Моңғол тілінен енген сөздер

Монгол тілдерінен түркі тілдеріне немесе түркі тілдерінен .өзарга қандай сөздер ауысқан және қашан ауысқан, қандай себептермен ауысқан деген сұрауга бірден жауап беру өте қиын мәселе. Бұл әлі әбден дәлелденііт, терең жан-жақты тексеріліп, түпкілікті шешілмеген. Зерттеушілердің бәрі де қазақ пен монғол халықтарының өзара сөз ауысу қүбылысын өткен дәуірлердің жемісіне жатқызады. Шындыгы да солай сияқты. Бұл екі түрлі халықтың тілдерінде түлгасы (дыбысталуы) мен марынасы ұқсасып, тектес, әрі мәндес болып келетін сөздер көп-ақ. Мысалы: ноен (ноян), нохор (нөкер), нүүр (нұр), отор (отар), |тар (қолдық қары), жил-(жыл), жим (жым) жороо (жорға), завсар (жапсар), магнай (маңдай), мөнх (мәңгі), мәч (ин) (мешін), санаа (ІІ) (сана), сүүн(н) (сүт), төмөр (темір), туг (ту), намал (түиемел), тэгш (тегіс), тэнгэр (тәңір), унжгар (ұн-:рға), хавх (қақпан), хайран (қайран), хайч (ии) (кайшы), Ірамч (қарау), хатан (қатын), хөл (қол), хөк (көк), хуч (ин) күш), эр (ср, еркек), эрх (ерік), авга (ага), алаг (ала), ан (г), ),бүтэт (бүгін). (Монғолорос толь, 1957). Осы сөздерді қай халықтан кай халық алғандығы өте даулы мәселе. Түрік халықтары монғолдан алды ма, әлде керісінше болды ма, мүны долелдейтін нақтылы фактілер әзірге жоққа тән аҚазқ тіліндегі сөздерді сөз табына қарай жіктеп, оларды ионғол тілдеріндегі сөздермен салыстырып қарасақ, түр-түрпаты мен мағыиалары бірдей үқсас, үйлес сөздер көптеп кездеседі. Әсіресе зат есімдер мен етістіктерден көп ұқсастықтар табылатындығы байқалады. Б. Базылханның айтуынша: “Моңғолша-қазақша сөздікке енген 40000 сөздің 1500 түбірден тараған 24000_сөзі, яғни 60%-і екі халиққа ортақ желілес туынды сөздер екен’ анықталған2. Монғол тілдері түрік тілдерімен тек сөз жағынан рана емес, грамматикалық қүрылысы жағы-

 

Азақ орфографиясының негізгі принциптері.

Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер:

фонематикалық,

фонетикалық,

тарихи-дәстүрлі,

айырым принциптеріне негізделеді.

Фонематикалық принцип

Фонематикалық принцип көп жағдайда морфологиялық принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді.

Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).

Фонетикалық принцип

Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.).

Тарихи-дәстүрлі принцип

Тарихи-дәстүрлі принципжазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл принцип сирек қолданылады.

Мысалы, тарих, халық, хикая, қаһарман, т.б. сөздердің жазылуы осы принципке негізделген.

Айырым принципі

Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады.

Мысалы, ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.

Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау үшін басты екі принцип басшалаққа алынады олар:

Морфологиялық принцип-әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу принципі. Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай(кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)

Фонетикалық пиринцип-сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу принципі. Мысалы: тарағы (тарақы емес),Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б.