ЕСІМБАЙ ЖЫРАСЫНДАҒЫ ОҚИҒа

 

56)АБАЙ ОБРАЗЫ Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды. Семей қаласынан Шыңғыс баурайындағы аулына қайтып келе жатып, өзі туған өлкені жан жүректен «жабыса, сағына сүйеді!». Бұл кең жазирада мейірбандық пен туысқандықтан басқа, елдік пен ерліктен өзге оғаш мінез бар деп білмейді, қанішер қаталдық, жауыз жендеттік болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмейді. «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбейді де мән бермейді, қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» боп қорқытады

57)АБАЙ МЕН ҚҰНАНБАЙ АРАСЫНДАҒЫ КАРЫМ КАТЫНАСҚұнанбай болса, Абайдан өзіне ізбасар дайындамақ. Сол оймен баласын әр іске бір салып, өз қарамағындағы ру басыларға жұмсап, сынап та көрді. Тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады. «Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған» дегендей, Тоғжанның махаббаты да тұңғыш рет Абай Сүйіндік үйіне барғанда - жас қонақпен әкесінің әңгіме-насихатының үстінде тұтанғандай... Абайдың ел ішіндегі есті жас Ерболмен достығы да осындай, азаматтың ат үстінде жүрген шақтарында тапқан рухани олжасы. Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине, бір орында тұрып қалған жоқ. Үздіксіз өзгеру, өрбу, жаңғыру, жаңару үстінде болатын. Романда бұл процестің ішкі дәйектері, детальдар, психологиялық анализ дегендер аттаған сайын кездесіп отырады 58)АҚҚУЛАР УЙЫҚТА ҒАНДА АНА ӘРЕКЕТІ Ананын шарасыз куй кешуі.Аққуды атуға болмаутынын ана журеги жаксы биледи,алайда баласынын аман калғанын калайды.Баласы ушин табиғат занына карсы шығып,аман алып калуга аянбады.

59)КӨЛҚАЙНАРДАҒЫ ЕЛМЕН АБАЙДЫҢ ҚАУЫШУЫ.Абайоқуынан кайтып келе жаткан кезде үйіне асыга жөнеледі.Акесін анасын сагынган Абайдың сонгы кундердегі ен басты арманы өз тунан аулына жетіп ен жакын туган тускандарын көру еди Абай уйне жакынданан кездк бир топ калын адамдар тур екен.Олардың арасынан ен биринши анасын кореди.Анасы салкын кабак танытып ен биринши акенмен амандас деп ымдайды.Оны Аьай ұғынып биринши акесине амандасуга барадыАкеси келе жатка Абайгааса мейірімділік танытпайды,онын орныны салкын канды карасалады.Азгантай уакыт Абайга карап алып балам,бойын осип ер жетип калыпсын ау!Молда болдынба бойындай боп билиминдн остиме диди.Шукирлик диди аке,деп тұрдыда ат барган сон,дәріс тамам болмаса да,қазіреттің рұқсатын,фатихасын алып кайттым деди Абай.Барлык улкеннин кушагына амалсыз кезек кезек кирип болып,енди сытылып,шешесине карай баса берди.Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екәншә шешесі сұлу жүзді Айғыз катар тұр екен.Бала топтан шыға бергенде Пай, барин сүйетін жер калдырмадындар го днп тандана күлді де Абайды көзінен сүйді.Кезек өз шешесіне келгенде ол сүйген жок.Катты бір кысып,маңдайынан бір иіскеді.

60)ПІКІР СЫНХАТТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ Пікірде түсіндіре паймдау жүзеге асса,сынхатта дәлелдей және ойландыра пайымдау.Сол арқылы белгілі бір түйім жасау іске асырылады.Пікір көбінесе аяқталған еңбекке жолдама баға ретінде берілсе,сынхат жарыққа шығатын еңбектің кемшіліктерін алдын ала болдырмау мақсатында жетімсіз түстарына назар аудара отырып жазылады. Сынхат пікір жазушы сол саланың білікті маманы болуы міндетті.Пікірде қаралған материал бойынша пікір жазудың бағасы берілсе,сынхатта субьективті көзғарастан гөрі фактілерді талдау арқылы күрделі бағаалау басым болады 61)ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ Белгілері: 1.Сыртқы пішін ұқсасатығы.2.Қызмет бірдейлігі.3.Мағына жақындығы Жаңа ұғым өзін белгілі бір сөзбен атауды қажет ететіндігі сияқты тілдегі сөздердің арасынан сол ұғымның мәнің толық ашатындай сөзді табуда қажет.Осы екі қажеттілік өтелуі негізінде термин пайда болады.Жалпы кез келген тілдің терминологиялық түзілуіне негіз болатын екі көзі бар.Оның бірі ұлттық тіл және өзге халықтың тілдері.Ұлттық тіл термин жасамының ішкі көзі ал өзге тіл сыртқы көзі.Жалпы қолданыстағы сөз термин қатарына өткенде өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып жаңа ұғым бері мүмкін.Мысалы күмбез,тозаң,шырай. 62)ӘПКЕ шығармаға сұғбат құру Курай амадым агайдан сурайыкш пон куни

61) Терминдердің жасалуы туралы жазыңыз.Терминология – ғылыми стиль лексикасының бір тармағы. Терминдер тек ғылыми ұғымды білдіретіндіктен сол өзі қатысты ғылым саласының түсінігін ғана қамтиды. Терминдердің жасалуында өзіндік белгілер бар: сыртқы пішін ұқсастығы, қызмет бірдейлігі, мағынаның жақындығы. Жаңа ұғым өзін белгілі бір сөзбен атауды қажет ететіндігі сияқты тілдегі сөздердің арасынан сол ұғымның мәнін толық ашатындай сөзді табу да қажет. Осы екі қажеттіліктің өтелуі негізінде термин пайда болады. Жалпы кез келген тілдің терминологиялық лексиканың түзілуіне негіз болатын екі көзі бар. Оның бірі ұлттық тіл, екіншісі өзге халықтардың тілі.

63) Д.ИСАБЕКОВ ОМІРІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 1942 ж.20 желт. Оңт.ҚАЗ.обл.САйран ауданында дүние келген жазушы,драматург.1966 ж.Киров атындағы университет бітірген.1967-1968 ж. Қазақ КСР телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекет комитет.аға редактор болып істеді.1968-1970 ж.Қазақ совет Энциклопедиясында аға ғылыми редактор.1971-1976 ж. Жұлдыз журналында бөлім меңгерішісі. 1976-1980 ж. Жалын баспасында бөлім меңгерушісі.1980-1988 ж.Қазақ КСР мәдениет редакциясының редакторы.1988-1992 ж.Қазақ теледидарының бас директоры.Алғашқы әңгімесі Жолда,Замандастар жинағы 1963 ж жарияланды.Кейін 1966 ж. Бекет.1969 ж Ащы бал.Мазасыз күндер.1973 ж Қарашаңырақ.1975 ж Тіршілік атты публицистер мен 1980 жылы Қарғыс романы басылды.1983 жылы Екі жиырма деген атпен повестер жарық көрді. 1979 ж Очидан. 1986 ж Смитение. 1977 Әпке. 1978 ж Ертенгі күту. 1982 ж Мұрагерлер. 1984 ж Алыстан келген ананас. 1986 Кішкентай ауыл,Аңсаған қыз 64)М.МАқатаев бір өлеңі Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге. ұйықта, ұлым, ұйықта, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық – барлығы менің үшін
Сенің бір кеп мойныма асылғаның Танауыңнан айналдым сүртілмеген,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
Не дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?…Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсатжоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!

65)АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА ИДЕЯСЫ Ананың баласына деген махаббаты.Киелі аққуды атқан ананың жан тебіренісі.

66)Мақатев өмірі, шығармашылы Ол 1931 ж. 8-ші наурызында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты. Поэмалары Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Моцарт. Жан азасы” реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. “Табыт үні”, “Халық үні”, “Жесірлер үні”, “Бесік жыры” аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады. Мұқағалидің медитативті лирикасындағы лирик. Мен — өзін-өзі іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, ғаламнан үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, толассыз ізденістегі пәлсапашыл Мен. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, медитация басым. “Өмірдастан” атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психол. шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидің шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Имандылық,ислам діні турасында “Я, Жаратушы Аллам”, “Сатқан емен”, “Дін-ғылымның анасы”, “Я, Алла”, “Бүкіл дүние мұсылмандарына хат”, “Адам қайдан жаралған”, “Жүрек арызы”, “Күн батты, міне, кеш кірді”, “Не керек, осы, адамға”, т.б. өлеңдер жазды. “Сатқан емен, сатпайтын дінімді мен”, “Мұхаммедтің үмбеті-мұсылманмын”, “Сайтанның да, күнәсіз періштенің, Бал мен уын талғамай неге ішкенмін. Періштенің қайғысын бөліспедім, Сайтанменен болса да келіспедім” секілді жыр жолдарында адам табиғатына сай тартыс, пенденің жан тылсымындағы жұмбақ қақтығыстар көрініс тапқан. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағалидің поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді: “Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем”. Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: “О, Муза, маған алыс сөреңді бер, ұайыптан кел де, мені демеп жібер”. Мұқағали адам жанының диалектикасына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейді (“Жапырақ жүрек-жас қайың”). Ол “Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін “адам жанының инженері болып қалу” дегенді ұстанды (Күнделік, 10.2.1976). Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. “Бүкіл менің жазғаным — бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма” дейді ақын. Мұқағалидің адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің “Қош, махаббат” жинағына (1988) әр жылдары жазылған “Құлпытас”, “Марусяның тауы”, “Өзгермепті”, “Әже”, әңгімелері, “Қос қарлығаш”, “Жыл құстары” повестері мен “Қош, махаббат” пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. “Рух және сезім” , “Сезім найзағайы”, “1969 жылғы қазақ поэзиясы“ атты әдеби сын еңбектерінде О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов,С.Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайдығы

67)Ақиық ақын тақырыбына ой толғау Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27.3.1976ж.Алматы қаласы)–ақын. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер. Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж). Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960ж.). Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирик. өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады.,ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын.Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін»-дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды.Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде: Поэзия! Менімен егіз бе едің? Мен сені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім Мақатаевтың «Өмірдастан» атты топнамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы халық өмірі мен адамдық , азаматтық, адалдық , ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мақатаевтың шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Мұқағали Мақатаев дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн, тұрғысынан жаңалық енгізгент 68) Жоспарға қойылатын талаптар 1 .Жоспар негізгі тақырыптан ауытқымауы керек және нақты әрі терең түрде өрбітуге бейім болуы керек.Сондай-ақ еңбектің жоспарланған бөліктері көлемі жағынан шамалас болу керек.Жоспарды хабарлы және сұраулы сөйлем арқылы құруға болады.Бірақ бірізді болу керек.Сұраулы сөйлем арқылы құрылған жоспарда сұрақ айтылатын негізгі ойға мәселеге қаратылып қойылады.Жоспарды сондай-ақ жай және курделі етіп болып құруға болады.Жай жоспар неізгі еңбектің басты мәселесін қамтиды.Ал күрделі жоспар осы негізгі бөлімдердің ішіне кіреді.Және әр бөлімде негізгі және қосалқы мәселелер бар екенін көрсетеді.Осыған байланысты жоспардағы сөйлем құрамы да әртүрлі болады.Яғни атаулы,жай,жайылма,Күрделі болады

69)Мәтіннің ішкі және сыртқы құрылымы Ішкі құрылымына: 1.Экскус-сөз болып отырған ғылым саласына байланысты шектес жатқан мәселелерден хабардар ету,шолу жасау. Бұл көбінесе жалпы жұртшылыққа арналған ғылыми көпшілік мәтіндерде кездеседі. Мұнда тақырыпта жанама түрде байланысты мәселелер:тарихы,әлеуметтік,саяси қаржыландыру мақсаты қарастырылады. Таза ғылыми мәтіндер экскус сирек кездеседі. 2.Тақырыптың шегініс-қаралып отырған мәселелердің тығыз байланысты бірақ, нақты осы еңбекте зерттеу обьектісі болмай отырған мәселені қамтиды.Авторлық бағалау-автордың субьективті көзғарасы,эмоционалды,зерделі толғаныстар Сыртқы құрылымы. 1.Тақырып атауы бірнеше қызмет атқарады.Олар нормативті мәліметтік,жарнамалық саралау.Тақырып атауы көбінесе хабарлы сөйлем арқылы беріледі.2.Түйін-оқырманның қажетті мәліметтерін тез табуына мүмкіндік жасайды. Ол 10 немесе 20 жол шамасындағы мәтін болып табылады. Ғылыми мәтіннің алдында келеді. 3.Кіріспе-Айтылатын мәселенің тарихын қамтиды және оқырманды соңғы ғылыми жаңалықтанмен хабардар етеді.Сондай-ақ тәжірибе,зерттеу жүргізу. оның авторлары, қоршаған орта т.б. екінші қатардағы мәселемен таныстыру арқылы оқырманның түсінігіне жағдай жасайды. 4.Бап- Әр бапта жалпы мәселенің бір ғана сұрағы төңірегінде сөз болады.Кейде бап құрамына экскус та кіреді.Бап цифумен немесе тақырыпшалармен беріледі.Бап көбінесе таза ғылыми мәтінге тән.5.Тарау-бап тәріздіғылыми мәтін құрылымының ірі бөлшектері қамтылып логикалық жағынан қамтып,біртұтас мәтіннің бөлігі болып табылады. Соңғы құрылымы қорытынды.Мұнда зерттеудің болашағы оның жалпы ғылым саласында алатын орны маңыздылығы сөз болады. Соңында зеруттеу нәтижесі және оның болашақтағы міндеті айтылады. Нәтижесінде қорытынды жасалып, кеңестер мен тұжырым береді