ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ 6 страница

а) антибактериальды терапияны жалғастыру

б) үнемді резекция

в) эндотрахеальды дәрі құю

г) жасанды пневмоторакс

д) пневмоперитонеум

 

Есеп

25 жастағы К. деген науқаста оң өкпенің бірінші сегментінде инфильтратты туберкулез алғаш рет анықталған, ТМБ (+) бөлгендіктен ол науқас 2 ай бойы қарқынды фазасын 4 АБП-мен ауруханада емделді және жалғастырушы фаза 4 ай жүргізілді. Бактерия бөлуі тоқталды.

Рентгенограммада –оң өкпенің S1 шеті анық d = 3 см дейін гомогенді көлеңке көрінеді. Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) дөңгелек инфильтрат

б) толған киста

в) шеткі қатерлі ісік

г) эхинокок

д) туберкулома

 

Есеп

Соңғы айларда 27 жастағы И. деген науқас тез шаршауын, еңбекке қабіле-тінің төмендуін, тәбеттінің төмендеуін, жөтелетіндігін, кешке жақын субфеб-рильды температурасының көтеруілін байқайды. Перкуссияда, аускультацияда патология анықталмайды. Рентгенограммада: - сол жақ бұғана астында күшей-ген өкпе суретінің тұсында әлсіз және орташа қанықтағы ошақты көлеңкелер көрінеді.
Қақырықтан ТМБ-сы анықталмады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

а) милиарлы туберкулез

б) ошақты пневмония

в) өкпенің инфильтратты туберкулезі

г) карциноматоз

д)өкпенің ошақты туберкулезі

 

 

Есеп

Жалпы емдеу жүйесінде жұмыс істейтін дәрігер өкпе туберкулезіне тән кли-никалық рентгендік белгілері бар науқастың қақырығының 3 үлгісін жібереді. 3 үлгісіде теріс нәтиже берді. Не істеу керек?

а) теріс жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқас деп санау

б) қақырықты жинауды қайталау және тағыда 2 үлгіге тапсыру

в) 7-10 күнге арнайы емес антибактериальды терапияны белгілеу және қақырықты қайта тексеру

г) бронхтың шайынды суын жинауды тағайындау

д) фтизиатрдың кеңесіне жіберу

 

 

Есеп

Науқас М., жағындысы оң нәтижелі өкпе туберкулезімен бірінші рет анық-талғандықтан 5 ай бұрын туберкулезге қарсы ем бастады. 2 айлық қарқынды фа-задағы емнен кейін, жағындысы теріс нәтижелі болды. Науқас емді тоқтатты. 3 айлық үзілістен кейін қайтадан тубдиспансерге келді. Қақырықты зерттегенде – жағынды теріс нәтиже берді. Науқастың типін анықтаңыз:

а) бірінші рет анықталған

б) рецидив

в) қолайсыз нәтиже

г) ауысқан

д) режимді бұзу

 

Есеп

Науқас А., жөтел 1 айдай мазалағандықтан таныс медициналық қызметкер-дің кеңесі бойынша 3 ай бұрын изониазидпен, рифампицинмен ем бастады. 3 апта дейін емделді, өзін-өзі жақсы сезінді де, емді тоқтатты. Қазір жөтелі қайта байқалғандықтан, науқасты тубдиспансерге жібереді. Жағындысы оң нәтижелі туберкулез деген диагнозы қойылды және оны қалай тіркеу керек?

а) бірінші рет анықталған

б) рецидив

в) қолайсыз нәтиже

г) ауысқан

д) режимді бұзу

 

Есеп

Сол жақ өкпенің 1-2 сегментіндегі ошақты туберкулезі, ТМБ- деген диагнозбен тубдиспан-серде 2 ай науқасемделді. Алкогольды шамалап ішеді. Темекі шегеді. Отбасы 5 адамнан тұрады. Әйелі- сау. Енесі қант диабетімен ауырады, соңғы 2 айда созылмалы бронхиттің өршуі мазалайды. 14 және 11 жастағы екі бала бар, олар сау сияқты.

1. Осы ситуация туберкулез инфекция ошағына жатама, егер жатса, онда қайсысына жатады?

2. Туберкулез инфекция ошағында Сіз білетін қанша топ бар? Оларды сипатаңыз.

3. Қандай емдік профилактикалық шаралар қолдану керек: а) оның әйеліне; б) енесіне, в) балаларға?

 

Есеп

Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген сырқат жақында науқастан бірінші рет анықталған.

Өзі әйелімен бірге бірбөлмелі жақсы жабдықталған пәтерде тұрады. Әйелі - 28-29 апталық жұқті. ДОТС стратегиясы бойынша тубдиспансерде науқас АБ терапиясын қабылдауға кірісті.

1. Осы ситуация туберкулез инфекция ошағына жатама, егер жатса, онда қайсысына жатады және не себептен?

2. Эпидошағында Сіз білетін қандай топтар бар?

3. Қандай емдік профилактикалық шаралар қолдану керек:

а) науқасқа

б) оның әйеліне;

в) олардың болашақ балаларына?

 

Есеп

Екі өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау және себілу фазасы ТБМ+ деген диагноз 15 жастағы науқасқа қойылды.

- Қай категория бойынша емдейсіз, емнің схемасын жазып беріңіз.

 

Есеп

17 жастағы жасөспірім ауруханалық ем алуға жатты. Анамнезінен: сол жақ өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы деген диагнозбен бұрын ДОТС-тың 1-категориясы бойынша емделген. Ахуалы жақсарғаннан кейін амбулаториялық ем қабылдауға шығарған, шамамен 2 аптадай үзіліс болған. Бақылау рентгенограммасында:- ошақтардың айналасында инфильтрация өскені байқалады. Бактериоскопиясыда қақырықтың 2 үлгісі оң нәтиже берді.

- Сіздің тактикаңыз.

Есеп

Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің біріншілік туберкулезді комплексі, инфильтрация фазасы,ТМБ- деген диагноз 8 жасар балаға ауруханада қойылған.

-қай категория бойынша ем жүргізесіз?

Есеп

ДОТС-тың 1- категориясы бойынша (Н+Ŕ+Ź+Ę) 8 жастағы балаға емді белгілеген, 2 аптадан кейін басы ауырады, басы айналады, ұйқысы бұзылады.

- Қай препарат жанама әсер берді

- Сіздің тактикаңыз.