Асым хан тұсында және Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсындағы мемлекеттiлiктi қалыптастырудың тарихи шарттары

Мазмұны

1.КІРІСПЕ...........................................................................................................2

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ..............................................................................................3

1.1.Қасым хан тұсында және Бөкей ордасындағы Жәңгір хан тұсындағы мемлекеттілікті қалыптастырудың тарихи шарттары....................................6

1.2.Қасым хан тұсында және Бөкей ордасындағы Жәңгір хан тұсындағы мемлекеттілікті қалыптастырудың әлеуметтік аспектілері...........................8

 

1.3.Қасым хан тұсында және Бөкей ордасындағы Жәңгір хан тұсындағы мемлекеттілікті қалыптастырудың құқықтық негіздері...............................13

3.ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................14

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................15

 

     
     
     
     
     
     

 

 


Кiрiспе

 

Тақырыптың өзектiлiгi. Қазiргi уақытта мемлекеттiлiк мәселесi және мемлекет критерийлерi өзектi тақырыпқа айналаған. Еуропа мен Азия елдерiнiң арасындағы мемлекетiлiк институттарының айырмашылығы да өзектi болып табылады. Кеңестiк тоталитарлық заманда қазақтардың өзiндiк мемлекеттiлiгi болмағаны кеңiнен насихатталыды.

Қазақ халқында қазақ атауына қатысты мемлекеттiлiк XV ғ қалыптасты, Керей мен Жәнiбек бастама берген қазақ мемлекетiнiң логикалық етек жайған кезеңi Қасым хан билеу кезеңiне қатысты. Қасым ханның тұсында қазақ заңдар жинағы жарыққа шығып, қазiргi кезеңдегi Қазақстан территориясына сай шекаралары жетiп, халық саны бiр миллионға дейiн жетiп қазақ мемлекеттiлiгiнiң әлеуеттiк-құқықтық негiздерi қалыптасты. Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсында жағдай бiршама ерекшеленедi, Бөкей ордасының әлеуметтiк негiзiн қазақ халқы құрды, Бөкей ордасының тарихи әдебиетте құрылуының негiздерiне әр түрлi баға берiлгенiне қарамастан Жәңгiр хан жаңа тарихи жағдайларда, яғни Ресейдiң отаршылдық саясаты шеңберiнде реформалар арқылы қазақ мелмекетiлiгiн сақтап қалып, тiптi оны жаңа сатыға көтермекшi болды. Осы мақсаттар Қасым хан мен Бөкей хан саясатындағы негiзгi ұқсастығы болып табылады.

Ғылыми жобаның мақсаты - Қазақтың Қасым хан мен Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсындағы мемлекеттiлiктi қалыптастыру, нығайтудың әлеуметтiк, құқықтық, тарихи негiздерiне баға беру болып табылады.

Мiндеттерi:

- қазақ мемлекеттiлiгiнiң әлеуметтiк-құқықтық аспектiлерiне сипаттама жасау;

- Қасым хан тұсында мемлекеттiлiктi қалыптастырудың тарихи, әлеуметтiк-құқықтық шарттарын талдау жасау;

- Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсындағы мемлекеттiлiктi iске асырудың тарихи, әлеуметтiк-құқықтық шарттарына талдау жасау.

Ғылыми жобаның әдiс-тәсiлдерi. Зерттеу жұмысы барысында мәлiметтердi талдау, сипаттау, жинақтау, салыстыру, аналогия, диахронды әдiстер қолданылды.

Ғылыми жобаның зерттеу нысаны – қазақ мемлекеттiлiгi тарихи құбылыс ретiнде.

Ғылыми жобаның зерттеу пәнi - қазақтың Қасым хан мен Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсындағы мемлекеттiлiктiң әлеуметтiк, тарих, құқықтық негiздерi.

Ғылыми жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен құралған.

 

асым хан тұсында және Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсындағы мемлекеттiлiктi қалыптастырудың тарихи шарттары.

 

Қоғам санасының дамуындағы әр кезеңде мемлекеттiлiк критерийлерiнiң түсiнiгi әр түрлi болды. Көбiнесе гуманитарлық ғылымның дамуына тiкелей байланысты болды. Алайда, барлық кезеңдерде бұл түсiнiк әрқашан бiржақты болды. Бұл түсiнiктi әрине отырықшы өркениеттер қалыптастырды. Мемлекеттiлiк жақсы дамыған Ежелгi Шығыс пен антикалық феодалдық Еуропа мемлекеттерi көшпелi қоғамдардың ондай институтын жоққа шығарып отырды. Ал Жаңа заманда қоршаған әлемге деген отырықшы-центристiк көзқарас түпкiлiктi орнап, жер иеленушiлiк қоғамдар мемлекеттiлiк түсiнiгi ретiнде ғылыми түрде бекiтiледi.

Көшпелi қоғамдағы мемлекеттiлiктiң бастауын Кант номадтар мен отырықшы қоғамдардың арасындағы араздықта iздедi, ал Гегель номадтарды көшпендiлiк дамуының тарихқа дейiнгi екiншi кезеңге жатқызып, олардың мемлекет құруға жеткiлiктi жетiлмеген деп есептеген. Осылайша немiс философтары, мемлекеттi құрудың эталоны ретiнде еуропалық әдiстi негiзге ала отырып, «жабайы азиаттар» жеке мемлекеттерiне тек өркениеттi еуропалықтардың қатал билiгi арқысында ғана жете алады деп есептеген.

Бiздiң тарихшылар әрине осы пiкiрмен келiспейдi, керiсiнде, қазақ даласында мемлекеттiлiктiң номадизм типiндегi нысаны қалыптасқаның дәлелдейдi. Мемлекеттiң өзiне тән белгiлерi болады, оның қатарына, территориясы, халқы, шекаралары, билеушi аппарат, заңнамалары. Осы белгiлердiң барлығы қазақ хандығында болған жағдайлар.

Қасым хан Керей мен Жәнiбектен кейiнгi қазақ атын жоғары деңгейге көтерген билеушiлердiң бiрi. Оның беделдiлiгi жас кезiнен көрiне бастады, iс жүзiндегi билiк Бұрындық хан кезiнде басталады. Бұрындық хан бiрқатар саяси шаралар арқылы (өз қыздарын Шайбани әулетiне күйеуге берiп туыстасады, нәтижесiнде Шайбанилықтар Сыр бойындағы қалалардың едәуiр бөлiгiн тартып алады) сұлтандар арасында беделi төмендейдi. Қасым хан осы уақытта барлық күшiн жұмсап Сыр бойындағы қалалар үшiн Шайбани әулетiмен күреседi. Бұл жолда бiрқатар жетiстiктерге жетiп, Түркiстан мен Ташкент төңiрегiнде бiрнеше қанды шайқастар болады. 1510 ж. Шайбани хан Қасым хан жерiне шабуыл жасап Ұлытау төңiрегiнде жеңiлiске ұшырайды. Осы құбылыстардан кейiн Шайбани хан әлсiреп кейiн қайтыс болады. Ендi Шайбанилықтар әулетiнен босаған жерлерге Бабұр әулетiнен шыққан Тимурид әулеттерi келедi. Қасым хан осы жағдайларды пайдалана отырып Сайрам, яғни Сыр бойындағы аса және стратегиялық жағынан маңызды қаланы басып алады [1, 29 б.].

1512 ж. Қасым хан Моңғол территориясы үшiн күрес бастайды, нәтижесiнде бiрқатар Жетiсу аймақтарын басып алады.

Сонымен қатар Қасым қазақ хандығының жерiн батысқа қарай кеңейтедi. Тарихи деректерге қарасақ, Ноғай ордасы терең саяси-экономикалық дағарысқа ұшырап әлсiрейдi. Ноғай ордасының бiрқатар халқы Қазақ хандығы құрамына кiредi. Сонымен Қасым хан тұсында қазақ хандығынының территориясы қазiргi Қазақстан жерiне жақын болып қалады. Оңтүстiкте Сырдария маңына дейiн Ташкент қаласының шекарасына дейiн жеттi, оңтүстiк-шығыста Жетiсудiң едәуiр аймағын қамтыған, солтүстiкте және солтүстiк-шығыста Ұлытау және Балқаш төңiрегiне дйiн жеткен. Солтүстiк батыс жақта Жайық өзеңi жағалауын қамтыған.

Тарихи деректерге қарағанда, қазақ халқы Қасым тұсында бiр милллионға дейiн жеттi, ал әскер саны 300 мың адамға дейiн, осы деректер Қасым хан тұсында қазақ мемлекеттiлiгiнiң нығаюын дәйектейдi.

Қасым хан сонымен қатар шебер дипломат ретiнде халықаралық сахнада танымал болды. Мәскеу билеушiсi III Василиймен Ноғай ордасы туралы келiсiм шарт жасасқаны мәлiм, тiптi осы уақытта Мәскеуге iс-сапармен келген австриялық елшi Сигизмунд Херберштейн қазақтар туралы ақпарат жазып оны жеке этникалық халық ретiнде Европа танымал еттi. Шайбанилықтар Қасым ханнан ирандықтарға қарсы күш бiрiктiру мақсатында бiрнеше рет ресми әскери күш сұрағаны мәлiм. Бұл жөнiнде деректер Иран кiтапханаларынан табылды. Сонымен бiрге, Тимуридтерге қарсы шыққан ортаазиялық әулеттер Қасым ханнан көмек сұрағаны мәлiм.

Сонымен Қасым хан қазақ мемлекеттiлiгiн нығайту туралы бiрқатар тарихи деректер бар.

Бөкей хандығы басқа тарихи жағдайларда пайда болған мемлекет. Оны Ресей өкiметiнiң қаулысымен жасанды түрде 1801 ж ұйымдастырған. Дәл осы жылы Бөкей ордасының көрнектi билеушiсi Жәңгiр дүниеге келедi. Оның мемлекеттi отаршылдық езгi жағдайында пайда болғанына қарамастан ол тұлға да қазақ мемлекеттiлiгiн нығайтуда бiрқатар маңызды шаралар атқарған [2, 48 б.].

Бөкей ордасы 1801 ж Жайық пен Едiл өзендерi аралығындағы жерде пайда болды. Нұралы ханның кiшi балаларының бiрi хан тағына қол жеткiзу үшiн Ресей патшасынан қалмақтардан босаған Жайық пен Едiл өзенi аралығына өз халқымен көшудi сұрайды, патша оған рұқсат бергеннен кейiн, бес мың киiз үйімен Бөкей жаңа орданың негiзiн құрайды.

Бөкей ордасы экономикалық-әлеуметтiк даму жағынан жағдайы бiршама жақсы аймақ болғандықтан Кiшi жүздiң бiрқатар қазақтары осы жерге жаппай көше бастайды. Аймақтың жоғары даму деңгейi Жәңгiр хан билеу кезеңiмен тікелей байланысты.

Жәңгiр хан аманаттылықпен кiшi жасынан орыс ақсүйек отбасының тәрбиесiнде болды, осыған орай орыс, татар, немiс, башқұрт тiлдерiн жақсы бiлетiн. Европалық үлгiдегi бiлiм алған Жәңгiр хан отаршылдық езгi жағдайында өз халқын сақтап қалып, оны сауаттылыққа, отырықшылыққа, саудаға тарту арқылы қанаудан көтермекшi болды.

Көзiнiң тiрiсiнде Бөкей хан - өзiнiң болашақ мирасы Жәңгiрдi қатыстырып билер мен ақсақалдардың басын қосып - әңгiме айтқызып, оларды ұлағатты сөздерiмен ақыл-кеңестерiн баласының, құлақ қойып зерделеуiне көңiл бөле беретiндер Жәңгiрдiң құлағына сiңiргендерi: Моңғол шапқыншылығының зардабы, көшпендiлердiң тағылымы, Азия халықтарының адамзат дамуындағы төменгi сатыда екендiгi, Ресей империясының бодан халықтары үшiн жасап жатқан өркениеттiк мәндегi iстерi, орыс патшаларымен, әскери қолбасшыларының тарихтағы рөлi т.б. айтылса, С.Андреевский жеке өзi Ханзаданы орысшылдық, империяға берiлгендiк рухта тәрбиелеп, ел басқарудағы орыстық әдiстерге үйреттi. Мiне бала-ханзада осындай карама-кайшы түсiнiктермен, жарық дүниеде кездесетiн қым-қиғаш әдiс-айлалардың, бағыңдырушы мен бағыныштының ара қатынастары туралы уағыздамаларға қаны болып тәлiм-тәрбиеден, төптiштеуден өттi [3, 25 б.].

Жасы 11-ге толғанда әкесi-хан Бөкейдiң көзi жұмарда билердiң мақұлдауы негiзiңде султан Жәңгiр хан билiгiнiң мирасы жарияланды. Бөкей ханның өзi қол койып, жеке мөрiн баскан қағазда: “Хандық лауазымым мен тақытымды кiшi оғланым найыб ас-солтан Жиһангер сұлтанға мирас қылам. Ол кәмелетке толғанға дейiн өзiме бағынышты милләтiмдi баскаруды тетелес iнiм Шығай сұлтанға аманат кылам” - деп өсиет жасапты әкесi. 15 жасқа толып Жәңгiр отау тiктi [3, 29 б.].

Жәңгiр (Жиһангер) хан Iшкi (Бөкей) Ордада 1823 жылдан - 1845 жылға дейiн билiк кылады. Жәңгiр қазақ жұртының ең соңғы ханы. Жәңгiр ханның тұсында Бөкей ордасы шаруашылық құрылымы, саяси-әлеуметтiк дамуы жөнiнен елеулi өзгерiстермен толысты: қазақтар көшпендiлiктен отырықшылыққа ауысты, сауда-саттық iстерi мен әртүрлi кәсiпкерлiктi меңгердi, мәдени дамуда оқып, бiлiм алуда, басқада рухани байлықтарды игеруге түбегейлi ұмтылыс жасады.

Тарихи шарттар Бөкей ордасына Жәңгiр хан сияқты тұлғаны әкелдi. Жәңгiр қайтыс болғаннан кейiн, оның орнын Сайып Керей хан хан болуға тиiстi, дегенмен ол үйге барар кезде кенеттен қайтыс болды. Сонымен Жәңгiр хан да, оның мұрагерi де кездейсоқтан қайтыс болып, қазақ хандығының негiзi Бөкей ордасында жойылды.

 

 

Асым хан тұсында және Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсындағы мемлекеттiлiктi қалыптастырудың әлеуметтiк аспектiлерi.

 

Қазақ халқының қалыптасуы процессi ерте заманнан басталды, қазақ халқының этникалық атауы 15-16 ғ. ғана пайда болғанына қарамастан, Қазақстан жерiнде мекен еткен сақ, үйсiн, қаңлы, ғұн, түркi тайпалары қазақ халқының негiзiн қалаған.

Қазақстанның ежелгi тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негiзгi этникалық шаруашылыққа топқа бөлiндi. Олар: Ұлы, Орта және Кiшi жүз. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетiсу жерiн түгел жайлайды. Оның құрамына үйсiн, қаңлы, дулат, албан, суан, сiргелi, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру – тайпалар кiредi. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстiк – Шығыс Қазақстанның бiр бөлiгiн қоныс етедi. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа – рулары бар. Кiшi жүздiң мекенi – Сырдарияның төменгi жағы, Арал теңiзiнiң жағалауы, Каспий ойпатының терiскей бөлiгi. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлiмұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шектi); Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, берiш, есентемiр, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар); Жетiру (табын, тама, кердерi, жағалбайлы, кереит, төлеу, рамадан). Жүздердiң ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлi жете зерттелмеген [2, 118 б.].

Әрбiр жүздiң тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негiзiнде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған едi. Олардың тiлi, материалдық тұрмыс мәдениетi жөнiнен басқа жүздердiң тайпаларынан ешбiр айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрiк тектес халық болып топтасты да, кейiнiрек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтiп халықтың қалыптасу процесi негiзiнен аяқталады. Бiрақ ол кейбiр себептерге байланысты кешеуiлдеп барып iске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кiрген тайпалардың бiрнеше мемлекет құрамына енгенi, кейбiр жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердiң бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV ғғ. көптеген жұрттың көшiп-қонып, сапырылысуы орын алды.

XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негiзгi этникалық территориясын мемлекет етiп бiрiктiру, халықтың да қалыптасу процесiнiң аяқталуын тездеттi.

Оңтүстiк Қазақстан мен Оңтүстiк Батыс Жетiсудың территориясы баяғыдан берi қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық торабы болды, мұнда Қазақстанның iрi екi этникалық қауымдастығының тоғысқан жерi жатты. Олар – Орталық, Солтүстiк және Оңтүстiк Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстiк – Шығыс Қазақстандағы үйсiн тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгi ағысы арқылы Кiшi жүз тайпалары келiп қосылады.

XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерiнiң көршiлерi арасында “қазақ” деген атпен белгiлi болған.

1801 жылы патша өкiметi 5 мың қазақ шаңырағын Жайық пен Едiл өзендерiнiң арасына көшiрдi. Бұл жерде Бөкей ордасы құрылды, ол 1812 жылы Бөкей хандығы деп, ал 1845 жылы Iшкi орда деп аталды. Осы Iшкi ордада XIX ғасырдың ортасына қарай адай, алаша, байбақты, берiш, жаппас, есентемiр, ысық, қызылқұрт, кете, масқар, ноғай, жетiру, таз, тана, төлеңгiт, шеркеш руының адамдары тұрды [4, 98 б.].

Қасым хан тұсында және Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсындағы халықтың әлеуметтiк негiзiне келетiн болсақ мұнда көптеген ұқсастық байқалады, дегенмен осы екi мемлекет әр түрлi тарихи жағдайларда тiршiлiк еткендiктен айырмашылығы да бар.

Дәстүрлi қазақ қоғамы екi топқа бөлiнген – ақсүйек пен қара сүйектер. Ақсүйекке дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпақтары қатарына жататын хан мен сұлтандар болатын. Қара сүйекке қалған топтар – көшпелi халық, отырықшы шаруалар, билер, батырлар, ру басшылар. Сонымен қатар, осы әлеуметтiк екi топтан басқа – қожалар болды, олар аймақта мұсылман дiнiн таратушылардың ұрпақтары ретiнде саналатын. Бұл негiзгi ұқсастық.

Айырмашылыққа бiз Ресейдiң отаршылдық саясаты салдарынан халықтың әлеуметiк топтарында бiраз өзгерiстердi көремiз, ең алдымен Бөкей ордасында көшпелiлерге қарағанда отырықшылықпен және саудамен айналысатын тұрғындар саны көбейгенiн байқаймыз. Бұл жағдай Жәңгiр ханның сауданы, отырықшылықты дамыту шараларына қатысты болған.

Асым хан тұсында және Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсындағы мемлекеттiлiктi қалыптастырудың құқықтық негiздерi.

Қасым хан тұсында және Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсындағы мемлекеттiлiктi қалыптастырудың құқықтық негiздерi болғанын көремiз.

Бұл билеушiлердiң жүргiзген саясаттарына, саяси-құқықтық шараларына қатысты анықталады.

Қасым хан билеу кезеңi алғашқы қазақ заңдарымен танымал. Қасым ханның қасқа жолы деп аталып кеткен нормалар қазақ хандығында қазақ тұрмыс тiршiлiгiне сай келетiн және адамзатқа негiзделген нормативтi-құқықтық жинақтар болып табылады. Олар мемлекеттi құқықтық жағынан нығайту, орталық билiктi күшейту, халық шаруашылығын реттеу мақсатында жария етiлдi.

Қазақ хандығының негiзгi заңдары – қазақ тарихының ажырамас бөлшегi екендiгi күмəнсiз. XIV ғасырдың соңғы жылдарында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Ақ Орда мен Көк Орда пайда болғаны, осы аймақты алып жатқан ұланғайыр жердi ата-бабаларымыздың мекендегенi белгiлi. Қазақтың ұлт болып қалыптасуы осы кезеңге сəйкес келедi. Осы кездегi алғашқы қазақ мемлекетiнiң iргетасын қалағандар Керей мен Жəнiбек сұлтандар едi [1, 32 б.].

Негiзi қаланған қазақ мемлекетiн одан əрi дамытып, iшкi, сыртқы саясатын шебер жүргiзiп, əлеуметтiк, саяси, экономикалық жүйенi реттеп отыратын жарғылар қабылдап, елдiң салт-дəстүрiн сақтаған қазақ хандарының бiрi – Қасым хан есiмi тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заңдар жинағымен белгiлi. Ел басқару жүйесiнде ата жолын ұстанған Қасым хан заман ерекшелiгiне орай, жаңа ортаға сəйкес өзгерiстерiн қоса ала келедi.

Бұл көне жарғы сол кездегi қазақ қауымының қоғамдық жəне құқықтық заңдарын қалыптастырады, жеке адамдар арасындағы қатынас жүйесiн тағайындайды. Қазақ ордасының мемлекеттiк негiздер де осы «Қасқа жолда» көрiнiс тапқан тəрiздi. «Қасқа жол» атты заңдар жинағы бес бөлiмнен тұрады.

Олар:

- Жекеменшiк нормаларын реттейтiн құқық;

- Əскери iстерге байланысты құқық нормалары;

- Қылмыстық құқық нормалары;

- Халықаралық құқық нормалары жəне елшiлiк этикет турасында;

- Қауымiшiлiк жəне қауымаралық мiндеткерлiк қатынастары [2, 85 б.]

«Қасым ханның қасқа жолы» бiр ғасырдай өз қызметiн атқарған соң, тиiстi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлiп, Есiм ханның (1598- 1646жж.) тұсында «Есiм ханның ескi жолы» деп аталған заңдық жүйе өмiрге келдi. Аталған екi заң жүйесi еш өзгерiссiз XVII ғасырдың аяғы немесе XVIII ғасырдың басына дейiн қазақ жұртының игiлiгiне қызмет еттi.

Жәңгiр ханның өмiр жолын, саясатқа соқтырмай зерделесек, ол – озық ойлы, ғылымды игеруге ұмтылған жан. Елiн жарқын болашаққа бастап, жаппай сауаттандыруды ұйымдастырған адам. Әдiлдiк жолын таңдап, iзгiлiктi iс атқарып, халқының тұрмысын жақсартып, тыныш өмiр сүруге бастаған хан.

Халқының дiнiн қастерлеп, имандылық жолдан ауытқымай, қиянаттан сақтауды мақсат еткен тәрбиешi. Жаппай бiлiм алуға жетелеген ұстаз. Жастарды жоғарғы дәрежеде бiлiм алып, ұлт жанашыры болуға үйреткен тәлiмгер. Ұлт тазалығын, елдiң дербестiгiн сақтауға аянбай жұмыстанған отаншы, рухтағы басшы.

Жәңгiр қазақ ұлттық мәдениетiн мықтап ұстай отырып, Бөкей Ордасында ислам мәдениетiн бiлiм арқылы сiңiре бiлдi. Арнайы қазақтың ұлттық мәдениетiн жас ұрпақ бойына қалыптастыратын шаралар мен жарыстар өткiзiп тұрды.

Жәңгiр хан Бөкей Ордасында саяси-экономикалық әлеуметтiк және мәдениет салаларын реформалады.

Қазақстан жерiнде, оның iшiнде Бөкей Ордасында бүкiл салаларды реформалай отырып, жаңа өркениетке ұмтылып, бiлiм саласы арқылы жүзеге асырды. Бұл реформалауды қазақ қоғамында жаңа өркениет қалыптастыруына түрткi болып, Жәңгiр хан сол себептен ағартушылық саясатын мықты ұстанып, өркендетуге билiкке келгеннен бастап, қайтыс болғанша дамытқан [4, 84 б.].

Сондықтан қазiргi заманғы өркендеу жолының негiзiн қалаған болатын. Қазiргi сәулет өнерiнiң негiзiн салып, алғашқы бастау жолы болып, ұлттық құрылыстың дамуына себеп болды.

Ресей билеушi таптарының Жәңгiрдi оқытып, тәрбиелеп, дала деспотына айналдыруында да көзделген зияндық мақсаттар жоқ емес едi. Бiрiншiден, қазақтарды орыстандыру, шоқындырып, дiнiнен, тiлiнен, бiрте-бiрте алшақтанып, «қазақ» деген ұлтын ұмыттырып, құл есебiнде пайдаланғысы келдi. Сондықтан да Ресей үстем тап өкiлдерi қазақтың өзiнiң қолымен өз отын көсеттiрмек болды. Бұл жағдайды Жәңгiр хан да сездi. Бiрақ хан тағынан айырылғысы келмедi.

Бөкей хан баласы Жәңгiрге жаңа бiлiм керек екенiн және патшалық Ресейдiң орта және жоғары бiлiмiн беру қажет екенiн бiлгенмен, Жәңгiрдi оқу орындарында оқытуға үлгермей кеткен. Ал патшалық Ресейдiң Жәңгiр хан арқылы отарлауды тереңдету саясатын ұстанғаны рас. Бiрақ Жәңгiрдi толық тәуелдi етiп, қазақ халқын оның iшiнде қазақ балаларын шоқындырып, орыстандырып, тiлiнен, дiнiнен айырғысы келгенiн тарихи деректер мен мұрағат материалдары дәлелдейдi. Бұл патшалық Ресейдiң отарлау, мәңгүрттендiру саясаты шындығында Жәңгiр хан керемет ұлттық саясат жүргiзгендiктен жүзеге аспады. Ресей империясына тәуелдi бола отырып, ұлттық идеологияны мемлекеттiк деңгейде жүргiзгенiнен көруге болады.

Бөкей Ордасында Ставкада Жәңгiр хан өзiнiң жанынан қазақ халқының арасында жұмыс iстейтiн идеологиялық мүше құрған болатын. Алғаш рет Қазақстан тарихында ахундар хандықта басты рухани тұлға ретiнде лауазымдылығын бекiтiп, және оған қоса хандықты рухани қазылар мiндетiн атқарған. Хандықта дiн басылары ханның ең жақын жанында отырған жоғарғы үстемдiк билiгiнiң қолдауына сүйенген.

Жәңгiр Ордада ұлттық идеологияны жүргiзу үшiн арнайы мүше жұмыс iстеген. Ондағы саясаты қазақ халқын орыстандырудан, шоқындырудан, мәңгүрттендiруден сақтау үшiн. Бөкей Ордасында ұлттық идеологияны жүзеге асырған «ахундық» лауазымдағылар немесе қызметкерлер болатын. Бөкей Ордасында ұлттық идеологияны қалыптастыру үшiн Жәңгiр хан бiлiм саласы арқылы дамытуды мақсат еттi. Осы мақсатты жүзеге асыру үшiн Бөкей Ордасында мұсылмандық жаңа үлгiдегi бастауыш ауыл мектептерi мен медреселердi салған [5, 14 б.]. Жәңгiр өз басшылығымен ұлттық идеология негiзiндегi ұлттық тәрбие модельiн қазақ мектептерi мен медреселер арқылы жүзеге асырған. Әсiресе Бөкей Ордасындағы ұлттық идеологияны арнайы мүшеге жүктеп, қазақ халқының арасында патриоттық тәрбиенi қалыптастыруды мiндеттеген. Қазақтар iшiнен ислам дiни қызметшiлер тобы ұйымдастырылып, пайда болғанын зерттеушi А.Алекторов көрсеткен [5, 29 б.]. Әсiресе қазақ халқының сана-сезiмiне дiни идеологияны сiңдiрiп енгiзген татар молдаларының iс-әрекетi болатын. Жәңгiр хан Бөкей Ордасында мұсылман дiнiн дамыту үшiн татар дiнбасылары мен молда-мұғалiмдерiн шақыртты. Өйткенi татар молда-мұғалiмдер арқылы ислам мәдениетiне негiздеп ұлттық идеологияны қалыптастыруға тырысты. Жәңгiр хан оқыған молда-мұғалiмдердi ұлттық идеологияны қазақ арасына барып тереңiрек жұмыс iстеуге пайдалана бiлдi. Жәңгiр ханның ұлттық идеологияны жүзеге асыру үшiн татар дiнбасылары мен молда-мұғалiмдерiн Ордада тұруына жағдай жасаған болатын. Сондықтан әрбiр мемлекеттiк ұлттық идеологиясы болмаса, ұлт бiрiге алмай ыдырауға әкеледi, болашағы белгiсiз болады. Осының нәтижесiнде ұлттық идеологиясы жоқ елдер ұлттық,идеологиясы мықты және ең күштi мемлекеттердiң бұғауында болып, басқа елдердiң мәдениетiн қабылдайды. Бiрiншi кезек қазақ халқының ұлт болып бiрiгуiне кедергi жасайтынын Жәңгiр хан өте жақсы түсiнгендiктен, мемлекеттiк деңгейде ұлттық идеологияны арнайы органға айналдырып, өзi қадағалап отырды. Қазiргi кезе Жәңгiр сияқты ұлттық идеология ұлттық оқу-тәрбие негiзiнде, әсiресе ұлттық патриоттық тәрбие ұлттық мәдениетке негiзделiп жасалынбаса ұлттық оқу-тәрбие және ұлттық мәдениет арқылы қалыптастырған ұлттық идеологиясының тәжiрибесiне қазiргi Қазақстан сүйену қажет.

Жәңгiр басқарған жылдары Орданың әкiмшiлiк құрылымдары, жетiлген шаруашылығы кемелденген, сауда дамыған тауар-ақша қатынасы ене бастаған, европалық бiлiм мен мәдениетке ден қойған кезең болды [6]. Жәңгiр ханның саясатын, iстеген iстерiн және мемлекеттiк шараларын өте дұрыс көрсеткен. Жәңгiр хан Бөкей Ордасында барлық салаларда әлемдiк стандартқа сай, жаңа өркениетке негiздеп, ұлттық ерекшелiктi сақтай отырып, реформалаған болатын. Осындай даму жолдарымен өркендеу үшiн, бiлiм саласын жүйелi түрде дамытты.

Ресейдегi патша мен халық наразылығы, Ордада қайталанды, өзгешелiгi Махамбет желтоқсан қоғамдық идеясын қолдаса, Жәңгiр Николайдың билiгiн қорғап бақты [7, 54 б.] Бөкей Ордасында көтерiлiстердiң болғаны шындық, бiрақ Жәңгiр хан Патшалық Ресейге тәуелдi болған соң ештеңе iстей алмады. Ресейге бодан болғанға Жәңгiр хан кiнәлi емес, өйткенi Жәңгiрге дейiн қазақ хандары патшалық Ресейге тәуелдi болғанын айтқан жөн. Махамбет пен Исатай көтерiлiстерi тек Жәңгiрге ғана емес, патша өкiметiнiң отарлау саясатына бағытталған болатын. Махамбеттiң Жәңгiрге айтқан сөздерiнен патшалық Ресейдiң алдында бiздiң мүддемiздi, құқығымызды қорғауға көмектеспегенiне ренжiген сияқты. Жәңгiр хан прогрессивтi жолмен Бөкей Ордасын дамыту үшiн патшалық Ресейден қол үзiп кете алмады.

Жәңгiр хан Ресей империясына қарсы шыққанымен ештеңе шықпайтынын өте жақсы сезiп, патша өкiметiне қарсы шығып, соғысқаннан гөрi Жәңгiр хан жаңа өркениетке және европалық бiлiм жүйесiне негiзделген бiлiм саласын дамытуды көздедi. Болашақ қазақ халқын, қазақ қоғамын өркендетуге бағытталған ұлы саясатты таңдап алды. Жәңгiр хан Николай патшаны қорғап, саясатын ұстанды деген тарихи шындыққа сәйкес келмейдi. Өйткенi Жәңгiр хан Николай патшаның шiркеулiк саясатына қарама-қайшы ислам дiнiн дамыту саясатын жүргiздi. Жәңгiр Ресейге тәуелдi болғанымен Бөкей Ордасында құрған қазақ қоғамына және қазақтың ұлттық мәдениетiне, ұлттық ерекшелiктерге қайшы келген патша өкiметiнiң саясатына қарсы тұрып, өз алдына ұлттық саясат жүргiзгенiн тарихи деректер дәлелдейдi. Осы мәселелердi Ә. Өмiрзақовтың «Ресейге қосылғаннан не ұттық» атты ғылыми еңбегiнде Жәңгiр ханның өз алдына саясат жүргiзуге тырысқанын жаңаша көзқарастарымен бiлдiрген: «Жәңгiр ханның халық мүддесiн көздеп мықтап қолға алған мәселесi – денсаулықты сақтау iсi едi. Себебi, сол кезде бұл өңiрде отыз мыңдай отбасы өмiр сүргенiне қарамастан олардың денсаулығын қорғау өз шешiмiн күткен күрделi мәселе едi. Аса зәрулiктi ескерiп, 1838 жылы әуелi емхана сосын дәрiхана аштырады. Соның арқасында сахара адамдары бақсы-балгерлерге қаралуды қойып, дәрiгерлер көмегiне иек арта бастайды. Жәңгiр европалық өркениет үлгiлерiн ел өмiрiне енгiзумен қатар қазақи дәстүрдiң де дамуына күш жұмсаған ғой» [8, 14 б.]

Жалпы Бөкей Ордасында ұлттық қазақ медицина саласының негiзiн қалап, халықты дәрiгерлiк қызметпен қамтамасыз еткенi, қазақ халқының денсаулығын сақтау үшiн жүйелi тұрақты ұлттық медицинаның әртүрлi салаларының негiзiн қалыптастырған алғаш рет Жәңгiр хан болатын. Бөкей Ордасында 1838 жылы емхана ашылды деген сөз бар, бiрақ тарихи деректерде ауырухана ашып үлгермеген деп көрсетiлген. Емхананың арнайы ғимараты болмаған болуы керек, дегенмен емхана дәрежесiнде медициналық көмек көрсету болды. Дәрiхана жоғарғы дәрежеде жұмыс iстеп халықты қамтамасыз еткен.

Халыққа денсаулық сақтау саласы Орда екi бөлiмге бөлiнiп, осы медициналық салада екi дәрiгер қызмет атқарған. Бiрiншi бөлiмiнiң құрамына хан ставкасы мен оның жартысы; Қалмақ, Торғұн және 2-шi Приморск округi кiрдi. Екiншi бөлiмге, Қамыс-Самар, Тал поселкесi мен Нарын және 1-шi Приморск округi кiрдi. Бiрiншi бөлiмнiң дәрiгерi хандық ставкадағы емхана мен оның жанында дәрiхананы басқарды. 27 кв.верст кеңiстiкте орналасқан отырықшы тұрғындар 1200 адамнан асып, ал көшпелiсi 18 мың шаңырақ болып, онда адам саны жалпы 95 мыңға жеткен. Екiншi бөлiмнiң дәрiгерiнiң жаңа Қазанда дәрiханасы болды, тұрғындардың тұрып жатқан кеңiстiгi 41 шақырым жердi алып жатты, отырықшылардың екi пунктiнде 1500 адам, көшпелiлер шамамен 27 мың шаңырақ (барлығы 138 мың адам) болған. Орда дәрiгерi қалалық және уездiк дәрiгердiң мiндетiн орындап, ал бiрiншi кезекте емхананы қараушы мiндетiнен басқада iс-жүргiзушi қызметiн iстеп тұрғындар арасында көптеген күрделi мiндеттердi атқарды, ал көшпелi қазақ халқын айтпағанда, бүкiл көшпелi халықты жартылай қамтамасыз еттi, кейде көшпелiлер медициналық көмексiз қалып қоятын. Сондықтан «бақсы» немесе емшiлерге барып қаралып емделетiн. Ордада өмiр сүрген врач қазақ даласына командировкаға жұқпалы ауру шыққанда немесе соттық медициналық iстермен кеткенде, Ордадағы халық медициналық көмекпен қамтамасыз етiлмей қалатын. Бұндай командировка жиi болатын. Ордада арнайы фельдшер оның 2 ставка жанындағы емхана болып, қаржыны қазынадан алып, оның бiреуi Қазанда старшиндер қоғамының қаржысымен қамтамасыз етiлген. 1880 жылдарға дейiн бiр фельдшерлiк пункт Приморск округiнде қырғыздар (қазақтар) үшiн болатын [7, 48 б.].

Ал дәрiхана негiзiн Жәңгiр хан тұңғыш рет Бөкей Ордасында қалаған. Алғашқы дәрiхана ордадағы емханада және жаңа Қазанда ашылып жұмыс iстедi. Екiншiсi үйдiң iшiнде орналасты. Дәрiханаға байланысты заттарды және дәрi-дәрмектердi (медикаменттердi) 2-шi бөлiмнiң врачы жыл сайын 202 рубльге бағалап, алып отырған. Орда жанындағы ауруханадағы дәрiханаға керектi заттар ауруханаға байланысты алынатын.

Хандық ордада 1852 жылы 16 төсектi аурухана ашылған.

Ставка емханасында бес палата болып, ағаштан салған ғимаратта орналасқан. Аурухана жанында ас үйi, моншасы т.б болған. Бұл ауруханада қазақтар тегiн емделiп, т.б ордада тұратындар қаралып, емделетiн. Жәңгiр хан өзiнiң балаларын оспаға ектiрудi Ордада бiрiншi болып негiзiн қалаған. Жәңгiрдiң осы ұлы iсi бiрқатар сұлтандарға үлгi болғанын көрсетедi.

Бөкей Ордасында 1840 жылы 12 наурыз айында ветеринар дәрiгер бекiтiлiп, сайланған болатын [7, 69 б.]

Жәңгiр хан Бөкей Ордасында ұлттық медицинаның негiзiн қалады. Орда бойынша медицина салаларын дамытты,мамандықтар бойынша медик-дәрiгерлер қызмет атқарды. Денсаулық сақтау саласы арқылы Ордадағы бүкiл халықты, әсiресе қазақ халқына тегiн медициналық көмек көрсеткен. Қазiргi медицина негiзiн салған Жәңгiр хан, ұлттық медицинаны мемлекеттiк деңгейде өркендеттi. Жәңгiр хан сот-медициналық салаларды қалыптастырып, негiзiн салды. Мұндай ұлы iстердi қазақ тарихында Жәңгiр ханнан басқа хандар дамыта алмады. Бөкей Ордасында Жәңгiр қазiргi кездегiдей емхана, дәрiхана т.б медицина жүйесiн жүйелi түрде дамытты. Медицина мамандарын арнайы шақыртты, олар Ордада жұмыс iстеген. Дәрiгерлердi Жәңгiрдiң патша өкiметiне өтiнiш жасап шақыртқанын ерекше бағалау керек. Ұлттық медицинаны қамтамасыз ететiн дәрi-дәрмек қорларын дамытуүшiн әр жерлерден дәрiханалар және емханадан ашқан болатын. Ал аурухана Жәңгiр хан тұсында болған, бiрақ 1852 жылы жаңадан аурухананы ғимаратын жаңарту үшiн қайта салынған болатын. Жәңгiр патшалық Ресейден келген дәрiгерлер арқылы ұлттық медицинаны өркендетуге үлес қосқан.

Жәңгiр ханның билiкке келгеннен қайтыс болғанша iстеген iстерi, атқарған қызметi, қазақ халқына сiңiрген еңбегi қазақ тарихында өзiндiк орын алады. Сондықтан билiкке келгенде бiлiм саласын дамытып, алғашқыдан ұлттық мұсылмандық бiлiм жүйесiн реформалап, ұлттық тәрбие жүйесiн қалыптастыра отырып, ұлттық идеология негiзiн мемлекеттiк деңгейде өркендеттi.

 

Орытынды

 

Қазақтың Қасым хан мен Бөкей ордасындағы Жәңгiр хан тұсындағы мемлекеттiлiк белгiлi бiр әлеуметтiк, құқықтық, тарихи негiздерi бойынша қалыптасты. Осы екi билеушi әр түрлi тарихи кезеңде, әр түрлi саяси-әлеуметтiк және құқықтық жағдайда тiршiлiк еткенiне қарамастан олардың мақсаттары ортақ болды – қазақ мемлекеттiлiгiн нығайту, көркейту, бекiту деп бағалаймын.

Екi билеушi де өз елi үшiн өте күрделi жағдайында билiк еттi. Қасым хан Орта Азия билеушiлерiнiң қолынан құтқарылған қазақ халқының тәуелсiздiгi мен келешегi үшiн күресте өмiрiн өткiзетiн болса, Жәңгiр хан отаршылдық жағдайында қазақ мемлекеттiлiгiн модернизациялау арқылы жандандырмақшы болды.

Қасым хан да Жәңгiр ханның да беделi халық арасында өте зор болды. Есiмдерi қазақ тарихында мәңгi қалатындай iстер мен саяси шараларды тыңдырған осы екi билеушiлер тарихтың күрделi белестерiнен өз халқын жаңа биiктiкке жеткiзген болды.

Әлеуметтiк жағынан 16-19 ғғ. қазақ халқының құрамында бiрқатар өзгерiстер орын алады, отырықшылықпен айналысатын топтар көбейедi, кәсiпкерлiкпен шұғылданатын топтар пайда болады, дегенмен халықтың этникалық құрамында мағыналы өзгерiстер болған жоқ. 15 ғ. қалыптасқан үш жүз халқы қазiргi уақытқа дейiн өзiнiң ерекшелiгiн сақтап қалуда.

Қасым хан және Жәңгiр хан мемлекеттiлiктi нығайту жолында бiрқатар саяси шараларды iске асырады. Қасым хан өзiнiң заңдарын пайдаланып, мемлекетте тәртiптi сақтап қалса, Жәңгiр хан орыс халқының жетiстiктерiне қазақтарды жеткiзбекшi болады. Отаршыл үкiметтiң саясатына сай тiршiлiк етуге мәжбүр болған Бөкей ордасының билеушiсi оны қазақ халқының игiлiгiне барынша пайдаланбақшы болды. Тiптi сауатты билеушiден отаршыл үкiмет кейiн өзi қауiптене бастайды. Бұны бiзге дәлелдейтiн жайт – Жәңгiр хан және оның баласы – мұрагерi құпиялы жағдайларға сай бiрiнен соң бiрi қайтыс болады. Яғни орыс билеушiлер Жәңгiр хан бастаған саясатты жалғастыруды өзiне тәуекел ретiнде таныған.

Сонымен Қасым хан және Жәңгiр хан өздерi қызмет еткен тарихи жағдайларда қазақ мемлекеттiлiгiн сақтап қалуда және нығайтып бекiтуде қөптеп еңбек сiңiрген билеушiлер деп бағалаймын.