сұрақ Оқытудың жаңа технологиялары. Модульді оқыту технологиясы

Технология - шеберлік туралы ғылым деген ұғымды білдіретін грек сөзі. Педагогикалық технологияға әдіскер ғалымдар мынадай анықтамалар береді: "Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулардың жиынтығы, педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б.Т.Лихачев)". " Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде сипатталады. Сабақ процесінде белгілі бір технологияны қолдану арқылы мұғалім жоғары нәтижеге жетуді мақсат етеді. Бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Ахмет Байтұрсынұлы: "Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оқу үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру... Мектептің жаны -мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һэм сондай болмақшы...»- деген екен.

Дебат технологиясы.Карл Поппердің дебат технологиясы тілдік тұлғаның дамуына көмектеседі. Бұл технология оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Компьютерлік технология.Қазақ тілі сабағында компьютерді пайдалану оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Топтастыру технологиясы. Әдіскер В.К.Дьяченконың пікірінше, топтастыра оқыту оқыту тәсіліне қатысты. Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ ұйымы, лекция-семинарлық жүйе, белл-ланкастерлік жүйе, зертханалық-топталған әдіс, сызба әдісі, трамп әдісі болып сараланады. Ужымдық оқыту технологшсы.Бұл технологияның негізгі әдісі - тапсырмамен алмасу. Ең бірінші алты-жеті адамнан тұратын топ құрылады. Мұғалім әр топқа дайындаған тапсырмаларын таратады. Әр топ мүшесіне жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар бір-бірімен тапсырма алмасады. Дамыта оқыту технологиясы.Бұл технологияда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін оқушы осы уақытқа дейін өзінің алған білімінің жеткіліксіз екендігін сезінетіндей болуы қажет. Содан барып оның білім алуға деген ынтасы мен қызығушылығы артады.

Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекеттерінен ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жеткізу деген сөз.

Оқытудың жаңа технологиялары

Модульді оқыту идеясының пайда болуын шетел зерттеушілері 1960 жылдың аяқ кезі мен 1970 жылдың бас кездеріне саяды. Америкалық психолог С.Н. Послезвайт оқыту мазмұнының бірлік тұжырымдамасын жасаған. Осы тұжырымдама бойынша автор оқу материалдарының өте шектеулі мөлшерін «автономды бірлік» деп санай отырып, оны еркін әр түрлі сабақ бағдарламаларына кіріктіре алуға болады деп ұсынды. С.Послезвайт оны шағын курстар деді. Алғашқы шағын курстар 1970 жылдары АҚШ-тың университеттері мен колледждеріне енгізе бастаған. Ол модульді оқытудың бір түрі бола оқу бағдарламасы мынандай пакеттерден тұрады: «оқу пакеті», «меңгеру пакеті» және «жеке оқыту пакеті». Модульді оқыту Англия, АҚШ, Швейцария, Канада және тағы басқа шетел мемлекеттерінің кәсіби білім беру оқу орындарында кеңінен таралған. Ресейде модульді оқытудың алғашқы белгілері 1920 -1930 жылдары Еңбек институты орталығы(ЦИТ) жасаған кәсіби оқыту тұжырымдамасында модульді принципке негізделген еңбек процесіндегі қарапайым операциялар мен жүйелі қозғалыстарды бөлу керектігін жүзеге асыру ұсынылған. Яғни, қысқа мерзімде арнайы оқу материалдарын меңгере отырып, оның іскерлігін дағдыландыру жаттығуларын орындап, мамандану бойынша курстармен аяқтау болып табылды. Сол жылдары бір жарым миллион жұмысшы жастар 400 оқу базасында 200 мамандық бойынша білім алған.

Модульді оқыту технологиясының тұжырымдамасын американ зерттеушісі Дж. Рассель жасаған. Ол модуль деп - білім алушылардың әрекетін бірізділеу және оқу материалының тұжырымды бөлігін қамтыған оқу жиынтығы (пакет) дейді. ЮНЕСКО - ның тезаурусында модульді оқытудың бірнеше туынды балама ұғымдары бар: модульді әдіс, модульді жол, модульді дайындық.

Ол технология идеясының негізі мынада болды:

- бағдарламалаудың аралас болуы;

- оқу материалының блокты берілуі;

- тікелей және кері байланыс;

- бақылау мен өзіндік бақылаудың ұштасуы.

ТМД елдерінде модульді оқыту технологиясын қарастырған ғалымдар П.Юцявичене, М.А.Чошанов, П.И.Третьяков, Т.И. Шамова, ЕА.Ермоленко және т.б.

Қазақстанның білім беру оқу орындарында модульді оқытудың технологиясын зерттеп, оның нәтижесін тәжірибеге ұсынған М.М.Жанпейсова болды. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді кӨздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың

алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын түзу. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлануына кӛмектеседі. Технология жобасындағы негізгі нысана – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.

Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушылардың Өзін өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.

Модульді оқыту теориясы мына қағидаларға негізделеді:

- модульдік;

- оқыту мазмұнынан жеке элементтерді бӛлу;

- динамикалылық;

- білім мен оның жүйесінің әрекеттілігі мен жеделдігі (оперативтілігі);

- икемділік;

- саналы болашақтық;

- әдістемелік кеңесінің жан-жақтылығы;

- тепе-теңдік(паритеттілігі).

Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогін атайды. Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші хабарлаушы ролін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала алады. Бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай мазмұнына өзгерістер енгізе алады. Мәселен, Н. Нечаев оқыту іс-әрекетіндегі мәселені шешуді қарастыру барысында нәтижесін көру жұмыстың іс-әрекет әдістеріне байланысты екеніне тоқтала келіп, модульдік оқытудың мақсаты тәжірибелік, дамытушылық және ойлауды қалыптастыратын іс-әрекет әдістері деп түйіндейді. Тәжірибелі педагогтер Ш. Амонашвили, Л.

Бұл технология

-баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:

-танымдық поцестерін дамытуға

— жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:

-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.