Биологиялық химия кафедрасының биохимия пәнінен сабақ беретін оқытушылары туралы мәліметтер

Биологиялық химияДАН БДО 02 Bioh 2202

СИЛЛАБУС

Мамандығы: 5В130100 – «Жалпы медицина»

Кафедра - биологиялық химия

Курс - екінші Семестр – үшінші, төртінші

Барлығы_3 кредит_____135_____сағат

Дәрістер ______ 5_______ сағат

Тәжірибелік

сабақтар _____40_______ сағат

Оқытушылар

мен студенттердің

өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) ____45___ сағат

Барлығы аудиториялық __90___ сағат

Студенттердің аудиториядан тыс

өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ)

Сағат

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2014

Силлабус «Жалпы медицина» (5В130100) мамындығы бойынша ОӘК отырысында бекітілген (28.02.2012 ж. хаттама № 2) бакалавриаттың білім беру бағдарламасы және 2014-15 оқу жылының оқу жұмысының жоспары негізінде б.ғ.д., проф. К.О.Шарипов пен кафедраның ПОҚ құрастырылған, доцент Жақыпбекова С.С. аударылған.

 

Жұмыс бағдарлама биологиялық химия кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілген.

«_____» ____________ 2014 жыл

 

Хаттама № _____

Кафедра меңгерушісі,

профессор _______________________ К.О.Шарипов

1. Жалпы мәліметтер:

1.1.Жоғарғы оқу орны С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

1.2. Кафедра биологиялық химия

1.3. Пән«Биологиялық химия», БДО 02 bioch. 2202

1.4. Мамандық: 5В130100 «Жалпы медицина»

1.5. Оқу сағатының көлемі – 135 сағат / 3

1.6. Оқу курсы және семестрі - 2 курс, 3-4 (күзгі және көктемгі)семестр


Биологиялық химия кафедрасының биохимия пәнінен сабақ беретін оқытушылары туралы мәліметтер

Аты-жөні Ғылыми дәрежесі Қызметі Біріншілік ғылыми мүдделері
1. Шарипов К.О. б.ғ.д. Каф.меңг., профессор Макроэлементтер и микроэлементоздар. Кәсіби коммуникациядағы ағылшын тілі
2. Плешкова С.М. м.ғ.д. проф. Заманауи биохимиялық диагностикалық технологиялар Кәсіби коммуникациядағы ағылшын тілі
3. Булыгин К.А. м.ғ.к. доцент Заманауи педагогикалық технологиялар Кәсіби коммуникациядағы ағылшын және қазақ тілдері.
4. Ерджанова С.С. м.ғ.к. доцент Стоматологиядағы биохимиялық корреляциялар
5. Жакыпбекова С.С. б.ғ.к. Оқу ісінің меңг.,доцент Медициналық-биологиялық зерттеулер, әлемдегі негізгі бағыттар мен тенденциялар
6. Киргизбаева А. А. х.ғ.к. доцент ПОҚ ғылыми жұмысты ұйымдастыру, грант безендіру. Фармациядағы биохимиялық корреляциялар. Кәсіби коммуникациядағы ағылшын тілі
7. Омирзакова К.К. б.ғ.к. доцент Биохимиядағы заманауи тенденциялар
8. Байбулова М.С. х.ғ.к. доцент Заманауи педагогикалық технологиялар
9. Мухамадиева Е.О. - аға оқыт. Кәсіби коммуникациядағы ағылшын тілі, тәрбие жұмысы
10. Петрова Г.И. - аға оқыт. Витаминдер және белоктар алмасуы. Біліктілікті арттыру курсына және мейір бике ісі мен ҚДС факультетттерінің бағдарламасын дайындау.
11. Досымбекова Р.С. - оқыт. Макроэлементтер және микроэлементоздар
12. Яхин Р.Ф. - оқыт. Мәліметтер базасының электронды жүйесі
13. Искакова С.А. б.ғ.д. доцент Медицинадағы ғылыми зерттеулер.
14. Аймагамбетова Ж.С.   оқыт. Биотехнология.

1.8. Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан орны мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы Бөгенбай батыра көшесі, №2 оқуғимараты, 3-қабат

Телефон

тел Ішкі.:

e-mail bioelkaf@mail.ru

 

1.9. Пәннің саясатыоқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге талаптары медициналық жоғары оқу орындарында оқудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған.

1. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар мен ОСӨЖ міндетті түрде, үнемі қатысу.

2. Дәріске міндетті түрде қатысу. Жіберілген әрбір дәріс үшін сәйкес коллоквиумнан 5 балл шегеріледі.

3. Орындау түрі әркелкі болатын СӨЖ-ң 2 түрін міндетті орындау.

4. Студент СӨЖ-н тақырыптық жоспарға сәйкес сол тарау бойынша аралық бақылауға дейін 1 апта бұрын тапсыру керек; студентке СӨЖ-ді уақытында тапсырмағанда «0» балл қойылынады, қайта тапсыруға болмайды.

5. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (зертханалық жұмыстарды конспектілеу, теориялық материалды дайындау, жағдайлық есептер мен тесттік тапсырмаларды шешу, зертханалық жұмыстарды өз бетінше орындау).

6. Егер студент ОСӨЖ кезінде жақсы жауап берсе, тәжірибелік сабақтың бағасына 5 балл қосымша қосылады, егер үздік жауап берсе онда 10 балл қосылады; егер студент сәйкес ОСӨЖ сабағынан кетіп қалса тәжірибелік сабақтың бағасынан 5 балл шегеріледі..

7. Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген деканаттың рұқсат қағазы болғанда ғана 10 күннен кешікпей жүргізіледі.

8. Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс; оқутышының студент сабаққа кешіккенде сабақта алынған бағасынан 5 балл шегеруге құқығы бар.

9. Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен келуі керек; халаты болмаса бағасынан 10 балл шегеріледі, студенттің ұқыпсыз түрінде бағасынан 5 балл шегеріледі .

10. Профессор-оқытушылар құрамымен, оқу-көмекші құрамның қызметкерлерімен және студенттермен құрмет тұтарлық қарым-қатынаста болу.

11. Студентте алдын-ала үздік жылғы баға шығып жатса, ол биохимиядан пәндік Олимпиадаға жіберіледі; оларға Олимпиаданың екінші турына өткенде бір СӨЖ үшін 100 балл қойылады; үшінші турға өткенде- студентке бір коллоквиумға максималды балл қойылады; Олимпиаданың жүлдегерлері үздік жылғы баға мен Тест орталығында емтиханнан «үздік» баға алғанда ғана емтиханның екінші сатысынан максималды бағамен босатылады.

12. Ғылыми ұйырмеде немесе өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмысты жасаған студенттер ғылыми ұйырменің мәжілісінде немесе ғылыми конференцияда жұмыстың нәтижелері туралы ауызша баяндама жасағанда екі СӨЖ максималды бағамен есептеледі.

13. Ғылыми ұйырмеде немесе өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмысты маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын тілінде жасаған студенттер ғылыми ұйырменің мәжілісінде немесе ғылыми конференцияда жұмыстың нәтижелері туралы ауызша баяндама маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын тілінде жасағанда екі СӨЖ максималды бағамен есептеледі және бір коллоквиумнің бағасына 10 балл қосылады..

14. Ғылыми ұйырмеде немесе өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмысты маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз екінші тілінде жасаған студенттер ғылыми ұйырменің мәжілісінде немесе ғылыми конференцияда жұмыстың нәтижелері туралы ауызша баяндама маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз екінші тілінде жасағанда екі СӨЖ максималды бағамен есептеледі және бір коллоквиумнің бағасына 5 балл қосылады..

15. Ғылыми ұйырмеде немесе өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмысты маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын және екінші тілінде жасаған студенттер ғылыми ұйырменің мәжілісінде немесе ғылыми конференцияда жұмыстың нәтижелері туралы ауызша баяндама маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын тілінде жасағанда екі СӨЖ максималды бағамен есептеледі және бір коллоквиумнің бағасына 15 балл қосылады..

16. Ғылыми ұйырмеде немесе өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмысты маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын және екінші тілінде жасаған студенттер ғылыми ұйырменің мәжілісінде немесе ғылыми конференцияда жұмыстың нәтижелері туралы ауызша баяндама маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз екінші тілінде жасағанда екі СӨЖ максималды бағамен есептеледі және бір коллоквиумнің бағасына 10 балл қосылады..

17. Ғылыми ұйырмеде немесе өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмысты жасаған студенттер ғылыми ұйырменің мәжілісінде немесе ғылыми конференцияда жұмыстың нәтижелері туралы ауызша баяндама жасағанда және нәтижелерін бастырып шығарғанда екі СӨЖ максималды бағамен есептеледі және бір коллоквиумға максималды баға қойылады..

18. Үздік жылғы баға мен Тест орталығындағы емтиханда «үздік» алған және Ғылыми ұйырмеде немесе өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмысты жасаған студенттер ҚазҰМУ немесе басқа ВУЗ-дың конференциясында жұмыстың нәтижелері туралы ауызша немесе стендтік баяндама жасағанда екі СӨЖ, бір коллоквиум максималды бағамен есептеледі және олар емтиханның екінші сатысын тапсырудан максималды бағамен босатылады.

19. Сабақта өз еркімен билет сурағына немесе ауызша маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын тілінде «жақсы» немесе «үздік» жауап берген студенттердің бағасына 10 балл қосылады.

20. Сабақта өз еркімен билет сурағына немесе ауызша маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз екінші тілінде «жақсы» немесе «үздік» жауап берген студенттердің бағасына 5 балл қосылады.

21. Өз еркімен маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын тілінде СӨЖді орындап қорғаған студенттердің бағасына 10 балл қосылады.

22. Өз еркімен маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз екінші тілінде СӨЖді орындап қорғаған студенттердің бағасына 5 балл қосылады.

23. Өз еркімен маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын және екінші тілінде СӨЖді орындап және маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын немесе екінші тілінде қорғаған студенттердің бағасына 15 балл қосылады.

24. Сабақтың тақырыбы бойынша маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын тілінде өзі жазған конспекттер немесе өзі орындаған жаттығулар мен жағдайлық есептері бар студенттердің сәйкес сабақтың бағасына 10 балл қосылады.

25. Сабақтың тақырыбы бойынша маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз екінші тілінде өзі жазған конспекттер немесе өзі орындаған жаттығулар мен жағдайлық есептері бар студенттердің сәйкес сабақтың бағасына 5 балл қосылады.

26. Сабақтың тақырыбы бойынша маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз үш тілде (ағылшын, қазақ, орыс) өзі жазған конспекттер немесе өзі орындаған жаттығулар мен жағдайлық есептері бар студенттердің сәйкес сабақтың бағасына 15 балл қосылады.

27. Сабақтың тақырыбы бойынша маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз ағылшын тілінде өзі жазған конспекттер және өзі орындаған жаттығулар мен жағдайлық есептері бар студенттердің сәйкес сабақтың бағасына 15 балл қосылады.

28. Сабақтың тақырыбы бойынша маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз екінші тілінде өзі жазған конспекттер және өзі орындаған жаттығулар мен жағдайлық есептері бар студенттердің сәйкес сабақтың бағасына 10 балл қосылады.

29. Сабақтың тақырыбы бойынша маңызды грамматикалық пен лексикалық қателерсіз үш тілде (ағылшын, қазақ, орыс) өзі жазған конспекттер және өзі орындаған жаттығулар мен жағдайлық есептері бар студенттердің сәйкес сабақтың бағасына 20 балл қосылады.

30. Топтардағы талас тудырған мәселелерді кафедраның оқу ісінің меңгерушісі немесе кафедра меңгерушісімен ашық түрде талқылау.

31. Кафедра мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау.

 

Бағдарлама

Кіріспе

Қазіргі уақыттағы биологиялық химия – тірі ағзаның қызмет атқаруы негізіне жататын, сонымен қатар адам мүшелері мен тіндеріндегі метаболизм ерекшеліктері мен оның реттелуі негізіндегі химиялық үрдістерді молекулалық деңгейде зерттейтін іргелі ғылым.

Жасуша, тін және мүшелердің тіршілігінің негізінде жататын негізгі метаболикалық үрдістерді білу болашақ дәрігерге олардың патологиялық жағдайларда бұзылу себептерін түсіну үшін қажет.

Биологиялық химия пәнін оқу барысында алған білімдер болашақ дәрігерге анағұрлым ақпараттық биохимиялық әдістерді таңдауға, оларды аурудың диагнозын сауатты интерпретациялауға және емдеу тиімділігін бақылауға көмектеседі.

Бағдарлама статикалық, динамикалық және функционалдық биохимияның іргелі бөлімдерін қамтиды, сонымен қатар «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған арнайы сұрақтары қарастырылады.

Биологиялық химияны оқу үшін химиядан, молекулалық биология мен медициналық генетикадан, анатомиядан, гистологиядан, медициналық биофизика мен физиологиядан алған білімдері қажет.

 

2.2. Пәнді оқытудың мақсаты студенттерде негізгі метаболиттік үрдістердің молекулалық механизмдері мен олардың реттелуі, адам мүшелері мен тіндеріндегі метаболитттік үрдістердің өту ерекшеліктері, биохимиялық көрсеткіштерді диагностика және емдеу тиімділігін бақылау үшін қолдана білу туралы біртұтас ұғым қалыптастыру.

 

2.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

- дәрігерлерді даярлаудағы биологиялық химияның ролі туралы ұғым қалыптастыру;

- тірі ағзалардағы белоктардың, көмірсулардың, липидтердің және басқа биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық құрылысы, қасиеттері және биологиялық функциялары туралы түсінік беру;

- энергияны трансформациялаудың, заттар алмасуының және метаболиттік үрдістердің реттелуінің биохимиялық заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру;

- ағзаның маңызды мүшелері мен тіндерінің молекулалық деңгейлері мен ондағы метаболизм ерекшеліктері туралы ұғым қалыптастыру;

- ауруды диагностикалауға және метаболизм бұзылыстарын түзетуге арналған қазіргі кездегі биохимиялық әдістер туралы ұғым қалыптастыру;

- биохимиялық зертханаларда жұмыс жасау кезінде қауыпсыздық техникасының сұрақтары бойынша құқықтық құзырлылықты қалыптастыру;

- топтық жұмыс кезәнде және ағылшын, мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіптік қатынас болу үшін коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру;

- зертханалық жұмыстар жасаған кезде операционалдық дағдыларды қалыптастыру.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:

- биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдерінің: көмірсулардың, липидтердің, жай және күрделі белоктардың, витаминдердің, т.б. құрылысын, қызметтерін және қасиеттерін;

- қоректік заттардың негізгі топтарының (белоктардың, липидтердің және көмірсулардың), витаминдердің, минералды заттардың және судың метаболизміндегі ролін;

- метаболиттік үрдістердің негізгі реакцияларының жүруінің молекулалық механизмдері мен олардың реттелуін;

- энергияның трансформациялануы, энергия алмасуының бұзылу механизмдерін;

- маңызды мүшелер мен тіндердің қызметіндегі молекулалық механизм ерекшеліктерін;

- алмасу үрдістері мен физиологиялық функциялардың реттелу механизмдерін және олардың бұзылуының мүмкін болатын салдарларын;

- қалыпты жағдайдағы және патологиялық кездегі адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарының негізгі биохимиялық константаларын.

Операционалды дағдылар мен икемдер:

Жасай алуы тиіс:

- негізгі биохимиялық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялауды;

- метаболизм карталарын, арнайы анықтамалық материалдарды қолдануды;

- биологиялық белсенді заттардың тапщылығы кезіндегі биохимиялық үрдістердің және олардың реттелуінің бұзылу ерекшеліктерін болжай алуды;

- метаболизмнің бұзылуын болжай алуды;

- биологиялық сұйықтықтардағы көмірсулар, липидтер және белоктар алмасулардың аралық пен соңғы өнімдерін анықтайтын экспресс-әдістерді қолдануды;

- адамның биологиялық сұйықтарындағы ферменттердің активтілігін және басқа заттардың мөлшерін анықтау әдістерін жүргізу.

- құқықтық құзырлылық : студент зертханалық құралдар және биологиялық материалдармен; химиялық реактивтер және зертханалық ыдыстармен жұмыс жасау ережелерін сақтай білу;

- коммуникативтік құзырлылық: студент берілген жағдайдағы оқу-ғылыми жағдаяттарды талдаудашағын топтармен жұмыс жасай білуі тиіс; алдын ала болатын жеке мәселелерді және барлық топтың көз қарасын дәлелдеу; А2-В1 және одан жоғары деңгейде үш тілдік кәсіби терминдерді пайдаланып берілген сұрақтарға өз ойларын айта білу;жұмыстардың нәтижесін топпен және басқа студенттермен және оқытушылармен кейбір жағдайлардағы тамақтану және өмір салтын түзету, зертханалық көрсеткіштердің (биохимиялық сараптаманың) және биохимиялық механизмдерінің интерпретациясын талқылауда пікірталас жүргізіп, баяндау;

- өздігінен білімін жетілдіру: студент өз бетінше қажетті ғылыми әдебиеттерді тауып және WEB-сайттарды пайдалана білу; кейбір жағдайлардағы қажетті биохимиялық көрсеткіштерді анықтау, материалды глоссарий, сөзжұмбақ, презентация түрінде дайындау; оқу мәтіндерін кванттау және олармен жұмыс жасау; оқу-ғылыми жағдаяттарды заманауи әдебиеттерді және WEB-сайттарды пайдаланып қорытынды жасау; негізгі патология түрлерінің биохимиялық механизмдерінің негізіндегі білімді пайдаланыптамақтану және өмір салтынаұсыныс жасау;биохимияның ауқымды тақырыптарынан визуалды құралдарды дайындау.