Шоғырландырылған каржылық есептілікті ұсыну

Аржылық есеп-2

Деңгей

Бірлескен кәсіпорындарды бірегейлендіру.

. Бірлескен кәсіпорындарды бірегейлендіру. Ортақ бақылаудағы ұйымдар мен кәсіпорындарды қамтитын кәсіпорындардың бірігуін қарастыру

Бірлескен кәсіпорын - екі немесе одан да көп тараптар экономикалық қызметті, оған бірігіп бақылау жүргізу шартымен жүзеге асыру бойынша келісімшарттық келісім.

Бірлескен бақылаукелісімшарттық келісіммен экономи-калық қызметке бақылауды бөліп жүргізу.

Бірлескен қызметтің қатысушысы - кәсіпорынға бірігіп бақылау жүргізуді жүзеге асыратын бірлескен кэсіпорындағы тарап.

Бірлескен кәсіпорындагы инвестор- кәсіпорынға бірлесіп бақылау жүргізуге қатыспайтын бірлескен кэсіпорындағы тарап.

Бірлесіп бақыланатын операциялардың формасында үйым-дастырылатын бірлескен қызметтің қатысушысы өзінің жеке қаржы есептемесі мен шоғырландырылған қаржы есептемесінде мыналарды тануы керек:

1. Бақыланатын активтер мен қолдағы міндеттемелер;

Өтелген шығыстар және бірлескен қызметпен байланысты тауарларды немесе қызметті өткізудің нәтижесінде алатын табыстағы өзінің үлесі.

 

2. Есептеу әдісі. Сатып алу әдісін қолдану. Ұйым-сатып алушыны бірегейлендіру. Кәсіпорындарды біріктіру құндарын түзету

Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі- бірлесе бақыланатын ұйымдағы үлес бастапқыда өзіндік құн бойынша ескеріледі, содан соң кәсіпкердің бірлесе бақыланатын ұйымның таза активтеріндегі үлесінде сатып алудан кейін болған өзгерістер бойынша түзетіледі. Кәсіпкердің пайдасы немесе залалы бірлесе бақыланатын ұйымның пайдасындағы немесе залалындағы оның үлесін қамтиды.

Кәсіпкер бірлесе бақыланатын ұйымға қатысу үлесін, онымен қатар еншілес ұйымдарға инвестициялары бар екеніне немесе өзінің қаржы есептілігін шоғырландырылған қаржы есептілігі ретінде ұсынатынына қарамастан, үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана мойындайды.Кейбір қәсіпкерлер бірлесе бақыланатын кәсіпорындарға қатысу үлестерін 28-Халықаралық стандартына сәйкес үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана мойындайды.

Тепе-тең шоғырлану әдісі – бірлесе бақыланатын ұйымның активтеріндегі, міндеттемелеріндегі, кірістері мен шығыстарындағы кәсіпкердің үлесі кәсіпкердің қаржы есептілігіндегі ұқсас баптармен құрамдастырылатын, не оның қаржы есептілігінде жеке жолдармен көрсетілетін есепке алу әдісі.

 

3. Кәсіпорындарды біріктіру құны. Болашақтағы оқиғалармен негізделген кәсіпорындарды біріктіру құндарын түзету.

Кәсіпкер үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалануды бірлесе бақыланатын ұйымда бірлескен бақылау немесе елеулі ықпал күшін жойған күннен бастап тоқтатуға міндетті. Бұрын сатуға арналған деп сараланған бірлесе бақыланатын кәсіпорынға қатысу үлесі сондай үлес ретінде мойындау өлшемдерін қанағаттандырудан қалатын кезде ол өзі сатуға арналған деп сараланған күннен бастап тепе-тең шоғырландыру әдісін немесе үлесті қатысу әдісін пайдалана есепке алынуға тиіс.

Шоғырландырылған каржылық есептілікті ұсыну.

Ұйым шоғырландырылған қаржылық есеп беруін №27 ХҚЕС сәйкес ұсынады, осы Стандартқа сәйкес өзінің инвестицияларын еншілес ұйымдарға шоғырландыра алатын бас ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынуға тиіс.

1. Олар:

а) бас ұйымның өзі басқа ұйымның толық немесе ішінара меншігіндегі еншілес ұйымы болып табылса және егер олай болмаған күнде дауыс беру құқығы жоқ иеленушілерді қосқанда, оның басқа иелік етушілері бас ұйымның шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынбайтыны туралы хабардар етілген болса және оған қарсылық білдірмесе;

б) егер бас ұйымның борыштық немесе үлестік құралдары ашық нарықта (ішкі және шетелдік қор биржасында немесе жергілікті және аймақтық нарықтарды қосқанда, биржадан тыс нарықта ) айналымда жүрмесе;

с) егер бас ұйым ашық нарықта қандай да бір құралдар класын шығару мақсатында бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға немесе басқа реттеуші органға өзінің қаржы есептілігін жібермеген болса және жіберу барысында болмаса;

д) егер осы бас ұйымның соңғы немесе кез келген аралық бас ұйымы еркін қол жету үшін Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған қаржы есептілігін жарияласа, онда бас ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынудан босатылады.

2. шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынбауды шешетін және тек қана жеке қаржы есептілігін ұсынатын бас ұйым көрсетілген-параграфтардың талаптарына сәйкес іс-әрекет жасайды.