Сөздік құрамның толығу жолдары

Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.Қазақ тілінің лексикасы халқымыздың ұзақ сонар тарихының өн бойында үздіксіз дамып, толығумен келген. Алғашқы сөздік | қорға әр дәуірде түрлі жолдар арқылы жаңа сездер мен жаңа ұғымдар келіп қосылып отырған. Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар: а) төл (тума) сөздер арқылы, ә) кірме сөздер аркылы жүзеге асады. 1. Қазақ лексикасының тума сөздер арқылы баюы. Туынды сөздер ана тілінің сөз тудыру тәсілдерінің негізінде пайда бол-ған.Әдстте сөз тудыру тәсілі деп әрбір тілдің өзіне лайық қалыптасқан сөз жасау амалдарын айтамыз. Қазақ тілінің де өзіндік сөз жасау заңдары мен ережелері бар. Сөздік құрамдағы сөз-дсрдің басым көпшіілігі сөз тудырудағы заңдар мен ережелер арқылы келіп шыққан. Қазақ тілінде сөз тудыратын негізінен екі түрлі тәсіл бар: а) Морфологиялық немесе аффистік тәсіл, синтаксистік тәсіл.

а) Морфологиялық (^аффикстік) тәсілдің сөздік қүрамды байтудағы ролі. Негізгі сөздік қорға жатағьш сөздер бір буын-ды, көп мағыналы болып кследі дедік. Сөздің әрі қарай бөлшек-теуге келмейтін ең түпкі мағыналы бөлшегін түбір деп қарасақ, ең алғашқы кезде сөздсрдің бәрі дс бір буынды болғандығы бел-’ғілі. Ал туынды сөздер тубірге түрлі қосымшалар қосу арқылы кейіннен пайда болған. Мәселен, ат—атақ—атақты—атақсыз— атау—атастыру. ек—егін—егінші—егіншілік тәрізді бір түбірден таралған сөздердің бәрі бірдей бір кезеңде пайда болмаған, әр кезең жасалған. Туынды сөздің семантикалық кұрылымындағы басты нәрсе қашан да негізгі түбір болмақ. Түбір сөз семантикалық жағынан да, морфологиялык жағынан да туынды сөзге тірек, таяныш, негіз болып тұрады. Ал түбірге қосылған жұрнақ түбірге арқа сүйеп, соған көмекші қызмет атқарады. “Ескі сөз- жаңа сөздің казығы”— дейді халык. Мәселен, революциядан бер- гі кезеңде ғана оқы деген сөздсн оқу, оқушы, оқушылық,оқту,оқытушы, оқытушылық, оқулық тәрізді толып жаткан жаңа туынды сөздер жасалды. Мұның барлығына да қазық болған– байырғы оқы деген сөз. Ал соған дәнекер болып, басқаша ұғым| көмекші кызмет атқарып тұрған жүрнактар деп қараймыз. Алайда түбір мен жұрнақ косылғанда жайдан-жай қосылмады, ал екеуі қосылғанда бөлшектенбейтін, бір бүтін нәрсе болып, кі-рігеді. Жұрнактар түбір сөздін мағынасына мағына, формасына форма косып қана қоймайды, оның сырткы түр-тұрпаты мен қызметін де бірдей өзгертуге үлкен ыкпал етіп отырады. Мә-селен, жоқта, қолда, қошта, тісте, таста, тыста, ауыздықта, бау-ызда, саула, жүректі, көзсіз тәрізді туынды сөздердің әуелгі мор- фемаларын кейбіреуінен бөліп алуға болса, кейбіреуін бір-бірінен бөліп қарауға тіптен келмейді. Мұнда түбір мен косымша абстракцияланып, мүлдем (таста, бауызда, жүректі), кірігіп кет- кен. Яғни өзара бөлшектенбсйтін бір бүтін сезге айналғандығын көрінеді. Демек, жұрнақ, аркылы бір түбірден қанша туынды түбір жасалса, соншама сөз сөздік құрамга жаңа сөз болып көбейеді деген үғым туады

Синтаксистік тәсілдің сөздік құрамды байытудағы ролі. Казақ тілі жұрнақ аркылы жасалатын туынды сөздерге қанша-лықты бай болса, күрделі сөздерге де соншалықты бай. Күрделі сөздер көбінесе екі түбірдің бірігуі немесе қосарлануы, я бол-маса, тіркесуі аркылы жасалады да тұтас бір ұғымды білдіруі бірдей келіп, құрамындағы компоненттер іштей бөлшектелмей, әрдайым ритм-ырғақ жағынан бірыңғай болып түрады.

Біріккен сөздер. Бұл — сонау әлімсақтан бері үзілмей келе жатқан сөз тудырудың көне бір тәсілі. Бұлардың өзі біріккөн ком-поненттердің арақатынасы мен ішкі мазмұны жағынан екі түрде кездеседі.