Стандартты актердің сценарийінің тексті және оның рөл сипаттамасы

Интернатурада «Бала аурулары» мамандығы бойынша оқитын тыңдаушылардың қорытынды аттестациясына арналған медициналық симуляцияның сценарийі

Кезең –клиникалық дағдыларын бағалау) 2015 – 2016 оқу жылы

Клиникалық жағдай: «Диффузды токсикалық зобы 2 дәрежесі (диагностика, жүргізу тактикасы)»

 

Ситуация:

Сіз –емхана дәрігерісіз. Қабылдауға 13 жасар қыз бала келді.

Ø Науқастың шағымдары мен анамнезін жинаңыз және қарап тексеруін жүргізіңіз.

Ø Лабораторлы-аспаптық зерттеу нәтежелерінің интерпретациясын жасаңыз

Ø Диагнозын қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу және емдеу тактикасын анықтаңыз

 

Соңғы нәтиже (outcomes):

Ø Сұрап, физикальдық зерттеу жүргізіңіз

Ø Аурудың клиникалық диагнозын қоя білу

Ø Қалқанша безінің патологиясынан мәлімет беретін, диагностикалық зерттеу нәтижелерін интерпритациялау

Ø Аурудың дифференциялды диагностикасын білу

Ø Гипертериозы бар балаларды жүргізу тактикасы

Ø Пациентпен қарым-қатынас орнату және қобалжуды басу

 

Стандартты актердің сценарийінің тексті және оның рөл сипаттамасы

Науқас:Жасөспірім қыз бала

13жаста.

Қабылдауда шағымдары: ашушаңдық, сабақ үлгерімінің төмендеуі, тершеңдік, қолдарының треморы

Сұрақтың негізі Актер сұрақтары Актер жауабы
Негізгі шағымдарының ұзақтығы Жоғарыдағы шағымдары қашан пайда болды? Ұзақ уақыт бойы байқауда, соңғы уақытта күшеюде.
Стресстік жағдайлар болды ма, көріністерінің күшеюі соған байланысты ма? Мектепте емтихан болғанда тершеңдік пен қолдағы тремор байқалған.  
Қосымша қобалжу белгілері, жүректің жиі соғуы болды ма? Болып тұрады
Анамнезді нақтылау Қандай аурулармен ауырды? Суық тию, бронхит
Отбасында, туыстарында (эндокринді, тұқым қуалайтын аурулар бар ма?) Білмеймін
Бұрын жүргізілген диагностикалық тексерулер Қандай маманда тексерілдіңіз? Невропатологта
Бұрын қандай ем қабылдаған Нәресте қандай ем қабылдаған? Невропатолог нұсқауларын орындадық (ноофен, глицин, аrтовегин, массаж)

Анамнезінде:Ашушаңдық,, үлгерімінің төмендеуі соңғы 5 айда, 2 апта бұрын мектепте емтихан тапсырғаннан кейін тершеңдік, қолдарындағы тремор, шарашағыштық байқалған. Невропатолог қабылдауында болған, ем алған.

Объективті: Дене салмағы-33 кг, бойының ұзындығы -153см. Жағдайы орташа ауырлықта, қарап тексергенде енжар, сабырсыздық байқалады. Оң көзінде әлсіз экзофтальм. Терісі жылы, жабысақ тер. Телеграф бағанасы симптомы. Ромберг қалпында тұрақсыз. Сүйек буын жүйесі ауытқусыз. Тыныс алуы өкпенің екі жағында бірдей, везикулярлы. Жүрек аймағында өзгеріс жоқ. Жүректің салыстырмалы шекарасы қалыпты. Аускультацияда: тондары айқын, қатаң, тахикардия, ЖСЖ мин.116 рет. Екі қолда да АҚ 130/80мм.с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Қалқанша безі 2 дәр., пальпацияда тығыз эластикалық консистенциялы. Жыныстық жетілуі Ах2, Ма2, Р1, Ме abs.

ЖҚА: эритроциттер 3,7х1012/л, гемоглобин 122 г/л, ТК 0,8, Лейкоциттер 8,8х109/л, Таяқшаядролы нейтрофилдер – 2%, Сегменттіядролы нейтрофилдер– 53% Эозинофилдер – 5% Моноциттер – 5% Лимфоциттер– 35% ЭТЖ 15 мм/с. БХА Жалпы белок – 67,7 г/л Билирубин жалпы – 20,5 мкмоль/л, Тура билирубин – 2,3 мкмоль/л, Тура емес билирубин – 18,2 мкмоль/л Глюкоза – 6,4 ммоль/л Холестерин - 3,9 ммоль/л АсТ – 24 мкмоль/л АлАТ – 20 мкмоль/л С-реактивті белок – 5 ед. Мочевина – 5,2 ммоль/л Креатинин – 78 мкмоль/л

ҚАЛҚАНША БЕЗІ ГОРМОНДАРЫ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ:

ТТГ –0,2 ХБ/л (қалыпты 0,8-8,2 мЕД/л)

Бос.Т4 –85,9 пмоль/л (қалыпты 9,0-24,5 пмоль/л)

Т4 – 514,2 нмоль/л (қалыпты 100,4-213,5 нмоль/л)

Т3 –28,3 нмоль/л (қалыпты 1,7-4,3 нмоль/л)

 

ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ УДЗ:

Қалқанша безінің бөліктері қалыпты орналасқан, айқын гиперплазия, контуры тегіс, айқын, құрамы біртекті, жоғары эхогенді.

ЭКГ:

Қорытынды: синустық тахикардия, ЖСЖ 1 минутына 125 рет, реполяризация процесстері бұзылған.

 

«Диффузды токсикалық жемсау 2 дәрежесі (диагностика, жүргізу тактикасы)»