Респираторлы фторхинолондар

/

Макролидтер

/

Иммуномодуляторлар

/

«Қорғанған» аминопенициллиндер

/

в-лактамды антибиотиктер

!

Науқас 45 жаста, шырышты қақырықпен жөтелге, дене температурасының 38,5єС, тыныс алу кезінде кеудедегі ауыру сезіміне шағымданды. Рентгенологиялық – оң өкпенің төменгі бөлігінің ошақты қараюы.

Төменде келтірілгендердің дәрілердің қайсысы осы науқасқа соңғы 3 айда 2 күн ішінде антибактериальды дәрілерді қолданбаған, қосымша патологиялары жоқ, таңдау таңдай дәрісі болып табылады?

/

Макролидтер

/

Респираторлы фторхинолондар

/

Пенициллиндер

/

Иммуномодуляторлар

/

Биогенды стимуляторлар

!

Науқас 38 жаста, санитар. Шағымы: дене температурасының 38,4°С дейін көтерілуіне, аз өнімді қақырығы бар жөтелге, жалпы әлсіздікке – соңғы тәуліктерде пайда болды. 4 ай бұрын гриппке қарсы вакцинацияланды. Қарап тексергенде – сол жақ өкпесінде интенсивті тыныс алу шулары естіледі, ұсақ көпіршікті ысқырықты шектелген аймақта сырылдар естіледі. ТАЖ 24 рет минутына, ЖЖЖ – 102 рет минутына, АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. Қан талдауында - лейкоциттер 16х109/л дейін.

Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын бірінші кезекте орындау керек?

/

Кеуде қуысының рентгенографиясы

/

Қанның иохимиялық талдауы

/

Артериальды қанның газын анықтау

/

Қақырық талдауы

/

Қанның антибиотиктерге сезімталдығына себу

!

Ер адам 55 жаста, тәулік ішінде қақырықты жөтелге, тез жүрген уақытта, аздаған жоғарлыққа көтерілгендегі ентігу шағымданады. Анамнезінде 25 жыл ішінде күніне 1 қораптан темекі шегеді (20 сигарет). Соңғы 5 жылда тұмауратып ауырған кезде ентігудің күшеюін айтады.

Осы жағдайға ентігудің Medical Research Council Dyspnea Scale (MRS) шкаласы бойынша дәрежесі жатады?

/

1 дәрежесі

/

0 дәрежесі

/

2 дәрежесі

/

3 дәрежесі

/

4 дәрежесі

!

Ер адам 49 жаста, 2 айдан астам таңертеңгілік шырышты қақырығы бар жөтелге, физикалық жүктемеге ентігуге шағымданады. 20 жыл ішінде күніне 20 сигареттен шылым шегеді, ішімдікті көп ішеді. Қарап тексергенде –кеуде қуысының деформациясы - «етікшінің кеудесі».

Төменде көрсетілгендердің ішіндегісі созылмалы обструктивті өкпе ауруының (СОӨА) дамуына қауіп факторы болып табылады?

/

Белсенді және белсенді емес темекі шегу

/

Кеуде қуысының құрылысының аномалиясы

/

IgM өндірілуінің төмендеуі

/

Ішімдікті көп қолдану

/

Біріншілік өкпе гипертензиясы

!

Ер адам 43 жаста, жүргізуші. Профқарауда. Темкі шекпейді, ішімдік ішпейді. Тыныс везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек үндері анық, ритмді, артериальды қан қысымы 110/70 мм сын бағ, ЖЖЖ 70 соққы/мин. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауыру сезімсіз. Бауырдың төменгі қыры қабырға доғасының шетінде орналасқа, оң ортаңғы – бұғаналық сызықпен; жұмсақ, шамалы домаланған, тік, ауыру сезімсіз. Курлов бойынша бауыр өлшедері 9-8-7 см.

Қарап тексергенде – білезіктің дистальды саусақ фалангаларының қалыңдауы, науқастың айтуы бойынша – бала кезінен.

«Барабан таяқшаларының» симптомының пайда болуына ең мүмкін?

/

Тұқымқуалайтын аномалия

/

Идиопатиялық өкпе фиброзы

/

Өкпе обыры

/

Остеоартропатия

/

Бауыр циррозы

!

28 жастағы әйел адам, екі апта бойы мазалайтын жөтел, шырышты қақырықпен, мұрын қосалқыларының аймағындағы жағымсыз сезім, тыныс алу жолдарына шырыштың ағуы.

Қай диагностикалық зерттеу әдісін жүргізген жөн?

/

Мұрын қосалқыларының рентгенографиясы

/

Қақырықты бактериологиялық зерттеу

/

Спирометрия

/

Бронхография

/

Кеуде клеткасының мүшелерінің рентгенографиясы

!

38 жастағы әйел адам, аздаған шырышты қақырық бөлінетін, ентікпемен бірге жүретін азапты жөтелге, дене температурасының 38,5єС дейін жоғарлауына шағымданады. Тұмаудан кейін ауырған. Анамнезінен –15 жыл бойы темекі шегеді. Қарап тексергенде: аңқасында гиперемия. Аускультативті – тынысы қатаң, құрғақ сырылдар. Спирометрия кезінде – обструктивті синдром. Рентгенографияда - өкпе суретінің күшеюі.

Аталған жағдайда қай топ препараттарын тағайындағын жөн?

/

в2-адреномиметиктер

/

Антибактериалды

/

Вирусқа қарсы препараттар

/

Глюкокортикоидтар

/

Жөтелге қарсы

!

42 жастағы ер адам, ентікпемен қосарланып жүретін, үш аптадан аса мазалайтын жөтелге, соңғы бір аптада іріңді қақырық бөлінуіне шағым айтады. Анамнезінен –20 жыл бойы күніне 20 темекіден шегеді. Рентгенография – өзгерістер табылмады.

Аталған жағдайда қай маманның консультациясы қажет?

/

Пульмонологтың

/

Гастроэнтерологтың

/

Оториноларингологтың

/

Инфекционистің

/

Кардиологтың

!

Науқас туысымен бірге кездейсоқ өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бойынша денсаулық мектебіне қатысты. Үнемі темекі шегетіні жайлы айтады. Дәрігер темекінің зияны туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, ары қарай темекі шегетін болса ауруға шалдығатындығы жайлы айтады.

Егер науқас ары қарай темекі шеккенін тастамаса болжамалы қанша уақыттан кейін ӨСОА пайда болады?

/

10 жылдан кейін

/

3 жылдан кейін

/

5 жылдан кейін

/

7 жылдан кейін

/

15 жылдан кейін

!

42 жастағы науқас, суықтанудан кейін пайда болған жөтелге шағымданады. Анамнезінде созылмалы бронхит. Дәрігермен қақырықтың зерттеуі тағайындалады.

Асқыну кезінде қақырық зерттеуінде не болуы ықтимал?

/

Көп мөлшердегі нейтрофилды лейкоциттер

/

Көп мөлшердегі атипия белгілері бар жасушалар

/

Көп мөлшердегі эозинофилдер

/

Көп мөлшердегі эластикалық талшықтар

/

Көп мөлшердегі эритроциттер

!

32 жастағы ер адам, жатарда тойып жеген тамақтан кейін пайда болатын аз қақырықты жөтелге шағымданады. Жөтелі денесінің қалпын өзгерткеннен кейін басылады.

Ажырату диагностикасын жүргізу мақсатымен қандай диагностикалық зерттеу өткізу керек?

/