Іргелес салалас сөйлемдер, еркшеліктері

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті. Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.

2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де дегенқарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 3) өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде дегенталғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы.

 

Етістік түрлері, жасалу жолдары.

Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:

1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.

Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы,жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.

Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:1) Синтетикалық тәсіл: негізгіжәне туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т. б.

 

 

 

Түрі Ереже Жасалуы мысалдар
Өздік етіс(орындаушы өзі) Қимылдыорындаушының өзіістейді. -ын, -ін, -нжұрнақтары арқылы Жуынды, киінді, боянды, таранды.
Өзгелік етіс(орындаушы өзге біреу). Қимылды өзге біреугеорындатқызады. -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір; -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз; -т жұрнақтары арқылы Жаздыр, бердір, айттыр, келтір, асыр, кетір, жасат, сөйлет.
Ырықсыз етіс(орындаушы белгісіз) Орындаушы айтылмайды, іс-әрекет өздігінен жасалғандай.   -ыл, -іл, -л; -ын, -ін, -н; жұрнақтары арқылы Айтылды, көтерілді, тасылды, салынды, әкелінді, тазаланды.
Ортақ етіс(орындаушы көп) Қимылды орындаушыбіреу емес, бірнешеуболады. -ыс, -іс. –с жұрнақтары арқылы Орысты, тазаласты, көтерісті.

2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емессөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т. б. Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік.Сабақты етістік – мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөздіқажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тұлғалысөзбен байланысады. Мысалы: Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?)сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді – -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?)үйрен.

Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы: Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет.Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол.Тілек (кім?) биледі, т. б.

Етістер – іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысын білдіретін етістіктің түрі. Етістің төрт түрі бар: 1) өздік етіс, 2) өзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс.

Етістер етістікке түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы:

Өзгелік етістің -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір,

-р, -т және ортақ етістің -ыс, -іс, -с жұрнақтары салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. Мысалы:

Ырықсыз етістің -ыл, -іл, -л; (-ын, -ін, -н) және өздік етістің -ын, -ін, -нжұрнақтары сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы: