B) Бақбақ, шындық, маңғаз

C) Дәлдік, батылдық, маңай.

D) Растау, уылдырық, сақтық.

E) Жорамал, қасқыр, рет.

 

Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз.

А) Топқа түсу.

B) Баппен сөйлеу.

С) Әдемі қала.

D) Арлы кісі.

E) Шамалы ас.

 

Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз.

А) Ынтымақтың түбі – игілік.

B) Бірлік болмай, тірлік болмас.

С) Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.

D) Баланың бас ұстазы – ата-ана.

E) Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

 

Төрт рет тасымалданатын сөзді көрсетіңіз.

А) Аударыспақ.

B) Шапағатты.

С) Көкжиек.

D) Оңтайландыру.

E) Көңілдірек.

 

Тасымалдауға келмейтін сөзді анықтаңыз.

А) Ирелең.

B) Көлденең.

С) Әрең.

D) Тұлға.

E) Ойпат.

 

Тасымалдауға келмейтін жауапты табыңыз.

А) Еңбегі жану.

B) Қуанышқа ортақтасу.

С) Дұрыстап айту.

D) Сылқ ету.

E) Шаттыққа толы.

 

Тасымалдауға келмейтін сөзді анықтаңыз.

А) Жырақ.

B) Орақ.

С) Құрақ.

D) Пырақ.

E) Орта.

 

Буын үндестігінің ғылыми түрдегі атауын көрсетіңіз.

A) Дыбыс үндестігі.
B) Ілгерінді ықпал.
C) Кейінді ықпал.
D) Сингармонизм.
E) Тоғыспалы ықпал.

 

Үндестік заңының нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

A) 1.
B) 2.
C) 3.
D) 4.
E) 5.

 

Буын үндестігі сақталып жазылған сөзді көрсетіңіз.

A) Балгер.
B) Әсемпаз.
C) Сәнқой.
D) Өнерлі.
E) Әкетай.

 

Буын үндестігіне сай емес сөзді көрсетіңіз.

A) Жартас.
B) Кітап.
C) Қоғамтану.

D) Ұлболсын.
E) Өнер.

 

Буын талғамайтын жұрнақ арқылы жасалып тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Еңбекші.
B) Еңбекқор.
C) Еңбеккер.
D) Еңбектер.
E) Еңбексіз.

 

Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді анықтаңыз.

A) Балалық.
B) Әуезов.
C) Жігерлі.
D) Құрманғазы.
E) Балалар.

 

Буын үндестігіне сай қосымша сөзге қалай үндесетінін көрсетіңіз.

A) Буынның жуан-жіңішкелігіне қарай.
B) Дауыссыз дыбысқа қарай.
C) Тұйық буынға қарай.
D) Тек жіңішке буынға қарай.
E) Тек жуан буынға қарай.

 

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздерінің жазылуын белгілеңіз.

А) Ережеге сай жазылады.

B) Түбірі сақталып жазылады.

С) Бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке жазылады.

D) Дыбыс үндестігіне бағынып жазылады.

E) Қосымша қосуға лайықталып жазылады.

 

Буын үндестігіне сай келмейтін қосымшаны табыңыз.

А) Самалды.

B) Кітаптар.

С) Өңір.

D) Дәлдікке.

E) Күнәлар.

 

Буын үндестігінің ережесін анықтаңыз.

А) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі.

B) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардыңбірыңғай жуан болып үндесуі.

С) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай жіңішке болып үндесуі.

D) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай ашық болып үндесуі.

E) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай қысаң болып үндесуі.

 

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын анықтаңыз.

А) -тар, -лер, -паз.

B) -қой, -мен, -лық.

С) -дық, -дік, -хана.

D) -нікі, -ов, -тал.

E) -пен, -лы,-қой.

 

Буын үндестігіне бағынбайтын күрделі сөздерді көрсетіңіз.

А) Алатау, ала-құла, ырың-жырың.

B) Қалғып-шұлғып, шым-шытырық, қолқанат.

С) Сап-сары, іс-міс, жігіт-желең.

D) Аққұтан, азық-түлік, кәріқыз.

E)Атамекен, ауыл-үй, жай-күй.

 

Септік жалғауы дәнекер «і» дыбысы арқылы жалғанатын сөзді көрсетіңіз.

А) Парашют.

B) Парк.

С) Томск.

D) Хирург.

E) Тарих.

 

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.

А) Далалық.

B) Әкетай.

С) Жұмысшы.

D) Орындаушылар.

E)Көркемірек.

 

Кісі аттарындағы кейінді ықпалды табыңыз.

А) Болатқожа, Алшағыр.

B) Таңшолпан, Дәмежан.

С) Ханшайым, Зәмзагүл.

D) Сәрсенбек, Ауданбай.

E) Айдархан, Әубәкір.

 

Қатаңға аяқталған сөздердің соңғы дыбысын өзгертетін қосымшаны табыңыз.

А) Жіктік жалғауы.

B) Тәуелдік жалғауы.

С) Септік жалғауы.

D) Көптік жалғауы.

E) Сөз тудыратын жұрнақтар.

 

Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.

А) Тамшыдан тама-тама дария болар.

B) Терең құдықтың суы тәтті.

С) Көптің құрығы ұзын.

D) Көп жүрген жер көңілді.

E) Сараңдық пен арамдық ағайындас.

 

Қосымша қосылғанда кейінді ықпалдың әсерінен өзгеретін түбірді табыңыз.

А) Зыт, қаш.

B) Тарт, жар.

С) Ор, құлат.

D) Кеп, жап.

E) Жат, сат.

 

Тұтастай ілгерінді ықпалға бағынған мақал-мәтелді табыңыз.

А) Арықтың жілігі татымас.

B) Тату үйдің тамағы тәтті.

С) Қымызы бар үйдің қызығы бар.

D) Жұмысы бағу еді.

E) Піл көтермегенді тіл көтереді.

 

Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.

А) Ала-құла, іске қосу.

B) Асқан сұлу, келген еді.

С) Орамжапырақ, қылшық-қыбыр.

D) Қақ төрі, алып кет.

E) Қосымшасы бар, жазғы леп.

 

Орфоэпияның негізгі нормасын көрсетіңіз.

А) Ережеге сай айтылу.

B) Түбір мен қосымшаның үндестігі.

С) Дыбыс үндестігі.

D) Буын үндестігі.

E) Орфографиялық норма.

 

Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.

А) Алағ-жұлақ, бөлтірік, бір тектес.

B) Бірыңғай, ата тек, шаң сорғыш.

С) Тауқымет, төрттаған,сүт қоректі.

D) Қараөзек, қара шымшық, шай қурай.