Гидротермалық-шөгінді (стратиформтық) кенорындар жаралу жағдайлары

Бұл топқа жаралуы гидротермалың-шөгінді болуы ықтимал кенорындар жатады, біраң олар стратиформдық (қабаттың жатые пішіні бойынша) терминімен генезисінің тольщ анықталмағандығы салдарынан аталған. Қарастырылып отырған кенорындардың жаралуына қатысты бірнеше гипотеза бар. Кейбір геологтар бұл кенорындарды бастапқы-шөгінді сингенезистік, бірақ кейінгі кездері біршама өзгерістерге ұшыраған деп санайды. Сонымен қатар, академик Қ.И.Сәтбаев кенорындардың қалыптасауы гидротермалық эпигенезистік, олар әрозиямен ашылмаған тереңдегі интрузиялық таужыныстар массивімен байланысты деген пікір айтады. бұл кенорындардың жаралуы полигендік; олар ұзақ уақыт ағымында қалыптасқан деген гипотеза кең таралған. Гипотезаның туындауына кенорындардың шөгінді қатқабаттар дамыған аудандарда орналасып, бұл жерде гидротермалық минералды ерітінділердің көзі болатын интрузиялық массивтердің болмауы ықпал еткен. Бұл гипотезаның негізінде көптеген стратиформдық кен-орындардың ұзақ дамығандығы туралы деректер, олардың сингенезистік шөгінді де, әпигенездік жаралымдар сипатының да болуы орналасңан. Кенорындардың қалыптасуы сингенезистік вулканогендік-шөгінді кен Жиналудан басталып, диагенез сатысына өтеді деп жорамалданады. Осыдан кейін, жатындар өздері қалыптасқаннан кейінгі жас жаралымдармен жабылған соң, кен-жаралу жерасты ыстық минералды судың әрекетіне байланысты жалғасқан. Осы судың ыңпалынан минералдың массалар ңайта топталып, әпигенездік кендену жүрген.

Басты минералдар - сфалерит, галенит, пирит, кальцит, доломит, кейде барит; қосымша минералдар - марказит, халькопирит, борнит, қорғасынның сульфотүздары, кварц, флюорит. Кен жолақ, желішікті және қабатталуы бойынша секпілдік бітімді, ұсақ түйірлі құрылымды болады. Кеннің құнды компоненттеріне қорғасын мен мырыштан басқа мыс, күміс, кадмий жатады. бұл типке жататын кенорындар Қазақстанда (Мырғалымсай, Шалғия), Орта Азияда (ұшқұлаш, Сумсар, Жерғалан) дамыған. Олар, сондай-ақ Полыпада (Олькум, Болеслав), Болгарияда, Францияда, Италияда, Испанияда, Иранда (Ангуран), Мароккода, Алжирде, Тунисте, АҚШ -та (Миссисипи-Миссури), [[ Канада | Канадада ]] (ПайнПойнт) таралған. Киноварь-антимонид кенорындары геосинклиндердің түрақталған алқаптарында немесе платформалардың белсендірілген белдемдерінде орналасады. Олардың магмалық таужыныстармен тікелей байланысы анықталмаған. Осы себепті Мұндай кенорындар беймагмалық деп аталады. Олар күмбез тәрізді және сандықша қатпарлармен, сондай-ақ айырылымдық бұзылыстармен күрделенген терригендік және карбонат комплекстер арасында жатады. Кен қабат тәрізді жатындар мен линзалардан, көбінесе кенді желілер мен штоквергтермен тоғысқан денелерден түрады. Басты кен минералдар - киноварь, антимонид; қосымша минералдар - реальгар, аурипигмент, пирит, халькопирит, марказит, солғын кендер. Негізгі желілік минералдарға кварц, кальцит, флюорит пен барит жатады. Кенорындардың Мұндай типі таралған жерлер: Орта Азия (Қадамжай, Хайдаркен, Чаувай), Украина (Никитовка), Болгария (Рыбново), Италия, Испания (Альмаден), ҚХР (Синьхуаныпань, Ваныпань), Перу. [1]

6. Колчеданды кен орындар. Жалпы мағлұмат, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар, мысалдар

Колчедан типтілерге рудасы темір сульфидтерінен тұратын кенорындар жатады.Олардың минералдық құрамында пирит пен пирротин басым болады, аз мөлшерде марказит, халькопирит, борнит, сфалерит және солғын кендер кездеседі. Бейруда минералдарының мөлшері аз, олар барит, кварц, карбонаттар мен хлориттен тұрады. Кен жатындарын сыйыстырушы таужыныстар хлориттену өзгерісіне ұшырайды. Өзгеріс негізінен жатынның жатқан қапталында жүреді.

Колчедан кенорындарының өзіндік ерекшеліктеріне олардың вулканогендік – шөгінді таужыныс белдеулеріне, тектоникалық бұзылыстар мен жарықшақтармен қираған брахиантиклин құрылымдарда орналасуы жатады, сондай-ақ негізді және қышқыл құрамды субвулкан интрузиялармен байланысты болады. Руда денелері негізінен линза, желі, қабат тәрізді жатындар мен шток, секпілдік және желішікті белдемдер пішінді.Сондай-ақ руда денелерінің пішіндері мен ішкі құрылысы сыйыстырушы таужыныстар метаморфизмнің дәрежесіне байланысты болады. Шамалы өзгерген таужыгыстарда руда колломорфтық құрылымды болып, изометрлі пішінді, ұзыншақ штоктар мен қабат тәрізді жатындарды жасайды. Қатты метаморфталған таужыныстардағы жатындар жалпақ пішінді, ал руданың құрылымы кристалды болады.

Колчедан кенорындары арасында мынандай типтер бөінуі мүмкін: пирит(күкіртті колчедан), халькопирит – пирит(мысты колчедан), галенит- сфалерит- пирит(полиметалды колчедан) кенорындары.

Пирит кенорындары күкірт қышқылы өндірісінің шикізат көзі. Руда толығымен пириттен тұрады, аз мөлшерде кварц кездеседі. Кенорынның бұл типі Оралда(Қарабаш), Закавказьеде( Чирагидзор, Тандзут), Испания мен Жпонияда белгілі.

Халькопирит- пирит кенорындары (оралдық тип) көбінесе базальтоидтық формациялардың шөгінді-вулканогнедік қатқабаттарында немесе кремнийлі- терригендік жаралымдарда орнаоасады. Руда денелері жанартаулық брекчиялар мен туф арасында жатады, ал кенорындардың орналасуын көбінесе оқшауланған жанартаулық құрылымдар бақылайды.Кен денелері үйлесімді қабат жатындар мен линза пішінді, сондай-ақ олармен тоғысқан шток, штокверк пен желі түрінде кездеседі. Кен денелерінің ұзындығы бірнеше км-ге, қалыңдығы ондаған км-ге жетеді.

Сипатталған кенорындар типі ТМД аумағында Қазақстанда (Зырьяновск, Риддер – Сокол, Тишинск, Белоусов, Жайрем, Текелі), Прибайкальеде (Холодинск), Забайкальеде (Озерное), Кавказда (Филизчай, Маднеули), ал шетелде – Германия ( Раммельсберг), Испания ( Рио- Тинто), Норвегия, Швеция (Фалун), Мьянме, Жапония, Австралия, АҚШ пен Куба ( Санта – Люсия) аумағында дамыған.

7. Мору қыртысының кен орындары. Жалпы мағлұмат, мору қыртысының профильдері, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар.

Жаралу жағдайлары.Мору кенорындары минералдармен таужыныстарға атмосфераның жер беті мен жер асты суының, органикалық агенттердің ықпал ету нәтижесінде жаралады. Олардың әрекетінен таужыныстармен минералдар механикалық жолмен жекелеген құрамдас бөліктерге қирайды, содан кейін химиялық процестер ықпалынан ары қарай өзгеріске ұшырайды. Бұрынғы минералдар экзогендік жағдайларда төззімді жаңа минералдармен алмасады. Бұл процестердің мору деп аталатын белгілі. Олардың нәтижесінде мору қыртысы мен олармен байланысты мору кенорындары қалыптасады.

Мору қыртысы - дербес континенттік геологиялық формация. Ол жер бетіне шыққан түбірлік таужыныстарға атмосфералық және биогендік агенттер ықпал ету нәтижесінде жаралып, осы таужыныстардың механикалық, химиялық және биохимиялық қирау өнімдерінен тұрады. Мору қыртысы барлық экзогендік кенорындар минералдық массаның қуатты көзі.

Мору кенорындарының қалыптасуы жер қыртысының жер беті маңы бөлігіндегі термодинамикалық жағдайларда химиялық төзімсіз болатын тереңдік таужыныс массаларының қайта топтануына байланысты. Мору қыртысы Жер қойнауында грунт суы деңгейіне дейін, яғни жер бетінен60-100 м, кейде 200 м тереңдікке дейін таралады. Морудың негізгі агенттеріне су, оттек, көмір қышқылы, организмдер мен температураның ауытқуы жатады.