ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

МАШЫҚТАНУ САБАҒЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ПӘНІ: *ФТИЗИАТРИЯ* (051101)

МАМАНДЫҒЫ: 051301 -*ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА*

 

 

Қрастырғандар: м.,ғ.,д., профессор Рақышева А.С.

м.,ғ.,к., доцент Сыздықова Н.С.

м.,ғ.,к., доцент Күмісбаева Б.Т.

 

 

Курс төртінші

 

 

 

Алматы қ. 2010 ж.


1.4 МАШЫҚТАНУ САБАҒЫН ӨТКІЗУГЕ ҚОЛДАНАТЫН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Тақырып: Фтизиатрия службасын ұйымдастыру. Диспансеризация. Туберкулездің эпидемиологиясы. Туберкулездің этиологиясы және патогенезі. Туберкулезді емдейтін мекемелерде қолданатын санитарлық эпидемиологиялық ережелері. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқасқа қолданылатын клиникалық зерттеудің ерекшеліктері.

Мақсаты: туберкулездің эпидемиологиясымен, оның ҚР ерекшеліктерімен және туберкулезді емдейтін мекемелерде қолданатын санитарлық эпидемиологиялық ережелерімен, сонымен қатар туберкулезге қолданатын лабораториялық және рентгендік диагностикасымен студенттерді таныстыру.

Оқыту міндеті:

- туберкулезді ерте және уақытылы анықтау;

- диагнозды верификациялау.

Тақырыпқа арналған негізгі сұрақтар:

- туберкулез бойынша негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштер және оларға сипаттама беру;

- қазіргі жағдайдағы туберкулездің эпидемиологиясы;

- туберкулездің этиологиясы және патогенезі;

- туберкулез қоздырғышының биологиялық сипаты, құбылмалы формалары;

- ТМБ адамның организіміне ену және таралу жолдары;

- фтизиатрияда қолданатын деонтология;

- туберкулезді емдейтін мекемелерде қолданатын санитарлық эпидемиологиялық ережелер;

- бактериоскопия арқылы қақырықты ТМБ зерттеу көрсеткіші;

- туберкулезді емдейтін мекемелерде қолданатын санитарлық эпидемиологиялық ережелері өткізуін бақылау.

 

Оқу және оқыту әдістері:аз адамды топ

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

3. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

4. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

5. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

6. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

Қосымша әдебиеттер:

7. *Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

8. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

9. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.


Бақылау

 

Сұрақтар:

- инфекцияның жұғу жолдары;

- туберкулездің этиологиясы, патогенезі, патоморфозы;

- туберкулезді емдейтін мекемелерде қолданатын санитарлық эпидемиологиялық ережелер;

- ТМБ түрлері;

- ТМБ атипті түрлері;

- ТМБ сипаты/қасиеті

- ТМБ биохимиялық құрамы;

- ТМБ зерттеуге қолданатын микробиологиялық зерттеу әдістері;

- ТМБ өсуіне қолданатын көректік орталар;

- туберкулез бойынша негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштер.

 

Тест тапсырмалары:

1. Роберт Кох қай жылы туберкулез қоздырғышын ашты:

а) 1852 ж.

б)1862 ж.

в)1872 ж.

г) 1882 ж.

д) 1892 ж.

2. Туберкулез микобактериясының негізгі түрлік белгілісі қайсы:

а)патогенділігі

б)вируленттілігі

в)дәріге төзімділігі

г)қышқылға төзімділік

д)көбеюі

3. Туберкулездік қабынудың ең негізгі белгісіне не тән:

а) Пирогов-Лангганс алып клеткалары

б)эпителиоидты клеткалар

в)лимфоциттер

г)казеозды-некроз

д)макрофагальды-гистиоцитарлы элементтер

4. Туберкулез қоздырғышының жұғу жолдары:

а) ауа шаң-тозаң арқылы

б) ауа - тамшылы арқылы

в) тағам арқылы (алиментарлы)

г) жыныс арқылы

д) трансмиссивті жолымен

5. Туберкулез микобактериясының түрлері:
а) адам түрі

б) бұқа түрі

в) құс түрі

г) тышқан түрі

д) ит түрі

6. Патологиялық материалдан туберкулез микобактериясын
қандай әдістермен анықтайды:
а) бактериоскопиялық

б) бактериологиялық

в) биологиялық

г) рентгенологиялық

д) спирографиялық

7. Туберкулез микобактериясының биохимиялық сипатына осы барлығы жатады біреуінен басқа, ол қайсы көрсетіңіз:

а) туберкулопротеидтер

б) туберкулолипидтер

в) көмір су

г) минеральды тұздар

д) лимфа

8. Патогенді туберкулез микобактериясының түрлерін атаңыз:

а) адам, бұқа, құстар, тышқан

б) ит, жылқы,түйе

в) шошқа, бұқа, құстар

г) тышқан, тез өсетіндер

д) атипті микобактериялар

9. Кальцинаттарда туберкулез микобактериясы сақталады ма?
а) L-формалық түрінде сақталады

б) сақталмайды

в) қалыпты түрде сақталады

г) фильтрация түрінде сақталады

д) кокктың флорасы түрінде сақталады

10) Негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерді атаңыз:

а) аурулық

б) жұққандық

в) аурушандық

г) өлім-жітім

д) саулық

11) Туберкулез инфекциясының резервуарын сипаттайтын қайсы эпидемиологиялық көрсеткіш:

а) өлім-жітім

б) потенциальды ошақ

в) қарым қатынас

г) жұққандық

д) аурушандық

Тақырып: өкпе туберкулезінің диагностика әдістері. Туберкулин диагностикасы. Туберку-лин сынамаларын қою техникасы және тәсілдері. Алынған нәтижелерге баға беру.

Мақсаты:туберкулездің диагностикасына қолданатын лабораториялық және рентгендік зерттеу әдістерімен таныстыру.

Оқыту міндеті:

- туберкулездің диагностикасына қолданатын лабораториялық әдістерді игеріп білу;

- туберкулездің рентгендік диагностикасын білу

Тақырыпқа арналған негізгі сұрақтар:

- тыныс алу ағзалар туберкулезінде болатын негізгі белгілер/симптомдар;

- туберкулин диагностикасы, талдау беру;

- микробиологиялық зерттеу әдістері;

- туберкулезге қолданатын сәулелік диагностиканың әдістері;

- бактериоскопия арқылы қақырықты ТМБ зерттеу көрсеткіші;

- сәулелік диагностиканы қолдануға болатын көрсеткіштер.

 

Оқу және оқыту әдістері:аз адамды топ, жұппен жұмыс жасау

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

3. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

4. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

5. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

6. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

Қосымша әдебиеттер:

7. *Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

8. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

9. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

Бақылау

Бақылау сұрақтары:

- ТМБ анықтауға қолданатын микробиологиялық зерттеу әдістері;

- Тұрғындардың әртүрлі тобының арасынан туберкулезді активті жолымен/әдісімен анықтау;

- туберкулин диагностикасы, қолдану мақсаты;

- туберкулинге сипаттама беру, нәтижесін талдау;

- вираж, сипаттама беру;

- гиперергиялық реакциялар.

Тест тапсырмалары:

1. Туберкулез микобактериясының түрлері:
а) адам түрі

б) бұқа түрі

в) құс түрі

г) тышқан түрі

д) ит түрі

2. Патологиялық материалдан туберкулез микобактериясын қандай әдістермен
анықтайды:
а) бактериоскопиялық

б) бактериологиялық

в) биологиялық

г) рентгенологиялық

д) спирографиялық

3. КТ белгілеуге болатын көрсеткіштер:

а) бронх туберкулезі

б) өкпеде болатын домалақ түзілімдер

в) өкпе болатын диссеминирлі үрдістер

г) кеудені соғып алу

д)шеткі лимфоаденит

4. БМСКК/ПМСК жүйесіндегі ұйымдарда қақырықты зерттеуге микробио-логиялық зерттеу әдістерін қолдану көрсеткіштері:

а) 2 аптадан ұзақ жөтел;

б) жүдеу, тершендік;

в) кеуде ауру сезім мазалайды, қан түкіру;

г) денің температурасы ұзақ уақыт жоғарлауы;

д) Тиффно сынамасы 92 пайыз

5. ТМ қандай қоректік ортаға себеді?

а)Циль-Нильсен көректік ортаға

б) Левенштейн-Йенсен қатты көректік ортаға

в) автоматталған комплекс ВАС/ТЕС 960

г) Абрикосов көректік ортаға

д) Симон көректік ортаға

6. Жұққандықты/инфицирленгенің анықтау мақсатында қандай Манту сынамасын қолданады:

а) 20 ТБ Манту сынамасын

б) 50 ТБ Манту сынамасын

в) 2 ТБ Манту сынамасын

г) 100 ТБ Манту сынамасын

д) БЦЖ вакцинасын

7. Туберкулин сынамасының инфекциялық этиологиясы анықталған жағдайда баланы *0* диспансерлік тобынан қандай топқа ауыстырады:

а) 1А диспансерлік тобына ауыстырылады

б) 11 диспансерлік тобына ауыстырылады

в) 1Б диспансерлік тобына ауыстырылады

г) 111А диспансерлік тобына ауыстырылады

а) 111 Б диспансерлік тобына ауыстырылады

8. Туберкулезге күдіктенгенде туберкулин диагностикасы қолданады қандай жағдайда:

а) біріншілік туберкулезге

б) екіншілік туберкулезге

в) фиброзды кавернозды туберкулезге

г) кавернозды

д) милиарлы туберкулезге

9. Жасөспірімдерден туберкулезді анықтаудың негізгі әдісі- ол

а) туберкулин диагностикасы

б) контакт жайында зерттеу

в) флюорография

г) дәрігерге қаралау арқылы зерттеу

д) кеуде торшасының жалпы шолу рентгенографиясы, манту сынамасы

10. Балалардың арасында жаппай туберкулин диагностикасын неше рет өткізу керек:

а) 6 айда 1 рет

б) 1 жылда 1 рет

в) 1 жылда 4 рет

г) 2 жылда 1 рет

а) 2 жылда 2 рет

11. Балалардан туберкулезді анықтаудың негізгі әдісі- ол

а) туберкулин диагностикасы

б) флюорография

в) қауіп тобын туберкулезге зерттеу

г) фтизиатрға қаралған кісілерді туберкулезге зерттеу

д) кеуде торшасының жалпы шолу рентгенографиясы

 

 


Тақырып:Туберкулездің клиникалық жіктелуі. Анықталған туберкулездің жіктелуі. Біріншілік туберкулез. Біріншілік туберкулездің комплексі. Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі. Клиникасы, диагностикасы, емі.

Мақсаты: туберкулездің диагностикасына қолданатын алгоритмді; анықталған туберкулезді есепке ала клиникалық диагнозды дұрыс құрастыру; біріншілік туберкулездің уақытылы диагностикасына үйретіп оқыту.

Оқытудың міндеті:

- туберкулездің клиникалық диагнозын дұрыс құрастыру және емдеу тактикасын анықтау

- біріншілік туберкулездің ерекшелігін және оның диагностикасын оқыту.

Тақырыпқа арналған негізгі сұрақтар:

- туберкулездің клиникалық жіктелуін құру принциптері;

- анықталған/случаев туберкулездің жіктелуін құру принциптері;

- өкпе туберкулезінің диагностикасына қолданатын әдістер;

- туберкулездің клиникалық жіктелуі мен анықталған туберкулездің жіктелуіне сәйкес науқасқа клиникалық диагнозды қою;

- біріншілік туберкулездің патогенезі;

- біріншілік туберкулездің клиникалық формалары және ересектерде болатын ағымының ерекшеліктері;

- біріншілік туберкулезде болатын асқынулар;

- біріншілік туберкулездің емі және емнің соңғы нәтижесі;

- біріншілік туберкулезді диспансерде бақылау.

 

Оқу және оқыту әдістері:аз адамды топ, дискуссия, ситуациялық есептер

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

3. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

4. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

5. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

6. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

Қосымша әдебиеттер:

7. *Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

8. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

9. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

Бақылау

Сұрақтар:

- Туберкулездің клиникалық жіктелуінің негізін қалаушылар.

- Туберкулездің клиникалық жіктелуі не көрсетеді?

- Туберкулездің негізгі клиникалық белгілері/симптомдары және оларды сипаттау.

- Анықталған туберкулездің жіктелуінің критериялары/белгілері.

- Клиникалық диагнозды құру.

- Сукенниковтың жіктелуі бойынша кеуде ішілік лимфа бездерін сипаттау.

- Балалардың және жасөспірімдердің арасында *қауіпті топқа* жататындарды көрсетіңіз.

- Балаларға және жасөспірімдерге сәулелі диагностиканы қолдануға болатын көрсеткіштер.

- Біріншілік туберкулездің патогенезі.

- Біріншілік туберкулездің клиникасы, диагностикасы.

- Біріншілік туберкулездің ағымы.

- Біріншілік туберкулездің клиникалық формалары.

- Біріншілік туберкулезде болатын асқынулар.

- Біріншілік туберкулездің емі.

- Ересектерде болатын біріншілік туберкулездің ағымының ерекшеліктері.

 

 

Есеп

 

Науқас В. 13 жаста. Профилактикалық зерттеу өткізгенде туберкулез анықталған, өйткені 2 ТБ жасалған Манту сынамасы 14 мм болды. Ауруханаға түскенде келесі улану белгілері анықталған:- тәбеті төмендеген, тез шаршайды, субфебрильды температура. Шеткі/перифериялық лимфа бездері пальпацияланады және 6 тобы 11-111 өлшемге дейін үлкейген, тығыздалған.

Перкуссияда 11 қабырғаның деңгейінде парастернальды және паравертебральды перкуторлы дыбыс қысқарған: Кораньи симптомы оң. Аускультацияда қатаң тыныс алу естіледі.

Қан анализінде: ЭШЖ- 18 мм/сағ., эозинофилия, лимфопения, қақырығында ТМБ анықталмаған. Бронхоскопияда патология анықталмаған.

Рентген мен томограммада:- өкпенің оң жақ түбірінде үлкейген трахеобронхи-альды, бронхопульмональды лимфа бездерінің конгломераты тығыздану учаскесімен және петрификатымен анықталған.

- Сіздің қойған клиникалық диагнозыңыз?

 

Есеп

Бала 6 жаста, баланың шешесі тәбетінің төмендеуіне, тітіркендікке, энурездің қайта пайда болуына (энурезбен 3 жылға дейін ауырған), дене қызуын өлшемеген.

Туберкулезді контакт болмаған.

Объективті қарап тексергенде: салмағы 3 кг дефицит,бұлшық еттердің тургоры сәл төмендеген, бозғылт,қөз асты көгерген.

1-11өлшемдегі, эластикалы, майда көптеген лимфобездер пальпацияланады. Ағзаларда патология анықталмаған.

Қан анализінде: лейкоцитоз 10 мың, ЭШЖ-15, эозинофилия, лимфопения, моноцитоз. 2ТБ жасалған Манту сынамасы – 3 жылдан кейін алғашқы рет папуланың өлшемі 12 мм (өткен жылдардың Манту сынамасының өлшемдері-8-6-4-0-0). Рентгенограммада-өкпе суреті күшейген, оң түбір кеңейген, шеттері анық емес, соτ- нормада, синустары бос.

- Сіздің қойған клиникалық диагнозыңыз?

 

 

Есеп

Жалпы дімкәстікке, әлсіздікке, тітіркенуге, жөтелге 8 жастағы ұл бала шағымданады. Анамнезінде- 2 ай бұрын тұмауратқан. Жағдайы нашарлайды және соңғы жылдары екі рет кератоконъюктивиттен емделеді (күз және көктем). Туберкулезбен ауыратын әпкесімен ұзақ, бірақ тұрақты емес қатынаста болған. Қарап тексергенде: жүдеу/азған,тұргор төмендеген. Перифериялық лимфа бездері 11-111 өлшемге дейін пальпацияланады, тығыз эластикалы. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің бұғана асты аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталған және аускультацияда ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі

Қан анализінде: ЭШЖ- 20 мм/сағ., эозинофилия -11%, моноцитоз -12%.

2 ТБ жасалған Манту сынамасы 10 мм болды.

Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің С3 түбірмен байланысқан біркелкі көлеңке көрінеді. Оң жақ өкпе түбірі кеңейген және оның басында үлкейген лимфа безі көрінеді .

- Сіздің қойған клиникалық диагнозыңыз?

Есеп

Оң жағының кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі, туморозды формасы, ТМБ- деген диагнозбен 7 жастағы науқас 1 ай емделді.

Науқастың жағдайы нашарлады, оны азапты ұстамалы жөтел қақырығымен, төс артында ауру сезімі мазалады, өқтын өқтын температурасы 38о жоғарлады. Тәулігіне 50,0 мл қақырық бөлді. Ұстамалы жөтел кезінде қақырықпен қан жолағы шықты. Бұндай жақдай бірнеше рет қайталанды.

Рентгенограммада- оң жақ өкпе түбірінде бронхопульмональды лимфа бездерінің көлемді конгломераттары көрінді және аралық бронхтыңкеңістігі тарылған. Бактериоскопиялық әдіспен қақырығында ТМБ анықталды.

- Қандай асқыну деп ойлайсыз?

- Қандай қосымша зерттеулер дамыған асқынуды дәлелдейді?

Есеп

17 жастағы жасөспірім токсикоинфекция деген диагнозбен инфекциялы ауруханаға тұсты. 3 күн ауырды. Бір тәуліктен кейін жағдайы күрт нашарлады, әлсіздік, ентігу мазалады. Қарап тексергенде: хал күйі ауыр, қимылдамағанда ентігу мазалады, цианоз пайда болды, температурасы 39-40,3о дейін көтерілді. Дем алу саны минөтіне 32. Пульс –110 минөтіне. Өкпеде әлсіз тыныс алу, сырылдар естілмейді.

Рентгенограммада: өкпенің барлық аймағында біртекті, бір бірімен қосылмайтын ошақтар көрінеді, ,олар тізбектесіп орналасқан, бояу қанықтығы әлсіз. Оң жақ бөлік аралық плевра тығыздалған.

- Сіздің қойған болжама диагнозыңыз?

- Клиникалық диагнозға негіздеме беріңіз.

Есеп

13 жастағы К. деген науқас сол жақ мойында ісіктәріздес түзіліс пайда болғанына шағымданады, температурасы 38о дейін көтерілді. Қарап тексергенде: алдыңғы мойын лимфа бездері бір бірімен байланысқан *кептер жұмыртқасы-ның* көлеміне дейін ұлғайған, ауру сезімді, олардың үстіндегі тері өзгермеген. Басқа лимфа бездерінің топтары 1-11 дәрежегі дейін үлкейген, тығыздалған, ауырмайды, бір бірімен байланыспаған.

Қан анализінде: орташа дәрежелі лейкоцитоз, моноцитоз, эозинофилия, лимфо-пения, ЭШЖ- 18 мм/сағ.

Рентген зерттеулерінде:- өкпе айдыны мөлдір, өкпенің сол жақ түбірі кеңейген, олар кеуде ішілік лимфа бездерінің үлкеюмен байланысқан ( бронхопульмональ-ды лимфа бездерінің тобы). Синустар бос, таза. Жүректе өзгерістер жоқ.

2 ТБ жасалған Манту сынамасы 16 мм болды.

- Сіздің қойған клиникалық диагнозыңыз?

- Мұнан былайғы жүргізу тактикасы.

Есеп

Жалпы дімкәстікке, әлсіздікке, тітіркенуге, кешке субфебрильды температурасы жоғарлауына шағымданып 13 жастағы ұл бала дәрігерге қаралды. 2 ай бұрын жоғарғы тыныс алу жолдарының катарымен және кератоконьюктивитпен жиі ауырған. Қарап тексергенде: жүдеу/азған, 6 кг салмағы төмендеген. Салмағымен бойын салыстырғанда ол 10 жастағыларға сәйкес келеді. Терісі бозғылт, көз айналасында көгеру байқалады. Көптеген перифериялық лимфа бездері 11-111 өлшемге дейін үлкейген, тығыздалған. Кератоконьюктивиты бар. Ағзалар жайында патологиялық өзгерістер жоқ, бірақ жүрек ұшында нәзік систоликалық шу естіледі.

Қан анализінде: лейкоцитоз –11мың, ЭШЖ- 18 мм/сағ., эозинофилия -12%.

2 ТБ жасалған Манту сынамасы 14 мм болды. 5 жасынан туберкулин сынамасы оң болған. Санаторияда бір рет химиопрофилактика өткізілген. Рентгенограммада: өкпе суреті күшейген, сол жақ өкпе түбірі кеңейген, бірақ шеті/жиегі анық емес. Синустар бос,таза. Жүрек қалпында.

- Қандай диагнозды қоюға болады?

- Сіз қойған клиникалық диагнозды дәлелдеңіз?


Тақырып:өкпенің диссеминирлі туберкулезі. Туберкулезді менингит. Клиникасы, диагностикасы, емі.

Мақсаты:өкпенің диссеминирлі туберкулезінің және туберкулезді менингиттің диагностикасына студенттерді үйрету.

Оқыту міндеті:

- Диссеминирлі туберкулездің ерте диагноз қою диагностикасын оқыту

- Туберкулездің менингиттің ерте диагноз қою диагностикасын оқыту

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- Диссеминирлі туберкулездің патогенезі, патоморфологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі;

- Туберкулезді менингиттің патогенезі, патоморфологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі;

- Милиарлы, жеделдеу, созылмалы өкпенің диссеминирлі туберкулезінің ағымының ерекшеліктері;

- Туберкулезді менингиттің асқынулары.

 

 

Оқу және оқыту әдістері:аз адамды топ, дискуссия, ситуациялық есептер, жұптармен жұмыс істеу, презентациялар, клиникалық талдау.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

3. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

4. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

5. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

6. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

Қосымша әдебиеттер:

7.*Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

8.Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

9.В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

Бақылау:

Есеп

18 жастағы М. Деген науқас. Жіті/жедел ауырды. Қалтырау, бас ауру, түнгі тершендік, құрғақ жөтел мазалады. Температурасы 39о дейін көтерілді. Анамнезінде- бұрын кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезімен, дизентериямен ауырған. Қарап тексергенде: акроцианоз, терісі ылғалды, ентігу, тахикардия анықталды. Перкуторлы дыбыс тимпаникалы, аускультацияда тыныс алуы қатаң. Қаң анализінде: лейкоцитоз-12000; таяқшаядерлі нейтрофилдер-8%, лимфоциттер-20%, моноциттер-19%, ЭШЖ –38мм/сағ. Қақырықтың анализінде ТМБ анықталмаған (теріс). Өкпенің барлық алаңында әлсіз бояу қанықтықтағы ошақтар, өлшемі 1-2 мм өкпенің жалпы шолу рентгенограммасында көрінеді. Оң жақ өкпе түбірінде кальцинаттар бар.

2 ТБ жасалған Манту сынамасы теріс.

- Науқасқа клиникалық диагноз қойыныз.

- Науқастың анықталған түріне және категориясына сәйкес ем тағайынданыз.

Есеп

Өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі, ыдырау фазасы,ТМБ+, қан түкіру диагнозымен 22 жастағы Л. деген науқас 1 ай ауруханалық ем алып жатыр.

- Науқастың ауруының түрін анықтаңыз.

- Жедел хабарлаудың қайсы формасын дәрігер толтырады?

 

Есеп

Өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі, ыдырау фазасы,ТМБ+, өкпе жүрек жетіспеушіліктің 1-2 сатысы диагнозымен 24 жастағы Д. деген науқас 1 ай ауруханалық ем алып жатыр.

- Науқастың категориясын анықтаңыз.

- Науқасты қайсы диспансерлік есеп тобында бақылау керек.

 

Есеп

Өкпенің жалпы шолу рентгенограммасында: шеті салыстырмалы анықтықта, бояу қанықтығы әлсіз, өлшемі 2-3 мм дейін екі жақты тотальды орналасқан ұсақ ошақты көлеңкелер көрінеді.

- Өкпеде анықталған өзгерістер қайсы рентгендік синдромға жатады?

- Сипаттама беріңіз.

 

Есеп

25 жастағы М.деген науқасты ауыр жағдайда БСМП терапия бөліміне жедел көмек көрсетін көлігі алып келді. Температурасы 39-40о дейін көтерілген. Қимылдамаған жағдайда ентігу, жөтел қақырығымен, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі мазалаған. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынаста болған, бірақ химиопрофилактиканы алмаған. Соңғы 3-4 айда әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, жүдеу, сирек жөтел болған, анда санда температурасы көтерілген.

Аускультацияда- өкпенің екі жағында көптеген ылғалды сырылдар естеледі.

Рентгенограммада: өкпенің екі жағында әртүрлі бояу қанықтықтағы ошақтар көрінеді, олар бір бірімен бірігеді және жоғарғы бөліктерінде штампты каверналар бар.

- Науқасқа клиникалық диагноз қойыныз.

- Қосымша зерттеу әдістерін белгіленіз?

- Науқасты жүргізу тактикасы.

Есеп

25 жастағы Д. деген науқас әйел. Салмағы 47 кг. Балалақ шағында біріншілік туберкулезді комплексімен ауырған. Ауруханада емделген.

Қазіргі клиникалық диагнозы: өкпенің диссеминирлі туберкулезі, асқынған сол жақты экссудатты плевритпен,ТМБ-.

- Науқастың терапиялық категориясын анықтаңыз және дәрілердің дозасын

- көрсетіп ем тағайындаңыз.

Есеп

Өкпенің диссеминирлі туберкулезі, асқынған оң жақты экссудатты плевритпен,ТМБ- деген диагнозбен 23 жастағы Ж. деген науқасты туберкулезге

қарсы күрес жүргізетін диспансер 11 ай бұрын есепке алған. Емнің қарқынды фазасын изониазидпен, рифампицинмен, пиразинамидпен, этамбутолмен 4 ай және жалғастыру фазасын изониазидпен, рифампицинмен 7 ай емдеген. Осы бақылау мерзімінде қақырығында қышқылға төзімді бактериялар анықталмаған, қақырықтың ТМБ себіндісі теріс нәтиже берген. Қазіргі уақытта науқас жалғастыру фазасын бітірді, шағым айтпайды. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе алаңы мөлдір, ал оң жақ қабырға диафрагмальды синкс дәнекерленген/запаян.

- ДД СҰ/ВОЗ дефинициясына/анықтауына сәйкес науқастың емінің соңғы

- нәтижесін/ аяқталуын анықтаңыз және диспансерлік бақылауы бойынша

нұсқау беріңіз.

Есеп

32 жастағы науқас И. Клиникалық диагнозы: өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+. Науқас ауруханаға жатқан жоқ. Пәтерде науқаспен бірге тұрады:

1. науқастың әкесі – 60 жаста;

2. науқастың әйелі – 30 жаста, жүктілігі 20 апта;

3. науқастың екі баласы бар: біреуі 6 жаста және екіншісі 10 жаста.

Туберкулез инфекция ошағында өткізілетін шаралар жоспарын құрастыру.

 

Есеп

37 жастағы науқас Н. Туберкулезді емдейтін ауруханада ауруханалық ем қабылдап жатыр мынадай диагнозбен: Өкпенің диссеминирлі туберкулезі ыдырау фазасы (созылмалы), ТМБ+. Рецидив, қақырықтың оң жағындысымен. Екінші категория бойынша ем қабылдады. Қарқынды фазасының екінші айының сонында өзін жақсы сезініп қақырыққа бақылау зерттеуін жүргізгенше және рентгенотомографияны жасағанға дейін ауруханадан зө еркімен шығып кетеді. Келесі екі ай бойы ем қабылдаған жоқ. Өкпеден қан кетумен жедел көмек көрсету бригадысымен ауруханаға жеткізілді.

Қарап зерттегенде: науқас бозғылт, акриционоз, тыныс алу жиілігі 30 бір минөтте, температурасы 37,5 ο С. Жөтелгенде ауызынан ал қызыл шығады. Қан кету бір сағат бұрын басталған, сол уақыт ішінде 100мл қан жоғалты. А/Д 80/50 ммНġ100.

Н. деген науқасқа шұғыл жәрдем көрсету.

Есеп

27 жастағы Р. Деген науқасқа мынадай диагноз қойылған: өкпенің милиарлы туберкулезі, асқынған плевритпен, перикардитпен. Категория бойынша ем бастады. Науқасқа преднизолонды патогенетикалық ем ретінде схема бойынша белгіліңіз және фармакинетикасын тұсындырыңыз.

Туберкулезді менингитке күдіктеніп ауруханаға түсті.

1. Диагнозды қою үшін қандай зерттеу әдістерін қолданады?

2. Науқасқа диагноз қойылғаннан соң жүргізу тактикасын анықтаныз.

Есеп

18 жастағы Д. Деген науқасты инфекция ауруханасының қабылдау бөліміне «сүзекң деген диагнозбен жіберілді. 3 апта бойы ауырған. «Тұмауң деген диагнозбен амбулаторлы емдел-ген. Бір таулық бұрын қөңіл күйі және жалпы хал жағдай кұрт нашарлады. Басы кенеттен қатты ауырды, лоқсыды. Қарап тексергенде: хал жағдай ауыр, температурасы 39, тыныс алу саны 42 бір минөтте, пульс 120. Менингеальды белгілері шамалы. Өкпеде сырылдар естіл-мейді. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында-өкпенің барлық алаңында жоғарыдан төменғарай таралған ошақтар, бояу қанықтығы әлсіз, өлшемі 1-2 мм диаметрінде.

- Сіздің қойған клиникалық диагнозыңыз?

- Науқасты жүргізу тактикасы.

 

Есеп

20 жастағы Г. деген науқас инфекция ауруханасында «ларингитң деген диагнозбен жатып емделеді. Бейспецификалық терапияны өткізгеннен кейін хал жағдай нашарлайды.ентігу пайда болды, температурасы 38 дейін көтерілді және мұрын ерін үшбұрышында цианоз байқалады. Манту сынамасы теріс. Өкпеге рентгендік зерттеу жүргізілді, онда өкпенің мөлдірлігі төмендеген, өкпенің барлық алаңында біртекті ошақтар, өлшемі 1-2 мм диаметірінде (тарытәріздес) көрінеді.

- Сіздің қойған клиникалық диагнозыңыз?

- Науқастың типін анықтаңыз және категорияға сәйкес химиотерапияны белгілеңіз.

 

Тестер:

1. Өкпенің жедел диссеминирлі туберкулезіне тән рентгенологиялық өзгерістер қай кезде анықталады:
а) аурудың алғашқы 1-3 күндерінде

б) 1-ші айдың аяғында
в) 2-ші айдың аяғында
г) ауру басталғаннан кейін 7-10 күндерінде

д) ауру басталғаннан кейін 17-21 күндерінде

2. Өкпенің диссеминирлі туберкулезінің созылмалы ағымы неге алып келеді:

а) штампты каверналарға

б)торлы склерозға

в)өкпелік жүрек жетіспеушілікке

г)гематогенді және бронгенді диссеминациясының жаңа толқынды себілуіне

д) барлық жауап дұрыс

3. Бронхогенді диссеминациядан гематогенді диссеминациясының айырмашылығы:

а) мономорфты, біртекті қан тамырлардың бойымен орналасқан ошақтар-

б) полиморфты, өлшемі бойынша әртүрлі ошақтар

в) полиморфты, әртүрлі ошақтар бронхтардың бойымен орналасқан

г) мономорфты, әртүрлі ошақтар бронхтардың бойымен орналасқан

д) полиморфты, ыдырау құысының айналасында орналасқан ошақтар

4. Өкпенің диссеминирлі туберкулезінің қандай ағымдарын білесіз?

а) инаперцепті, аз симпомды

б) жіті/жедел, жеделдеу, созылмалы

в) жіті/жедел, жеделдеу, аз симптомды

г) инаперцепті, жеделдеу

д) созылмалы, толқынды

5. Өкпенің милиарлы туберкулезінің клиникасының сипаты:
а) жіті басталады, ентігу және тахикардия

б) біртіндеп басталады, цианоз

в) біртіндеп басталады, цианоз және брадикардия

г) басы аз симптомды және және тахикардия

д) жіті басталады, брадикардия және лоқсу

6. Өкпенің милиарлы туберкулезінде қандай реакция басым болады?

а) экссудатты

б) продуктивті

в) альтеративті

г) атероматозды

д) кальцинация

7. Өкпенің милиарлы туберкулезінің өкпелік формасы не тән емес:

а) дененің жоғарғы температурасы

б) ентігу

в) қатаң тыныс

г) өкпе суретінің кедейленуы

д) *тоттасқан* қақырық

8. Милиарлы туберкулездің рентгендік белгілері:

а) майда біртекті бір бірімен қосылмайтын ошақтар, өкпе суреті кедейленген

б) көптеген ошақты көлеңкелер бірі бірімен қосылады, өкпе суреті күшейген

в) майда ошақтар және күнгіртену фокусы

г) майда ошақтар және ыдырау қуысы

д) полиморфты ошақтар және фиброзды өзгерістер

9. Жіті/жедел диссеминирлі (милиарлы) туберкулезбен ауыратын науқаста туберкулин сезімталдығы қандай болады?

а) теріс анергия

б) оң анергия

в) гипоергия

г) нормоергия

д) гиперергия

10.Науқастың тамағы ауырады, дауысы қарлыққан. Рентген арқылы өкпесінде 2 жақты диссеминация полиморфты ошақтармен көрінеді. Екі өкпенің жоғарғы бөлімдерінде дұрыс пішінді жіңішке қабырғалы ыдырау қуысы перифокальсыз қабынумен (2,0х2,0 см) көрінеді. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

а) фиброзды кавернозды туберкулез себілу фазасы

б) кавернозды туберкулез себілу фазасы

в) жіті/жедел диссеминирлі туберкулез

г) жеделдеу диссеминирлі туберкулез

д) созылмалы диссеминирлі туберкулез

11. диссеминирлі туберкулезде өкпеден тыс орналасқан спецификалық өзгерістердің қайсысы жиі кездеседі:

а) көмей

б) буын

в) бүйрек

г) көз

д) жыныс ағзалары