Кері жал бойынша операциялардың есебі

Қаржылық лизингісі. Қаржылық лизинг-бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің аммортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

- лизинг беруші;

- лизинг алушылар болып табылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг- бұл инвестициялық қызметтің бір түрі, онда:

- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім-шары бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі аммортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

- лизинг алушы келісім шартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісім-шарттың мерзімі өткен соң,лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер мұндай жағдай шартта қарастырылған болса.

Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары жер телімі т.б. жатады.лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғаелары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісім-шартымен, сатып алу-сату келісім-шартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісім-шарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналиайжы: келісім-шарт жасалатын нәрсесә; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісім-шарттың әрекет ету мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау мен жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісім-шарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді.қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу сату келісім-шарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс.Лизинг алушының да, лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы, ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.

Лизинг бойынша марапаттау өз кезеңінде екі әдісті пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін немесе алдын ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.

Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көріністі табады.

Бір мысал келтіріп көрейік. Бұл мысалдың шарты бойынша негізгі құрал лизинг алушының балансына берілген. Бұл жағдайда мынадай шоттар корреспонденциясы жасалады: