Азақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы

Сұрақ. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық – теориялық негіздері.(зерттеу әдістері). баска ғылымдармен байланысы

Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты. Қоғам дамыған сайын оқыту процестерінің де мазмұны жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Кез-келген пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымына, ал қазақ тілін оқыту қазақ тіл біліміне тығыз байланысты қаралады. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады, оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының қай түрінде болсын зерттелетін обьектіні танып білу мынадай үш түрлі әрекетпен іске асырылады, бірінші – қажетті матриалдар фактілер жинау, екінші – жиналған факті немесе материалдарды талдау, үшінші – сол фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің ғылыми –зерттеу әдістері негізінен әдістемелік әдеиеттерді талдау, зерттеу, сабақ процесін көру, бақылау, анкетамен жұмыс жүргізу, жеке әңгімелесу т.б. болып табылады.

Қазақ тілінің оқыту методикасының зерттеу әдістері теориялық методиканы жасауда жиі қолданылады. Зерттеу әдісі мен білім беру әдісінің обьектілері әр түрлі. Білім беру әдістері мектепте қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруда іске асырылады. Ал зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту методикасы туралы ғылыми методикалық еңбектер және практикалық методиканы жасау үшін қолданылады.

Ғалым Асхат Әбілқаев зерттеу әдістерін теориялық және эмпирикалық деп қарастырады. Теориялық әдістің бірі оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіссабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, оқыту әдістері жағынан өзара байланыстылығы сақталады.

Әдістемелік зерттеулерде типологиялық әдіс те көрнекті орын алады. Бұл әдіс бойынша зерттелетін обьектілер менқұбылыстар топталып, әр топтың негізгі белгілері анықталады. Типологиялық әдіс әдістеме ғылымының мәселелерін зерттеуде жиі қолданылады. (Оқытудың жолдары мен ұүйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелрді зерттеу, тілді оқыту әдістерін жіктеуге, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыс түрлері мен сабақ түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.)

Зерттеудің теориялық әдістерінің ішінде тарихи әдістің де алатын орны бар. Бұл әдіс бойынша зерттелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеоу тұрғысынан қарастырылады. Тілді оқытудың қазіргі әдістемесінің мәселелерін шешуде бұл әдіс те қолданылып отырады.

Зерттеудің эмпирикалық әдістеріне мектеп тәжірибесін зерттеу және эксперимент әдістері жатады. Мектеп тәжірибесін зерттеуде іс жүзінде қолданылып жүргендерді анықтап, есепке алу мақсатымен жүргізіледі. Бұл мағлұматтарды білу бағдарламалар мен оқулықтарды жетілдіруде, мұғалімге ғылыми-әдістемелік жәрдем беруде, озат тәжірибені зерттеп көпшілікке таратуда маңызы бар.

Мектеп тәжірибесін зерттеу әдістерінің мына түрлері белгілі:

1. Оқыту процесіне байқау жүргізу;

2. Мұғалімдер мен оқушыларға анкета тарту;

3. Мектеп құжаттарын зерттеу;

4. Әңгімелесу;

5. Жазбаша тексеру жұмыстары.

(Мектеп тәжірибесін зерттегенде алдымен оның мақсатын дәл айқындап, жоспар жасау керек, тексеру жұмысына мұқият дайындалып, сабақтарға байқау жүргізудің схемаларын жасап, оқушылар мен мұғалімдерг арнап анкета дайындау қажет).

Педагогикалық экспериментті ұйымдстырудың көп тараған түрі - эксперименттік және бақылау кластарына бөлу. Мұндай мақсатта сабақ қатар сыныптарда жүргізіледі. Екі сыныптағы нәтижелер салыстырылады да, оның пайдалылығы жөнінде ұсыныстар жасалады, ол әдістің тиімділігі дәлелденеді. Бұл ретте класта (эксперименттік) жаңа оқу матеиалы немесе жаңаша оқыту әдісі енгізіліп, басқа класта (бақылау) оқыту өзгеріссіз жүргізіледі. Екі класта да оқушылардың даярлығы мен үлгерім дәрежесі бірдей болуы қажет. Әдістмелік ғылымның дамуы үшін қазіргі кезде эксперимент кеңінен қолданылып жүр. Ол алынған қорытындылар мен ұсыныстардың ғылыми –практикалық маңыздылығының ақиқаттығын дәлелдейді. Оқыту процесін тксеру үш түрлі жолмен іске асырылады:

А) Оқыту, бақылау тексеру мәніндегі эксперимент бойынша оқытудың жалпы жайы, оқушылардың біліімі, қабілеті, дағдысы алдын –ала тексеріледі. Осындай мақсатта ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарының мәтіндері, түрлі материалдар дайындалады;

Ә) Оқыту мәніндегі эксперимент – эксперимент жүргізіліп жатқан сыныптағы зерттеушінің ұсынып отырған мәселесінің тиімділігі, артықшылығы тексеріледі. Мұнда ұзақ уақыт мұғалім мен зерттеуші оқу процесіндегі оқушылардың бүкіл ісіне бақылау жасайды.

Б) Бақылау эксперименті бұл зерттеуші жұмысының ең соңғы рет дұрыс –бұрыстығы тексеріледі. Ол екі сыныпта да, әрі эксперименттік, әрі тексеру эксперименті жүргізілген сыныпта өтіледі, өйткені ұсынылып отырған мәселенің артықшылыығ , тиімділігі, кемшілігі салыстырылады. Тиімді деген әдіс –тәсіл мектеп тәжірибесіне енгізіледі. Сондықтан да әдістеменің дамуына байланысты оның зерттеу әдістер де дамып отырады.

Ал ғалым Әбдірахман Исабаев зерттеу әдістерінің мынадай тәсілдерін ұсынады:

А) Бақылау әдісі.Бұл әдіс қазақ тілінен білім беру және оны практикалық дағдылар арқылы іске асыруда қолданылады. Қазақ тілінен теориялық білімді мектеп оқушыларына меңгертуде түрліше психикалық дағды жұмыстары жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері кластан тыс жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Олар мыналар: үй тапсырмасының мақсаты,шартты түрде үйге тапсырылатын жұмыстың көлемі, оларды орындаудың методикалық жүйесі. Мұны тәжірибе жасаушы мұғалім сабақта және сабақтан тыс орындарда бақылау жасайды.

Ә) Эксперимент әдісі.Бұл әдіс те ғылыми –методикалық еңек жасау үшін жүргізіледі. Экспериментғылыми тәжірибе деген сөз. Теориялық және практикалық еңбектер сол арқылыжазылады. Бұл әдіс қазақ тілін оқыту методикасында 1960 жылдардан кейін қолданылып келеді. Эксперимент кластарында методикалық нұсқау – болжам бойынша оқытылады, оған лайықты материалдың көлемі мен жүйесі таңдалады. Эксперименттің нәтижелері бақылау жұмыстары бойынша өлшенеді. Ол процентпен немесе цифрмен көрсетіледі.

Б) Методикалық мұраларды үйрену әдісі. ҚТОӘ - нің тарихындағы методистер С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, т.б. елеулі орын алады. Бұл ғалымдардың методикалық көзқарастары сабақ беруде үнемі қолданылады.

В) Методикалық тәжірибелерді талдау әдісі. Қазақ тілін оқыту методикасынан зерттеу жұмысын жүргізуде мұғалімдер тәжірибесі зор рөл атқарады. Сондықтан да мұғалімдер тәжірибесін жинақтау, олардың практикалық тәжірибелерін теорияға айналдыру зерттеу жұмсының басты бағыты болуға тиіс.

Аталған зерттеу әдістері, теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері өзара тығыз байланыста қолданылады.

азақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.

ҚТОӘ педагогикаға, психология мен логикаға байланысты.

Тіл білімімен байланысы. Методиканың негізгі тірегі - қазақ тілінің фактілері. Сондықтан методика қазақ тілі фактілерімен тығыз ұласып жатады. Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Мысалы тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.

Педагогикамен байланысы.Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбиеберудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика – педагогиканың маңызды бір бөлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Дидактика – грек тілінің didaktikos - өсиет деген мағынадағы сөзі бойынша жаалған термин. Сондықтан бұл сөз білім еру мен оқыту теориясы деген мағынаны аңғартады. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап –шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақта қарстырады. Педагогика негізінен тәлім –тәрбие берудің заңдарын, оларды іске асырудың жұмыс жүйесін белгілейді. Тәлім –оқушыларға берілетін теориялық білім мен практикалық дағды. Ал тәрбие – қазақ тілінен білім беруде мәтіндер, сөйлемдер, мысалдар арқылы және түрлі жаттығулар бойынша жүргізілетін жұмыс. Қазақ тілінене білім беруде тәрбие жұмсарын мысалдарды таңдау арқылы жүргіземіз.

Қазақ тілін оқытуда пәннің педагогикамен тығыз байланысы ешқашан да тыс қалдырылмайды. Қазақ тілін үйретудiң әдic-тәсiлдерiн анықтау, берiлген бiлiм көлемi мен мазмұнын белгiлеу оқытудың педагогикалық негiзiне сүйенгенде ғана дұрыс, әpi сапалы түрде жүзеге асады. Сондықтан сабақтарда жалпы дидактикалық ұстанымдар орынды қолдануды қажет етедi.

Оқыту әдiстемесi өз пәнiнiң мазмұнына тәуелдi, соны үйретедi. Соған сәйкес пән бiлiмiнiң мазмұны жетiліп дамыса, оның оқыту әдiстемесi де жетiлiп, түрлене түседі. Уақ,ыт оза пән мазмұны eскipce, оған қолданылатын әдicтеме де көнелене түседi.

Оқыту әдiстемесiн басқа ғылымдардан ерекшелендiріп тұратын негiзгi бiр өзгешелiгi - ондағы күллi оқыту үрдiсi екі жақты бiрлiктегi қарым-қатынасты керек етедi. Яғни мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты дамытады. Бiреуi оқытып үйретедi, тәрбиелейдi, екiншiлерi oқып,үйреніп, тәрбиеленуге қалыптасады. Өзара әpeкетке бағытталған езiндiк мiндеттер айқындалады.

Ал ұстаздар қауымына жалпы ортақ мақсат - терең бiлiм мен тәлiмдi тәрбиенi қалыптастыру.

Қазақ тiлi әдicтемесi - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тiлдiң қыры мен сырын балаға үйретудiң жолдары мен құралдарын зерттейтiн педагогика ғылымының бiр саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту ұстaнымдapын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлi әдiс тәсiлдерiн, бiлiмдi игертудiң ең тиiмдi, ұтымды жолдарын, iскерлiк пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейдi.

Психологиямен байланысы. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды. Тілдік материалдардың толық қалыптасуында түсінік, ой, түйсік, сезім және сигнал жүйелері үлкен рөл атқарады. Оқушыларға тілдік материалдарды толық игертуде сабақ процестерінің мәні зор.

1. Жаңа материалды таныту процесі.Жаңа материал оқушыға хабарланады. Мұның өзіндік белгілері айтылады. Оны оқушылар естиді. Материалды толық меңгертудің негізгі кепілі дағдылар арқылы іске асырылады.

2. Материалды дағдыландыру процесі.Онда тақырыптық өзіндік ерешеліктеріне қарай түрлі психикалық жұмыстар ескеріледі.

3. Материалды қайталау процесі.Қазақ тілінен өтілген күллі материалдар еске түсіріліп пысықталады. Оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімі мен практикалық дағдысы пысқталып, нығыздала түседі. Бұл көру мен жазу түйсігіне байланысты.

Мұғалім өзінің әрбір оқушысын , оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды. Оқушылардың жеке бастарының ерекшеліктерін, ойлау қаілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.

Психологияның, әсіресе, жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше. Оқушылардың ғрамматикалық ережелерді игеру процесінде, оны күнделікті практикада дұрыс қолдануда психология қазақ тілін оқыту әдістемесіне тікелей ықпал жасап отырады.

Оқу-тәрбие ісінде ең кажетті қағида - мұғалімнің өтілетін сабаққа психологиялық жағынан дайындығы. Оқу жоспарын жасағанда да, оны оқушыға жеткізуде де мұғалім баланың жас ерекшелігін, қабілетін үнемі ескеріп отыруы қажет.

Ойлау - бала өміріндегі ерекше құбылыс. Адам ойы сөйлем түрінде айтылғанда ғана түсінікті. Сөйлем - ойды жеткізіп айтудың негігі құралы, амалы. Сөйлемнің негізгі қызметі - ойды білдіру. Адамның ойы әрқашанда сөйлем арқылы беріледі. Сөйлемнің сөзден, сөз тіркестерінен тұратыны белгілі.

Ой мида бірнеше ассоциация арқылы іске асады. Мәселен, көршілестік ассоциациясын алайық. Оқушы бір нәрсені екінші бір көршілес нәрсемен бірге қабылдайтындықтан, ойына бірі түскенде, онымен көршілес басқасы да еске түседі. Мысалы, дауысты дыбысты өткен кезде оқушының ойына онымен қатар дауыссыз дыбыстар түседі. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылар тек сөз тіркесін ғана меңгеріп қоймайды, оған ұқсас күрделі сездер, атаулық тіркестерді ой елегінен өткізіп, есте қалдыруға тырысады. "Бала айналасындағы заттарды, көріністерді біліп қана қоймайды, соларды ұққысы келеді, яғни солар туралы жасасуға, хұкім һәм ой шығаруға ұмтылады" .

Мұғалім оқушыларды ойлана білуге баулуы керек. Ол үшін жаттығу жұмыстарын дұрыс таңдап алудың маңызы зор.

"Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру -науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлык тәлім-тәрбие процесінің барысында үдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі қатты ескеріледі .

Баланың ойы сөйлеу процесі негізінде жарыққа шығады. Ол ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу арқылы іске асады. Бұлардың арасындағы айырмашылық әріп пен дыбыс қатынасына ғана емес, сөз құрылысына да тән. Бала сөйлеп тұрған кезде сөздің морфологиялық не синтаксистік құрылысына назар аудармайды, өзінің ойын түсінікті етіп айта береді. Мәселен, оқушы ауызша сөйлеу кезінде сөз тіркесі мен біріккен сөздің емлесіне назар аудармайды. Бірақ жазбаша жұмыс кезінде, олардың айырмашылығын жақсы меңгерген оқушы сөйлем ішінде кездескен сөз тіркесін бөлек, біріккен сөзді бірге жазады (ақ сақал - сөз тіркесі, аксақал -біріккен сөз). Мұғалімнің тақырыптың ерекшелігін, оған ұқсас тұлғалардың айырмашылығын ашып көрсетуі баланың зейінін аударады. Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын айтады .

Сабақ үстінде баланың зейінін бір нәрсеге аудару оңай жұмыс емес. Оған мұғалімнің шеберлігі, білімділігі қажет. Адамға тән әрекеттің кез келғен түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын.

"Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды" .

Сабақтың бірінші кезеңінде (ұйымдастыру кезеңінде) оқушы зейінін өзіне аудара алмаған мұғалімнің сабағы нәтижелі болуы мумкін емес. Әрбір сабақта сілтідей тыныштық, тәртіп, құштарлана тыңдау жолында емес -хабардың көбейткіші ретіндегі зейін жолында күрес жүргізу қажет . Мұғалім балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, багдарламаның бір бөлігінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмасын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақтың кезі) үнемі аударып отырады. Мұғалімнің материалды жүйелі турде түсіндіруі, өткен материалды қорытуы, жаңа материалды тыңдауға, түсінуге оқушылардың дайындығын тексеруі зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.

Оқушы жаттығуды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасьш, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.

Сабақты психологиялық жағынан өте тартымды етіп кұру үшін сабақ әдістемелік жағынан тиімді болуы шарт. Бұл мұғалімнің материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуына, дидактикалық заңды ұстанымдарды орынды жерінде қолдана білуіне байланысты. Мұғалім оқу жұмысын ойдағыдай жүргізуі үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, қасиеттерін жақсы білуі қажет.

Психология іліміне сүйенетін болсақ, шыдамдылық белгісіне қарай барлық типтер күшті және әлсіз болып екіге бөлінеді. Күшті типтер жұмыс істеу қабілеті күшті, қиыншылықтарға төзімді болады. Олар сыртқы ортадан келетін түрлі әсерлерге төзімді, шыдамды болып келсе, әлсіз типтер морт сынып кететін болады.

И.П.Павлов сангвиниктерді - ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, козғалғыш адам, холериктерді - ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым, флегматиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен қозғалысы баяу адамдар десе, меланхоликтерді нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттайды. Темпераменттің бұл төрт түрі бір-біріне қатыспай, таза күйінде болады деуге болмайды. Көбінесе бұлар бір-біріне аралас болады. Әрбір мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп тұратындығын, яғнн ол баланың жасына, білімі мен алған тәлім-тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгерулерге түсетінін ескеріп, әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізуі қажет.

Сангвиник темпераменті басым оқушы ашық, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар болып келеді. Мұндай оқушылар сұрақ қойғыш келеді. Жылдам қозғалады, көңіл-күйі жиі өзгергіш келеді. Ол сабақтың басында қолын қайта-қайта көтеріп, сұрақ қоюы мүмкін. Егер мұғалім назар аудармаса, сабаққа деген ынтасы суып кетеді. Сондықтан мұғалім қойылған сұраққа жауап беруге тырысуы керек. Сангвиник бала мұғалімнің қойған сұрағына басқалардан бұрын жауап беріп, берілген тапсырманы бұрын орындап отырады да, енді менен сұрамайды деген оймен басқа іспен айналысуы ықтимал. Сондықтан мұндай балалармен мынадай жұмыстар жүргізілтен орынды:

- берілген тапсырмаларды тез орындаған жағдайда оны мақтап, "Сен бұл жаттығудан да қиын тапсырманы орындай аласың"-деп, қосымша тапсырма беру қажет;

- сангвиник темпераментті балада өзінің қабілетін тьш артық бағалап, сабақка дайындалмай келу кездеседі. Ондай жағдайда мұғалім баланы оқушылардың алдында ұялтып, сабаққа жауапкершілікпен қарауға бағыт беруі орынды;

- сангвиниктер мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Бірақ олар жұмылып кіріскендерімен, жылдам суып қалатын балалар. Сондықтан оларды ұдайы бақылап, жетекшілік етіп, жүмысына бағыт беріп отырмаса, жұмыстың нәтижесі төмен болуы ықтимал;

- сангвиник бала ұшкыр, ойнақы болады, бірақ бір жерден екінші жерге секіріп түсе беретін, бір әсерге аялдап тұра алмайтын тиянақсыз болады. Мұғалім оларды колға алған істі орта жолда тастауға болмайтынын айтып, үйретуі, тәрбиелеуі қажет.

Холерик темпераменті басым, күйгелек, тынымсыз, ұшқалақ, кез келген нәрсеге шамданғыш, көңіл-күйі тез өзгеретін, белсенді, пысық, бірақ ашуланшак бала. Мұндай оқушылар сабақта мұғалім сұрағанша шыдамай ұшып-қонып, орындарынан тұрып кете жаздап отырады. Ондай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Ол үшін мұғалім оған көбірек тапсырма беріп, ынтасын тапсырмаға аудару керек.

Холериктер белсенді, шапшаң қозғалады, мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Берілген жұмыстарды барлық ынталарын салып, ықыласпен орындайды. Бірақ ашуланшақ, өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, "күйіп-пісуге" дайын тұрады. Балалармен қарым-қатынас жасағанда да аумалы-төкпелі. Сабақта тапсырма беріп, бірақ сұрап үлгермесең, ашуланып, мінез көрсетіп, ренжіп қалады. Сол үшін белгілі бір мақсатқа жету үшін мынадай әдіс-тәсілдер қолданған жөн:

І.Тапсырманы сұрап үлгермеген жағдайда, "Мен бүгін үлгіре алмадым, сен үйден тағы қарап кел, мүмкін кате кеткен жерлерің бар шығар, келесі сабақта міндетті түрде тексеремін" деп алдын-ала ескерткен жөн. Сондай-ақ оқушының жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырьщ, тапсырманы жазбаша да тексеріп отыру жағын қарастыру керек. Жалпы жаңашыл педагогтар (Қ.Бітібаева, А.Ысқақов, В.Щаталов, И.Волков, Е.Ильин, С.Лысенкова т.б.) мұндай жағдайда оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу қажеттігін ескертеді. Әрбір сабақта оқушы білімін тексеріп отыру мүмкіндігі кейде жүзеге аса бермейді. Сондықтан үлестірме кеспе қағаз, перфокарта, суретпен жұмыс немесе тірек карточкалармен жаттығулар орындату арқылы білімді тексеріп, бағалауға болады. Сонда ғана оқушының білім алуға ынтасы артады.

2.Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талаптарды қалайда орындатқызу жағын ойластыру қажет.

3.Холериктер табанды, қайратты болады, қиын мәселені тез шешеді, тез орындайды. Бірақ не болса соған ашуланып, қызбалы келеді. Мұңда ескеретін жай қызбалылық тек қолайсыз жағдайға апаратын нэрсе емес, оның жақсы да жақгары бар. Қызбалы баланы мұғалімнің қызуқандылықпен істейтін жұмыстарға бағыттауы, жаңалықтарды білуге ұмтылғыш сезімін туғызуы ықтимал.

Шыдамсыз холерикті тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнен асқан байсалдылықты қажет етеді.

Флегматик темпераменті басым оқушы өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, тұрақты, бірқалыпты. Олар сабақта тыныш отырады, қасындағы балаларды мазаламайды. Берілген тапсырманы асықпай орындайды, жауап беруге де асықпайды.

Тәжірибелі оқытушы мұндай балаларды, асықпай, асқан байсалдылықпен тыңдауы қажет. Өйткені олар жауап берген кезде бірден сөйлеп кетпейді, әр сөзін сабырлылықпен, салмақпен, жайлап жеткізеді. Тәжірибесі аз мұғалімдер сабаққа дайындалмаған екен деп, ұрсып, жеңіп, тиісті бағасын қоя салады. Әрине, бұл - қате, өйткені одан мұғалім де, оқушы да жетістікке жете алмайды.

Флегматик бала кез келген жұмысты бірден, тез бастап кете алмаиды. Бірақ бір бастаса, аяқтағанша тыным таппайды. Мұғалім балаға істі бастауға көмектесіп жіберсе, ары қарай өзі-ақ іліп әкетеді. Мұның өзі асқан байсалдылықты, білімділікті, әдістер мен тәсілдерді қажет етеді. Балалардың жеке психикалық ерекшеліктерін жете білген оқытушы ғана өз мақсатына жете алады.

Қимыл-әрекеті баяу тип - меланхолик. Ол сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалады. Олар сыныптағы, мектеп өміріндегі жаңалықтарды, өзгерістерді ерекше әсермен қабылдап, көп ойлайды. Мұғалім тақтаға шығарып сөйлем жазғызса, соның өзі зор әсер етеді.

Психологтардың айтуынша, меланхоликтерге мұғалім сынып балаларының көзінше ұрсатын болса, мұндайда олар төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды екен. Істің байыбына бармай балаға ескерту жасау немесе ұрсу тәрбиелікке жатпайды. Мұғалімнің бала алдындағы беделі төмендеп, баланын оқытушыға деген сенімі жоғалады. Мұндай баламен істің мәнісін ашу үшін оңаша сөйлескен дұрыс. Меланхолик темпераментті балалар өз жолдастарының арасында кезге түспей, жай ғана жүріл-тұрғанды ұнатады. Ұялшақ, тартымшақ болады, кепшіліктен аулақ жүргенді ұнатады. Құрбы-құрдастары оларды "қорқақ", "үндемес"', "маубас" т.б. деп кекететін кездері де болады.

Осындай ерекшеліктері бар баланы оқытушы алға -тартып, қоғамдық жұмыстар беруі қажет. Сабақта ауызша жауап беретін тапсырмаларды көбірек берген орынды. Баламен жеке сөйлесіп, оның ез күшіне деген сенімін қозғау - мұғалімнің міндеті. Көп алдында көтермелеп, мадақтау -баланың сенімін күшейтіп, қабілетін шыңдайды. Балаға өскен ортаның, айналада болып жатқан өзгерістердің бәрі де әсер ететінін тәжірибелі мұғалім әр кез жадында сақтайды. Мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізуі қажет. Оқушының жасына қарай оқудағы үлгерімін, тәртібін, басқа балалармен қарым-қатынасын қадағалау, ата-анамен байланыс жасау - мұғалімнің міндеті.

Әр баланың мінезін, қабілетін, ерік-жігерін жақсы білген ұстаздың еңбегі жанады. Темпераментті тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі.

Логикамен байланысы. Логика ғылыми дәл ойлау, дұрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дұрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады. Мұғалім мен оқуш сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Мектеп оқулығындағы әр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама ережелерінің дәл болуын ойластырады. Сондықтан қазақ тілін оқыту методикасы тілдік фактілерді түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.