ХҚЕС 7 мақсаты мен қолдану аясы

ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ: ТАНУ ЖƏНЕ БАҒАЛАУ

МАҚСАТЫ_____________________________________________________________________

1. Осы Стандарттың мақсаты қаржы міндеттемелерін жəне қаржылық емес баптарды

сатып алу немесе сату туралы кейбір келісімшарттарды тану жəне бағалау

қағидаттарын белгілеуден тұрады. Қаржы құралдары туралы ақпаратты ұсынуға

арналған талаптар 32 Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну (IAS) ХҚЕС-ында

жазылған. Қаржы құралдары туралы ақпаратты ашып көрсетуге арналған талаптар 7

Қаржы құралдары: ашып көрсету (IFRS) ХҚЕС-ында жазылған. Қаржылық активтерді

жіктеу жəне өлшеу талаптары 9 (IFRS) Қаржылық Құралдар ХҚЕС-да келтірілген.

ҚОЛДАНУ АЯСЫ_______________________________________________________________

2. Осы Стандартты барлық ұйым, төмендегі жағдайларды қоспағанда, қаржы

құралдарының барлық түріне қолдануы тиіс:

(а) еншілес ұйымдардағы, қауымдасқан ұйымдардағы жəне бірлескен

қызметтегі 27 Шоғырландырылған жəне жеке қаржы есептілігі (IAS) ХҚЕС

немесе 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар (IAS) ХҚЕС

немесе 31 Бірлескен қызметке қатысу (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес есепке

алынатын қатысу үлестерін. Сонымен қатар, ұйымдар осы Стандартты

еншілес ұйымдарға, қауымдасқан ұйымдарға немесе бірлескен қызметке 27

(IAS) ХҚЕС, 28 (IAS) ХҚЕС немесе 31 (IAS) ХҚЕС-ына сай осы Стандартқа

сəйкес есепке алынатын қатысу үлестерін қолдануға міндетті. Ұйымдар

сондай-ақ осы Стандартты еншілес ұйымдарға, қауымдасқан ұйымдарға

немесе бірлескен қызметке қатысу үлесінен туынды құралдарына, осы

туынды құрал 32 (IAS) ХҚЕС ұйымның үлестік құралының анықтамасына

сəйкес келетін жағдайларды қоспағанда, қолдануға міндетті;

(b) 17 Жалдау (IAS) ХҚЕС қолданылатын жалдау келісімшарттары бойынша

құқықтар мен міндеттемелерді. Дегенмен:

(і) жалдау бойынша жалға беруші таныған дебиторлық берешек осы

Стандарттың тану туралы жəне құнсыздану туралы ережелерін

қолданудың ықпалында болса (15-37, 58, 59, 63-65-тармақтарды жəне А

қосымшасының AG36-AG52 жəне AG84-AG93-тармақтарын қараңыз);

(іі) жалдау бойынша жалға алушы таныған кредиторлық берешек осы

Стандартты тануды тоқтатуға қатысты бөлігінде қолданудың

ықпалында болса (39-42-тармақтарды жəне А қосымшасының AG57-

AG63-тармақтарын қараңыз);

(ііі) жалдау келісімшарттарына енгізілген туынды құралдар осы

Стандарттың енгізілген туынды құралдары туралы ережелерін

қолдануға сай келсе (10-13-тармақтарды жəне А қосымшасының AG27-

AG33-тармақтарын қараңыз);

(с) 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар (IAS) ХҚЕС қолданылатын

қызметкерлерге сыйақы бағдарламалары бойынша жұмыс берушілердің

құқықтары мен міндеттемелерін;

433(d) ұйым шығарған 32 (IFRS) ХҚЕС-тағы үлестік құралдар анықтамасына сай

(купондар мен опциондарды қосқанда) немесе 32 (IFRS) ХҚЕС-тың 16А жəне 16В

тармақтарына немесе 16С жəне 16D тармақтарына сəйкес үлестік құралдар ретінде

жіктелуі талап етілетін қаржылық құралдар. Алайда, осындай үлестік құралдардың

иесі осы Стандартты сол құралдарға егер олар жоғарыдағы (а) тармақшасындағы

ерекшелікке сай болмаса қолдануы тиіс.

(е) (і) эмитенттің 9-тармақтағы қаржы кепілдіктері шартының анықтамасына

сай келетін сақтандыру шарты бойынша немесе (іі) дискрециялық қатысу

құқығы болғандықтан 4 Сақтандыру келісімшарттары (IFRS) ХҚЕС

қолдану аясындағы шарт бойынша туындайтын құқықтары мен

міндеттемелерін. Сонымен бірге, осы Стандартты 4 (IFRS) ХҚЕС қолдану

аясындағы шартқа енгізілген туынды құралға қолдануға болады, егер

осындай туынды құралдың өзі 4 (IFRS) ХҚЕС қолдану сай келетін шарт

болып табылмаса (10-13-тармақтарды жəне А қосымшасының AG27-AG33-

тармақтарын қараңыз). Сонымен қатар, егер қаржы кепілдіктері

келісімшарттарының эмитенті бұрын екіұшты емес түрде осындай

келісімшарттарды сақтандыру шарттары деп есептейтінін жəне сақтандыру

келісімшарттары қолданылатын есепке алу рəсімдерін пайдаланғанын

мəлімдесе, ол осы Стандартты немесе 4 (IFRS) ХҚЕС -ты осындай

келісімшарттарды сақтандыру келісімшарттарына қолдануды таңдауға

құқылы (AG4 жəне AG4А-тармақтарын қараңыз). Эмитент осындай

таңдауды əрбір жеке алынған шартқа қатысты жасай алады, бірақ бірде оны

жасай отырып, ол одан бас тартуға құқылы емес;

(f) [жойылған]

(g) ұйымдар біріктірілген кезде сатып алушы ұйым жəне сатушы арасында

сатып алынатын ұйымды сатып алу немесе сату туралы белгілі бір болашақ

күнге жасалған кез келген келісімшарттарды. Белгілі бір болашақ күнге

жасалған келісім-шарт термині əдетте операцияны аяқтау жəне кез келген

талап етілген тұжырымдамаларға қол жеткізуге қажет кезеңнен асып түспеуі

қажет.