Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Рет № Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және тәжірибелік сабақтарда қолданылатын зертханалық жұмыстардың тізімі Өткізу түрі Сағат саны
1. Белоктар. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жалпы қасиеттері.Қауіпсіздік техникасының ережелері. Кеңес беру, қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру,блиц-сұрақ, жазбаша бақылау, тест, зертханалық жұмыстарды жасау; пікірталас, PBL, TBL.
2. Гликопротеиндер, хромопротеиндер, нуклеопротеиндер: өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы. Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау, тест, шағын топтармен жұмыс, ми штурмы, TBL.
3. Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активтілігіне әсер ететін факторлар. Ауызша талдау, блиц-сұрақ, ЖИГСО әдісі бойынша жазбаша бақылау, тест, шағын топтармен жұмыс, PBL, TBL..
4. Энергия алмасуы. Катаболизмнің арнайы жолдары, үшкарбон қышқылдарының циклі. Биологиялық тотығу және бұл процеске қатысатын ферменттер. Тотығудан фосфорлану. Тыныс алу комплекстер. Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, шағын топтармен жұмыс, TBL.
5. Ферменттер. Энергия алмасуы.Коллоквиум. Жазбаша бақылау, жағдайлық есептерді шешу,СBL.
6. Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары. Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары. Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез. Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Глюконеогенез. Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, жазбаша бақылау, тест, шағын топтармен жұмыс, PBL,TBL.
7. Көмірсулар алмасуы.Коллоквиум. Жазбаша бақылау, СBL.
8. Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы, сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы әр түрлі мүшелердің ролі. Организмде хиломикрондар мен липопротеиндердің түзілуі және ролі. Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, жазбаша бақылау, тест, бейнефильм және шағын топтармен пікірталас, PBL,TBL.
9. Липидтер алмасуы. Аралық алмасу. Организмдегі глицерин мен май қышқылдарының және ацетил-КоА өзгерістері. Жазбаша бақылау, ауызша талдау, тест, ТBL.
10. Белоктар алмасуы. Белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі. Тоқ ішектегі белоктардың шіруі және бауырдағы шіру өнімдерінің залалсыздануы. Асқазан сөлі: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық жағдайда ауытқуы. Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау, тест, шағын топтармен жұмыс, зертханалық жұмыстарды жасау PBL,TBL.
11. Күрделі белоктар алмасуы. Гемоглобиннің синтезі мен ыдырауы. Өт, зәр, нәжіс пигменттерінің түзілуі. Пигменттік алмасуының бұзылуы (сарғыштану).Нуклеопротеиндер алмасуы туралы түсінік. Несеп қышқылының түзілуі. Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі. Жазбаша бақылау, ауызша талдау, ЖИГСО әдісі бойынша шағын топтармен жұмыс,тест, ТBL.
12. Заттар алмасуының реттелуі.Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, жазбаша бақылау, бейнекастпен пікірталас, «жүзімнің бұтағы» әдісі, ТBL.
13. Заттар алмасуының реттелуі.Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар. Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тест, қантты диабет бойынша ролдік ойын, кесте толтыру, ТBL.  
14. Қан биохимиясы.Қан плазмасының органикалық құрам бөліктері. Жазбаша сұрау, соның ішінде билеттің кейбір сұрақтарына ағылшын немесе орыс тілінде жауап беру.
  Барлығы  

 

 

Оқытушылар мен студенттердің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) тақырыптық жоспары