Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі

Ереже Мысал
Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөз заттанып, бастауыш болады. Тарс -тұрс еткендер жақандағандай болды.
Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркескенде, күрделі баяндауышқызметін атқарады. Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді. Кенет артына жалт қарады.
Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп келіп, сондай-ақ заттанып, толықтауышболады. Жарқ-жұрқтан көзің талып, даң-дұңнан құлақ тұнады.
Еліктеу сөз етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болады. Тарс-тұрс еткен дыбысқа барлығы елеңдей қалды. .Жүгірген бойы өзенге күмп беріп қойып кетті.
Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп, зат есім алдынды тұрып, ол анықтауышболады. Сол кезде алдынан бұрқ еткен шаң шықты

 

 

Одағай толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретінжәне жан-жануарларғақаратылып айтылатын сөздер.
Мағынасына қарай
Көңіл күйодағайлары Жекіруодағайлары Шақыруодағайлары.
Адамның түрлі көңіл-күйін білдіреді тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады хайуанаттарды, жан-жануарларды шақыруға не қууға байланысты айтылатын сөздер
пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап. тәйт, тек, жә. құрау-құрау, моһ-моһ шөре-шөре;

 

Одағайға тән негізгі белгілер:

Ереже Мысал
Лексикалық мағынасы болмайды Әттең, япыр-ай
Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді Қап, алып тастау керек еді
Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды Әттең,қазір жанымда әкем болғанда ғой

 

 

Шылау толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер.
Мағынасына қарай
Септеулік шылау Жалғаулық шылау Демеулік шылау
Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салыстыра байланыстырады. Сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді.

 

Ереже
Толық лексикалық мағынасы болмайды
Сөйлем мүшесі бола алмайды
Түрленбейді (жалғаулар жалғанбайды)
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және басқа сөздің жетегінде келіп, оған қосымша мән үстейді

Септеулікшылаулар екі түрлі қызметатқарады:

 

1.Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы: ел үшін тер төгу; үйге қарай аяңдау; туған жер жайлы толғану, Бауыржан сынды батыр, жүз қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т. б.

 

Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы: Күн бұлттанған сайын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.

2.

Септеулік шылау

Ереже Септеулік Мысал
Атау септігіне қатысты септеулер Туралы, жайлы, сияқты, тәрізді,сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы, үшін,сайын Хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу
Барыс септігіне қатысты септеуліктер Шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін Орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзге жуық жылқы
Шығыс септігіне қатысты Соң, гөрі, бері, әрі, бұрын Сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу
Көмектес септігіне қатысты Бірге, қатар, қабат Сонымен бірге

Жалғаулық шылау

Ереже Септеулік Мысал
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі. Әсет пен Мұса келді
Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе, сөйтсе де, сөйткенмен Көктем келді, бірақкүн жылынбады.
Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса Мақсат үлкен,сондықтан әрекет ету керек.
Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті. Оны немен, не сен істейсің.

Демеулік шылау

Ереже Септеулік Мысал
Сұраулық демеуліктер ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі) барасыңба? – барамысың? келесің бе? – келемісің?
Күшейткіш демеуліктер -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді
Болжалдық демеуліктер -мыс, -міс, -ау, екйде болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс.
Болымсыздық немесе қарсы мәнді салыстыру демеуліктері түгіл, тұрсын, тұрмақ. Ол түгіл, сен тұрмақ.
Шектік (тежеу) демеуліктері ғана, қана, тек, -ақ тек қана, сен ғана.
Нақтылау мәнді демеуліктер қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді.

-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -дыдемеуліктері дефисарқылы жазылады.

Кейде бұл шылау –мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пітүрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады.

Синтаксис(грекше «syntaxis») сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелерітуралы қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатынзерттейтін ілім.

Толық мағыналыкемінде екі сөздің тұлғалықжәне мағыналықжағынан байланысқан тобысөз тіркесідеп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:

● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

 

толық мағыналы кем дегенде екі сөздентұрады;

 

● сөз тіркесінің құрамындағысөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылыбайланысады;

 

● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынастыбілдіреді.

 

Ереже
Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады және екеуі екі түрлі сұраққа жауап береді
Өзара граматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады.
Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.

 

 

Сөз тіркесінің құрлысы
Бағыныңқы сөз Басыңқы сөз
Тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін Бірінші сөз Сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз
Жаңа киім,айтуға құмар, оның екеуі Жаңа киім,айтуға құмар, оның екеуі

 

 

Сөз тіркесінің түрлері
Есімді сөз тіркесі Етістікті сөз тіркесі
Басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі
Жаңа киім,айтуға құмар, оның екеуі, менің бұным Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір. Жел соқты, соғыс аяқталды Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б.

 

Тұрақтысөз тіркесі – екінемесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.