетінде гиперемиялылық фонда қышумен,үйдіріп аурумен бірге жүретіе көпіршіктер пайда болған. Көпiршiктер қабырғаралық нервтердің өту жолы бойынша орналасқан. Бірнеше күннен кейін зақымдану ошағында қою қоңыр түсті қабыршақтар пайда болған және Қозғалыста да, тыныштықта да күшті ауырады.Дәрiнің қайсысын тағайындау өте орынды:

/

Вирусқа қарсы препараттарды

/

Витамины

/

Антибиотиктер

/

Гистаминге қарсы препараттарды

/

 

ЗКГМУ ВОП

!

Құрғақ жөтел кезінде ұзақ уақытқа созылған қан қақыру болғанда неден сезіктену керек:

/

Бронхтың қатерлі ісігінен

/

Өкпенің кавернозды туберкулезінен

/

Бронхоэктатикалық аурудан

/

Пневмокониоздан

/

ӨСОАнан

!

Науқаста иықтың гипертрофиясы;аяқтарының салқындауы;2-3 қабырға аралығында систолалық шу; рентгенмен тексергенде қабырғалардың узурациясы қай ауруға тән?

/

Аорта коартациясы

/

Феохромоцитома

/

Такаясу ауруы

/

Кон синдромы

/

Иценко-кушинга ауруы

!

17жастағы науқас, тамағының ауырып кұрғауына, құрғақ жөтелге, жұтынғанда тамағының ауыруына., жөтелдің түнге қарай күшеюіне шағым айтады. Ауыруын тоңып қалумен байланыстырады. Ауырғанына 2апта болған. Тұмаудың дәрілерін ішкен. Жөтелі кетпеген.Дене қызуы көтерілмеген. Жалпы жағдайы бұзылмаған.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағатанарлық. Терісі қалыпты. Араны-қызарған.

Өкпесін тыңдап қарағанда-перкуторлы өкпелік тыныс күшейген. Сырылдар жоқ.

Жүрек тондары айқын, ритмді.Қан қысымы 120/70мм.сын.бағ.

Бірінші қандай ауруды ойлайсыз?

/

Брохит

/

пневмония

/

Трахеит

/

тыныс демікпесі

/

туберкулез.

!

Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар.

Сіздің диагнозыңыз:

/

Кон синдромы

/

Ишемиялық инсульт

/

Реноваскулярлы гипертензия

/

Артериялық гипертензия

/

Созылмалы пиелонефрит

!

28жастағы науқас әйел,жүректің ауырсынуына, ентігуге шағым айтып келді. Жүрек сыздап ауырады. Ауырсыну жүктемеге байланысты емес, тұрақты байқалады.Нитраттармен басылмайды. Осыдан 2апта бұрын іріңді гайморитпен ауырып, емделген.Жалпы жағдайы қанағатанарлық.Дене қызуы 38 градус.

Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ .Жүрек ұшы соққысы әлсіреген,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систола шуы,оның екпіні дене қалпын өзгерткенде күшеймейді; 1тонмен байланысты емес.ЭКГ-де ритмнің бұзылыстары-блокадалар.

Сіздің диагнозыңыз?

/

Миокардит

/

Кардиомиопатия

/

Ревматикалық ауру

/

Перикардит

/

НЦД

!

65 жастағы науқас емхана дәрігерін үйге шақырды.Науқаста сәл жүктемеден кейін төс артында қысып ауырсыну, ентігу, әлсіздік пайда болған. Ауырсыну нитроглицеринмен басылмаған.Осыдан 1ай бұрын стационарда тұрақсыз стенокардиямен емделген. Жағдайы ауыр.Ортопноэ. Терісі бозғылт, салқын тер. Қан қысымы-190/100мм.сын. бағ. ЖСС-90рет минутына.Жүрек тондары тұйықталған , ритмі бұзылған. Дәрігер ең бірінші қандай аурудың диагноын қою қажет?

/

миокардтың инфаркті

/

тұрақсыз стенокардия

/

өкпе артериясының тромбоэмболиясы

/

аорта аневризмасы

/

нейроциркуляторлы дистония

!

25жастағы ревматоидты артритпен көп жылдар бойы ауыратын әйел,емхананың дәрігеріне қабылдауға келді. 1жыл бойы преднизолонмен емделеді.

Алдыңғы жылы пневмониямен ұзақ бірнеше антибиотиктерді қабылдап емделді.

Ауырғанына 1апта болған.Жалпы әлсіздік, кешке қарай терлейді, тоңады.Тамаққа тәбеті жоқ..Денесі субфебрильді деңгейге көтеріледі, кейде одан да жоғары болады. Дене қызуы ұзақ уақытқа созылады.Сонымен қатар құрғақ, кейде аз ғана қақырықтың бөлінуіне,ентігуге шағым айтады.

Объективті қарағанда: дене пішіні арықтау.Терісі бозғылт түсті.Саусақтарының ұсақ буындарында деформация бар.Соғып қарағанда –перкуторлы дыбыстың қысқаруы, аускультативті-ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар өкпенің төменгі бөліктерінде естіледі.Қан анализінде эозинофилия. Өкпені рентгенмен тексергенде:төменгі бөліктерінде қараю, бірнеше қуыстар анықталады.

Қандай ем қолдану қажет?

/

микотикалық дәрілер

/

гликопептидтер

/

макролидтер

/

фторхинолондар

/

цефалоспориндер

!

Науқас осыдан 1ай бұрын миокардтың инфарктімен ауруханадан шыққан.Соңғы күні жүректің кесіп, шаншып ауруына, әсіресе тыныс алғанда, денесін қозғалтқанда күшеюіне, дене қызуының болуына шағым айтады.Жағдайы орташа ауыртпалықта.Жүрек тонары тұйықталған, перикардтың үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейеді.Қанда-лейкоцитоз.Рентгенмен тексергенде -плевра қуысында экссудат анықталған.Науқаста қандай асқыну дамыған?

/

Дресслер синдромы

/

Аорта аневризмасы

/

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

/

Қайталанған миокардтың инфаркті

/

Инфарктан кейінгі стенокардия

!

Науқас осыдан 1ай бұрын миокардтың инфарктімен ауруханадан шыққан.Соңғы күні жүректің кесіп, шаншып ауруына, әсіресе тыныс алғанда, денесін қозғалтқанда күшеюіне, дене қызуының болуына шағым айтады.Жағдайы орташа ауыртпалықта.Жүрек тонары тұйықталған, перикардтың үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейеді.Қанда-лейкоцитоз.Рентгенмен тексергенде -плевра қуысында экссудат анықталған.Науқаста қандай асқыну дамыған?

/

Дресслер синдромы

/

Аорта аневризмасы

/

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

/

Қайталанған миокардтың инфаркті

/

Инфарктан кейінгі стенокардия

!

68жастағы науқас ер адам, көп жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. 2 рет миокард инфаркті болған. Соңғы кезде сәл жүргенде, кимылдағанда ентігу, жүрек тұсының ауырсынуына,жүрек тоқтаған сияқты сезімге, жүректің шалыс соғуына шағым айтады. Сонымен қатар науқастың артериялық гипертензиясы бар.Объективті: науқас гипертеник,дене бітімі толық.

Терісі бозғылт, мұрын-ерін аймағында акроцианоз. Өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сирек ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі бұзылған.Қан қысымы 180/95мм.сын.бағ.ЖСС-88рет минутына.ЭКГ- топталған қарыншалық экстрасистолалар. Бауыры оң қабырға доғасы бойында.

Берілгендердің қайсысы тиімді нәтижелі ем болады?

/

Амиодарон

/

Дигоксин

/

Верапамил

/

Магнезий сульфат

/

Этмозин

!

5 жастан асқан балаларда 1 секундта форсирленген дем шығару көлемі (FEV1), өкпенің форсирленген өмірлік сыйымдылығы (FCV) және дем шығарудың максимальды жылдамдығы (PEF) нені бағалауға мүмкіндік береді :

/

Бронх обструкцияның дәрежесін;

/

Организмнің аллергизация болу дәрежесін;

/

Инфекциялық процестің айқындылық дәрежесін;

/

иммунологиялық реактивтілік жағдайын;

/

Организмде вегетативті жүйесінің жағдайын

!

Плевральдық сұйықтықта нейтрофилдер басым болған 3 жастағы балада экссудативті плеврит даму себебі не болуы мүмкін:

/

Бактериальды плевропневмония;

/

Тыныс мүшелерінің туберкулезі

/

Өкпенің қатерлі ісігі;

/

Обструктивті бронхит;

/

Қабырғаның сынуы;

!

Бала қабылдау бөліміне экспираторлы ентігу шағымымен түсті. Аускултацияда: өкпеде жайылмалы ысқырықты сырылдар, кеуде клеткасының эмфизематозды керілуі, рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі. Қандай патологияға тән?

/

жедел обструктивті бронхит

/

ЖРВИ

/

жедел бронхит

/

жедел пневмония

/

Эпиглоттит

!

10-айлық баладағы салмақтың жетіспеушілігі, тұрақты жөтел. Анамнезінде: рентгенограммада 2 жағдайда пневмония дәлелденген. Ас қорыту жүйесінде тұрақты іш қату. Осы клиникалық жағдайдағы сіздің болжамды диагнозыныз?

/

Муковисцидоз

/

Гиршпрунг ауруы

/

бронхөкпелік даму ақауы

/

Функциональді іш қату

/

Туа біткен иммунодефицит

!

Бала дұрыс жүрмейді: 5 жастағы баланың ата-анасы физикалы дамуына қалыс болуына шағымданып келді. Объективті: психикалық дамуы жасына сай, иық – жауырыны шамадан тыс дамыған. Бұлшықет гипотониясы, аяқ және денесінің төмен жағы әлсіз. Жүрек шегі солға 2 см ығысқан. Жүрек тебісі, 1 тоны күшейген. Оң жақ 2 ші қабырға аралықта систоликалық шум естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Аяқтағы пульсі анықталмайды. АҚҚ 150/90 мм сн.бғ. Болжамды диагноз қандай?

/

Аорта коарктациясы

/

вегето-тамырлы дистония

/

феохромоцитома
/

ашық артериальды өзек

/

аорта өзегінің стенозы

!

Бала 10 жаста, ауырғанына 3-ші күн, шағымы: іш ауруына, сол тізе және оң шынтақ буындарында ауырсыну және қимыл тежелуіне. 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Аурудың 1-ші күні қызуы 38,5 С, тобық буыны зақымдалған. Жүректің тұйық шектері кеңейген, тахикардия 120 рет. 1 мин, 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында систоликалық шум. Көрсетілген клиникалық жағдай қандай диагнозге сәйкес келеді?

/

Ревматизм

/

жүйелі қызыл жиегі

/

ювенильды ревматоидты артрит

/

Рейтер ауруы

/

реактивты артрит

!

Жасөспірім бала АҚҚ жоғарлауымен, сонымен байланысты басының ауруына, әлсіздікке, өтпелі көзінің көруінің нашарлауына шағымданып ЖТ дәрігерінің қабылдауына келді. Тексергенде кіндік үстінде систоликалық шуыл анықталжды. Диагнозды айқындау үшін қандай тексерулер жүргіземіз?