Азақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері

Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді.

 

Байқау әдісі.Бұл әдістің қажеттілігі бұрынғыға қарағанда қазір мектептің өмірмен байланысын нығайту, оқушылардың белсенділігін арттыру талап етілген кезде күшейе түсті. Грамматиканы оқытқанда байқау әдісі жақсы нәтиже беру үшін мұғалім оқушыларды байқауға дайындауы керек. Мұғалім оқытудың байқау әдісіне қойылатын мына талаптарды білуге тиіс:

А) Оқушылардың нені байқайтынын дұрысап түсіндіру (тақтаға мысал жазғанда немесе көрнекілік ілгенде нені байқау керек екенініне назар аудартады. Мысалы, байланысудың қай түрі немесе қызылмен жазылған обьекті нені көрсететінін т.б.).

Б) Байқағанда оқушы назары алдымен не нәрсеге, сонан кейін қайсысына аударылатынын айту, яғни байқаудың жоспары мен жүйесін үйрету.

В) Байқаудың мақсаты мен оның пайдасын таныту. Мәселен, сөз тіркестерін жазуда да, сөйлеуде де дұрыс қолдана білу үшін оның мағынасы мен формаларын білудің міндет екенін аңғару.

Г) Байқалғандарынан ненің басты, ненің қосымша фактор екенін аңғару.

Д) Байқалған фактілерінің негізінде дұрыс ой қорытындысын шығару.

Е) Ой қорытындысының дұрыстығын байқаған фактілерімен дәлелдеп беру.

Байқау аз уақыттық та, көп уақыттық та болып келеді. Қазақ тілі грамматикасынан білім беруде ең тиімді байқау – аз уақыттық байқау. Себебі, байқаудың тым ұзаққа созылғаны оқушыларды жалықтырады. Сондықтан да аз уақыттық байқау тиімді.

 

Түсіндіру әдісі.Қазақ тілінен берілетін білімнің бәрі бірдей оқушылардың байқауы арқылы меңгеріле бермейді. Сондықтан да тілдік – теориялық материалдар оқушыларға мұғалімнің түсіндірілуі арқылы да меңгертіледі. Оқу материалдарын түсіндіру бір – ақ ізбен жүрмейді, ол түрленіп отырады. Негізгі түрлері мыналар:

А) Бағдарлама мен оқулықтағы берілетін білімді түгел түсіндіру.

Б) Оқулықпен бағдарламадағы көрсетілген материалдардың ең негізгісінг ғана мұғалімнің түсіндіруі. Қалғанын оқушылар мұғалімнің көмегімен өздері игереді.

В) Оқушыларға бағыт беру. Мұғалім жаңа материалды өтерде оқушыларға тек тек бағыт береді. Оқушылар көрнекі құралды пайдалана отырып, ол материалды өздері меңгереді. Мысалы, зат есімнің түрленуіне арналған кестеге қарап, зат есімнің қандай жолдармен түрленетінін айтып береді.

Г) Оқушылардың өздігінен түсінуі немесе түсіндіруі. Мұғалім өтілетін тақырыпты хабарлайды да, көрнекі құралды іледі. Мұғалім тыңдайды да, оқушылар жаңа материалды түсіндіреді. Осыған байланысты түсіндіру әдісін мақсатына қарай мұғалімнің түсіндіруі және оқушының түсіндіруі деп екіге бөлуге болады.

 

Гіме әдісі.

Бұл әдісті кейде сұрақ – жауап әдісі деп те атайды. Себебі, әңгіме әдісі бойынша оқушыларға оқу материалдарын меңгерткенде, мұғалім сыныпқа жетекші сұрақтар қояды. Оқушылар оған жауап қайтарады. Мұғалім оқу материалын өзінің сұраулары мен толықтыруы, оқушылардың жауаптары арқылы меңгертеді. Әңгіме әдісіне үнемі мұғалім сұрақ қоя бермейді, кейде оқушылар да сұрақ қояды. Әйтеуір сыныпқа қойылған сұрақтар әңгіме туғызуға себепші болады. Әңгіме әдісін мынадай жүйемен өткізуге болады: а) Оқушылардың тілдік материалды бақылауы. Көрнекі құралдар мен дидактикалық мысалдарды оқушыларға дауыстап оқытады; б) тілдік материалды сұрақтар негізінде меңгеруі. Мұғалім сұрақ қояды да, оқушылар оған жауап қайтарады; в) материалдың өзіндік белгілерінің сұрақтар арқылы айтылуы; г) сұрақ –жауап бойынша тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне орай ережелер мен анықтамалардың шығарылуы.

Грамматикалық білім беруге қолданылатынәңгіме әдісі үш түрлі:

А) Хабарлайтын әңгіме

Б) Эвристикалық әңгіме

В) Еске түсіретін әңгіме

Хабарлайтын әңгіме дегеніміз – оқушылардың бұрыннан білетін білімі мен тәжірибесіне және байқауына сүйене отырып, сұрақ – жауап арқылы мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі.

Эвристикалық әңгіме дегеніміз сұрақ – жауап арқылы жаңа материалды оқушылардың өзіне меңгерту.

Еске түсіретін әңгіме дегеніміз- қайталау, жинақтау арқылы оқушылардың грамматикадан бұрыннан білетін білімін бір жүйеге келтіру және соларды практикада қолдандыру.

Әңгіме әдісінің нәтижелі болуы көбіне мұғалімге, оның қойған саулдарына байланысты болады. Мынаны ескеру керек:

А) Әңгіме кезінде мұғалім аз, оқушылар көп сөйлеуге тиіс.

Б) Сұрақ алдымен сыныпқа қойылып, жауап беретін оқушыны содан соң орнынан тұрғызып сұрау керек.

В) Сұрақ анық және айқын болуы керек.

Г) Қиын сұрақтар қайталану керек.

Д) Сұраққа оқушылардың қысқа да немеасе толық та жауап беруін талап ету керек.

Е) Жауапқа барлық оқушы қатысуы керек.

Ж) Бір оқушыдан сұрай беруге болмайды, ол жалығып кетеді де өзгелер назардан тыс қалады.

З) Оқушыдан уақытты үнемдеу үшін карточка арқылы да сұрауға болады.

К) Оқушы жауап ергенде кітапқа немесе өзге оқушының айтқанын қайталамауды қадағалау керек.

Әңгіме әдісін пікірталас әдісімен де алмастыруға болады. Бірақ пікірталаста мұғалім оқушылардың даму деңгейлерін (қабілеттерін) ескеріп отырғаны жөн.

 

Жаттығу әдісі.

Мұғалім терең білімді оқушылар санасына өте тиімді жеткізгенімен, жаттығу жұмыстарын жүргізбесе, ол көпке бармай, ұмытылып қалады. Мұғалім жаттығуға байланысты мыналарды білуге міндетті:

А) Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.

Б) Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынын сезіну керек.

В) Жаттығу оқушының қызығушылығын туғызуы керек.

Г) Жаттығулар кездейсоқ емес, белгілі бір жүйемен орындалуы тиіс.

Д) Жаттығулар түрлі – түрлі болып келуі керек.

Е) Жаттығулар тек таяуда ғана өтілген материалға негізделмей, бұрын өтілген материалдарды да қамту керек.

Ж) Жаттығулар оқушылардың көп уақытын алмауға тиіс.

З) Шығармашылық жаттығулардың көбірек болуы қажет.

И) Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.