ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ 1 страница

ІСКЕРЛІГІН және ДАҒДЫЛАРДЫ БІЛУІН ҚОРЫТЫНДАП БАҒАЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНАТЫН БАҚЫЛАП ӨЛШЕЙТІН ҚҰРАЛДАР:

ПӘНІ: *ФТИЗИАТРИЯ* (051101)

МАМАНДЫҒЫ: 051301 -*ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА*

 

 

Қрастырғандар: м.,ғ.,д., профессор Рақышева А.С.

м.,ғ.,к., доцент Сыздықова Н.С.

м.,ғ.,к., доцент Күмісбаева Б.Т.

 

Курс төртінші

 

Алматы қ. 2010 ж.

1.7. ПӘН БОЙЫНША ІСКЕРЛІГІН және ДАҒДЫЛАРДЫ БІЛУІН ҚОРЫТЫНДАП БАҒАЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНАТЫН БАҚЫЛАП ӨЛШЕЙТІН ҚҰРАЛДАР:

ФТИЗИАТРИЯ БОЙЫНША ТЕСТТЕР:

 

ЖАЛПЫ МЕДИЦИНАНЫҢ 4 КУРСІНДЕ ОҚИТЫНДАРҒА АРНАЛҒАН

ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

1. Ересектерге туберкулез деген диагнозды қоюда ең маңыздысы не болып табылады?

а) қақырықты туберкулез микобактериясына тексеру

б) кеуде торының рентгенологиялық зерттеу.

в) Манту сынамасы

г) жалпы қан және зәр анализі

д) кеуде торшасының перкуссиясы мен аускультациясы

2.Өкпе туберкулезімен ауыратын науқаста қақырықтың сипаты жиі қандай болады?

а) көп мөлшерде "аузы толы"

б) аз мөлшерде, шырышты-іріңді, үш қабатты

в) аз мөлшерде, жабысқақ, тот бас,андай

г) көп мөлшерде, іріңді, шіріген иісті

д) аз мөлшерде, шырышты-іріңді, кейде қан жолағымен

3. Вакцинаны сақтау шарты:

а) тоңазытқышта 0±8 о С температурада

б) тоңазытқышта 0±4 о С температурада

в) тоңазытқышта 0±6 о С температурада

г) тоңазытқышта 0±10 о С температурада

д) тоңазытқышта -5 о С температурада

4. Сау жетіліп туылған нәрістеге біріншілік вакциницияны қашан жүргізеді:

а) туылғаннан кейін 1-2 күн аралығында

б) туылғаннан кейін 2-4 күн аралығында

в) туылғаннан кейін 1-6 күн аралығында

г) 1 айдан кейін

д) 2 айдан кейін

5.Науқасқа диагноз қою үшін 1 күнде қақырықтың 3 үлгісін ТМБ жинаған. Ол талапқа сәйкес пе?

а) талапқа сәйкес

б) 3 үлгіні 3 күн таңертең жинау керек

в) 3 үлгіні 2 күнде жинау керек

г) 2 үлгі керек

д) бакпосевтің 1 үлгісі

6.Сау инфицирленбеген балаға қашан ревакцинация жасауға болады:

а) 4-5 жастағы балаға

б) 5-6 жастағы балаға

в) 6-7 жастағы балаға

г) 11-12 жастағы балаға

д) 13-14 жастағы балаға

7.Оң жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқасты анықтау үшін шамамен қанша жағынды болу керек?

а) 1 жағынды оң, бірақ рентгенологиялық белгілері жоқ

б) 1 жағынды оң, бірақ клиникалық рентгенологиялық белгісі ба р

в) 3 жағындыдан 2 жағынды оң болса

г) 3 жағындыдан 3 жағындысы оң болса

д) өкпенің қалыпты жалпы шолу рентгенограммасында 1 оң жағынды болса

 

8.Патологиялық материалдан жасалған жағындыдан туберкулез микобактериясын анықтау үшін қандай бояу әдісі қолданылады?

а) Грам бойынша бояу

б) Романовский-Гимза бойынша бояу

в) Циль-Нильссен бойынша бояу

г) Пфейффер бойынша бояу

д) Ван-Гизон бойынша бояу

9.Жалпы емдеу жүйесінде жұмыс істейтін дәрігер науқастың қақырығының 2 үлгісін жіберді. Бірінші үлгісі теріс, ал екінші үлгісі оң. Не істеу керек?

а) 3 үлгісін тапсыру керек

б) қақырық жинауды қайталау және екі үлгісін тапсыру

в) 7-10күнге арнайы емес антибактериальды емді тағайындап, қақырықты тексеруді қайталау

г) оң жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқас деп санау

д) рентгенографияға жіберу.

10. Осы себептер туберкулез микобактериясын дәріге төзімділікке әкеледі, бірақ біреуі жатпайды, ол қайсысы?

а) қысқа курсті ем

б) монотерапия

в) химиопрепараттардың төменгі дозалары

г) уақытылы емнің басталмауы

д) дәрілердің комбинациясы дұрыс емес

11. БЦЖ вакцинасы қалай егіледі:

а) тері ішіне

б) тері астына

в) бұлшық етке

г) көк тамырға

д) пластырь түрінде тері үстіне

12. Өкпенің ошақты туберкулезі рентгенограммада қалай сипатталатының көрсетіңіз:

а) 1-2 сегменте орналасқан диаметрі 12 мм-ге дейінгі полиморфты ошақтар
б) 1-2 сегменте орналасқан көптеген ошақтар

в) өкпенің төменгі бөлігіндегі бронхогенді ошақтар

г) 1-2 сегментте орналасқан біртекті ошақтар

д) Симон ошағы

13. Өкпенің ошақты туберкулезіне тән клиникасын көрсетіңіз:

а) жоғары температурамен бірге жүретін жедел ағым

б) жеделдеу ағымда

в) крупозды пневмонияға ұқсас ағымда

г) ұзақ субфебрильды температурамен бірге жүретін

д) инаперцепті ағымда

14. Қарап тексергенде өкпенің ошақты туберкулезіне тән мәліметтерді көрсетіңіз:
а) кеуде қуысы симметриялы, тыныс алуға бір жағы қатыспайды
б) кеуде қуысы өзгермеген, тыныс алуға симметриялы қатысады

в) кеуде қуысы бөшкетәріздес, тыныс алуға симметриялы қатысады
г) кеуде қуысы бір жақты кішірейген
д) кеуде қуысы симметриялы, қабырға аралықтар кеңейген

 

15. Перкуторлы өкпенің ошақты туберкулезінде не анықталынады, көрсетіңіз:

а) өкпе ұшында бір жақты дыбыс қысқарған
б) төменгі бөліктерінде қорапты дыбыс

в) перкуторлы дыбыс өзгермеген
г) жауырын аралық кеңістікте тимпаникалық дыбыс
д) өкпе ұшында тұйық перкуторлы дыбыс
16. Аускультацияда ошақты туберкулезде не естіледі:
а) барлық өкпе алаңында жайылған құрғақ сырылдар

б) өкпенің төменгі бөлігінде сықырлаушы сырылдар
в) бронхиальды тыныс
г) сырыл естілмейді
д) әртүрлі калибрдегі ылғалды сырылдар
17. Ошақты туберкулездің диагностикасында ең маңызды зерттеу қайсы:
а) анамнез
б) объективті тексеру мәліметтері
в) лабораториялық мәліметтер
г) рентгендік зерттеулер

д) Кохтың туберкулин сынамасы
18. Қандай рентген белгілер өкпенің ошақты туберкулезін сипаттайды:
а) өкпе түбірімен “жол” арқылы байланысқан ошақ
б) бір өкпенің барлық аймағында арналасқан ошақты көлеңкелер
в) екі өкпенің барлық аймағында орналасқан ошақты көлеңкелер

г) бір немесе екі өкпенің шектелген учаскесінде орналасқан ошақты көлеңкелер
д) сақинатәріздес көлеңке айналасындағы ошақты көлеңкелер
19. Ошақты туберкулездің келесі түрлерін ажыратады.

а) экссудатты және пролифератты

б) жаңа және созылмалы

в) үдемелі және регрессивті

г) типтік және атиптік

д) біріншілік және екіншілік

20. Ошақты туберкулезде неге жиі шағымданады:
а) әлсіздік, шаршағыштық
б) ентігу, жөтелмен бірге қақырық
в) дене қызуының жоғарлауы, тәбетінің төмендеуі

г) құрғақ жөтел, кеуде қуысындағы ауру сезімі
д) шағымдары болмайды
21. Ошақты туберкулез үдемелі ағымда қайсы формаға ауысуы мүмкін:
а) біріншілік туберкулездің комплексіне туберкулемаға
б) инфильтратқа
в) каверноздыға
г) фиброзды-каверноздыға

д) циррозға
22. Өкпенің ошақты туберкулезінің активтілігін не дәлелдейді:
а) Манту сынамасының нәтижесі
б) өкпедегі кальцинаттар
в) тығыздалған ошақтар
г) бояу қанықтығы әлсіз және шекарасы анық емес ошақтар
д) Симон ошағы

23. ДДСҰ/ВОЗ стратегиясы бойынша жұмсақ ошақты туберкулезді қай категорияда емдейді:
а) 1 категория бойынша

б) 2 категория бойынша

в) 3 категория бойынша

г) 4 категория бойынша

д) 4 –г категориясы бойынша

24. Өкпенің ошақты туберкулезі қарқынды фазада қанша ай емдейді:
а) 2 ай
б) 3 ай

в) 4 ай

г) 5 ай

д) 6 ай

25. Өкпенің ошақты туберкулезі жалғастыру фазада қанша ай емдейді:
а) 2 ай

б) 3 ай

в) 4 ай

г) 1 ай

д) 6 ай

26. Өкпенің ошақты туберкулезінің қарқынды фазасында тағайындалатын емді көрсетіңіз:
а) изониазид + этамбутол + стрептомицин

б) изониазид + этамбутол

в) изониазид + рифампицин +этамбутол + пиразинамид

г) изониазид + этамбутол + канамицин

д) изониазид + капостат

27. Өкпенің ошақты туберкулезінің жалғастыру фазасында тағайындалатын емді көрсетіңіз:
а) изониазид + этамбутол

б) изониазид + рифампицин

в) изониазид + пиразинамид

г) изониазид + стрептомицин

д) рифампицин + этамбутол

28. Өкпенің ошақты туберкулезінің патоморфологиялық сипатын көрсетіңіз:

а) экссудатты қабыну

б) перифокальды қабыну

в) продуктивті қабыну

г) атераматозды қабыну

д) бластоматозды қабыну

29. Өкпенің ошақты туберкулезінің жалғастыру фазасы қай жерде жүргізіледі:
а) ауруханада

б) амбулаторияда

в) күнделікті

г) күн ара

д) айына 1 рет

30. Әлеуметтік қолайсыз отбасында тұратын өкпенің ошақты туберкулезімен ауыратын науқастар-дың емінің жалғастыру фазасы қай жерде жүргізіледі:
а) ауруханада

б) амбулаторияда

в) күнделікті

г) күн ара

д) айына 1 рет

31. Инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулез қай диспансерлік есеп тобында бақылауда болады:
а) 3

б) 1А
в) 1 Б
г) 1 В

д) 2

32. Ошақты туберкулез қайсы формаға жатады:
а) бастапқы формаға жатады

б) кіші формаға жатады

в) жайылған формаға жатады

г) индурациялық формаға жатады

д) рецидивке

33. Өкпе туберкулемасы қалай сипатталады, көрсетіңіз:

а) жедел басталумен

б) симптомсыз ағыммен

в) аз симптомды ағыммен
г) созылмалы ағыммен
д) созылыңқы ағыммен

34. Қақырыққа бактериоскопиялық әдіспен анализ жүргізу үшін лабораторияға жолдама беруде қандай есеп формасы толтырылады:

а) ТБ 07

б) ТБ 05

в) ТБ 06

г) ТБ 15

д) ТБ 11

35. Туберкулеманың ажырату диагностикасын өткізуге қолданатын ең мәліметті әдіс, ол:
а) 2 ТБ жасалған Манту реакциясы
б) бронхоскопия
в) спирография
г) рентгенография
д) торакотомия биопсиясымен

36. Өкпе туберкулемасы қандай қабынумен сипатталады:
а) экссудатты қабынумен
б) продуктивті қабынумен

в) экссудатты-некротикалық қабынумен
г) казеозды қабынумен

д) желатинозды қабынумен

 

37. Туберкулеманың емі қай категория бойынша жүргізіледі:
а) 1 категория бойынша
б) 2 категория бойынша
в) 3 категория бойынша
г) 4 категория бойынша

д) резерв тобындағы дәрілермен
38. Қайсы туберкулемаға хирургиялық ем көрсетілген:
а) өлшемі 2 см- дегі солитарлы туберкулемаға

б) псевдотуберкулемаға
в) конгломератты туберкулемаға
г) бронхы зақымдалған туберкулемаға
д) бұлттәріздес инфильтратқа
39. Туберкулеманы қарқынды фазада немен емдейді, көрсетіңіз:
а) негізгі препараттармен
б) резерв тобындағы дәрілермен
в) изониазид, этамбутол, циклосерин

г) негізгі препараттар және кортикостероидтар
д) изониазидпен, рифампицинмен

40. Бірінші рет анықталған туберкулеманы қайсы диспансерлік бақылау тобына алады:
а) 1 диспансерлік бақылау тобына
б) 2 диспансерлік бақылау тобына
в) 3 диспансерлік бақылау тобына

г) 4 диспансерлік бақылау тобына

д) бақыламайды
41.Туберкулин сезімталдығы туберкулемада жиі қандай болады:
а) нормергиялық
б) теріс
в) гиперергиялық
г) гипоергиялық

д) күмәнді
42. Туберкулемада ыдырау қуысы қалай орналасады:

а) ортада
б) эксцентриялы

в) дөңгелек

г) саңылаулы
д) атероматозды
43. Нағыз туберкулема – ол:

а) казеозды фокус қалың перифокальды инфильтрация зонасымен

б) айналасындағы өкпе тіні өзгермеген домалақ гомогенді көлеңке

в) шеті анық домалақ көлеңке фиброзды-ошақты өзгерістерімен

г) шеті тегіс емес кедір бұдырлы домалақ көлеңке

д) «жолмен» түбірге бағытталған домалақ гомогенді көлеңке

44. Аталған рентгендік белгілердің қайсысын туберкулемаға жатқызасыз:
а) дөңгелек, құрылымы біртекті емес, шеті салыстырмалы анықтықтағы, орташа қанықтықтағы көлеңке
б) өзгермеген өкпе тіндерінің тұсындағы дөңгелек гомогенді көлеңке
в) айналасында фиброзды ошақтары бар домалақ шеті анық көлеңке
г) шеті тегіс емес кедір бұдырлы домалақ көлеңке

д) түбірмен *жол* арқылы байланысқан домалақ, гомогенді көлеңке

45. Туберкулеманың рентгендік көрінісін көрсетіңіз:
а) 1 см-ге дейінгі көлеңке

б) ошақты- фокусты күнгіртену

в) 12 мм-ден астам домалақ көлеңке

г) сақинатәріздес көлеңке

д) инфильтратты көлеңке
46. Туберкулемаға жиі әкелетін қайсы ауру:
а) кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі
б) өкпенің фиброзды- кавернозды туберкулезі
в) өкпенің диссеминирлі туберкулезі

г) өкпенің инфильтратты туберкулезі

д) өкпенің ошақты туберкулезі
47. Туберкуломаға тән лабораториялық мәліметтерді көрсетіңіз:
а) қан анализі өзгерсіз, ТМБ (-)
б) әлсіз лейкоцитоз және ЭШЖ-ның жоғарлауы, ТМБ (+)
в) қан анализі қалыпты, ТМБ (+)
г) лейкопения, эозинофилия, ТМБ (-)
д) солға ығысу, лимфоцитоз, ЭШЖ жоғарылаған

48. Туберкуломада зақымдалған учаскеде не естіледі:
а) бронхиальды тыныс және майда көпіршікті ылғалды сырылдар
б) жайылған құрғақ сырылдар, өкпенің барлық алаңында қатан тыныс

в) амфорикалық тыныс, ірі көпіршікті ылғалды сырыл
г) бронхиальды тыныс, сырыл жоқ
д) везикулярлы тыныс, сырыл жоқ

49. Туберкулеманың домалақ инфильтраттан айырмашылығы неде:

а) айқын улану симптомдарымен жіті басталуымен

б) айналысындағы тінде себінде ошақтардың бар болуы

в) ең мардымсыз клиникалық симптоматикасы

г) өкпе түбіріне бағытталған «жолдың» бар болуы

д) спецификалық химиотерапияны өткізгенде тез динамика беру

50.Туберкулездің спецификалық алдын алуға қайсысы жатады:

а) БЦЖ вакцинациясы

б) туберкулин сынамасы

в) Кох сынамасы
г) әлеуметтік алдын алу
д) санитарлық алдын алу
51. Өкпенің инфильтратты туберкулезіне тән морфологиялық ерекшеліктерді көрсетіңіз:

а) өкпенің тініндегі экссудат

б) әр бояу қанықтағы ошақтар

в) орталықта орналасқан ошақтың айналасындағы перифокальды қабыну
г) продуктивті қабыну
д) фиброз, склероз

 

52. Инфильтратты туберкулездің патогенезінде ең маңызды роль атқаратын қайсы белгі:
а) экссудация реакциясы
б) пролиферация реакциясы
в) гранулематозды реакциясы
г) аллергиялық қабыну реакциясы және өкпе тінінің гиперсенсибилизациясы
д) стресс
53. Ең қолайсыз емдік нәтижесінде инфильтратты туберкулез қайсы түріне ауысады:
а) ошақты туберкулезге

б) кавернозды туберкулезге
в) фиброзды-кавернозды туберкулезге
г) циррозды туберкулезге

д) туберкуломаға

54. Инфильтратты туберкулезді (жаңадан анықталған) қай категорияда емдейді:
а) 1 категория бойынша

б) 2 категория бойынша

в) 3 категория бойынша
г) 4 категория бойынша
д) резерв тобындағы препараттармен

55. Инфильтратты туберкулездің қарқынды фазасы қанша ай жүргізіледі:
а) 2-4 ай
б) 1 ай
в) 4 ай
г) 5 ай
д) 6 ай
56. Инфильтратты туберкулездің жалғыстыру фазасы қанша ай жүргізіледі:
а) 4(7) ай
б) 5-6 ай

в) 3-4 ай
г) 2-3 ай

д) 6-7 ай
57. Өкпенің инфильтраты туберкулезімен ауырған науқасты қайсы диспансерлік тобында бақылайды:
а) 1 А
б) 1 Б

в) 1 В

г) 2

д) 3

58. Кортикостероидты гормондар патогенетикалық әсер тигізу ретінде туберкулездің қайсы формасына көрсетілген:
а) ошақты туберкулезге

б) инфильтратты туберкулезге

в) туберкуломаға
г) кавернозды туберкулезге
д) туберкулезді интоксикацияға

 

59. Науқасқа өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагноз қойылған. Оған емнің категориясын таңдаңыз:
а) негізгі препараттармен 1 категория бойынша
б) негізгі препараттармен 2 категория бойынша
в) негізгі препараттармен 3 категория бойынша

г) негізгі препараттармен 4 категория бойынша

д) резерв тобындағы дәрілермен

60. Туберкулезде болатын өкпе тінінің ыдырау синдромына не жатпайды:
а) қақырықты жөтел
б) қан түкіру
в) ылғалды сырылдар
г) ӨТС (ЖЕЛ) төмендеуі
д) бактерия бөлу
61. Инфильтратты туберкулезден клиникалық жазылған және дәрігер-терапевт мамандығы бойынша диспансерлік бақылаудан шығарылған науқасты жұмысқа қайтаруын шешу:

а) МСЭК-ке жіберу
б) мамандығын өзгерту
в) жұмысқа кірісу
г) СЭС-тен рұқсат алу
д) мүгедектік тобын рәсімдеу
62. Инфильтратты туберкулездің патогенезінде осылардың қайсысы орын алмайды:
а) ТМБ вируленттілігі
б) ТМБ резистенттілігі

в) организмнің реактивтілігінің төмендеуі

г) өкпе тінінің гиперсенсибилизациясы

д) экзогенді суперинфекция

63. *0* диспансерлік есеп тобында кімдер бақылауда болады:

а) гиперергиялық реакциясы бар кісілер

б) туберкулездің активті түрімен ауыратын науқастармен қарым қатынаста болған кісілер

в) кісілерде туберкулездің активтілігі күмәнді болса

г) туберкулезі активті емес кісілер

д) туберкулезбен ауыру қауіпі жоғары кісілер

64. *0* тобында қай мерзімге дейін диспансерлік есеп тобында бақылауда болады:

а) 4 айға дейін

б) 6 айға дейін

в) 8 айға дейін

г) 1 жыл

д) бақыланбайды

65. Казеозды пневмонияны инфильтратты туберкулездің вариантарынан ажырататын негізгі морфологиялық ерекшеліктерді көрсетіңіз:
а) бронхогенді диссеминация
б) ірі бронхтардың зақымдануы
в) казозды некроздың басымдылығы
г) көлемді зақымдану

д) қабынудың продуктивті типі

 

66. Босанғаннан кейін болатын инфильтратты туберкулездің ағымын көрсетіңіз:
а) қолайлы ағым

б) шектелген ағым
в) айырмашылығы жоқ
г) үрдістің үдемелігі қауіпі
д) торпидты ағым
67. Милиарлы туберкулезде деструкциялық өзгерістер бола ма:

а) сирек кездеседі

б) кездеспейді

в) жиі кездеседі

г) “штапмты ” каверна

д) ригидты каверна

68. Өкпенің жедел диссеминирлі туберкулезіне тән рентгендік өзгерістер қай кезде анықталады:
а) аурудың алғашқы 1-3 күндерінде

б) 1-ші айдың аяғында

в) 2-ші айдың аяғында
г) ауру басталғаннан кейін 7-10 күндерінде

д) ауру басталысымен

69. Химиотерапияның әсерінен қалыптасқан кавернозды туберкулезге не тән емес:
а) улану белгілерінің болмауы
б) физикалық мәліметтің болмауы
в) жұқа қабырғалы кавернаның айналасында себілген ошақтардың болуы
г) қалыпты гемограмма
д) көп мөлшерде бактерияның бөлінуі
70. Кавернаның көлемінің ұлғаюына әкелетін негізгі себепті көрсетіңіз:
а) бронхтың дренажды қызметінің бұзылуы

б) бронхоплевральды жыланкөздің түзілуі
в) қан айналымның бұзылуы
г) кавернаның гангренасы (шіруі)
д) спонтанды пневмоторкас

71.Кавернадан таралған инфекция туберкулездің өршуіне негізгі қай жол әкеледі, көрсетіңіз:

а) лимфогенді
б) гематогенді
в) қарым-қатынас
г) бронхогенді

д) аралас
72. Ыдырау фазасы дегеніміз, ол:

а) ошақтың еріп бронхқа шығуы

б) ошақтың еріп кавернаға шығуы

в) ошақтың еріп плевраға шығуы
г) ошақтың еріп кеуде аралық ағзаға шығуы

д) тіннің казеозды еруі
73. Бронхогенді себілген ошақтар орналасуына байланысты сипатталады:
а) өкпенің ыдырау қуысынан төменгі бөлігінде орналасуы

б) өкпенің ыдырау қуысынан жоғарғы бөлігінде орналасуы

в) ыдырау қуысынан латеральды орналасуы

г) ыдырау қуысынан медиальды орналасуы

д) ыдырау қуысынан орталық орналасуы
74. Туберкулездің деструкциялы түрімен ауыратын науқастың емінің негізгі нәтижелік/тиімділік белгілерін көрсетіңіз:
а) ыдыраулы қуыстың бітелуі

б) бактерия бөлінудің тоқтаулы

в) улану белгілерінің жоғалуы

г) еңбекке жарамдылығының қалыптасуы

д) СТҚ /ФВД қалыптасуы

75. Бұрын өткен аурулардың қайсысы кавернозды туберкулездің дамуына жиі әкеледі:
а) ошақты туберкулез
б) инфильтратты туберкулез
в) диссеминирлі туберкулез
г) циррозды туберкулез
д) туберкулезді бронхоаденит

76. Өкпе абсцессінен ажырататын туберкулезді қуысқа тән рентгендік белгілерді көрсетіңіз:
а) перикавитарлы қабыну зонасы
б) көп мөлшерлі сұйықтық
в) қоршаған тінде полиморфты ошақты көлеңкелер
г) өкпе түбірінің кеңеюі
д) өкпе түбіріне бағытталған “жол” әлсіз

77. Бірінші рет анықталған кавернозды туберкулездің ағымын көрсетіңіз:
а) жедел
б) жеделдеу
в) симптомсыз
г) созылмалы
д) кезеңдік өршуімен
78. Өкпе туберкулезінде болатын каверналардың тікелей рентгендік белгісін көрсетіңіз:
а) дренажды бронх
б) бронхогенді себілген ошақтар
в) кеуде аралық ағзаның ығысуы
г) сақинатәріздес көлеңке
д) көлденең деңгейдегі сұйықтық
79. Өкпенің кавернозды туберкулезінде болатын қуыс қандай болады?
а) қалың қабырғалы дұрыс дөңгелек пішіндіқуыс

б) өзгермеген өкпе тұсындағы жұқа қабырғалы қуыс
в) деформацияланған, қалың қабырғалы қуыс сәулелі жиегімен
г) пішіні дұрыс емес, қабырғасы бірікпеген қуыс
д) жұқа қабырғалы айналасында ошақты көлеңкелер бар
80. Жаңадан анықталған кавернозды туберкулезге не тән:

а) екі қабатты қабырғалы каверна

б) кавернадан төмен орналасқанде тінде көптеген полиморфты ошақтар

в) кавернада секвестрдің болуы

г) дөрекі перикавитарлы фиброз

д) айқын перикавитарлық инфильтратты өзгерістердің болмауы

 

81. Кавернозды туберкулезге тән бактерия бөліну қандай болады, көрсетіңіз?
а) аз және тұрақты емес
б) көп мөлшерде және тұрақты
в) бөлмейді
г) формальды бөледі

д) көлемді және тұрақты емес

82. Бронх туберкулезінің емдік нәтижесі жиі қалай жазылады, көрсетіңіз:
а) толық сорылады
б) тыртық және деформация
в) стеноздың І дәрежесі
г) стеноздың ІІ дәрежесі
д) стеноздың ІІІ дәрежесі
83. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің кавернозды туберкулезі деген диагноз қойылды. Сіздің емдік (патогенетикалық) тактикаңыз?

а) өкпенің резекциясы
б) жасанды пневмоперитонеум

в) туберкулинотерапия
г) антибиотикотерапия
д) жасанды пневмоторакс
84. Кеуде торша ағзаларының флюорографиясында науқастың оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде S2 қуысты түзілім анықталды. Науқасқа зерттеу әдістері тағайындалды. Бұл кезде аз мәлімет беретін қайсы әдіс:
а) ТМБ қақырықтың анализы
б) бронхоскопия
в) лейкограмма
г) компьютерлі томография