ГАЖ дың құрылысы және оның негізгі функциялары

Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін берілген мәліметтерді компютерлік өңдеуден өткізу жүйесін құру керек.Ол үшін ГАЖ автоматты жинақтау,сақтау,өзгерту және геоақпараттарды беру ЭЕМ және автоматтандырылған түрде жасалынған.ГАЖ дың құрылымын В.Г.Линниктің төмендегідей жобасы ретінде құруға болады.

Жалпы түрде ГАЖ дың құрылымы мынадай.

Бағдарламалық техникалық кешен:Ақпараттық блок,үлгілеу блогы

Бағдарламалық техникалық кешен

 

ақпараттық блок   Қолданушы диалогын басқару жүйесі   Үлгілеу блогы

 

Бағалау жане шешім қабылдау блогы

Көп мақсаттағы ГАЖ дар көптеген жұмыстарды шешуде қолданылады.Осы жұмыстарды атқару барысында төмендегідей функционалдық мүмкіндіктер пайдаланылады:

-белгілі бір заттың банкідегі дайындығы және кіріспесі

-ақпараттық анықтамалық үлгілеу

-имитациялық үлгілеу

-эксперттік үлгілеу

-автоматтандырылған карта құру

-картометриялық есептеу

Осы аталған жұмыстарды шешу үшін өңделген мәліметтерді картографиялық түрде дайындап,алгоритімдік жіне қолданбалы бағдарламалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет.

ГАЖ физикалық-географиялық есептерді шешуге белгілі бір мүмкіндік береді:ландшафтардың морфологиялық құрылымын зерттеуге ,физ.географиялық аудандастыруды жасауға және т.с

Бұл жүйе ізденіс ,белгілі сұраныс бойынша ақпараттық анықтама жүйесі ретінде және геожүйедегі математикалық үлгілеуді немесе динамикалық талдау мақсатында сараптамалық бағалау жүйесімен байланысты қолданылады.

 

Дәстүрлі картография және ГАЖ функцияларындағы айырмашылықтар

Карта   ГАЖ
Енгізу жүйесі
Енгізу ; қағазға жазу(компиляция) 1)нүктелер 2)сызықтар 3)облыстар Енгізу;компютер жадына жазу(кодтау) 1)нүктелер 2)сызықтар 3)облыстар
Бастапқы мәліметтер 1)аэрофотосуреттер 2)қашықтықтан зонттау 3)геодезиялық жұмыстар 4)ауыз-екі сипаттамалар мен нобойлар 5)статистикалық мәліметтер Бастапқы мәліметтер ;картаға қажетті мәліметтер сондай-ақ 1)дайын сандық карталар 2)жергілікті жердің және жер бедерінің сандық модельдері 3)сандық аэро және космосуреттер 4)лазерлік сканерлеу 5)сандық мәліметтер базасы
Таңдау және сақтау жүйешесі
Нүктелер,сызықтар және облыстар қағаз бетінде символдар көмегімен салынады Нүктелер,сызықтар және растр уяшығы немесе компютердегі координаттар және идентификаторлар ретінде сақталады.Атрибуттар кестесі геометриямен байланысты.
Таңдау бұл картаны оқу Таңдау компютерлік іздеудің тиімді әдістерін қажет етеді.
Талдау жүйешесі
Аналитик –адам пайдаланатын сызғыш,планиметр,тронспортир және басқа да құралдар қажет Мәліметтер базасындағы ақпараттарды салыстыру өлшеу үшін компютер мүмкіндіктері пайдаланылады.
Мүмкіндіктері қағаз картада бейнеленген және топталған мәліметтер арқылы шектелген Бастапқы мәліметтерге жылдам қол жеткізуге,ары қарай талдау жүргізу үшін ,мәліметтерді топтауға және қайта жіктеуге мүмкіндік береді.Бір мәлімет бірнеше рет пайдаланыла алады.
Шығару жүйешесі
Тек графиктік түрде шығарылады.Картаның көптеген формалары болады.Карта модификациясында картаграммалары болуы мүмкін. Карта-шығарудың бір ғана түрі.ГАЖ карта жасауда шексіз мүмкіндікке ие.Кестелер, графиктер,диаграммалар,суреттер және т.б.кірістіре алады.Шығарудың дәстүрлі емес формалары;интерактивті шығарылым,мәліметтер базасын жіберу,видео және т.б.

 

ГАЖ-дың мәні

ГАЖ-дың мәні неде? Географиялық зерттеушілер үшін ГАЖ технологиясы ол медицинадағы компьютерлік томограф немесе бүгінгі таңдағы кітап шығарудың баспа бағдарламалары секілді. Яғни,бұл жұмыс өнімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік беретін қуатты инструментарий болып табылады. Алайда бұл тек қана инструментарий ғана емес. ГАЖ сондай-ақ кеңістіктік мәліметтерді кеңістікте көрсете отырып жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жұмыстың жаңа идеологиясы. Ал кеңістіктік ақпарат адам жұмыс жасайтын барлық ақпараттың 70-80%-ын құрайды. Жақсы жоспарланған ГАЖ:

Кеңістіктік және басқа типтегі ақпаратты біртұтас жүйеге біріктіреді,географиялық мәліметтерді талдау үшін келісілген құрылымды құрады;

Кеңістіктік ақпараттың карта және басқа көздерінің сандық формаға ауысуы арқасында географиялық білім және олардың кескінін манипуляция жасаудың жаңа әрі қызықты жолдарын ашады;

Географиялық жақындық туралы мәліметтерге негізделе отырып, әрқилы процестер және құбылыстар арасында өзара байланысты ашады;

Олардың географиялық жағдайы арқылы әкімшілік сипаттағы (жекеменшігін иемдену,салық туралы мәлімет,коммуналды кабельді және құбырлы жүйелер) мәліметтерге жол ашады;

Мәліметтерге географиялық көзқарасты қолдана отырып, оларды жаңадан

түсіндіруге және түсінуге мүмкіндік береді, ресурстың және іс-әрекеттің әрқилы түрлерін басқару және түсіну үшін олардың мәндері аса маңызды болса да, ГАЖ-сыз өзара байланыстар жиі байқаусыз болып қалады;

 

ГАЖ құрылымы

Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін берілген мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізу жүйесін құру керек. Ол үшін ГАЖ – автоматты жинақтау, сақтау, өзгерту және геоақпараттарды беру ЭЕМ және автоматтандырылған ГАЖ – дың құрылымын В. Г. Линниктің төмендегідей жобасы ретінде құруға болады. Ол 5 блоктан тұратын бір – бірімен тығыз қатынаста болатын ГАЖ – дың үлгісін В. Г. Линник бойынша қарастырайық

Көп мақсаттағы ГАЖ – дар көптеген жұмыстарды шешуде қолданылады. Осы атқару барысында төмендегідей функционалдық мүмкіндіктер пайдаланылады:

  • Белгілі бір заттың банкідегі дайындығы және кіріспесі;
  • Ақпараттық – анықтамалық үлгілеу;
  • Имитациялық үлгілеу;
  • Эксперттік үлгілеу;
  • Автоматтандырылған карта құру;
  • Картометриялық есептеу;

Осы аталған жұмыстарды шешу үшін өңделген мәліметтерді картографиялық түрде дайындап, алгоритмдік және қолданбалы бағдарламалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет.

ГАЖ аймақтардың табиғи ерекшеліктерін, динамикасын, үлгілеу жүйесін зерттейтін құрал сияқты ақпараттық негіз ретінде қарастырылуы мүмкін. ГАЖ – төмендегідей физикалық – географиялық есептерді шешуге белгілі бір мүмкіндік береді: ландшафтардың морфологиялық құрылымын зерттеуге, физикалық – географиялықдандастыруды жасауға және т.с.

Бұл жүйе ізденіс, белгілі сұраныс бойынша ақпараттық анықтама жүйесі ретінде және геожүйедегі математикалық үлгілеу немесе динамикалық талдау мақсатында сараптамалық бағалау жүйесімен байланысты қолданылады.

12.ГАЖ.ды ұйымдастыру иерархиясы.Бұл кезде автоматтандырылған үдерістер жинағы және геог.лық жүйелердің параметрін талдауды ескеру керек. Ақпаратты қабылдау және өңдеу тұтас бір үдеріс болып қаралады. Ақпараттық технологияның кезеңдері ГАЖ-ды құру және пайдалану келесі сатылардан тұрады;алғашқы мәліметтерді жинау,мәліметтердің кіруі және сақталуы, оларды талдауы,сценарилері, хабарламалық кезеңдердің технологиялық қабылдауы, гое мәліметтердің төңделуі және шешім қабылдау. Алғашқы мәліметтер жинау.ГАЖ-ға келіп түсетін ақпараттардың көзі ір түрлі болуы мүмкін.Экспедициялық тәжірибелердің нәтижелері ( карталар, күнделік жазбалар,кшендік суреттеу), кескіндеу мәліьеттер және т.б. Әр кезеңдегі тәжірибешілердің байқауы бойынша , түскен ақпараттың ең басты талабы-сол мәліметтерді салыстыру. Мұндағы қол жеткен табыс –даладағы жиналған мәліметтердің нақты әдістерін пайдалану және де мәліметтердің тұтас әдістемелік бірінші өңдеулері. Мәліметтердің кіруі және сақталуы.Жиналған мәліметтерді ЭЕМ-де өңдеуге дайындау керек. Осы қойылған мақсат бойынша алғашқы талдау орындалады. Бқл өзінің қатарында нақтылы мәліметтердің тексерілуін,толықтығын және нақтылығын кіргізеді. Қойылған талапқа сәйкес келмеген мәліметтер істен шығарылады. Аймақтық ГАЖ-дың негізі тақырыптық карта болып таб. Сондықтанда ең басты көңіл қоятын жағдай кортаграфиялық ақпараттың толықтығы мен нақтылығына байланысты. кортаграфиялық ақпараттағы ең басты орын алатын мәселе –өңдеу пішінділігі, бұл алғашқы мәліметтердің жойылуы мен бұрмалануына әкеліп соқпауы керек. Мәліметтерді талдауы.Пайдаланушының сұранысына байланысты мәліметтерді талдауды атқару тәртібі, оның іріктелуі мен ізденісінен басталады. ГАЖ мәліметтік талдаудың мүмкіндігін әртүрлі тәртіпте қолдайды:үлгілік, сараптамалық және анықтамалық түрде. Қажетті түрде мәліметтер орындалады, ол іріктелудің бірыңғайлылығын айтуға көмектеседі, жіктеулік тапсырманы шешуге көмектеседі. Үлгілік шешімдердің нақтылығы статистикалық критерийді орнату,а пайдаланылады.Мәліметтің сценарийлері және шешім қабылдауы.ГАЖ-дың құрылуы өз кезегінде көп уақытты және еңбек қорларын қажет ететін кезең. Сондықтан ГАЖ ғылыми-тәжірибелік тапсырмаларды шешу үшін ғана емес, іс-жүзіндегі әр түрлі қажеттіліктерді қамтиды. ГАЖ-дың жұмыс істеу қағидалары.ГАЖ дегеніміз тақырыптық қабаттардың бірігуі негізінде пайда болады. Яғни оған құралдар мен жабдықтар қабаттасып, қазіргі жағдайлар мен жоспарланған шараларды бөлшектеп елестету мен ғаламдық атмосфера айналымын өңдеу жатады.